Дене тәрбиесінің негіздері



ЖОСПАР
Оқу пәнінің негізі мазмұны мен құрылымы
Негізгі ұғымдар
Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене тәрбиесі жаттығулары
Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі
Қозғалыс тәсілінің сипаттамасы
Дене тәрбиесі - ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі - дене тәрбиесінің теориясы деп аталады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады. 1. Дене тәрбиесінің теориясы- дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алатын орнын зерттейді. 2. Дене тәрбиесінің әдістемесі- дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп талдайды. 3. Спорттық жаттықтыру- оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесінің маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе нәтижелерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан – жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі гемнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Жолымбетов Ө.Ш., Құлназаров А.К., Спорт терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы,
2. Қазақша-орысша, Қазақ энциклопедиясы,3 том
3. Қазақ энциклопедиясы
4. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
5. Қазақ Энциклопедиясы, 8 том
6. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Оқу пәнінің негізі мазмұны мен құрылымы
Негізгі ұғымдар
Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене тәрбиесі жаттығулары
Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі
Қозғалыс тәсілінің сипаттамасы

Оқу пәнінің негізі мазмұны мен құрылымы
Дене тәрбиесі - ілім. Оның мазмұны мен құрылымы педагогикалық тұрғыдан талданып, жан-жақты сарапталуы, пән ретінде жүйеленуі - дене тәрбиесінің теориясы деп аталады. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі үш бөлімнен тұрады. 1. Дене тәрбиесінің теориясы- дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің қоғамда алатын орнын зерттейді. 2. Дене тәрбиесінің әдістемесі- дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілеп талдайды. 3. Спорттық жаттықтыру- оны өткізу әдістемесін, мерзімі мен кезеңдерін, артықшылықтарын айқындайды. Бұл дене тәрбиесінің маманының кәсіптік деңгейін көрсетеді. Ғылыми мәні мен тәжірибе нәтижелерін жинақтай отырып, бұл ілім адамның дене тәрбиесі процесінің заңдылықтарын ашып береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі педогогика, психология, социология, физология, анатомия ғылымдарымен сабақтас жүргізіліп, жас ұрпаққа білім беру, оны тәрбиелеу, денсаулығын нығайтудың жолдарын жан - жақты қарастырады. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесі гемнастика, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, ұлттық ойындар мен ат спорты, спорттық педагогика, спорттық психология пәндері ортақ теориялық заңдылықтарға сүйенеді.

Негізгі ұғымдар

Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқытуда "Дене мәдениеті", "Дене тәрбиесі", "Спорт", "Дене қуатының қалпына келуі", "Дене қуатының тынығуы", "Дене қуаты дайындығы", "Дене қуатының жетілуі", "Дене қуаты білімі" ұғымдарына назар аударамыз.
Дене мәдениеті - адамдардың дене қуатының жетілуі үшін пайдаланылатын қоғамдық - материалдық (спорт ғимараттары, құрал- жабдықтар) және рухани (арнаулы білім, ғылыми тәжірибе)байлығын құрайтын халықтың жалпы мәдениетінің бір саласы. Ол негізі дене мәдениеті, спорт, сауықтыру қолданбалы дене мәдениеті болып табылады.
Негізгі дене мәдениеті - адамдардың өз шама - шарқына қарай таңдап алған кәсіби және спорт мамандығын жетілдірудің негізі. Ол жалпы білім беретін мектептерде, оқу - тәрбие мекемелерінде қолданылады әрі бөгде кісілерге денсаулығын нығайтуға, жұмысқа ынтасын, төзімділігін арттыруға көмектеседі. Спорт адам психологиясының орнықтылығын, дене қуатының жетілуін қамтамасыз етеді.
Қолданбалы дене мәдениеті - кәсіптік және әскери дене мәдениеті деп екіге бөлінеді. Ол өмірге аса қажет сан алуан қимыл - әрекеттерді игеруге, дене тәрбиесі арқылы әскери және азаматтық мамандықтарды жақсы меңгеріп, терең түсінуге бағытталады.
Сауықтыру дене мәдениетіне - емдеу дене мәдениеті жатады. Оның мақсаты организмнің уақытша жоғалған функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіру.
Гигиеналық дене мәдениеті - жаттығушылар организмдерінің жұмыс істеу қабілетін арттыруға қызмет етеді. Сабақ арасында, жұмыста (денешынықтыру, өндірістік гимнастика) күнделікті демалыста (таңертеңгі бой жазу, серуендеу, саяхат т.б.) жатады.
Спорт дегеніміз - әр түрлі жаттығулардың көмегімен жоғарғы жетістіктерге бағытталған өнер түрі. Спорт, бұқаралық спорт (барлық адамдар қатыса алады) және жоғарғы көрсеткіштер спорты деп бөлінеді.
Дене қуатының тынығуы - жаттығу жасау арқылы белсенді демалыс ұйымдастыру. Ол дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен адамның көңілін көтеріп, бір әрекеттен екінші әрекетке көшіреді. Дене қуатын қалпына келтіру - адам организмінің ауырған жерін массаж жасау, булау, су процедуралары арқылы емдеп, қалпына келтіру, дене қуатын қасиетін үйлесімді дамытып, жан - жақты дайындығын жоғарғы денгейге жеткізу.

Дене тәрбиесі жүйесінің міндеттері мен мақсаттары
Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш - қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідейь жалпы міндеттерге негізделеді: 1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру. 2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту. 3. Тәрбиелік міндеттер - адамгершілік-жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.

Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік - экономикалық, заңдылық, ғылыми - әдістемелік, бағдарлама - нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік - экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік - экономикалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске кіретіндігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі - адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және практикалық ұсыныстары ғылыми түрде баяндалады.
Дене тәрбиесі жүйесін қоғамдық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-биологиялық ілімдер, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б. зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды ден тәрбиесі ілімі мен әдістеме пәні алады.
Физкультуралық қозғалыста президенттік сынамалардың маңызы өте зор.
"Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының президенттік сынамалары туралы" ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы №774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынамалары - бұл бақылауклық нормативтер арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене қуаты дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын әр түрлі сынақ - -жаттығулар жиынтығы.
Президенттік сынамаларда халықтың дене қуаты даярлығын күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, шапшаңдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене қуаты даярлығының екі деңгейден , яки президенттік және ұлттық деңгейден тұрады.
1. Президенттік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да спорттық секцияларда, топтарда, командаларда дене мәдениеті және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан жұрт үшін адамның денсаулық деңгейін айқындайтын президенттік сынама ретінде адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсіліндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 милге (2400 м) жүгіру нәтижелері бойынша сынамалар енгізіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5, 9, 11 сыныптарында, кәсіби-техникалық мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының соңғы курсына барар жылы өткізіледі.
Еңбекші жастар үшін - дене тәрбиесі-сауықтыру бағытындағы жарыстарда өткізіледі. Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді.
Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының жастар ісі, туризм және спорт басқармаларымен (комитеттерімен), Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің дене тәрбиесі басқармаларымен жүзеге асырылды.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастырудың жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарда - әкімшілікке жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындарында - дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60, 100, 1000, 2000, 3000, метрге, 1,5 милге (2400 м) жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, биік кермеге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру.
Тағы да бір маңызды нормативтік негіз - спорт классификациясы.
Республикалық спорт классификациясы дегеніміз - жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру,0 соның ережесін бекітіп, тәртібі мен нормативтерін белгілеу. Ол спортта жоғарғы жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, мектептердің, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды. Спорттық классификатция КСРО - да 1935 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты қазір елімізде классификация мазмұны мен құрлымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріп келеді. Дене тәрбиесі жүйесі мемлекеттік және қоғамдық негізде мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында, әскери бөлімдерде, емханаларда және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемілекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Республикамызда дене тәрбиесі жұмысын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік органдар бар.
Дене тәрбиесі сабақтарын белгілі спорт саласының арнайы мамандандырылған мұғалімдері, оқытушылары, сондай - ақ кәсіби жаттықтырушылары, нұсқаушылар жүргізеді. Қоғамдық ұйымдастыру барлық жастағы адамдарды дене тәрбиесіне неғұрлым көбірек қамтуға бағытталған. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы - спорт клубы. Дене мәдениеті және спорт қозғалыстарын кәсіподақтық және ведомстволық ерікті спорт қоғамдары басқарады. Ерікті спорт қоғамдарын басқару демократиялық, орталықтан басқару принципі бойынша, сайлау арқылы өтеді. Кейінгі жылдары жеке жаттығу түрінің маңызы артты. Денсаулық сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстары, клубтар пайда болды. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен белгіленген уақытта айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік және жеке қоғамдық спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары
Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар: жалпы дене шынықтыру, кәсіптік қолданбалы және спорттық дайындық.
Жалпы дене шынықтыру денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігінде дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене шынықтыруға әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт оқу-әдістемелік кешені
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Дене тәрбиесі және спорт тарихы
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Дәрігерлік бақылаудың сипаттамасы
Қазақстанның дене тәрбиесінің жүйесі
Құқықтық негіздер
Дене тәрбиесі жүйесінің негіздері
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Пәндер