Windows - тың стандартты программалары


Жоспар

: КІРІСПЕ
:
:
: І - ТАРАУ. Стандартты программалар
:
:
:

1. 1 Paint графиктік редакторы

:
:
: 1. 2 WordPad текстік редакторы
:
:
: 1. 3 Калькулятор программасы
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
:
:
:
:
:

КІРІСПЕ

XX ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы кажетті ақпаратты адамның тез қабылдауына мүмкіндік береді. Бұдан ақпаратты сыныптарға, тақырыптық топтарға бөлу, оларды сақтау, өңдеу, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және өзгерту зандылықтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Осы мәселелерді зерттейтін, өмір талабынан пайда болған жаңа ғылым саласы информатика деп аталады. Бұрын бұл ғылым техника саласының кибернетика деп аталатын бөлігі ретінде қарастырылған болатын.

Информатиканың негізгі обьектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация (ақпарат) болып табылады. Сондықтан ақпарат ұғымы информатика ғылымы (немесе пәні) мен ЭЕМ-да жұмыс істеудің ең маңызды атауларының бірі болып есептеледі.

"Акпарат" термині латынның "түсіндіру, баяндау, білу" деген ұғымдарын білдіретін "informatio" сөзінен шыққан.

Информация - бұл деректер және оларға сәйкес әдістердің әрекеттестігі деп айтуға болады.

Информация объективті деректер және субъективті әдістердің әрекеттестігі нәтижесінде пайда болады.

Информатика тұрғысынан алғаңда информацияның төмендегі негізгі қасиеттерін атауға болады.

1. Информацияның объектив және субъективтігі. Әдістер субъективті болғандықтан информацияны салыстырмалы дәрежеде ғана объективті деп айтуға болады.

2. Информацияның толықтығы. Информацияның толықтығы көбінесе информация көлемін сипаттайды және шешім қабыпдау үшін немесе бар деректер негізінде жаңа деректер алу үшін жеткіліктілігін анықтайды. Деректер қаншалықты толық болса, информациялық үрдісте ең аз қате алып келетін әдісті тандап алу соншалықты оңай болады.

3. Информацияның шындыққа сәйкестігі. Тіркелтен кез келген сигнал "пайда" бола бермейді - әр қашан, қандай дәрежеде болмасын, бөтен сигналдар (информациялық шуыл) қосылып кетеді. Информациялық шуыл дәрежесі жоғарыласа информацияның шындыққа сәйкестігі төмендейді. Мұндай жағдайда информацияның сол шамасын беру үшін не көбірек деректерді не болмаса күрделірек әдістерді (мысалы, салыстыру, фильтрациялау (сүзу), тарихи деректерді селекциялау) пайдалануға тура келеді.

4. Информацияның адекваттығы - бұл құбылыстың объективті қалып- күйіне сәйкестік дәрежесі. Адекватты емес информация толық емес немесе шындыққа сәйкес емес деректерді пайдалану негізінде, немесе толық және шындыққа сәйкес деректерге адекватты емес әдістерді пайдалану негізінде пайда болады.

5. Информация алу мүмкіндігі - қандай да болмасын информацияны алу мүмкіндігінің өлшемі. Бұл шамаға деректерді алу мүмкіндігі де, оларды сипаттау үшін қолданылатын адекватты әдістерді таңдап алу мүмкіндігі де ықпал етеді. Деректерді алу немесе деректерді өңдеу үшін қолданылатын әдістерді таңдап алу мүмкіндігі болмаса, информация алу мүмкіндігі де болмайды.

6. Информацияның өзектілігі - бұл информацияның уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестігі. Шындыққа сәйкес, адекватты, бірақ ескірген жэне керексіз информация өзекті емес информацияға айналады.

Сигналдарды тіркеудің физикалық әдістері әр түрлі болуы мүмкін. Тіркеу әдістеріне сәйкес деректер әр түрлі магниттік жинақтауыштарда сақталуы және тасымалдануы мүмкін.

І - ТАРАУ. Стандартты программалар

1. 1 Paint графиктік редакторы

Компютерлік графика деп компьютерде графикалық ақпараттын көрінісін айтады. Компьютерде графикалық ақпаратты әр түрлі тәсілдермен көрсетуге болады. Мысалы, графикалық редактор Paint аркылы. Windows ОЖ-де бұл редактор Стандартты программалар тобына жатады да, базалық графикалық құрал болып есептеледі. Оның әртүрлі объектілерді салу мүмкіндіктері және түстермен жұмыс істеуге арналған бірқатар саймандары бар. Paint графикалық редактор екі түспен жұмыс істейды. Оның бірі фондық түс те, екіншісі оның үстінен бояйтын негізгі түс болып саналады.

Редактор іске қосылғаннан кейін бояудың негізгі түсі қара, ал фонының түсі ақ болады. Сурет салу жұмысын редактор іске қосқаннан кейін бірден бастай беруге болады. Қажетті саймандарды түсте таңдау әрекетін тышқан көмегімен жасауға өте тиімді болып табылады. Негізгі түсті өзгерту үшін қажетті түсте тышқанның сол жақ батырмасын, ал фонның түсін өзгерту үшін оң жақ батырмасын шертеміз.

Paint графикалық редакторы шашырамалық бейнелерді салуға арналған құрал. Ол негізінен жеке-жеке түрлі-түсті нүктелер өлшемінде анықталады да, өлшем шамалары және сурет алдын-ала анықталып пайдаланады.

Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді көру және оларды баска программаларға енгізуге негізделген. Ол мәтіндік құжаттарға диаграммалар, графиктер, схемалар сияқты карапайым иллюстрацияларды енгізу үшін колданылады.

Paint программасын Іске косу Бас меню → Программалар→ Стандарттық бөлімінен Paint графикалық редакторы жолын таңдау арқылы іске асырылады.

Paint редакторының жұмысын аяқтау үшін Файл менюіни Шығу (Выход) командасын таңдау немесе тақырыптар қатарындағы басқару түймесін басу жеткілікті. Программадан шығу командасын немесе сәйкес түймені таңдар алдында экранда немесе компьютер жадында сурет бар болса, онда сол әлі жабылмаған редактор терезесінің бетінде «Paint» атты сұхбат терезе ашылады (1. 1. -сурет) . Экранда немесе жадтағы суретті сақтап қою үшін «Да» түймесін, ал егер сурет қажет болмаса «Нет» түймесін басу керек. Егер экрандағы суретпен жұмысты жалғастыру қажет болса, онда «Отмена» түймесін басу жеткілікті.

1. 1. -сурет. Paint редакторымен жұмысты аяқтау сұхбат терезесі

Paint графикалық редакторының атқаратын қызметтері және қасиеттері:

1) Paint редакторы терезенің жұмыс алаңының өлшемдері компьютерде пайдаланылатын Видеоадаптердің түріне байланысты әр түрлі болады.

2) Сурет ( Рисунок) менюінің Атрибуттар . . . (Атрибуты . . . ) командасының көмегімен жұмыс алаңының өлшемін өзгертіп, оны Түр (Вид) менюінің Суретті қарау командасының (Просмотреть рисунок) көмегімен дәлірек көруге болады.

3) Жұмыс алаңында сурет салу барысында курсор терезедегі сызықтық немесе фигуралардың салынып жатқан орнын көрсетеді.

4) Саймандар жиыны сурет салуға арналған құралдардан тұрады. Бұл саймандар жиыны құрамында суретті салу, бөлу немесе жарты бөлігін өшіру сияқты құралдар бар.

5) Түс палитрасы тақтасы түрлі-түсті бояулар үлгілерінен тұрады да, оның көмегімен суреттің өзінің және оның фонының түсін өзгертуге болады.

6) Түзу, қисық сызықтар сызуға арналған құралдарды пайдаланғанда арнайы тақтада пайда болған сызық жуандықтарының үлгілерінің ішінен сурет салуға қажетті сызықтың жуандығын таңдау мүмкіндігі бар.

Графикалық редактор терезесі келесі элементтерден тұрады: 1. Тақырып жолы (Строка заголовки)

2. Меню жолы (Строка меню)

3. Жұмыс алаңы (Рабочее поле)

4. Саймандар тақтасы (Панель инструментов)

5. Саймандар қастеттерінің терезесі (Окно Свойства инструментов)

6. Түс палитрасы (Политра цветов)

7. Өлшемдерді өзгертетін маркерлер

8. Қарау жолақтары (Полосы прокрутки)

1. 2. -сурет. Paint графикалық редакторы программасының терезесі

1. 2 WordPad текстік редакторы

Windows операциялық жүйесін жасақтауда текстік редактордың мүмкіндіктерін дамыту мәселелері де қарастырылған. Бұл операциялық жүйеде ең карапайым текстік редактор Стандартты программалар тобына жататын WordPad редакторы болып табылады.

Енді біз осы текстік редактордың негізгі мүмкіндіктерімен және оның жұмыс жасау ережелерімен танысамыз.

WordPad текстік редакторының программасы Іске косу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде сырғып шығатын Бас менюден Программалар (Программы) → Стандартты (Стандартные) → WordPad текстік редакторы (Текстовый редактор WordPad) жолын таңдау арқылы жүктеледі. Бұл редакторда дайындалған кез келген құжаттың шартбелгісінде тышқанды екі рет шерткен кезде, сол құжат WordPad программасымен бірге жүктеледі.

Программа жүктелгеннен кейін WordPad редакторы экранға 1. 8-ші суреттегі терезе түрінде ашылады.

1. 8-сурет. WordPad программасы терезесінің элементтері

1. 3 Калькулятор программасы

Калькулятор Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларының бір түрі. Ол жаңқалтадағы немесе үстел үстіндегі калькулятор жұмысын модельдейді. Бұл программа тек арифметикалық өрнектерді орындап қана қоймай, сонымен бірге логикалық-арифметикалық командылардың көмегімен сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру мүмкіндігін береді.

Калькулятор программасы Бас менюден: Пуск→Программа→ Стандартты→ Калькулятор батырмалары мен қатарларын таңдау арқылы жүктеледі. Егер де калькуляторды жиі пайдалану қажет болса, онда оған Жұмыс үстелінде арнайы жарлық жасап алынған ыңғайлырақ болады.

Калькулятор программасын жүктелгеннен кейін, экранға үстел үстінде пайдалануға арналған калькулятор бейнесі шығады (1. 19-сурет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Microsoft Windows
Компьютердің программалық жабдықтамалары операциялық жүйе тарихы, қызметі және түрлері
Операциялық жүйелер мен олардың арқаратын қызметтері туралы
Файлдық жүйе (Файловая система; file system)
Операциялық жүйе туралы
Программалық қабықшалар
Информатика дәрістері
Архивтеу программасының ерекшеліктері
Операциялық жүйе
Операциялық жүйелер, оның даму және түрлері (MS-DOC, NC, OS/2,UNIX, Windows, оның түрлері) жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz