Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды
қамтамасыз ету және мемлекеттік механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3.Жануарлар дүниесін пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
4. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Кіріспе

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғи энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.
Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер жіне т.б) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті – құқықты актілеріне негізделеді.
2004 жылы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) жауарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.
Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1-бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер

Нормативтік құқықтық актілер
1. ҚР Экологиялық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013.- 172б.

Арнайы әдебиеттер

1. ҚР Конституциясы. 2005ж. 30 тамыз
2. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов.Е Алматы 2003ж
3. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.
4. Стамқұлұлы.Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 2005ж.
5. Чусев Р.К - “Экологические право” Москва. 2000ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 4
2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды
қамтамасыз ету және мемлекеттік механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..7
3.Жануарлар дүниесін пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
4. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... . 12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

Кіріспе

Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғи энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады.
Тек табиғи еркін жағдайда құрғақ жерде, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша мекендейтін жабайы жануарлар (сүтқоректілер, құстар, омыртқалылар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, сондай-ақ моллюскілер, бунақденелілер жіне т.б) ғана пайдалану мен қорғаудың объектілері болып табылады. Ал, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларымен қатар шаруашылық, мәдени, ғылыми, эстетикалық және бұдан өзге мақсаттармен еріксіз немесе жартылай еріксіз жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жабайы аңдар бұл объектілер санатына жатпайды.
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, ҚР жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативті - құқықты актілеріне негізделеді.
2004 жылы 9 шілдеде қабылданған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі Заң) жауарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылады.
Заң жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, жануарлар дүниесін және оның биологиялық әралуандылығын сақтап қалатын жағдайлар жасауға, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескере отырып, адамдардың жануарлар дүниесі объектілерін экологиялық, экономикалық, эстетикалық және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрақты пайдалануға бағытталған.
Қазақстан Республикасының Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1-бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.

1.Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міңдеттері

Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендейтiн ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерiн мекендейтiн ортасынан алмай пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк орман қорының аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдалану Қазақстан Республикасының орман заңдары мен Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарының талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланудың түрлерi.
Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:
1) аң аулау;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану.
Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану үшiн:
1) аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргiзу кезiнде - биологиялық-экономикалық тексерудiң, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жоспарларының негiзiнде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру кезеңiне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi;
2) қалған түрлерiне - бiр жылдан аспайтын мерзiмдер белгiленедi.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану үшiн пайдалану мерзiмдерi белгiленбейдi.
Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру.
Жануарлар дүниесi арнайы пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттар негiзiнде берiледi.
Жануарлар дүниесiн жалпы пайдалану қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiнiң өздерiне рұқсат етiлген түрлерiн ғана пайдалануды жүзеге асыруға;
2) жануарлар дүниесi объектiлерiн оларды беру шарттарына сәйкес пайдалануға;
3) ауланған жануарлар дүниесi объектiлерiн және бұл ретте алынған өнiмдi меншiктенуге;
4) жолдама беруге;
5) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану үшiн жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға құқығы бар.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар арнайы пайдалану кезiнде:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен уақтылы төлемдер жасауға;
3) шаруашылықiшiлiк аңшылық ұйымдастыруды жүргiзуге;
4) шаруашылықiшiлiк балық аулауды ұйымдастыруды жүргiзуге;
5) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
6) жануарлар дүниесiн халық пен қоршаған ортаға қауiпсiз, табиғи үйiрлер тұтастығының бұзылуына және жануарларға қатысты қатыгездiкке жол берiлмейтiн тәсiлдермен пайдалануға;
7) жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын есепке алуды жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен есептiлiктi табыс етуге;
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қауіпі төнгендерiн қорғау мен олардың өсімін молайтуды қамтамасыз етуге;
9) биологиялық-экономикалық тексерулердiң нәтижелерiне сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн өздерiнiң мәдени және эстетикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн пайдалануға құқығы бар.
Жануарлар дүниесiн пайдаланушылар жалпы пайдалану кезiнде:
1) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын сақтауға;
2) жануарлар мекендейтiн ортаның нашарлауына жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнiндегі өзге де талаптарды орындауға мiндеттi.


2. Жануарлар дүниесін ұиымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласын мемлекеттiк басқарудың негiзгi принциптерi:
1) жануарлар дүниесiнiң қорғалуын, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
2) жануарлар дүниесiн iзгiлiк принциптерiне сәйкес жануарларға қатал қарауға жол бермейтiн тәсiлдермен пайдалану;
3) жануарлар дүниесiнiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметтiң жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану жөнiндегi қызметпен қоса атқарылуына жол бермеу;
4) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын жердi, суларды, өсiмдiк дүниесiн және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан бөлу;
5) жануарлар дүниесiн арнайы пайдаланудың ақылы болуы;
6) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктен бұлтартпау;
7) азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы болып табылады.
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi.
Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құзыретi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;
6) Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенция бойынша мiндеттемелердiң орындалуын ұйымдастыру үшiн әкiмшiлiк органды (бұдан әрi - әкiмшiлiк орган) белгiлейдi;
7) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған лимиттердi бекiтедi;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) тiзбесiн бекiтедi;
9) аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
12) Қазақстан Республикасының әызыл кiтабы туралы ереженi бекiтедi;
13) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
14) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн ғылыми-зерттеу және өзге де мақсаттарда алып қою үшiн төлемақы белгiлейдi;
15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
16) жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
17) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
18) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдарының құзыретi.
Уәкiлеттi орган:
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
4) бекiтiлген лимиттер негізiнде жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қоюға арналған квоталарды бөледi;
5) аңшы куәлiгiн берудiң тәртiбiн белгiлейдi;
6) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын белгiлейдi;
7) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;
8) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
9) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-iздену жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының әызыл кiтабын жүргiзедi және басып шығаруды қамтамасыз етедi;
12) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, жануарлар түрлерiнiң санаттарын белгiлейдi және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
13) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерiн, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен рұқсаттар бередi;
14) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі»
Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
Броконьерлікке, аңшылық және балық аулау ережелерін бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастыру
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Табиғатты пайдалану құқығының тәртібі
«Экологиялық – құқықтық реттеудің түсінігі, мәні. Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы.»
Экология құқығының объектілері
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Пәндер