Қазақстан Республикасының Үдемелі инновациялық дамуы



Кіріспе
негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Ғылым мен техниканың жетістіктері арқылы өз экономикасын алға жылжытып, дүниежүзілік рынокта алдыңғы қатарлы елдер қатарына шықан көптеген мемлекеттер бар екенін тарихтан жақсы білеміз. Экономика ғылымы инновацияны жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тұтас жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын аса маңызды элементердің бірі ретінде қабылдайды. Бұл жағдай ең алдымен «инновация» деген ұғымның өзін нақтылай түсуді талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. 2011 ж. Елбасының Халыққа Жолдауы «Үдемелі индустриалды-инновациялық Бағдарламасы»
2. Назарбаев Н. Стратегия становления постиндустриального общества и партнерство цивилизаций. –Москва: Экономика, 2008. -398 с.
3. Назарбаев Н. Лайықты болашаққа сенімді болайық // Ақиқат. 2009. № 10. -Б. 12.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. -Алматы: Білім, 1998. -256 б.
5. Назарбаев Н. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс // Егемен Қазақстан. 14 қазан 2009 жыл. 1-2 б.
6. Қазақстан Республикасындағы статистика агенттігі . Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсету. // 2010 жылы.
7. . Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – А.: Заң əдебиеті, 2007. – 160б
8. 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасы.
9. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. Астана, 2003 жыл. http://kz.government.kz/

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Инновациялық даму дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету.
Ғылым мен техниканың жетістіктері арқылы өз экономикасын алға жылжытып, дүниежүзілік рынокта алдыңғы қатарлы елдер қатарына шықан көптеген мемлекеттер бар екенін тарихтан жақсы білеміз. Экономика ғылымы инновацияны жекелеген мемлекеттердің ғана емес, тұтас жаһандық экономиканың дамуын айқындайтын аса маңызды элементердің бірі ретінде қабылдайды. Бұл жағдай ең алдымен инновация деген ұғымның өзін нақтылай түсуді талап етеді.
Жалпы алғанда, "инновация" сөзі латын сөзінен алғанда "жаңарту" (обновление), ағылшынның "inovation " (нововведение) " жаңалық енгізу" деген сөздерінен шыққан.
Инновацияны жаңалық ашумен, ғылыми - техникалық шешімдермен, өз қызметін пайдаланатын мемлекеттің тура және жанама әсерінің арқасында рационализациялау мен реттеумен байланысты өндіруші күштердің элементтерінің жаңаруы, өзгеруі, жетілдірілуі бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында пайда болатын нақты экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде сипаттауға болады. Инновациялар әмбебап бәсекелестік жетістік болып табылады - олар ұйымдарға әлем бойынша бәсекелестік күресте жеңіп шығуға және өте жоғары пайда әкелуге көмектеседі.
Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда Индустриалды-инновациялық даму бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш - оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болудың басты бағыты - индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру .
Бүгінгі таңда инновациялық типті экономикаға жалпы дүние жүзінің көптеген елдері енуде. Кейбір аса дамыған елдер инновацияны дамытуды ертеректе бастап кеткен. Соның біріне бүгінде экономикасы қарыштап дамып, әлемдік экономикада көш бастап келетін АҚШ-ты атап өтуге болады.
Сол сияқты Қазақстанның да басымды мақсаттарының ең негізгісі - инновациялық жағдайды дамыту арқылы әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның интеграциялануының нәтижелі жүйесін құру. Негізінен индустриалы-инновациялық бағыт дағдарыстан кейінгі Қазақстанның дамуы моделінің негізі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген мемлекеттер үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет - білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру. Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Аталмыш кезеңде индустриялық өнімдер өндірісінің артуы осы сала құрылымындағы жағымды өзгерістермен байланысты болды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Индустриалды-инновациялық даму - Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз. Индустриялық өндірістің тұрақты өсу тенденцияларын нығайту және оның құрылымдық өзгерістерін жақсарту үшін отандық индустрияны дамыту мәселелерін кешенді түрде шешу бағдарын қарастыратын, алдымыздағы 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған жаңа мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясатты ұстанып, жүзеге асыру қажет. Өйткені, мұндай әрекет индустрия саясатына кешендік сипатты бере отырып, осы саланың даму деңгейі мен қазіргі жағдайын қалыптастыру мақсатын көздеген саясаттарды орындау барысында қателіктер мен кемшіліктердің пайда болуын тежеуге мүмкіндік береді. Халықтың әл-ауқатының көтерілуі мен ұлттық экономиканың тиімділігі көп жағдайда инновациялық үрдістердің даму сатысымен айқындалады. Осы мақсатта қабылданған Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы - тәуелсіз Қазақстанның кемел келешекке ұмтылғандығының айғағы. Қазақстан индустриясы халық шаруашылығының индустриализация деңгейін, егеменді ел экономикасының нақтылығы мен перспективасын, қазіргі әлемдік шаруашылықтағы орны мен рөлін ақтайтын басты фактор болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда үлкен руда қорлары, минералды шикізат, отын-энергетикалық ресурстар, құнды және сирек кездесетін жер металдар қоры бар, сондай-ақ, негізінен, өнімі шетелдерге жіберілетін пайдалы қазбаларды табудың және өңдеудің күшті индустриясы бар. Алайда, Қазақстанда машина құрылысының көп профильді жаңа базасы, жоғары сапалы дайын тауарлар өндіру және іс жүзінде ғылыми-техникалық күрделі тауарлар өндіру саласы да жоқ, халық тұтыну тауарларының индустриясы нашар дамыған, химиялық индустрия, мұнай, газ және көмірсутек шикізаттарды өңдеу потенциалы жеткілікті түрде қолданылмайды.
Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның ХХІ ғасырдағы дамуының баламасыз нұсқасы. Елдің ұлттық мүдделері осыны талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үрдістері осыны қуаттайды. Индустриалды-инновациялық даму ел экономикасын елеулі құрылымдық өзгерістерге алып келері анық.
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажеттiлiгiне тiкелей байланысты. Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды мәселелердің бiрi болады.
Инновациялық қызметтің дамуы ең алдымен , ғылыми - техникалық ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан кез - келген мекемеде , оқу орындарында ақпараттық - технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек. Инновациялық қызмет негізінде ғылыми - техникалық прогресс жатыр.
Үдемелі индустрияландыру - қазіргі таңда Қазақстан үшін объективті қажеттілік. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, инновация мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2015 жылға қарай елдің ІЖӨ 50 пайызына қол жеткізу міндетіне қол жеткізу көзделген болатын. Ол үшін басты үш бағытты атап өткен жөн. Ең алдымен - индустриалдандыру. Ол жаңа өндірістік қуаттылықтарды, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіпте қосылған құны жоғары өнімдерді жасауға бағытталған. Екіншісі - үдемелі индустриалдандыру. Бұл дағдарыстан кейінгі даму және Кеден одағына мүшелікпен байланысты жаңа перспективалар жағдайында өзіміздің бәсекелік артықшылықтарымызды барынша тиімді пайдалану. Үшінші міндет - инновациялық индустриалдандыру деп аталады.
2011 жылы ІЖӨ 2008 жылға қарағанда 11,2 трлн. теңгеге артып, 27,3 трлн. теңгені құрады. 2011 жылы нақты өсім 7,5% құрады, ал 2010 жылы - 7,3% болған. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ІЖӨ-нің өсімі 2011 жылғы осындай мерзімге қарағанда 5,6% құрады.Өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсуде. Оның өсу қарқыны тау-кен өндірісі өнеркәсібін басып озды.
Сөйтіп, 2010 жылы тау-кен өндірісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Төртінші индустриялдық революция
Жастар саясатының инфрақұрылымы
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Үдемелі индустриялық - инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақ индустриясы дамуының негізгі факторы - экономиканы әртараптандыру және мамандану
ҚР-ның потенциалы
Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі мен мәні
Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясын жүзеге асырудың негізгі бағыттары
Пәндер