Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары..


Жоспар
1. Кіріспе . . . 3
2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары . . . 4
3. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады . . . 7
4. Қазақстан Республикасының теңіз сулары . . . 10
5. Бассейіндік су шаруашылығы басқармалары . . . 14
Қорытынды . . . 17
Пайдаланған әдебиеттер . . . 18
Кіріспе
Сулар дегеніміз - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығын айтамыз. Су қорыныңжерлері - су айдындары (өзендер, көлдер, су қоймалары, тоғандар, мұздықтар, батпақтар) су шаруашылығы құрылыстары алыпжатқан жерлер, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен осы құрылыстардың белдеулеріне және ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер.
Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған су кодексімен реттеледі. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тіршілік жағдайларын сақтау мен жақсарту үшін су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жолдау болып табылады.
ҚазақстанРеспубликасы су заңдарыныңміндеттері:
1) су қорынпайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын реттеу;
3) тұрақты су пайдалану және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстар мен су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару.
Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншікте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билікке туқұқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Су объектілеріне мемлекеттік меншік құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерінің күші болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
3
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары
Халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негізделеді:
1) Халықтыңөмірі мен қызметінің негізі болып табылатын сулардың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;
2) Халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету;
3) Халықтың суға әділ және теңдей қол жеткізу;
4) Салуды азайтуға және судың зиянды әсерін кемітуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологияларды игеріп, кешенді және ұтымды су пайдалану;
5) Су объектілерін оларды қорғаумен қоса кешенді пайдалану;
6) Арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтірілген залалды өтеу;
8) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғандық үшін жауапкершіліктің бұл тарпастығы;
9) Су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі міндеттерді шешудің жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;
11) Халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың негізінде транс-шекаралық суларды пайдалану;
Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргізу;
2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су
4
Бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;
6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.
Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:
1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;
3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;
5
4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;
5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы қатынастарды басқару;
6) жердi гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;
7) халықты және шаруашылық объектiлерiн су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынанқорғау. Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегiндегi мемлекеттiк су кадастрына
енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды. Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi. Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер астысуларының қорлары болып табылады.
6
Су қорының жерi мемлекет меншiгiнде болады
Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cyapу және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.
Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртiбi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттiк меншiкте болады.
Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.
Су объектiлерiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында
көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады. Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:
1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттiк маңызын мойындау;
2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;
3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткiзуi;
4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;
5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;
6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;
7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;
7
8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;
9) су қорын пайдалану мен қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;
10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың
негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану.
Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, гидромелиорациялық жұмыстарды және су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгi жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк
пен жануарлар дүниесiне
қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.
Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жер асты сулары мен жер асты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және, осы Кодекстiң 66-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi
саласындағы Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы заңдарымен
реттеледi.
Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.
8
Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.
Су объектiлерi:
1) жер үстi су объектiлерi;
2) жер асты су объектiлерi;
3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;
4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.
3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:
1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;
2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;
3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;
5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi;
6) мемлекеттiк орман қорының су объектiлерi болып бөлiнедi.
Жер үстi су объектiлерi:
1) су айдындары - өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;
2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.
Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады. Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:
1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;
2) жер асты суларының бассейнi;
3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;
4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;
5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.
9
Қазақстан Республикасының теңiз сулары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы шегiндегi Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.
Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртiбi осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара туралы заңдарымен
және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен
белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.
Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделердi ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бередi.
Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi деп танылады.
Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
10
Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртiбi, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi. Мемлекеттiкорман қорының су объектiлерiн құру тәртiбi, күзету режимi, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгiленедi. Су объектiлерiне iргелес мемлекеттiк орман қоры аумақтарын күзету режимi Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектiлерiн санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үстi суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшiн белгiленеді. Мемлекеттiк орман қорының су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодеске сәйкес жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерiн пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген арнайы, оқшау немесе бiрлесiп пайдалану тәртiбiмен берiледi.
Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:
1) қысқа мерзiмдi пайдалану;
2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.
Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.
Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.
Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.
Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектiсiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.
Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.
Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негiздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.
Қауымдық және жеке су сервитуттары:
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
2) суат және мал айдау, балық шаруашылығын жүргiзу;
3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн
11
су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.
Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк не жеке меншiкте болуы мүмкiн. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен
реттеледi. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк су шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiледi. Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн
уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.
Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттiк басқарудыенгiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтаужәне су бұру саласындағы мемлекеттiк басқарудың негiзгi мiндеттерi:
1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елдi мекендердi сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйiн талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөнiндегi шараларды айқындау;
2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;
3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөнiндегi iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;
5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;
6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;
7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау;
8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;
9) мемлекеттiк меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;
10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;
12
11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару;
12) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
13) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының жай-күйiн, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн бақылау.
13
Бассейіндiк су шаруашылығы басқармалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz