Құжаттарды ведомствалық мұрағатқа өткізуге әзірлеу



Жоспар

Құжаттарды ведомствалық мұрағатқа өткізуге әзірлеу
Мұрағат қоймалары және бөлме.жайлар
Құжаттарды сақтайтын құралдар және оларды орналастыру
Құжаттарды сақтау режімі
Мұрағат қоймасынан істер беру
Мұрағаттық қорлар
Мұрағаттық қор ісі
Мұрағаттық қор парағы
Мұрағаттық қордың тарихи анықтамасы
Құжаттарды ведомствалық мұрағатқа өткізуге әзірлеу
1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіментінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысына, «Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына және «Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысына сәйкес әзірленген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы “Ұлттық қор мен мұрағаттар туралы” № 326 Заңы;
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты ҚРСТ 1042-2001 “Ұйымдастырушы – тағайындау құжаттама. Құжаттарды рәсiмдеуге қойылатын талаптар.” Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде;
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарты ҚРСТ1037-2001 “ Iс қағаздар жүргiзу және мұрағат iсi. Терминдер мен анықтамалар”. Мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде;
4. Мемлекеттiк заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының құжатттарын уақытша сақтау тәртiбi мен мерзiмi туралы нұсқау. 2000 жылғы 26 желтоқсандағы Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 83 бұйрығымен бекiтiлген;
5. "Мемлекеттiк заңды тұлғаның ведомстволық мұрағаты туралы” үлгiлiк ереже. 2000 жылғы 7 сәуiрдегi Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару комитетiнiң Төрағасының № 16 бұйрығымен бекiтiлген;

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Құжаттарды ведомствалық мұрағатқа өткізуге әзірлеу
Мұрағат қоймалары және бөлме-жайлар
Құжаттарды сақтайтын құралдар және оларды орналастыру
Құжаттарды сақтау режімі
Мұрағат қоймасынан істер беру
Мұрағаттық қорлар
Мұрағаттық қор ісі
Мұрағаттық қор парағы
Мұрағаттық қордың тарихи анықтамасы
Пайдаланылған әдебиеттер

Құжаттарды ведомствалық мұрағатқа өткізуге әзірлеу
1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелері (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заңына, Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіментінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысына, Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Ұйымның ведомстволық мұрағаты қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Ведомстволық мұрағат құрамында электрондық құжаттар мұрағаты пайда болады.
3. Ведомстволық мұрағат оның міндеттерін, функцияларын, толықтыру көздерін және қабылданатын құжаттар құрамын айқындайтын Ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді.
4. Ведомстволық мұрағат туралы Ережені Қазақстан Республикасының мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органымен немесе мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың жергілікті уәкілетті мемлекеттік органымен келісе отырып ұйым басшысы бекітеді.
5. Бұл Ережелер құпиясыз басқару құжаттамасын сақтайтын ведомстволық мұрағаттар жұмысында қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы, мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың жергілікті уәкілетті мемлекеттік органы (бұдан әрі - уәкілетті органдар), Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мұрағаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік мұрағаттары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары және олардың филиалдары (бұдан әрі - мемлекеттік мұрағаттар) осы Ережелерді ведомстволық мұрағаттар жұмысының іс-тәжірибесіне ендіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді және олардың орындалуына бақылау жасайды.
7. Осы Ережелердің бұрмалануына кінәлі ұйымның басшысы және ведомстволық мұрағаттың қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауап береді.
8. Ережелерде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ҚР СТ 1037 - 2001 Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар стандартында белгіленген терминдер пайдаланылды.
9. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен құжаттар қабылдау Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Тұрпатты ережелері туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен белгіленген (мемлекеттік тіркеу № 2331) тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
10. Ведомстволық мұрағаттың толықтыру көздері - басқа ұйымның тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) сақтаудағы және жеке құрам бойынша құжаттары іс тізімдемелері бойынша, уақытша сақтаудағы (10 жылға дейінгіні қоса алғандағы) құжаттары - тиісті кезең үшін істер номенклатурасы бойынша қабылданады.

Мұрағат қоймалары және бөлме-жайлар
11. Ведомстволық мұрағат үшін құжаттар сақтауға арналған (мамандандырылған, бейімделген) жеке ғимарат немесе ұйымның әкімшілік ғимаратынан бөлмелер беріледі.
12. Ведомстволық мұрағат мұрағат қоймалармен, оқу залымен, жұмыс бөлмелермен, жиналатын электрондық негіздердің автоматтандырылған кітапханасымен, серверлік және байланыс жабдықтарына арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі.
13. Мұрағат қоймасы араб цифрымен жалпы рет бойынша нөмірленеді және химиялық заттары бар лабораториялардан, азық-түлік өнімдері сақталынатын өндіріс орындарынан, қойма жайлардан, ал электрондық мұрағат - электромагниттік сәулелер мен қуаттық өріс көздерінен аулақ, бөлек орналастырылады.
14. Мұрағат қоймалары қазіргі заманғы өрт сөндіру құралдарымен, күзет және өрт дабылдары жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Жалпы және қабаттар бойынша тоқ ажыратқыштар мұрағат қоймасының сыртына орналастырылады.
15. Мұрағат қоймаларын подвал, жартылай подвал және цокольдік бөлмелерде орналастыруға рұқсат етілмейді. Мұрағат қоймасы арқылы газ, су, канализация құбырлары өтпеуі тиіс.
16. Мұрағат қоймаларына темір есіктер орнатылып, терезелеріне темір торлар қойылады.

Құжаттарды сақтайтын құралдар және оларды орналастыру
17. Құжаттарды сақтайтын негізгі құралдар тұрақты немесе жылжымалы металл стеллаждар, отқа төзімді етіп өңделген ағаш стеллаждар болып табылады, қосалқы құралдар - металл шкафтар мен сейфтер.
18. Сақтау құралдары терезелі қабырғаларға перпендикуляр орналастырылады. Құжаттарды сақтайтын құралдарды ғимараттың сыртқы қабырғасына және жылу көздеріне тақап орналастыруға рұқсат етілмейді.
19. Сақтау құралдарын орналастыру мынадай нормаларға сәйкес жүзеге асырылады: олардың қатараралық қашықтығы - 120см; сақтау құралдары аралықтарының қашықтығы - 75 см; ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған параллель қойылған сақтау құралдары аралық қашықтығы - 75 см; қабырға мен сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы - 45; еден мен сақтау құралының төменгі сөресіне дейінгі аралық - 15 см.
20. Құжаттар сақтау құралдарының сөрелеріне стандартты мұрағат қораптарына, электрондық негіздер - қынаптарға салынып жайғастырылады.
21. Сақтандыру қоры мен пайдалану қорының шағынфильмдері металл қораптарда сақталады, стандартты раккордтары болады және фотоқабатты беті сыртқа қаратылған күйінде орам етіп оралады.
22. Құжаттарды еденге, терезе алдына, басқыштарға немесе реттелмеген үймелер арасына қоюға болмайды.
23. Сақтау құралдары дербес түрде мұрағатқа кірер есіктің сол жағынан оң жағына қарай, ал сөрелері жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді.
24. Құжаттардың орналасқан жерін белгілеу мақсатында әрбір сақтау құралына типографиялық карточкі (7-қосымша) жасалады. Типографиялық карточкі нөмірі сақтау құралының нөмірімен сәйкес келеді.

Құжаттарды сақтау режімі
25. Құжаттарды сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік өлшемдерді қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
26. Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер, перделер немесе боялған әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы жарық түсіруге рұқсат етіледі.
27. Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын лампалар немесе жарық шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминесцентті лампалар қолданылады.
28. Электрондық негіздегі құжаттар жарық тікелей түспейтін жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ведомставалық мұрағат қызметінің ұйымдастыруы
Ведомствалық мұрағат
Іс қағаздарды жүргізу
Мұрағаттарда құжаттарды сақтау
Іс жүргізуде істерді қалыптастыру. Құжаттардың жедел сақталуы
Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісін ұйымдастыру
Электронды құжаттар және мұрағаттар
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
ҚАЗАҚСТАНДА АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫН САНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШІРУ ПРОБЛЕМАСЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын ресімдеу
Пәндер