Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Мемлекеттік мұрағат және оның қызметі
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II. Негізгі бөлім
2.1 Мұрағат дегеніміз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мұрағат құжаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4 Жалпы ережелері және баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Пайдалаған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк сараптау-тексеру комиссияларын құрады және олар туралы ережелердi бекiтеді.
Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
-Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
- мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады;
-тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi. Мемлекеттік механизмнің қызмет жасауының бірден-бір ажырамас шарты оның ақпаратпен қамтамасыз етілуі болып табылады. Осы міндетті орындауда мұрағат ісі мен құжаттың құралуы аса маңызды орын алады. Осы тұста мұрағаттар тиімді және көлемді түрде мемлекеттік органдар үшін қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өткенді шолушы құжаттық ақпаратты ұсынып отырады. Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №222 Қаулысына сәйкес дайындалды.

Пайдаланған Әдебиеттер
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы “Ұлттық қор мен мұрағаттар туралы” № 326 Заңы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты ҚРСТ 1042-2001 “Ұйымдастырушы – тағайындау құжаттама. Құжаттарды рәсiмдеуге қойылатын талаптар.” Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты ҚРСТ1037-2001 “ Iс қағаздар жүргiзу және мұрағат iсi. Терминдер мен анықтамалар”. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде;
Мемлекеттiк заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжатттарын уақытша сақтау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау. 2000 жылғы 26 желтоқсандағы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 83 бұйрығымен бекiтiлген;
"Мемлекеттiк заңды тұлғаның ведомстволық мұрағаты туралы” үлгiлiк ереже. 2000 жылғы 7 сәуiрдегi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 16 бұйрығымен бекiтiлген;
“Мемлекеттiк заңды тұлғаның тұрақты қызмет ететiн сараптамалық комиссиясы туралы” үлгiлiк ереже. 2001 жылғы 17 наурыздағы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 16 бұйрығымен бекiтiлген;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұйымдарында құжаттаудың және құжаттаманы басқарудың типтiк ережелерi. 2003 жылғы 29 сәуiрдегi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 33 бұйрығымен бекiтiлген;
Ведомстволық мұрағаттар жұмысының негiзгi ережелерi. 2003 жылғы 29 желтоқсандағы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 93 бұйрығымен бекiтiлген;
Мемлекеттiк ұйымдардың қызметiнде пайда болатын типтiк құжаттардың тiзбесi. Сақтау мерзiмiнiң көрсеткiшiмен. 2005 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген;

I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II. Негізгі бөлім
2.1 Мұрағат дегеніміз ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Мұрағат құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Жалпы ережелері және баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III. Пайдалаған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерін белгілеу, сондай-ақ оларды Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттік сараптама жасау негізінде жүргізіледі.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк сараптау-тексеру комиссияларын құрады және олар туралы ережелердi бекiтеді.
Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде:
-Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекітеді;
- мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешімдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пікірлер бойынша Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады;
-тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібiн белгілейдi. Мемлекеттік механизмнің қызмет жасауының бірден-бір ажырамас шарты оның ақпаратпен қамтамасыз етілуі болып табылады. Осы міндетті орындауда мұрағат ісі мен құжаттың құралуы аса маңызды орын алады. Осы тұста мұрағаттар тиімді және көлемді түрде мемлекеттік органдар үшін қоғамның ғылыми, мәдени және әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өткенді шолушы құжаттық ақпаратты ұсынып отырады. Оңтүстік Қазақстан облысында мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы №80 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы №222 Қаулысына сәйкес дайындалды.
Бағдарламаны дайындау мұрағат саласында қазіргі кездегі ұйымдастыру және құқықтық қатынастарды жетілдіру, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, халықаралық мұрағат ұйымдарында Қазақстанның беделін көтеру қажеттілігінен туындап отыр.
Бағдарламада облыста мұрағат ісін дамытудың ұзақ мерзімдік келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері анықталған, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың механизмдері мен негізгі бағыттары белгіленген. Белгіленген мақсаттарды, міндеттерді және басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-әрекеттер Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы дайындаған Бағдарламаны жүзеге асырудың қысқа мерзімдік үш жылдық іс-шаралар жоспары түрінде дайындалды.
Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны жүзеге асырудың іс-шаралары Қазақстан-2030 стратегиясы белгілеген облыстың рухани және мәдени дамуының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Мұрағат ісін дамытудың Мәдени мұра бағдарламасының орындалуында үлкен маңызы бар.
2.1 Мұрағат дегеніміз
Тарихи деректік құжаттар сақталатын алтын қазына. Онда ата-бабамыздың әулеттік шежіресі сақталып, өткен өмірдің айнасына айналуда. Мұрағатта әр кезеңдегі тарихи оқиғалар, дипломатиялық қарым - қатынастар, қоғамның саяси-әлеуметтік, экономикалық бағыттары жөнінде құнды құжаттар сақталады. Сондықтан да мекемелер мен кәсіпорындарында, оқу орындарында іс қағаздарын жазғанда бекітілген номенклатура негізінде ұқыпты, нақтылы, дәлелді, мазмұнды жазып, болған іс-шараны ешқандай қоспасыз көрсете жазу шарт. Әр жыл соңында мекемелердегі іс қағаздар бекітілген сараптау комиссиясының шешімімен құжаттарды сараптау, жүйелеу негізінде сол мекеменің ведомствалық мұрағатына өткізіледі.
Ал жарамсыз деп есептелінген құжаттар сараптау комиссиясының шешімі бойынша тізбе негізінде жойылады. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен мемлекеттің мәртебесінің өсіп өзгеруімен, саяси, экономикалық жағдайдың тұрақтанып, жақсаруымен мұрағат ісінде де біршама өзгерістер жасалынды. Бұрынғы одақтық республикалардың мұрағат мекемелерімен қалыпты байланыстың орын алған қиындықтарына қарамастан, құжаттармен қамтамасыз ету саласында Ұйымдастырушылық -өкілдік құжаттарды ресімдеуге қойылатын уақытша талаптар жасалынды және олар іс жүзіне асырылуда. Мұрағат ісінде міндеттерді атқарудың құқықтық негізі жасалынды. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22-желтоқсандағы Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы заңы және Мұрағат жөніндегі түсінік бекітілді. Онда мемлекеттік мұрағаттар, олардың атқаратын негізгі қызметтері мен міндеттері айқындалды. Мемлекеттік мұрағаттардың түрлері анықталды. Ұлттық мұрағаттық қордың құжаттарын жіктеу белгілеріне сәйкес мемлекеттік мұрағаттар жүйесі құрылды. Облыстық мемлекеттік мұрағаттар және олардың филиалдары, қалалық, аудандық, ведомствалық арнайы мемлекеттік жеке мұрағаттар тиісті ережелерге, талаптарға сәйкес өз жұмыстарын атқаруда. Әр мұрағат қызметкердің этикалық кодексінің негізгі принциптері бекітілді. Ол бойынша әр қызметкердің міндеті: Мұрағаттық құжаттардың тұтастығын қорғау және олардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету; Құжаттардың құндылығын сараптап, іріктеу бір жүйеге келтіру;
Мұрағаттық құжаттардың түпнұсқалылығын қорғап, сақтай отырып, оларды мемлекеттік, коммерциялық, жеке құпияларды, конфиденциалды ақпаратты сақтай отырып пайдалану Қызмет көрсету барысында заң шеңберіндегі іс-шараларды іс жүзіне асыру; Әр мұрағат қызметкері басқа мамандық өкілдерімен ынтымақтаса отырып, әлемдік құжаттық мұраладың сақталуын қамтамасыз ете отырып оны тиімді пайдалану деп көрсетілген.
2.2 Мұрағат құжаттары
Тарихи дерек ретінде Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына тигізер әсері мол. Өйткені өткен тарихи кезеңдерді зерттеп білу үшін мұрағат құжаттарына сүйенеміз. Мұрағат құжаттарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға мүмкіндік туады. Тарихи зерттеулер мұрағат құжаттары негізінде жинақталып жазылатындықтан бұл мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту және насихаттық мақсатта пайдаланудың барысында: көрмелер ұйымдастырып, теле және радио хабарлар даярлап, лекция мен экскурция өткізіп және мерзімді басылымдарда мақалалар жариялап, түрлі құжаттық көрме ұйымдастыру болып табылады. Көрме құжаттарды насихаттау үшін жасалады. Көрмеде арнайы таңдалып алынған құнды, әрі қызық (хаттар, естеліктер, фотосуреттер, брошюралар, плакаттар т.б.) құжаттар қойылады. Көрменің тақырыбы елдің қоғамдық - саяси өміріне белгілі мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлерге, республика тарихына арналуы мүмкін. Мұрағат құжаттарының көрмелері уақытша және тұрақты болып келеді1.
Тұрақты көрмелер ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайды. Мұндағы экспонаттар жартылай немесе толық ауыстырылып отырады. Ал уақытша көрмелер белгілі бір мерзімге дейін жұмыс жасайды. Қай жерде және қалай орналасуына қарай көрмелер стационарлық және көшпелі болып келеді.
Көрменің мақсаты тақырып мазмұнын жоғары ғылыми деңгейде ашып, құжаттық экспонатты жан-жақты көрсету болып табылады. Бұл мақсатта жұмыс екі кезеңге бөлінеді, яғни көрменің экспозицияларын ғылыми даярлау және көрмені безендіру2. Көрменің экспозициялық құжаттарын ғылыми даярлауда әдетте тақырыпқа байланысты әдебиеттерді зерттеуден және библиография жасаудан тұрады. Көрмеге қойылатын құжаттар тексіне фото және ксерокөшірме жасалады. Сонымен қатар безендіру материалдары да (сурет, гравюра, акварель) тек түпнұсқа түрінде көрсетілді.
Мұндай көрмелердің тақырыбы заман талабына сай болуы шарт. Жылжымалы көрмелердің ерекшелігі оларды бірнеше түрде жасап, әртүрлі қалаларға жіберуге болады. Көрменің ашылғаны жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және мерзімді баспасөз беттеріне мәлімет беру көп жағдайда көрменің табысты өтуіне себепші болады. Фотоальбом жасау әдістемесі көрме әдістемесіне жақын. Тек фотоқұжаттармен жұмыс жасау ерекшелігін ескерген жөн.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты 1985 жылы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне Мұрағат халық игілігі атты үлкен көрме ұйымдастырды3. Бұл көрменің негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының даму тарихын және оның қоғамдық қызметін көрсетуге арналды.
Мерзімді баспасөз беттерінде мақала жариялау, теле және радио хабарлар ұйымдастыру құжаттарды мәдени - ағарту және үгіт насихаттық жұмыста пайдаланудың кең тараған түрі. Мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалардың тақырыбы әртүрлі.
Көбінесе олар белгілі бір мұрағаттың құжаттар құрамы мен мазмұнына арналады. Сонымен қатар белгілі бір тақырып бойынша құжаттардың мазмұнына және мұрағат ісі жөніндегі негізгі сұрақтарға арналады4. Мұрағат материалдары негізінде ғылыми - көпшілік кітапшалар шығару, мұрағат қойнауында жатқан ең қызықты құжаттарды көпшілікке танымал етудің тиімді түрі. Мұрағат құжаттарын танымал етуде радио хабарларының атқаратын орны зор. Мұрағат құжаттарын насихаттауда бірнеше радио хабарлардың түрі қолданылады. Олар: тақырыптық әңгімелер, баяндамалар, лекциялар және мұрағатта табылған және жаңадан келіп түскен құжаттар жайлы хабарлар ұйымдастырылады5. Әңгімелік, лекциялық және баяндамалық радио хабарларының ұзақтығы 30 минут болуы шарт. Ал соңғы хабарда берілетін радиолық ақпараттар көлемі бір беттен аспауы қажет. Радиолық ақпараттың оқылу ұзақтығы 3 минуттан аспауын ескерген жөн. Әдетте радиорепортаждарда құжаттар жайлы және оның ғылымды, халық шаруашылығын, мәдениетті дамытудағы ролі жөнінде айтылады6. Мұрағат құжаттары негізінде даярланған телехабардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен даярланған телехабарлардың көрерменге әсері зор. Телехабарларда белгілі оқиғаға байланысты құнды құжаттардың түпнұсқасын және оқиға куәгерлерімен қатысқан адамдарды көрсетуге болады. Сонымен қатар фото-кино құжаттарды пайдалануға, хабарға музыка мен ән қосу тиімді. Мұрағат құжаттары негізінде әзірленген телехабарлар өзінің көлемі жағынан әртүрлі болып келеді. Бір түрі тележурналдық болып келсе, екіншісі мұрағат құжаттары негізінде жасалған арнайы телефильм. Телехабар үшін мазмұны қызықты құжаттар таңдалынып алынады. Телехабар текісін көрермендер тиісті дәрежеде қабылдауы үшін автор сөзімен қатар құжаттардан үзінді келтіріп, оқиғаға қатысқан адамдарға сөз беріп, көркемдік шығармадан үзінді келтірген жөн.
Мұрағат құжаттарын мәдени- ағарту мақсатта пайдаланудың тағы бір түрі- кездесулер ұйымдастыру, экскурсия мен лекция оқу болып табылады. Бұл кездесулерде мұрағат қорының құрамы мен мазмұны жөнінде және мұрағат қорын ғылым, мәдениет саласында пайдаланудың маңызын көрсетеді. Құжаттарды танымал етуде, мұрағаттың мәдени - ағарту саласындағы жұмыстың бір түрі - экскурсия. Экскурсияның мақсаты мен тақырыбы әр түрлі болып келеді. Мысалы, мұрағаттардың қызметкерлеріне мұрағатты құжаттармен толықтыру, сұрыптау жұмысы, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыру, каталогтарды құру т.б. мақсатта экскурсия өткізілсе, студенттерге, мұғалімдерге т.б. мамандық иелеріне мұрағат құжаттарымен таныстыратын экскурсия өткізіледі.
Көпшілікті мұрағат құжаттарымен таныстырудың тағы бір тиімді жолы - лекциялар мен баяндамалар оқу. Баяндамаларда мұрағат құжаттарының маңызы жөнінде немесе мәдени және шаруашылық өмірінде пайдаланудың маңызы айтылады. Баяндамалар барысында құжаттар көрсетіліп, қысқаша мазмұны айтылуы тыңдаушы студенттердің есінде жақсы сақталады. Сондай-ақ лекция барысында Қазақ даласында болған атты құжаттық фильмнің көрсетілуі тыңдаушыларға үлкен әсерін тигізеді.
Мұрағат құжаттарын пайдаланудың дәстүрлі түрі оқырман залдары арқылы зерттеушілерге құжаттар және ақпаратпен қамтамасыз ету. Зерттеушілердің құжаттарды толық және жан-жақты жақсы пайдалануы үшін оқырман залдарында ғылыми анықтамалық ақпараттар бар. Олар: путеводительдер (жол нұсқағыштар), шолулар, каталогтар т.б.
Оқырман залының меңгерушісі зерттеушілерге берілетін құжаттарды қарап шығады. Пайдалану парақтарындағы жазбаларды тексереді, зерттеушінің тақырыптарын есепке алу картотекасын жүргізеді7.
Зерттеушілерге барлық іс қағаздарының, баспасөз материалдарын және микрофильмдер беру арнайы жазба талаптар бойынша іске асырылады. Зерттеушілердің 52 пайызы жоғарғы оқу орындарынан келеді8. Олдардың көбі мұғалімдер мен диплом жұмысын жазушы студенттер.
Құпия қорлармен жұмыс жасау Қазақстан Министрлер Кеңесі жанынан құрылған бас архив басқармасының Құпия құжаттармен жұмыс жасау тәртібі бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Әйтсе де құпия қорлар мен құжаттар әлі күнге дейін құпия түрінде қалуда. Сондықтан оқырмандар залында зерттеушілердің санын көбейту үшін және құпия қорлар мен құжаттардың сырын ашу бүгінгі тарих ғылымының ашылмаған құпияларын зерттеуге мүмкіндігін тигізер еді.
Мұрағат құжаттарын ғылыми мақсатта пайдалануда құжаттық жинақтар шығарудың ролі зор. Құжаттық басылымдар тақырыптық, қораралық, жеке адамдардың құжаттары болып келеді. Қораралық басылымдар ғылыми типке ғана жатады. Олар тек бір қордың немесе бір коллекцияның құжаттарын өзіне қосады, ал тақырыптық басылымдарға белгілі тақырыппен әртүрлі қордан алынған деректер жатады. Жеке адамдардың басылымдарына осы адамның өзінің творчествалық өмірі барысында жинаған құжаттары енгізіледі. Құжаттық жинақтардың түрі: ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқулық болып үшке бөлінеді9.
Орталық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері құжаттық жинақтар шығаруда ғылыми институттар, мекемелер және жоғары оқу орындарымен біріге отырып шығарады. Жинақты дайындау барысында құрастырушы мүшелері мен редактор тағайындалады. Басылымның жоспар бағдарламасында құжаттық жинақты шығару қажеттілігі, оның саяси және ғылыми өзектілігі, мақсаты көрсетіледі. Құжаттық басылымдардың кең тараған түрі-тақырыптық. Ол белгілі бір тақырып бойынша жасалады. Жинақты даярлау барысында керекті құжаттарды іріктеп алу тарихи принциптер негізінде жүргізіледі. Құжаттарды іріктеп таңдау үшін әдістемелік ереже және ғылыми анықтамалық аппарат құрастыру өте тиімді. Жинақтың деректік негізін мұрағат құжаттары, мерзімді басылымдар, мемлекеттік қорлар құрайды. Фотосуреттер, кинокадрлар, плакаттар, құжат жинағының тақырыбына тығыз байланысты болуы шарт. Ал белгілі бір оқиғаға байланысты құжаттар әртүрлі болып келеді. Олар: хаттама, қаулы, мерзімді басылым, тарихи естеліктерден тұрады. Ал құжаттық - публикациялық жинақта құжаттармен қатар очерктер, поэзиялық шығармалар, естеліктер, көркемдік материалдар болады. Жинақта іріктелініп алынған тарихи деректер өзінің тақырыптық, салалық, хронологиялық, авторлық, географиялық белгілері арқылы жүйеленеді. Құжаттарды жүйелеу басылымдардың мақсаты мен сол құжаттардың сипаттарымен айқындалады. Хронологиялық жүйелеу оқиғаны, құбылысты бағалауға мүмкіндік берсе, географиялық жүйелеу құжаттардың аймақтық, губерниялық екендігін білу үшін пайдаланылады. Ғылыми - көпшілік жинаққа археографиялық мінездеме беру, яғни оқырманға тарихи деректің бір түрі құжат жөнінде мәлімет беру. Жалпы құжаттық жинақ тарих ғылымын және мұрағат ғылымын насихаттайтын құрал болып табылады. Сол себептен де құжаттық жинақтарға археографиялық өңдеу жасалады. Ғылыми - анықтамалық аппараттың міндеті- жарияланған құжаттың ғылыми, саяси түсінуіне көмектесу және басылыммен жұмысты жеңілдету. Ол тақырыпқа, жинақтың түріне байланысты әртүрлі болып келеді. Газеттік құжаттарға, жинақтарға алғы сөз ретінде, көрсеткіштер, тізбелер ретінде енеді. Тақырыптың өзекті мәселесі мұрағат құжаттарын пайдалану барысында істелетін жұмыстар мен пайдалану мақсаттары көрсетіледі. Жалпы мұрағат құжаттары 5-мақсатта: халық шаруашылығында, ғылымда, мәдени-ағарту және насихаттау, идеологиялық және оқу мақсатында пайдаланады. Айталық, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты ғылыми зерттеу институттары және жоғарғы оқу орындарымен біріге отырып 100-ден астам құжаттық жинақ шығарды. Қорыта айтқанда, құжаттарды пайдалануды ұйымдастыруда мынадай түрлері бар: мұрағат материалдары жайлы ғылыми дерек беру; құжаттарды жариялау; көрмелер ұйымдастыру; мақалалар жариялау және құжаттық фильмдер жасау; кездесулер және мұрағаттарда экскурсия ұйымдастыру; лекция мен баяндамалар даярлау; мұрағаттық анықтама беру т.б. Жоғарыда баяндалған мәселелер іс жүзіне асырылса әр азамат тарихи деректерде көзімен көріп, талдауға мүмкіндік алатыны сөзсіз. Сонымен қатар құжаттарды пайдаланудың схемалық түрін ұсынып отырмыз
1. Мұрағаттық анықтама - заңдық күші бар және оның негізінде құжатты іздеудің деректерін көрсете отырып сұратудың пәні туралы құжаттық ақпаратты қамтитын мұрағаттың ресми құжаты (бұдан әрі
- мемлекеттік қызмет көрсету).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік мұрағаттық мекемелер көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны мұрағаттық анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің кеңсесінде құжаттардың тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда мемлекеттік мұрағаттық мекеме басшысы, болмаса уәкілетті тұлға өтінішті қарау мерзімін отыз жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін, ол туралы 3 жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарланады.
8. Мемлекеттік қызмет ақысыз болып табылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электронды Үкімет порталындаhttp:www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің веб-сайтында http: www.sana.gov.kz, ақпараттың ресми көздерінде, мемлекеттік мұрағат мекемелерінің ғимараттарындағы үлгілері бар ақпараттық тақталарда орналастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Алдын ала жазылу және қызметтерді жедел ресімдеу жүргізілмейді.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлек жайлары бар, қажетті құжаттардың тізбесі бар тағандармен жабдықталған мемлекеттік мұрағат мекемелерінің ғимараттарында жүзеге асырылады.
2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті алу үшін мыналарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі қоса берілетін өтініш;
2) үшінші тұлғалар туралы дербес деректері бар мәліметтер алу үшін қосымша өтінушінің өкілетін растайтын құжаттар беріледі.
13. Өтініш нысанын мемлекеттік мұрағат мекемелерінің қызметкерлері береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің веб-сайтында орналастырылады.
14. Толтырылған өтініштер, сондай-ақ осы стандарттың 12 тармағында көрсетілген құжаттар мемлекеттік мұрағат мекемелерінетапсырылады.
15. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті барлық құжаттар тапсырылған соң, өтінушіге мемлекеттік мұрағат мекемесінің атауы, лауазымы, өтінішті қабылдап алған қызметкердің аты-жөні, оны қабылдау уақыты көрсетіліп өтініштің қабылданғаны туралы талон беріледі.
16. Мұрағаттық анықтама, мұрағаттық көшірме, мұрағаттық үзінді өтінушіге жеке қабылдау кезінде беріледі, болмаса пошта арқылы жіберіледі.
17. Мемлекеттік қызметті тоқтата тұруға өтінушінің осы стандарттың
12- тармағында көрсетілген құжаттарды өткізбеуі негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға сұрау салуды орындау үшін қажетті мәліметтердің болмауы негіз болып табылады.
3. Жұмыстың принциптері
18. Комитеттің жұмысы келесі принциптермен негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік парызды орындау барысында заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) толымды және толық ақпарат беру;
5) ақпараттың құпиялылығын сақтау және қорғау.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Мемлекеттік мұрағат мекемелері жұмысының нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда шағым облыстардың, қалалардың мемлекеттік мұрағаттық мекемелері және оның филиалдарының басшыларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің басшылығына беріледі.
22. Шағымдар пошта, электронды поштамен, болмаса қолға мемлекеттік мұрағаттық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қабылданады.
23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағым заңмен белгіленген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі туралы өтінушіге жазбаша түрде пошта, болмаса электронды поштамен хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты мемлекеттік мұрағат мекемелері басшыларының мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Министрліктер үйі ғимараты, А блогы, 15-кіреберіс, Төрағаның қабылдау бөлмесі: (7172) 74-04-21.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану және Қазақстан Республикасындағы мұрағат iсiн мемлекеттiк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
2.4 Жалпы ережелер және баптары
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) мұрағат iсi - мемлекеттiк ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметiнiң Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдалануын ұйымдастыруға байланысты саласы;
2) мұрағаттық құжат - қоғам үшiн маңыздылығына қарай, сондай-ақ меншiк иесiне құнды, сақталынатын немесе сақталуға жататын құжат;
3) мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесi немесе мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар мүдделерi үшiн мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi;
4) мұрағат қорлары - бiр-бiрiмен тарихи немесе қисынды байланысты құжаттардың жиынтығы;
5) мұрағат коллекциясы - қор құрушылар қызметiнде құрылған және бiр немесе бiрнеше белгiлерi бойынша бiрiктiрiлген құжаттардың жиынтығы;
6) ведомстволық мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кiрмеген құжаттарды жинақтауды, уақытша сақтау мен пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғаның мекемесi немесе құрылымдық бөлiмшесi;
7) мемлекеттiк мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтауға (сатып алуға), тұрақты сақтауға және пайдалануды ұйымдастыруға құқық берiлген мемлекеттiк мекеме;
8) құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры - Ұлттық мұрағат қорының мемлекет үшiн бiрден-бiр маңызы және жойылған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшiрмелерiнiң жиынтығы;
9) құжат - материал көзiнде дәлме-дәл жазып алынған, бiр iзге түсiруге мүмкiндiк беретiн ақпарат;
10) Ұлттық мұрағат қоры - заңда белгiленген тәртiппен ұлттық құндылық деп танылған барлық мұрағаттардың, мұрағат қорлары мен коллекцияларының, деректi ескерткiштердiң, тарихи, ғылыми, әлеуметтiк, экономикалық, саяси немесе мәдени айрықша маңызы бар құжаттардың жиынтығы;
11) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, белгiленген тәртiппен рәсiмделiп, куәландырылған құжат;
12) уәкiлеттi орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттiк органы;
13) жеке мұрағат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, сондай-ақ оның құрамына кiрмеген құжаттарды жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк емес заңды тұлғаның мекемесi немесе құрылымдық бөлiмшесi немесе жеке адамның қызметi, құжаттарды жинақтауы (сатып алуы) нәтижесiнде пайда болған мұрағаты;
14) арнаулы мемлекеттiк мұрағат - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттiк органының мұрағат мекемесi немесе бөлiмшесi;
15) адам құрамы жөнiндегi құжаттар - қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар кешенi және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаның аударылуы туралы мәлiметтер;
16) мұрағат құжаттарын пайдаланушы - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшiн мұрағат құжаттарына жүгiнетiн жеке немесе заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағат iсi
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрi - Ұлттық мұрағат қоры) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды.
2. Ұлттық мұрағатына Қазақстан Республикасының тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиiстi мұрағат құжаттары да жатады.
3. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға қызмет етедi.
4. Мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiру қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың мiндетi болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңдары
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Ұлттық мұрағат қоры
4-бап. Ұлттық мұрағат қорының құрамы
1.Ұлттық мұрағат қорының құрамына:
1) заң актiлерi және басқа да ресми құжаттар;
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттiк-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнаулы құжаттама;
3) машинамен оқуға ыңғайландырылған және тыңдап көру үшiн жасалған құжаттама;
4) тарих пен мәдениеттiң деректi ескерткiштерi;
5) жеке адам тегiнiң құжаттары және құндылық болып табылатын өзге де құжаттама;
6) Қазақстан Республикасының меншiгiне түскен өзге де құжаттар;
7) құжаттардың сақтандыру көшiрмелерi кiредi.
2. Құжаттарды Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу тәртiбi, олрадың есебiн жүргiзiп, сақталуын ұйымдастыру осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Ұлттық мұрағат қоры, Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры туралы ережелермен белгiленедi.
5-бап. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру негiздерi, толықтыру көздерi
1. Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк мұрағаттарының, Қазақстан Республикасы Президентi мұрағатының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы мемлекеттiк мұрағаттарының, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттiк мұрағаттарының және олардың филиалдарының, арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардың, кiтапханалардың, мұражайлардың құжаттары Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру негiзi болып табылады.
2. Ұлттық мұрағат қорын толықтырудың көздерi:
1) Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Парламент пен жергiлiктi өкiлдi органдардың, Конституциялық Кеңестiң, Үкiметтiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк заңды тұлғаларының, оның iшiнде шет елдегiлердiң де ведомстволық мұрағаттары;
2) жеке мұрағаттар болып табылады.
3. Ұлттық мұрағаттар қоры Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының меншiгiндегi мұрағат құжаттарын сыйға тарту, өсиет етiп қалдыру, сатып алу жолымен де толықтырылуы мүмкiн.
4. Мемлекет Қазақстан аумағынан тыс жерлерде табылған Қазақстан Республикасының тарихи мұра құжаттарын қайтаруға шаралар қолданады, жинақталған және Қазақстан Республикасымен тарихи байланысты құжаттарды iздестiру мен Отанына қайтаруды көтермелеп, қаржыландырып отырады.
6-бап. Мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын
Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру көздерiн белгiлеу тәртiбi
1. Мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу, оны қалыптастыру мен толықтыру құрамынан шығарып тастау құжаттардың құндылығына мемлекеттiк сараптама жасау негiзiнде жүргiзiледi.
2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк сараптау-тексеру комиссияларын құрады және олар туралы ережелердi бекiтедi.
3. Уәкiлеттi орган сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негiзiнде:
1) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерiнiң тиiстi атқарушы органдарымен келiсiлген тiзiмдерiн бекiтедi;
2) мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын Ұлттық мұрағат қоры құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешiмдер қабылдайды. Саяси және идеологиялық пiкiрлер бойынша Ұлттық мұрағат қоры құрамынан шығарып тастауға тыйым салынады;
3) тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзiмi мен жою тәртiбiн белгiлейдi.
4. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерi болып табылатын:
1) республикалық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз;
2) коммуналдық меншiктегi ұйымдардың құжаттарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының келiсiмiнсiз жоюға рұқсат етiлмейдi.
7-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжат меншiктену ұқықтарына кепiлдiк беру мен оларды қорғау
1.Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мемлекеттiк және жеке меншiкте болады.
2.Мемлекеттiк меншiктегi құжаттарға:
1) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк мұрағаттарындағы және олардың филиалдарында сақтаулы тұрған, соның iшiнде 1917 жылға дейiнгi жасалған, арнаулы мемлекеттiк мұрағаттардағы, мемлекеттiк кiтапханалардағы және мұражайдағыларды республикалық меншiктегi құжаттар, Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң, Үкіметiнiң, орталық атқарушы органдарының, Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Ұлттық банкiнiң және басқа да республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалардың қызметi нәтижесiнде жасалған және жасалып жатқан құжаттар;
2) коммуналдық меншiктегi, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық), қалалық, аудандық мемлекеттiк мұрағаттар мен олардың филиалдарында сақтаулы, жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, соттардың, прокуратураның, коммуналдық кәсiпорныдар мен басқа да мемлекеттiк заңды тұлғалардың қызметi нәтижесiнде жасалған және жасалып жатқан құжаттар жатады.
3. Жеке, мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң қызметi немесе жинауы (сатып алуы) нәтижесiнде жасалған құжаттары жеке меншiкке жатады.
4. Уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын иелену және пайдалану құқықтары берiледi.
5. Мұрағат құжаты меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз сот шешiмi негiзiнде ғана алып қойылуы мүмкiн. Мұрағат құжаттарының түпнұсқалары сот-тергеу iстерi үшiн алып қойылған жағдайда құжат иесiне олардың дубликаттары немесе көшiрмелерi қалдырылады. Сот (тергеу) процесi бiткеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары меншiк иелерiне қайтарылады.
6. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттары мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру, сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту, яғни меншiк құқығын беруге байланысты мәмлелер жасау объектiсi бола алмайды, сондай-ақ оларды тұрақты сақтау үшiн басқа мемлекеттерге әкетуге болмайды.
7. Ұлттық мұрағат қорының жеке меншiктегi құжаттары, меншiк иесiнiң уәкiлеттi органмен алдын ала жазбаша келiсiмiнен кейiн ғана және аталған құжаттардың дубликаттарын немесе көшiрмелерiн мемлекеттiк мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырған жағдайда сатып алу-сату, айырбастау немесе сыйға тарту объектiсi бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге болады.
8-бап. Заңды тұлғалар қайта құрылған не таратылған жағдайда мұрағат құжаттарына меншiк құқығы
1. Мемлекеттiк ұйымдар жекешелендiрiлгенде, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жекешелендiрiлгенге дейiн жасалған Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мемлекет меншiк мәртебесiн сақтап қалады.
2. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың шетел компаниясының немесе жеке адамның басқаруына берiлген мұрағаттары мемлекеттiк меншiк мәртебесiн сақтап қалады және мемлекетке қайтарылуға тиiс.
3. Заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттар өңделген күйде құқық мұрагерлерiне берiледi.
4. Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен адам құрамы жөнiндегi құжаттардың одан әрi сақталатын орны туралы шешiмдi, уәкiлеттi органмен келiсе отырып, тарату комиссиясы немесе конкурстық басқарушы қабылдайды.
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттiк есебiн жүргiзу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz