Қазақ хандығының құрылуы туралы ақпарат



Жоспары:
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы.
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай Ордасы мемлекеттерінің әлеуметтік – экономикалық және этностық жағдайлары, олардың саяси дағдарысқа ұшырауы қазақ хандығы құрылуының тарихи алғышарттарын қалыптастырды. XV ғасырдың орта кезінде Әбіхайыр хандығы саяси дағдарысқа ұшырады. Тарихшы М. Х. Дулати өзінің «Тарих – и Рашиди» атты еңбегінде 1465 – 1466 жылдары аралығында осы хандықтан Жәнібек пен Керейдің бөлініп кеткендігін айтады. Көшудің басты себебі, Әбілхайыр хан 1457 жылы қалмақ ханы Үз – Темір тайшыдан жеңіліп қалғаннан кейін өзін қолдамаған сұлтандар өз ру – тайпаларын ертіп, Жетісуға қарай бет алды. Алайда бұл тек сылтау ғана еді. Бөлініп кетудің негізі әлдеқайда тереңде жатты. Біріншіден, ол хандықтың ішіндегі әлеуметтік – экономикалық қайшылықтың күшеюінен болған. Ортағасырлық авторлардың жазуларына қарағанда, өздерінің хандарына риза болмай, мұндай көшулер тарихта талай болған. Бірақ оның барлығында қазақ хандығындай, хандық өкімет құрылмаған. Екіншіден, бұл көштің Жетісуға қарай бағыт алуындағы түпкі мақсат, бұл аймақтағы қазақ тайпалары мен көшіп келуші қазақ тайпаларының (басым көпшілігі) арасында ерте кезден – ақ этностық байланыстың басым болуы. Сондықтан бұл қазақ тайпаларының бір аймаққа шоғырлануы олардың қазақ халқы болып қалыптасуына және жеке хандық өкімет құруына мүмкіндік берді. Көш Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанады. Олардың саны 200 мың адамға жеткен. Қоныс аударып келгендер 1465 – 1466 жылдары жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлап, қазақ хандығын құрды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ Энциклопедиясы, 8-том
2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы.

Қазақ хандығының құрылуы.
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан жерінде өмір сүрген Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай Ордасы мемлекеттерінің әлеуметтік - экономикалық және этностық жағдайлары, олардың саяси дағдарысқа ұшырауы қазақ хандығы құрылуының тарихи алғышарттарын қалыптастырды. XV ғасырдың орта кезінде Әбіхайыр хандығы саяси дағдарысқа ұшырады. Тарихшы М. Х. Дулати өзінің Тарих - и Рашиди атты еңбегінде 1465 - 1466 жылдары аралығында осы хандықтан Жәнібек пен Керейдің бөлініп кеткендігін айтады. Көшудің басты себебі, Әбілхайыр хан 1457 жылы қалмақ ханы Үз - Темір тайшыдан жеңіліп қалғаннан кейін өзін қолдамаған сұлтандар өз ру - тайпаларын ертіп, Жетісуға қарай бет алды. Алайда бұл тек сылтау ғана еді. Бөлініп кетудің негізі әлдеқайда тереңде жатты. Біріншіден, ол хандықтың ішіндегі әлеуметтік - экономикалық қайшылықтың күшеюінен болған. Ортағасырлық авторлардың жазуларына қарағанда, өздерінің хандарына риза болмай, мұндай көшулер тарихта талай болған. Бірақ оның барлығында қазақ хандығындай, хандық өкімет құрылмаған. Екіншіден, бұл көштің Жетісуға қарай бағыт алуындағы түпкі мақсат, бұл аймақтағы қазақ тайпалары мен көшіп келуші қазақ тайпаларының (басым көпшілігі) арасында ерте кезден - ақ этностық байланыстың басым болуы. Сондықтан бұл қазақ тайпаларының бір аймаққа шоғырлануы олардың қазақ халқы болып қалыптасуына және жеке хандық өкімет құруына мүмкіндік берді. Көш Жетісудың батысындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанады. Олардың саны 200 мың адамға жеткен. Қоныс аударып келгендер 1465 - 1466 жылдары жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлап, қазақ хандығын құрды. Қазақ ханығының құрылуы қазақ халқының тарихында ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығының тарихында үлкен жаңалық болды. Қазақ хандығы өзінің қазақ деген атымен дүниежүзіндегі мемлекеттерге таныла бастады. Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы. Қазақ хандығы өзінің құрылған күнінен бастап - ақ саяси жағдайын жақсартуға әрекет жасаған. Жәнібек пен Керей 1470 жылдарға дейін жергілікті халықпен қарым - қатынастарын жақсартуға тырысты. Ал 1470 жылдың күз айларынан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан аймағын қол астына қаратып алуға кіріседі. Осы кезде 1468 жылы Әбілхайыр хан қаза болып, оның хандығында билік үшін саяси талас - тартыс жалындап жатқан еді. Мұндай жағдайды пайдаланып қалғысы келген қазақ хандығы Оңтүстік Қазақстанға қарай бағыт алады. Көп ұзамай Созақ, Сығанақ, Сауран, басқа да қалалар Жәнібек пен Керейге бағынды. Қазақ хандығының Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстік баурайларындағы және Сырдарияның орта, төменгі ағыстарындағы қалалар мен қыстақ - кенттерді өздерінің қарамағына біржола алу үшін жүргізген күрестері Бұрындық пен Қасым хан кездерінде (XV ғ. соңы - XVI ғ. басы) күшейе түседі. Ал бұларға қарсы күресті Әбілхайыр ханның немересі өзбек ханы Мұхаммед Шайбани және оның інілері жүргізді. Екі хандықтың арасындағы күрес алма - кезек жеңіс - жеңіліспен жүз жылға созылып, ақыры XVI ғасырдың соңында Қазақ хандығының жеңісімен аяқталады. Соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Қазақстандағы атақты Отырар, Сайрам, Ташкент, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Созақ, т.б. көрнекті қалалардың барлығы өздерінің аймағындағы қыстақ, кенттерімен қазақ хандығының қарамағына өтті. Осы ұзақ жылдардағы соғыс кезінде қалалар қолдан - қолға өтіп, көптеген зиян тартты. Алайда Сауран, Сығанақ сияқты қалаларға Бұрындық пен Қасым хандардың әскері келгенде, қала тұрғындары өзара келісіп, қаланың бұрыннан осы хандардың әулетіне қарағандығын айтып, ешбір қарсылықсыз қақпаларын ашып берген. Мұның өзі Ақ Орданың кезінде қалалардың Барақ ханның қарамағында болғандығын еске түсіреді. Сондықтан көптеген қалалар қазақ хандығының құрамына өз еріктерімен қосылған. Қазақ хандығы мен Моғолстан арасындағы саяси қарым - қатынас XVI ғасырдың екінші онжылдығынан бастап Хақназар ханға дейін жақсы жағдайда болған. Әсіресе Қасым хан ( 1523 - 1532 жж.) кезінде алыс - беріс жоғарғы деңгейде болды. 1514 жылы моғол ханы Саид Шу бойында тұрған Қасым ханның ордасына келіп, екеуінің арасындағы достық жайлы жылы лебіздер айтылған. Алайда Таһир ханның кезінде қазақ хандығының саяси жағдайы біраз нашарлайды. Таһир хан аса қатыгез, саяси дипломатиялығы да, әскери іскерлігі де жоқ адам болса керек. Сондықтан жаңа құрылған мемлекеттің өзі билік үшін талас - тартыстан ушығып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫ МЕН МОҒОЛСТАННЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Қазақ хандығының пайда болуы
Шейбани ханмен қақтығыс
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі
Пәндер