Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.


Жоспар
- Кіріспе . . . 3
- Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері . . . 4
- Ормандарды және өзгеде өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар . . . 6
- Орман қорын күзету мен қорғау . . . 8
- Қорытынды . . . 9
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 10
Кіріспе
Орманды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен орман күзету үшін орман пайдалану құқығы мен оны іске асыру түрлерін регламентациялау өте маңызды. Қазақстан Республикасының жер туралы заңы актісіне сәйкес, табиғи өсіп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшін басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланулардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерінің шекарасын бойлай ені жиырма метр болатын күзет аймақтары белгіленеді.
Орман пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Орман пайдаланушылардың:
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көрсетілген көлемде ғана жүзеге асыруға;
өздеріне орман пайдалануда берілген орман ресурстары туралы ақпарат алуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орман пайдалану мерзіміне құрылыстар мен ғимараттар, сүрек сақтау қоймаларын салуға, ағаш таситын жолдар тартуға, сүректі және мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға байланысты басқа да орман өнімдерін өңдеу үшін жабдықтар орнатуға;
мемлекеттік орман қорының санаттарының өзгеруі, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерін мемлект қажеттіліктері үшін алып қою салдарынан келтірілген шығындарға өтем алуға құықығы бар.
Орман пайдаланушылардың құықтары бұзылған жағдайда оларды қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Орман пайдаланушылар:
ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш кесу билетімен, орман билетімен белгіленген талаптарды сақтау;
тұрғын халықтың денсаулығына зиян келтіруіне жол бермеуге;
мемлекеттік орман қорының өздеріне орман пайдалану үшін бөлініп берілген учаскелерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, өртке қарсы іс-шараларды жүргізуге, ал орман өрті пайда болған жағдайда оны сөндіруді қамтамасыз етуге;
ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман иеленушілермен келісе отырып өртке қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ оларды белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға;
мемлекеттік орман қоры аумағында өздері мәдени-сауықтыру, реакциялық, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар мен жұмыстарды өткізетін жерлерде уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы бекіткен нормаларға сәйкес өрт сөндіретін құралдарды болуына;
мемлекетік орман қорының орман пайдалану үшін бөлінген учаскелерінде заңсыз ағаш кесуге және Қазақста Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жұмыс аяқталғаннан кейін оларды мемлекеттік орман иеленушілерге табыс етуге;
ағашы кесілген жерлерде және өздерінің қызметі салдарынан өскіндер жойылған, ағаш пен бұта өсімдіктері құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебінен жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген тәртіппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен орманды пайдаланудың төлемақысын уақытылы енгізуде;
ормандардың санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі ережелерді сақтауға;
өзге орман пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға міндетті.
Орман пайдаланушылардың өзге де бірқатар міндеттері ормандарды пайдалану кезіндегі экалогиялық талаптар бөлімінде баяндалған. (ҚР ОК 37, 38-баптар) .
Ормандарды және өзге де өсімдіктерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырған кезде орман пайдаланушылар:
жұмысты топырақ эрозиясының пайда болуына жол бермейтін, ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына, сондай-ақ су және басқа да табиғи объектілердің жай-күйіне теріс әсерді болдырмайтын немесе оны шектейтін және жануарлар дүниесі мен олардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдермен жүргізуге;
ағаш сүрегін дайындаған кезде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобаларда көзделген техника мен технологияны пайдалана отырып, ормандарды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;
ағашы кесілетін жерлерде оны дайындау мен тасып әкетудің белгіленген мерзімі аяқталған соң кесілмеген және дайындалған ағаш сүректерін қалдырмауға;
ағаш сүрегін дайындаумен бір мезгілде кеспеағаш аймағын кесілген ағаштардың қалдықтарынан тазартуды жүргізуге;
мемлекеттік орман қорының орман пайдалануға бөлінген учаскелерінде ағаштың заңсыз кесілуіне және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын өзгедей бұзуға жол бермеуге;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде, орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса алғанда, ағашы кесілген алаңның екі еселенген мөлшерінен астам алаңға ағаш отырғызуды жүзеге асыруға;
ағашы кесілген жерлерде және өздерінің қызметі нәтижесінде өскіндері жойылған, ағаш пен бұта өсімдіктері құрып кеткен алаңдарда ормандарды молықтыруды өз есебінен жүзеге асыруға;
ормандардың санитарлық жай-күйін қамтамасыз ету мен жақсарту жөніндегі ережелерді сақтауға;
ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
мемлекеттік орман иеленушілерді мемлекеттік орман қорының орман пайдалану үшін оларға бөліп берген учаскелерінде орман зиянкестері мен ауруларының пайда болғаны туралы хабардар етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орманға және оның аумақтық органдарына облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына және мемлекеттік статистика органдарына орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, мемлекеттік орман мониторингін жүргізу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерін анықтау үшін қажетті ақпаратты беріп тұруға міндетті.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығын жүргіз ағаш кесудің ғылыми негізделген жүйесін іске асыру, ормандарды молықтыру, басқа да орман шаруашылығы іс-шараларын өткізу нәтижесінде жүзеге асатын - ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық және экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі іс-шараларды орман мекемелері мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларын сәйкес жүргізеді.
Ормандарды молықтыру мақсаты орманды уақытында қалпына келтіру, мемлекеттік орман қоры жерлерінің ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды молықтыру жөніндегі іс-шаралар экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттік орман қорында ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі жұмыстар көлемі мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен айқындалады.
Қалалардың шекарасы шегінде орналасқан ормандар (қала ормандары мен орманды саябақтар) халықтың тынығуына, мәдени-сауықтыру және спорт шараларын өткізуге, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтауға арналған. Қалалық ормандарда және орманды саябақтарда басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге және осы ормандардың мақсатымен сыйыспайтын орман пайдаланудың өзге де түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Пайдалануына мемлекеттік орман қоры учаскелері берілген жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Орман кодексінде көзделген тәртіппен оларда орман орналастыру жұмыстарын жүргізуге және орман қорының мемлекеттік есебін жүргізуге қатысуға міндетті.
Ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын, пайдаланылуы мен молықтырылуын бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелері арасында орналасқан мемлекеттік орман қоры учаскелерін күзетуді, қорғауды, пайдалануды, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыруды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орман иеленушілердің Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатта пайдалану (серввитут) құқығы бар.
Табиғи өсіп шығатын ормандарды сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшін басқа меншік иелерінің немесе жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекарасын бойлай ені жиырма метр болатын күзет аймақтары белгіленеді.
Қорғаныштық екпелерді күзетуді, қорғауды және пайдалануды Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес, жер пайдаланушылар өздері орналасқан жерлерде жүзеге асырады (ҚР ЭК 226 - 235 баптар) .
Ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілер салынатын орындар мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама міндетті түрде жүргізіле отырып, уәкілетті органмен келісіледі.
Кәсіпорындарды, ғимараттарды және басқа да объектілерді орналастырған, жобалаған, салған және пайдалануға берген кезде, сондай-ақ ормандардың жай-күйіне әсер ететін жаңа технологиялық процестерді енгізген кезде ормандарды ақаба судың, өнеркәсіптік және комуналдық-тұрмыстық шығарындылардың және төгінділердің жағымсыз әсерінен сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралар көзделіп, жүзеге асырылуға тиіс.
Ормандардың жай-күйіне зиянды әсерді болдырмайтын құрылғылармен қамтамасыз етілмеген кәсіпорындарды, цехтарды, көлік жолдары мен басқа да объектілерді пайдалануға беруге тыйым салынады (ҚР ОК 53-бабы) .
Мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл шешім мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру және оларды алып қою қажет болса, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті органның келісімі бойынша облыстық атқарушы органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Облыстық атқарушы органның шешімінде жүргізілетін жұмыстардың атауы, оларды орындаудың мерзімдері мен шарттары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар көрсетіледі (ҚР ОК 54-бабы) .
Орман қорын күзету мен қорғау
Мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғаудың негізгі міндеттері:
ормандағы өрттердің алдын алу, оларды дер кезінде байқап, жою жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
мемлекеттік орман қоры аумағындағы барлық жұмыс істейтін әрі сонда орналасқан ормандарды өрт қауіпсіздігі ережелері мен санитарлық ережелерді сақтауын қамтамасыз ету;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz