Сауат ашу кезіңіндегі жаңа технологиялар бойынша сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдері


Жоспар
Кіріспе
1. Сауат ашу кезіңіндегі жаңа технологиялар бойынша сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдері
1. 1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым
1. 2. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті құралдар
1. 3. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
2. Оқу мен тіл дамыту әдістемесі негізінде жаңа технологияларды пайдалану
2. 1. Оқудың маңызы мен мақсаты және қағидалары
2. 2. Оқулыққа енген материалдар және олардыоқыту туралы
2. 3. Оқудың түрлері
2. 4. Жаңа технология арқылы баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру
3. Тәжірибелік бөлім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?»
К. Д. Ушинский
Ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып-үйренуге жол ашылады.
Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді:
1) әліппеге дейінге дайындық кезеңі;
2) әліппе кезеңі;
3) әліппеден кейінгі кезең.
Дайындық кезеңдебөбектерді бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады.
Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу балаларға басында әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше роль атқарады (мысалы, шеберхана ойыны) .
Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың, білім дәрежесімен танысады, қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақтар білетіндері анықталады.
Бұл кезеңде мынандай жұмыстарға баса көңіл аударылады:
Балалардың сөздік қорын анықтау.
Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыларына бастау.
Балалардың, тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстардыанық айта алмаужақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқажіктеуге дайындық. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, сия сорғыш, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.
Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял, т. б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; I класс оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады) .
Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі - балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, ондай плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.
Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиет үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т. б. ) жатқа, айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады. Дайындықкезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалімнің сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде. Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады.
1. Сауат ашу кезіңіндегі жаңа технологиялар бойынша сабақ жүргізудің әдіс-тәсілдері
1. 1. Сауат ашу әдісі туралы ұғым
XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы прогресшіл педагогтерге ортақ болған өзекті мәселе - бастауыш халық мектебінің оқу мазмұны еді. Қазақ даласында білім таратушы көрнекті педагог Ыбырай Алтынсарин К. Д. Ушинскийдің еңбектеріне сүйеніп, қазақтың бастауыш мектептеріне оқулықтар жазды.
XIX-XX ғасырларда сауат ашу жұмысы буын және тұтас сөз әдісі бойынша жүргізілді.
Бұл әдіс түптеп келгенде, жаттауға негізделген, яғни бұл әдіспен оқыту барысында мағынасыз сөздер мен буындар құрғақ жат-татылатын. Осының салдарынан балаларды оқуға бірсыпыра дағдыландыра тұрғанымен, оқушылардың ақыл-ойын дамытып, дүние танымын қалыптастыру мардымды іске асырылмады.
Кеңес мектебінің негізгі әдісі талдау-жинақтау болып есептеледі. Бұл әдіс әсіресе 30-жылдардан бері кеңес әдіскерлерінің зерттеу еңбектерімен бірте-бірте толықтырылып, жетіліп келеді.
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді.
Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:
1. Кез-келген дыбысты сөз ішінен бөліп алуға және
сөз ішіндегі айтылуына жақындатып бөліп айтуға болады (дауыссыздарды да даралап айтудан қашпау керек) .Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, «р» дыбыс үйретілуі қажет болғанда «ара» сөзіндегі «а-ра» буындары «а-арра» делініп, «р» дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.
2. Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру.
Мысалы, мұғалім балаларға «р» дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуда тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар
дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары «р» дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады.Балалар тілдің ұшының таңдайға жуықтауынан «р» дыбысы шығатынын аңғарады.
Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумасқа тиіс.
Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардьщ артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.
Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «Әліппедегі» шоттың суретін көрсетіп, «шо» дейді, де, «мен сөзді дүрыс айттым ба?» - деп сұрайды. Балалар «т» дыбысын қосады. Немесе тонның суретін көрсетіп,
«он» деп, «т» дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі кімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.
Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, қол-көл, тор-төр, от-өт сияқты сөздер арқылы «о» дыбысы мен «ө» дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, ғ-г, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырылып, сөздерді талдау-жинақтау арқылы үйретіледі.
Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы «қ» дыбысын үйрету қерек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан қейін қора, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талданады; «қ» дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында «қ» дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.
Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық. Оқушылар оны дыбысқа, буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға қелгенде іркіліп қи-налады немесе әр әріпті ежіктеп «қ-а» . . . деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: «құрастырған сөзіміз қалай еді?»- деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөзді (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. «Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қала) . Міне, осылайша оқыңдар, » - дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.
Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы «қара» сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы «а» әрпінің орнына мұғалім «о» әрпінқояды, «қора» деп оқиды.
1. 2. Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын көрнекті құралдар
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал - «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де беріледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті картинкалар, әңгімелер, жұмбақтар т. б. бар.
Әліппеге қосымша көрнекі құрал - кеспе әліппе. Кеспе әліппеден олар буын, сөз, сөйлем құрайды және оларды талдап, оқып үйренеді.
Әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданылады; онда әрбір әріптің суреті мен атауы және сол әріптен басталатын заттың суреті салынады.
Әріптерді сақтауға арналған әріп кассасы жасалады. Әріп кассасының көлемі дәптердің ашып қойғандағы көлеміндей болады.
Қызыл, көк түсті төрт бұрыштар жасалады. Қызылы дауысты дыбысты, көгі дауыссыз дыбыстарды көрсетеді.
Бұл айтылғандардан басқа таблицалар да қолданылуы мүмкін. Мысалы дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында таблица қажет-ақ. Мұнда дауысты дыбыстың таңбасын қызыл түспен, дауыссыз дыбысты қара түспен ерекшелеуге болады. Сөз құрастыру үшін буындар беріледі.
Жазу жұмыстарында пайдалану үшін арнаулы «Жазу үлгісі» ұсынылады. «Жазу үлгісінде» әріптердің элементтері, жазба үлгілері беріледі.
Әр сыныпта оқушылардың партаға түзу, дұрыс отыруы бейнеленген және жазу кезінде қаламды дұрыс ұстау, отыру үлгілері бейнеленген плакаттар болуға тиіс.
Сауат ашу кезеңінде пайдаланылатын дидактикалық материал да бар. Бұлар: сөздердің дыбыстық құрамын талдауға жаттығу үшін түрлі карточкалар; кейбір жағдайда олар - клеткалармен берілген заттық картинкалар, екінші бір жағдайды - әріптің жартысы мен қалған жартысының орнына клетка т. б. с. с.
Мұндай үлестіруге арналған дидактикалық материал - оқушыларға сөздің дыбыстық құрамын схемаға сүйеніп талдауы үшін көмекші құрал болып саналады. Оқушылар сөзді іштерінен айтады да, схеманы толтыруға кіріседі. (Дәптерге түсті бояу қарындашпен, тақтаға дөңгелекшемен, сызықшамен т. б. с. с) . Сөздегі дыбыстарды тәртібімен талдап, дауысты, дауыссыздарын анықтап, оқушылар әріптерден сөз құрауға кіріседі.
Алдыңғы дидактикалық материал екінші бір жолмен тағы қолданылады: 1) өтілген дыбыстардан қиындау буындар кездесетін сөздер құрастыру үшін; 2) балаларғаанағұрлым ауырлық келтіретін дыбыстарды қайталап, бекіте түсу үшін (жоғарыда көрсетілген дыбыстар, жіңішкелік, жуандық белгілер т. б. ) ; 3) картинкалармен жұмыс жасау үшін, логикалық жаттығулар орындау үшін; 4) әрбір оқушының жеке ерекшелігін ескеріп, жұмыс ұйымдастыру үшін.
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы, артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен карым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердіңістеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейіноны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П. Я. Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелдейді. Мұнда дағды мен шеберліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жи-нақтылығы т. б. ) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі;
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл кеудесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы) ;
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады) . Бұл кезеңде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрету үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады) ;
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы түрде үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;
5) дағды мен шеберліктің толық, қалыптасып бітуі.
Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс.
1. 3. Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамыту
Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге көшу, заттар мен құбылыстардын, арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды.
Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның өзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жсткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жөн.
Осыған орай, I сынып оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажст. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сөздер арқылы жүргізіледі. Сездік қорды байыту заттар мен құбылыстар және олардьщ арасындағы байланыстар жөніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.
Бірінші сынып балалары естігендері, көргендері, кейбіреулері оқығандары жөнінде айтып бере алады. Алайда олардың сөйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жөнінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгі-мені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің өзі - балалардыбелгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету ғой.
I сынып оқушыларысурет бойынша, сөйлегенде де, ұсақ бөліктерге көбірек тоқталады. Мұның өзі де олардың ойының жинақы еместігін көрсетеді. Ал мәтін бойынша сөйлегенде көбіне сөзбе-сөз айтуға, яғни мәтіннің сөзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың көбінесе естіңжұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтанбалаларды ойлауға, сөздерді «көре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.
I сынып оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.
Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың көрнекі-бейнелік ойлауы (көрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.
Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.
Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне қарай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. б.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы. I сынып оқушылары сөйлеу сөйлемнен тұратынын біледі. Олар сөйлемді сөзге бөледі. Бір сөйлемде қанша сөз бар екенін анықтайды, өздері екі-үш сөзден сөйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әнгімелескенде олар сөйлеммсн сөйлейді. Әрине, бұлар сөйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін грамматика сабақтарында нақтылана түседі.
Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет - балалардыауызша сөйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, көпшілігі балаларды сөйлем құрауға үйретуді және олардың сөйлеу қателіктерін түзетуді көздейді.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрау) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.
Логикалық байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін деформациялық мәтіндер алған жақсы.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде диафильм, мультфильм немесе балалардың ойыны, сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жөнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді.
Сөйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I сынып оқушыларының бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, з, ж, щ, ц) .
Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ, т. б. ) . Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка, жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.
Дыбыстарды бұзып айту сөзді дыбыстық талдау процесінде де көрінеді. (Мысалы, шаш, шана сөздерінен »ш»дыбысын бөліп көрсеткенде т. б. ) . Баланың сөйлеу кемшілігін жөндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмыс жүргізуді талап етеді.
Егер баланың сөйлеуі анық болмаса және ол түзеле қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.
1. 3. Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері
I сыныпқа оқуға дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқиалады, ал екіншілері ежелеп оқиды, , төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріпте танымайды.
Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады, олардың қайсысыныңқалай оқитынын біледі. Жүгіртіп оқи алатындарға«Әліппе серігінен» қосымша материал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі.
Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды. Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындағанда сол сынып ұжымының ең бір пайдалы мүшесі сияқты сезінетін жағдай жасалғаны жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz