Аң алау ұғымы және түрлері.


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Аң алау ұғымы және түрлері . . . 5
  2. Аң аулау құқығы . . . 6
  3. Аң аулау шаруашылығын жүргізу құқығы мен алқаптары . . . 8

Қорытынды . . . 12

Пайдаланған әдебиеттер . . . 13

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанның табиғат байлығының бұл түрі- терісі бағалы аңдары өте нашар пайдаланылып келеді. Қазақ ССР Ғылым академиясына қарасты Зоология ғылыми зерттеу институтының жанындағы сүт қоректілерді зерттейтін лабораторияның ғылыми қызметкерлерінің мәліметтеріне қарағанда, республикамызда таралған терісі үшін ауланатын аңдардың қоры мол екендігі анықталып отыр. Дегенмен халық шаруашылығына, әсіресе, жеңіл өнеркәсіпке қажетті шикізаттар алынатын жабайы аңдардың қорын тиімді пайдалану, көбейту және өте сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау аңшылық шаруашылықтары мен табиғатты қорғау қоғамдарының және аңшылар мен балықшылар одағының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Республикамызда аң терілерін мол өндірудің тағы бір тиімді жолы- терісі құнды кейбір аң терілерін арнаулы фермаларда өсіру. Сонымен бірге үлпілдек әдемі жүні мен жағымды жеңіл етіне бола үй қояны сияқты өте өсімталАңды өсіру көп пайда келтіреді. Әрине бұл бағытта бізде едәуір жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл игіліктер істі келешекте де дамыта беру мәселесіне қазір үлкен мән беріліп отыр. Қазақ ССР министірлер советі 1980 жылы 17 нурызда (№123) «терісіне бола ауланатын аңдарды, аң өсіру шаруашылығын, үй қояның өсіру шаруашылығын және аң терлерін өндіруді дамытудың мәселелері туралы» арнаулы қаулы қабылданды. Мұнда жоғарыда аталған Республикамыздағы әртүрлі аңшылық шаруашылықтарын алдына терісі бағалы аңдардың қорын тиімді пайдалану мен көбейту және өсірілетін аңдардың терілерін молырақ дайындау жөнінде көптеген нақты шараларды жүргізу белгіленеді.
Табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға жүйелі жолға қойылып келе жатқан жұмыстардың бірі - аңшылық шаруашылықтары. Біздің елімізде бұл халық шаруашылығының бір саласы болып есептеледі. Оның негізгі мақсаты - терісі бағалы аңдардың және басқа да кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың саныны көбейте отырып, оларды тиімді пайдалануға, халықты қымбат бағалы аң терілерімен, дәмді етпен және басқа аңшылық өнімдерімен қамтамасыз ету. Қазір Республикамызда 14 арнаулы кәсіптік аңшылық шаруашылығымен аң өсіретін ферма бар. Бұл шаруашылықтардың да штабында 600-дей тәжірбиелі аңшы жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстанда аңшылар мен балықшылар одағына қарасты 500-ге жуық тіркелген аңшылық шаруашылық бар. Республикамыздың 60млн гектардай жері аң аулауға жарамды. Оның 25 милион гектарға жуығы аңшылық қоғамдарының қарамағына бекітіліп берілген. Бұларда аң сол аңшылық шаруашылықтарына иелік ететін ұйымдардың рұқсатымен ауланады. Бұл тіркелген аңшылық шаруашылықтар бағалы аңдардың санын көбейтуге және жабайы құстарды өсіруге, оларды қорғауға жылына бір миллион сомға жуық қаржы жұмсайды. Тіркелген аңшылық шаруашылықтарының 150 мындай мүшесі бар. Жыл сайын аң аулау маусымы басталған кезде көптеген адамдар, әсіресе аңшылар мен табиғат әуесқойлары сол шаруашылықтарға саяхат шегіп, аң-құс аулап, таза ауада демалып қайтады.
Табиғат байлығын қорғап, қамқорлыққа алу, тиімді пайдалану-бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс дам ыған дәірдегі өзекті проблемалардың бірі. Партиямыз бен үкіметіміз табиғат байлықтарын қорғауға және байыту ісіне әрқашан да зор маңыз беріп келеді. 1980 жылы СССР Жоғарғы Советінің үшінші сесиясында «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» Заң қабылданды. Бұл Заңды бұлжытпай орындағанда жануарлар дүниесін сақтап, оны көбейтуге мүмкіндік туады. СССР-дің жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бұл заң -аса маңызды документтін бірі. Сондықтан да табиғат байлықтарын арттыра беруге бір кісідей үлес қосуға тиіспіз. Ол-барлығымыздың азаматтық борышымыз.

1. Аң аулау ұғымы және түрлері

Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi. Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi.

1) кәсiпшiлiк аң аулау;

2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi.

3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау.

4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау. Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау.

5. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

2. Аң аулау құқығы

1. Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға:

1) егер аң аулау атыс қаруы қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он сегiз жасқа толған;

2) егер аң аулау аңшылық ережелерiнде рұқсат етiлген басқа да аңшылық құралдарының түрлерi, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргiзiлетiн болса, он төрт жасқа толған;

3) аңшылыққа қойылатын ең төменгi талап бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгiсi бар аңшы куәлігі болған және аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк бажды төлеген;

4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi.

2. Шетелдiктер үшiн Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың және жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алуының, сондай-ақ ішкі істер органдарынан аңшылық атыс қаруын және оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсатының негiзiнде туындайды.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамды бірлестіктері.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғау үшін құрылады.

2. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері өздерінің құрылымдық бөлімшелерін (филиалдары мен өкілдіктерін) құруға құқылы.

Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен тіркеуге жатады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін тіркеуді уәкілетті орган олардың берген өтініштері мен олардың жеке қаражаты есебінен жүргізеді. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

3. Аңшылар және аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы:

1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;

2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;

3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;

4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;

5) жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квоталарын бөлуге қатысуды;

6) аң аулауда пайдаланылатын аушы жыртқыш құстардың есебін және тіркеуін жүргізуді;

7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;

8) аңшылық минимумына оқыту жүргізуді;

9) аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынатын жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы деректердің есебін жүргізуді және оларды уәкілетті органға беруді;

10) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;

11) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуды;

12) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;

13) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы берген аңшылық минимумын тапсырғаны туралы құжат аңшы куәлігін беруге негіз болып табылады.

3. Аң аулау шаруашылықтарын жүргiзу құқығы мен алқаптары

1. Аң аулау шаруашылығын, жүргiзу құқығы Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына облыстың жергілікті атқарушы органының аң аулау шаруашылығы су айдындарын және учаскелерiн бекiтiп беру туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген шешiмiнiң, уәкiлеттi орган мен жануарлар дүниесiн пайдаланушы арасында жасалатын аң аулау шаруашылықтарын жүргiзу шартының негiзiнде берiледi.

2. Аң аулау шаруашылығының субъектілері жануарлар дүниесi объектiлерiн квота шегiнде алып қою құқығын жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған сәттен бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар - аң аулау шаруашылығының субъектілерінен жолдама алғаннан кейiн немесе солармен аң аулау шартын жасасқаннан кейін алады.

Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар.

Сулы-батпақты алқаптар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келген жағдайда аңшылық алқаптар құрамына енгізілуі мүмкін.

Аумақтар мен акваторияларды аңшылық алқаптарға жатқызу, олардың шекараларын айқындау, тиiстi сервитуттар мен аңшылық шаруашылығының санаттарын белгiлеу шаруашылықаралық аңшылық iсiн ұйымдастыру нәтижелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалануға байланысты емес шаруашылық қызмет жануарлар дүниесi объектiлерiнiң және олар мекендейтiн ортаның сақталуын қамтамасыз ететiн әдiстермен және тәсiлдермен жүргiзiлуге тиiс.

Аңшылық алқаптары бар жерлер мен акваторияларды иелену, пайдалану және оларға билiк ету құқығы аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдалану құқығын бермейдi.

Мына жағдайларда:

1) аңшы куәлiгiнсiз;

2) атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзiлмеген аушы жыртқыш құстарды қолданып;

4) аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып;

5) аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта;

6) егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында;

7) елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлмейтiн қашықтықта;

8) уәкiлеттi органның рұқсатынсыз өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерлерiнде;

9) күйзелiстi және дәрменсiз жағдайдағы жануарларды (дауылдан, су тасқынынан, өрттен бас сауғалағандарды, су тоғандарынан өту кезiнде, көктайғақ кезiнде, аштықтан әлсiрегендердi, жусанды паналаған суда жүзетiн құстарды) ;

10) қозғағышын iске қосып, авиа-, авто-, мотокөлiк құралдарын, қарда жүретiн техниканы (қасқыр аулауды қоспағанда), шағын көлемдi кемелердi, түнде көру құралдарын, лазерлiк нысана көрсеткiштерiн, жарық беру және дыбыс шығару құралдарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;

11) алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында;

12) егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғатты пайдаланудың жекелеген түрлеріне жол берілетін аумақты қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

14) өзен құндызына, кәмшатқа, күзенге, ондатраға атыс қаруын қолданып;

15) аңшылық иттердi құтқару үшiн iндердi қазуды қоспағанда, жануарлардың тұрағын бұзып және зақымдап;

16) өзен құндызы тұрғызған бөгетті бұзып;

17) пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (жануарлар дүниесi объектілерін қозғалтпауға және егуге байланысты ғылыми-зерттеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа) ;

18) сауыт бұзатын, өртегіш немесе жарғыш қуаты, ауыртпалық орталығы ауыстырылған оқтары бар патрондарды қолданып;

19) тегiс ұңғылы аңшылық мылтығына қолдан жасалған ойық жиналмалы (қосалқыларды) ұңғыны қолданып;

20) бос жерлерді, су бетiндегі өсiмдiктердi жағумен, басқа да өсімдiктерді түбiрiмен қопарып және жойып;

21) өздiгiнен атылатын қаруларды, қысқыштарды, қаусырмаларды, қапсырмаларды, кескiштердi қолданып; тұзақтар құрып, аулау орларын қазып; адам байқамайтын айқындаушы белгілерінсіз ірі қақпандарды, шатырларды, бастырмаларды, iлмектердi, найзаларды, құс желiмін орнату жолымен, түтін салып, жылтыр мұзға, қатқыл мұзға, терең қарға және топырағы жабысқақ сортаңға, шабылған қамысқа айдап шығарып, қоңыр аюды, тұяқты жануарларды және құстарды аулау кезiнде қақпанды қолданып, қоршауға алып, тағамен аулап;

22) торларды қолданып; су құю арқылы iннен шығарып (уәкiлеттi органмен келісiм бойынша жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру немесе еріксіз ұстау үшін оларды аулауды қоспағанда) ;

24 ) жарылғыш құрылғыларды, химиялық және улы заттарды қолданып, уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келiсім бойынша тышқан тектес кемiргiштердi (саршұнақтарды, сұр егеуқұйрықтарды, аламандарды) жойған кезде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа аурулары жағдайында улы химикаттарды қолдануды қоспағанда;

24) жануарлардың рұқсатта көрсетілген санынан тыс;

25) рұқсатта көрсетілмеген басқа жануарлар түрлерін;

26) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасынсыз;

27) аулап алу объектісі болып табылатын жануарлар түрлеріне, басқа елдерден әкелінген жыртқыш қыран құстарды пайдалана отырып;

28) еркекүйрекке көктемгі аң аулау кезінде еліктіруші үйрексіз немесе тұлыпсыз;

29) тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың еріп жүруінсіз;

30) әуесқойлық (спорттық) мақсатта суырға калибрі бес бүтін оннан алты миллиметрлік бүйірден (сақиналы) тұтандырғыш патронды ойықты қару қолданып;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұрлықтың сипаттамасы және оның негізгі белгілері
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен мәні
Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері
Реттеу баламасының орындалуын реттеу
“Өндіріс экономикасы” пәнінен дәрістер
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды жаңа технологияны қолдану
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарды басқару және ұйымдастыру жүйесін анықтау
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмысты саралау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz