Педагогиканың жалпы мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. Кіріспе . . . 3-4

ІІ. Негізгі бөлім. Педагогиканың жалпы мәселелері . . . 5-6

2. 1. Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы . . . 5-6

2. 2. Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары . . . 6-8

ІІІ. Педагогиканың арнайы ғылым-білім саласына бөлініп шығуы және оның көрнекті өкілдері . . . 8-11

3. 1. Педагогика пәні және зерттейтін негізгі проблемалары . . . 11-13

3. 2. Педагогика- тәрбие жөніндегі ғылым . . . 13-15

ІV. Педагогиканың негізгі ұғымдары . . . 15-20

4. 1. Педагогикалық ғылыми ағымдар . . . 20-24

4. 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесі . . . 24-27

4. 3. Педагогикалық зерттеу әдістері . . . 27-29

V. Қорытынды . . . 30-33

VІ. Пайдаланған әдебиеттер . . . 34-35

Кіріспе

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау-соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жаткан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде «Педагогика» курсының атқаратын қызметі айрықша.

«Педагогика» курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.

Педагогикалық курстық жұмыс негізінен 5 бөлімнен құрылған. Әрбір бөлімде қарастырылған педагогикалық мәселердің негізгі идеялары мен мазмұны тыңғылықты айқындалып, ғылыми дәрежесі көтерілген, педагогикалық ойлауды дамытуға сай негізгі ұғымдар жеке қарастырылған. Сонымен бірге әрбір тақырып соңында студенттердің ойлау белсенділігі мен өзіндік жұмыстарын жақсартуға арналған бақылау сұрақтары берілді. Пәнде қарастырылған бөлімдер негізінен дәстүрлі түрде оқу стандартына сай құрылған. Атап айтсақ, «Педагогика курсының теориялық және әдіснамалық негіздері», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Дидактика: Білім беру және оқыту теориясы», «Қазақстан Республикасында халыққа білім беру жүйесі, мектептерді басқару және оған басшылық жасаудың педагогикалық негіздері» секілді тақырыптар қарастырылған.

Тәрбие-педагогикалық процесте өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі екендігі мәлім. Олай болса, оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне жүктеледі. Оның нәтижелі ұйымдастырылуы, сынып жетекшілерінің педагогикалық білім дәрежесінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты болып келеді. Оған мектептің педагогикалық ұжымы мен балалардың ата-аналарын, тіпті жұртшылықты тарта білу қабілеттерін игерудің де маңызы ерекше. А. С. Макаренко ұстаздарға қажетті мұндай қасиеттерді-өнер деп бағалаған. Сондықтанда осы пәнде тәрбие теориясының мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ұйымдастыру формалары мен әдістері топтамасы қатар қарастырылған. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан - жақты, білімі қажет. Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл - ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру - үйреншікті жай шеберлік емес, ол - үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Қорыта айтқанда осы курстық жұмыстың негізгі көздеген мақсаты -«Педагогика» курсы бойынша білім жүйесінің бірыңғай тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.

ІІ. Педагогиканың жалпы мәселелері

2. 1. Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы

Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шынында да, әр ғылым саласы өз тарихына, зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.

Бұл тұрғыдан көпке мәлім «Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе түсінерсің»-деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн.

Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды жадтан шығармау лазым:

1. Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігінен дамып, қалаптасады.

2. Адамзат білімінің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежеге көтерілуі үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеу аймағы бөлініп, нақтылануы қажет.

Осы тұрғыдан алып қарасақ, педагогиканың жайы қалай? Оның ғылым ретінде пайда болып, дамуының себептері неде? Оның жалпы заттық дүние мен білім жүйесіндегі орны қандай?

Адамзат дамуының барысында білімдік педагогиканың саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе - білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы - мектеп, ал мектептің жаны - мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

2. 2. Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары

Педагогикалық білім өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу-тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әулетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау, табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрпаққа өткізуді мақсат үрдесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан енген әрбір әулеттің өз ата-бабаларының өндірістік, әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып, өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамиды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулетке жеткізіп отыру, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғы-шарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден-ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.

Ал әртүрлі қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты бір қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз жетіліп дамуда болды. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа жүріп игеріп отырды. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық қауым кезінде де күнделікті іс-әрекеттің қарапайымдылығынан болған еді. Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола алмады, яғни арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке айналдырған адамдардың да қажеттігі әлі туындамаған кез еді. Құл иленеушілік қоғамда да бұл жағдай ұзақ уақыт сақталды.

Бірақ, уақыт өткен сайын тәрбие саласындағы бұл жағдай өзгере бастады. Жер өңдеу мен мал шаруашылығы, қолөнершілік бірте-бірте дамып, күрделенеді. Адамдардың қоршаған дүние жөніндегі ілімдері қордаланып, келе-келе ғылымның дамуына бастау берді. Жаңарған қоғамдық жағдайда өндірістік тәжірибе мен ғылыми біліктерді игеру енді арнайы және ұзақ мерзімді үйренусіз мүмкін болмай қалды.

Өндірістік даму мен күрделену өріс алап, ғылым-білім қоры жинақталған сайын, өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа арнайы дайындаудың қажеттігі арта түсті де, оларды арнайы ұйымдастырылған тәрбиеге тартудың маңызы барған сайын күшейіп отырды. Осылайша, білім беру мен тәрбие қоғамның объективті қажеттігіне айналды және оның бұдан былай дамуының ең маңызды алғы шарты болды.

Міне осыдан бастап, адамзат қоғамның белгілі кезеңінде, дәлірек құл иеленуші дәуірдің аяғына таман, өндіріс пен ғылым едеуір дамыған шақта ерекше қоғамдық қызметке айналды, арнайы тәрбиелік мекемелер пайда болып, кәсіби мамандыққа балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады.

Тәрбиенің дербес қоғамдық қызметі сипат ала бастауы адамдарда тәрбиелік қызмет тәжірибесін жинақтап, қорытындылауды ойластыру қажеттігін туындатты. Тәрбиенің кең өріс алып күрделенуі тәрбие қызметімен байланысты теориялық білімдердің ерекше саласының қарқыны мен дамуына жол ашты. Қоғам мен табиғат жөніндегі барша білімдер секілді тәрбиелік білім де философия аясында нақтыланып, зерттелді. Бұл жағдай ежелгі грек дүниесінен басталып, ХІ ғасырдың аяғына дейін сақталды.

ІІІ. Педагогиканың арнайы ғылым-білім саласына бөлініп шығуы және оның көрнекті өкілдері

Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан, ХІІ ғасырдың басына дейін педагогика философияның бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Шынында, осы күннің өзінде де атақты философтардың қай-қайсысыда тәрбие мәселесін айналып өтпейді, осының өзі педагогикалық проблемалардың қоғам мен ғылым үшін аса маңызды екенінің кепілі.

Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және философы Фрэнсис Бэкон /1561-1626/ жылы өзінің «Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі» атты трактатын жария етті. Бұл еңбегінде ол ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педпгогиканы ғылыми білімдердің дербес саласы деп бөлектеді. Осы ғасырда - ақ педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекі чех педагогі Ян Амос Коменскийдің /1592-1670/ еңбектерінде беки түсті. Оның теориялық идеялары дүние жүзіне кең танымал да, әрі осы күнге дейін өз маңызын жойған емес. Коменскийдің әйгілі «Ұлы дидактика» атты еңбегінде балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалды. Өз еңбектерінде Я. А. Коменский балалардың адамгершілік тәрбиесіне өте үлкен мән берді, ол «Аналар мектебі» атты кітабында отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын паш етті.

Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді.

Коменский ізімен батыс еуропалық педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері келіп шықты. Олардың ішінде аса көрнектілері Англияда Джон Локк /1632-1704/, Францияда Жан-Жак Руссо /1712-1781/, Швейцарияда Иоганн Генрих Песталоцци /1746-1827/, Германияда Иоганн Гербарт /1776-1841/ және Адольф Дистерверг /1790-1866/ т. б. болды.

Джон Локк өзінің «Тәрбие жөніндегі ойлар» деген еңбегінде тәрбинің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптастыру мәселесіне үлкен мән берді. Баладағы тума қасиеттерді жоққа шығара отырып, нәрестені не сызса сол болатын «таза тақтаға» теңеумен, тәрбиенің үлкен әсерлі күш екенін баса айтты. Ал Жан-Жак Руссо, керісінше баланы табиғаттан дарынды деп таныды. Осыдан, оның ойынша, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, әрі оның қызығулары мен құмарлығына икемделуі тиіс - деген тұжырымға келді.

М. Г. Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. Өзінің «Лингард пен Гертруда» шығармасында, ол тәрбиенің адамгершілікке негізделуі, балаларға сыйластық қатынас және оларда адамға деген мейірім мен қайрымдылыққа баулу хақындағы демократиялық идеяларын дамытты. Күнделікті педагогикалық қызметінде Песталоцци балалардың оқуы мен тәрбиесін олардың мүмкіндігіне орай еңбекпен ұштастыруға көңіл бөлді, балалар қауымының тәрбиелік ықпалын пайдалана білуді уағыздады.

Педагогикалық идеялары кейбір мәселелерде дағдарыс, сипатқа ие болғанмен, педагогикалық теорияны өрістетуде елеулі рөл танытқандардың бірі Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел бұзық қол жазасымен тойтарып отыру қажет, олардың тәртібін үздіксіз қадағалап, арнаулы журналға жазып отыру керек деп есептеді. Сонымен қатар оның шығармаларында пайдалы идеялары да болды. Ол да алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенің психологиялық негіздерін жобалап берді, баладағы адамгершілік қасиетті қалаптастыру, үшін оның саналылығын көтеріп, онымен сыйластық қатынас жасау қажеттігін жариялады.

Өзінің педагогикалық теориясын прогрестік-демократиялық бағытта дамытқандардың бірі Адольф Дистервег . Ол өрістеткен аса құнды идеялар: балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, сондай-ақ халық мұғалімдерін дайындау.

ХVІІІ ғ. Германияда алғашқы рет мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретінде педагогика оқытыла бастады. Осының бәрі педагогикалық теорияның жедел дамуына себепші болып, ірі-ірі оқымысты педагогтардың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Сонымен, ХІІ ғ. ХІХ ғасырдың аралығы педагогикалық теорияның үлкен қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелік идеялардың өрбіген заманы болды. Педагогикалық ойдың кемелдеген орталығы Ресейде К. Д. Ушинский (1824-1870), Н. И. Пирогов (1810-1881), В. И. Водовозов (1825-1886), А. Ф. Лесгафт (1837-1909), Л. Н. Толстой (1828-1910) және т. б. еңбектері үлкен маңызға ие болды.

Ұлттық педагогикалық теориямыз бен тәрбие мәселелері Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, А. Байтұрсынов, С. Асфандияров сынды және т. б. кемеңгер ағартушы-педагогтардың еңбектерінде өз көрінісін тауып, біздің дәуірімізге дейін жетіп, егеменді ел ұрпағын тәрбиелеуде таптырмас құралға айналып отыр.

Аталған дәуірде мұншама көрнекті педагогтардың аренаға шығуы кездейсоқ емес. Қарқынды дамыған өндірісті, ғылыми және мәдениетті қоғам өзінің негізгі өндірушілерінің сауаттануын басты талап етіп қойды. Онсыз қоғамның дамуы мүмкін емес те еді. Сондықтан да соңғы ғасырлардағы Батыс Еуропа, Ресей және Қазақстандағы технологиялық прогресс жастарды өндірісте істеуге, тәрбиелеуге, білім беру, тәрбие мекемелерінің көбейуіне, халықтық мектептердің дамуына жол ашты.

3. 1. Педагогика пәні және зерттейтін негізгі проблемалары

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасамай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті сана мен қасиеттерді дамытудың құралы ретінде көрінетінін жоғарыда айтқанбыз. Осыдан, тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделген. Сондықтан педагогиканың шұғылданатын заты жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықты байланыстарды зерттеу және оның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық және әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.

Келтірілген педагогиканың анықтамасын зерттеушілерді ғана емес, солармен бірге мектеп қызметіне тікелей араласып жүрген мышықкерлерді (тәжірибе жетекшілерін) де жеке тұлғаның даму процесін, сол даму мен тәрбие арасында жатқан терең астарлы тәуелдік байланыстарды жан-жақты танып, түсіну қажеттігіне бағдарлайды. Мұндай қажеттіліктің пайда болуының себептері жаңашыл педагогикалық ой-пікірлердің туындауына байланысты өрістейді.

Мысалы, көп уақытқа дейін жеке тұлға дамуының қозғаушы күштері ретінде тек сыртқы ықпалдар ғана назарға алынды. Ал адамның ішкі жандүниелік кейіптері естен шығарылып, тіпті олар қажетсіз деп есептелінеді. Келе-келе сыртқы әсерлердің өзінен-өзі керекті нәтижелерді бере бермейтіні айдан-анық болып, бұл ықпалдардың педагогикалық тараптан адам қалыптасуындағы ұнамды да, келеңсіз де, ал кей жағдайларда бейтарап та сипатқа ие болатыны айқындалды. Іс жүзінде, тәрбиеленушінің тәлімдік әрекетті қалайша қабылдайтыны, оған қалайша қатынастық байланыс жасайтыны үлкен маңызға ие. Осыдан педагогикада келесі теориялық идея бекіді: жеке адамның дамуы мен оның мінез-құлқы тәрбиелік ықпалды қабылдау сипатына, бұл ықпалдың адам жан дүниесі туғызатын сезімдік күйге байланысты. Осы идеяның қабылдануы педагогикалық теория мен тәрбие әдістерінің дамуыналға ілгерілетті, мағынасын тереңдете түсті.

Сонымен, педагогика тәрбие теориясы мен әдістемесін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығына қоғам тарапынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сапаларға орай арнайы ұйымдастырылған қалыптасу процесін зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемалардың қатарына кіретіндер:

а) жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағынасы мен заңдылықтарын зерттеу;

ә) тәрбиенің мақсатын анықтау;

б) тәрбиенің мазмұнын белгілеу;

в) тәрбие тәсілдерін зерттеу;

3. 2. Педагогика- тәрбие жөніндегі ғылым

Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін - тәрбиелеу қажет. Дәл осы тәрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл үдерісті кәсіби білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне, сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.

Адамды тәрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес» - балалар және «аго»- жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика - сөзі бала тәрбиесін бағыттау өнері дегенді анықдатады, ал «педагог» сөзі бала жетелеуші мәнін білдіреді.

Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндігін іске асырып жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді.

Мың жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе дүниеге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданылымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып бүгінгі күнімізге жетті. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогика жайында
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz