Экология заңдарын бұзудың түсінігі мен белгілері.


- айналадағы табиғи ортаның шамадан тыс ластануы;
- радиоактивті және химиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық
талаптардың бұзылуы;
- су кәсіпшіліктерімен заңсыз айналысу;
- заңсыз аң аулау,
- өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерін өз бетінше пайдалану;
- жануарларға қатыгездік жасау;
- жерді, суды өз бетінше басып алу;
- жер қойнауын өз бетінше қазу;
- ауылшаруашылық және өзге де алқаптарды қорғау талаптарының
бұзылуы;
- орман алқаптарының қасақана жойылып, оларға зақым келтірілуі;
- ағаштардың заңсыз кесілуі;
- орман алқаптарын өртеу жолымен қасақана жою немесе оларға едәуір
зақым келтіру және басқа қылмыстық әрекеттер бар. Бірақ аталған табиғаттық заңда белгіленген қылмыстың 23 түрі де қылмыс кодексінде көрсетілген деуге болмайды. Сондықтан табиғат қорғау заңдарында қылмыстың түрлері Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінде көрсетілген қылмыстың түрлерімен шектеледі.
ә) Экологиялық құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық
Экологиялық әкімшілік жауаптылық - экология құқығына қарсы қасақана
немесе абайсыз жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлы әрекет немесе әрекетсіздік.
Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік
жауаптылықтың негізгі екі шарты бар.
Біріншісі, ондай заңдарды бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде
көрсетілген болуы керек.
Екіншісі, ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпауы керек. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңның 71-бабында қаралған 13 түрлі әкімшілік жауаптылықты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде орын алған деуге болмайды.
Жер, су, орман, жер қойнауы кодекстерінде және басқа экологиялық заңдарда және әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде экологиялық әкімшілік жауаптылықтың “Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңында (оның 71-бабында) көрсетілмеген түрлері де бар.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің “мемлекеттік меншікке қиянат жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық” туралы 7-тарауында жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық қарастырылған. Бұл туралы жоғарыда аталған “Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы” заңда экологиялық жауаптылық қаралмаған.
Осыларды ескере отырып, табиғатты қорғау заңдарында қаралған талаптардың бұзылуына кінәлі лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық тәртіп бұзушылықтары экологиялық қылмыс белгілеріне жатпаса, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көрсетілген әрекеттер мен әрекетсіздіктер үшін жауап беретінін назарда ұстау керек.
Экологиялық әкімшілік жауаптылық туралы істерді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен Экология және биоресурстар министрлігінің органдары мен лауазымды адамдарды және соған арнайы уәкілдік алған өзге де органдар қарайды.
б) Экологиялық құқықты бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылық
Экологиялық тәртіптік жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Тәртіптік жауаптылық туралы арнайы қабылданған заң жоқ. Бірақ тәртіптік жауаптылық колхоз мүшелері үшін Колхоздың үлгі Жарғысында, жұмысшылармен қызметшілер үшін Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында, кодексінде және ішкі тәртіп ережелерінде, сондай-ақ басқа нормативтік актілерде кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау, заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан пайда болады.
в) Экологиялық құқықты бұзғаны үшін материалдық жауаптылық
Экологиялық материалдық жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әрекетсіздіктің салдарынан табиғат объектілерінің меншік иесіне (мемлекетке), иемденушілері мен пайдаланушыларына келтірген зиянды өтеу. Бірақ экологиялық заңдарда табиғатты пайдаланушылар мен икемденушілерге тиетін материалдық зиянзаңда көрсетілген себепті жағдайларда да болуы мүмкін. Мысалы, Жер кодексінің 164-бабында сәйкес жер қайтарылып алынған немесе уақытша алынған ретте жер иемденушілермен жер пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу қарастырылған. Жердің меншік иесі - мемлекеттің жерді мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттіліктер үшін алуы заңға қайшы келмейді. Мұндай жағдайларда жер заңы бұзылмайды, бұдан келген зиян мемлекет белгілеген тәртіппен толық қалпына келтіріледі және Жер кодексінің 47 -бабында қаралған жер иеленушілерге берілген кепілдіктер толық жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығының қажеттіктеріне арналмаған ауыл шаруашылық алқаптарын алу барысында жер иеленушілердің, жер пайдаланушылардың, жалгерлердің шығындарын және ауыл шаруашылық өндірісінің залалдарын өтеу өтеу тәртібі туралы Ереже мұндай шығындардың өтеуге жататын түрлерін белгілеп, өтеу тәртіптерін де қараған. Ауыл шаруашылығына келген зияндарды белгілеу тәртіптері мен оларды пайдалану ережелері және ауыл шаруашылығына арналмаған ауыл шаруашылық алқаптарының орнына жаңа жерлерді игеру құнының нормативтері де қосымша берілген.
Ауыл шаруашылығына келген зияды ауыл шаруашылығынан жер алған бұрынғы немесе кейінгі жер иеленушілерге немесе пайдаланушыларға келген шығын деуге болмайды. Ол - тек ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғалтқан өнімдердің орнын толтыру құнының мөлшері. Материалдық жауаптылықтың тәртіптік жауаптылықтан айырмашылығы бар. Тәртіптік жауаптылықта жоғарыда айтқанымыздай, тек еңбек міндеттері мен қызметін орындауға байланысты себептермен табиғат заңдарының талаптары бұзылып, азаматтардаң тәртіптік жауаптылығы туындайды. Экологиялық материалдық жауаптылық осы жағдайларда және еңбек етуге немесе қызмет атқаруға байланыссыз да пайда болуы мүмкін. Мысалы, өз бетімен орманнан рұқсатсыз ағаш кесіп алудан келген материалдық зиян адамның еңбек етуіне немесе қызметіне байланысты емес. Сонымен бірге табиғат ресурстарына келген зиян азаматтардың да, кәсіпорындар мен ұйымдардың және мекемелердің де кінәсінен пайда болуы мүмкін. Соған орай экологиялық салалық заңдарда табиғаттқа зиян келтіретін субъектілердің арасында заңды ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер де бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы” заңының 62-бабында мынадай ережелер баар.
Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары, оның аумағында тұратын немесе мекендейтін басқа да адамдар жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану туралы заңдардың бұзылуынан келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленетін мөлшерде және тәртіпке сай өтеуге міндетті.
Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың зиянды өтеуіне байланысты шығынға ұшырауына кінәлі лауазымды адамдар мен басқада қызметкерлер белгіленген тәртіпте материалдық жауаптылықты мойындарына алады. Бұл ережелерден кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, Қазақстан Республикасының азаматтары, шет елдің азаматтары және басақа да азаматтар экологиялық материалдық жауаптылықтың субъектісі бола алады деген қорытынды жасауға болады. Сондықтан айналадағы табиғи ортаны ластау, табиғи ресурстарды бүлдіру, жою, зақымдау, ұтымды пайдаланбау және табиғат қорғау заңдарын бұзу арқылы айналадағы табиғи ортаға, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, заңды ұйымдарға және шаруашылықтарға зиян шектірген кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар (соның ішінде шетелдік азаматтар мен заңды ұйымдар) келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Келтірілген зиянды өтеу тәртібі заңға сәйкес зиян келтірушінің өз еркімен, не соттың немесе төрелік соттың шешімімен нұқсан көлемін есептеудің бекітілген мөлшері мен әдістемесі бойынша, ал ондайлар болмаған жағдайда - айналадағы табиғи ортаның бұзылған жай-күйін келтірілген залалды ескере отырып, қалпына келтіруге жұмсалатын нақты шығындар бойынша бөлінеді.
Экологиялық материалдық зиян табиғи ресурстар мен экологиялық жағдайларға байланысты адамның денсаулығына, сондай-ақ оның мүлкіне де залалын тигізуі мүмкін. Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң қауіптілігі жоғары көзден (ядролық сынақтан), сонымен бірге табиғи ортаның адам денсаулығына келтірілген зиянын өтеу түрлерін қарастырады.
Айналадағы табиғи орта үшін қауіптілігі жоғары қызметпен айналысатын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар, егер зиянның алапат күш немесе зардап шеккен адамның арам ниеті салдарынан туындамағанын дәлелдей алмаса, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, заңды ұйымдарға, шаруашылықтарға және айналадағы табиғи ортаға келтірген зиянын өтеуге міндетті.
Айналадағы табиғи ортаның кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар немесе азаматтар қызметі туғызған қолайсыз ықпалының азаматтар денсаулығына келтірілген зияны зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін, оны емдеуге, денсаулығын қалпына келтіруге, науқасты күтуге жұмсаған шығындарын, өзге де шығындарын, сондай-ақ тағайындалған зейнетақы немесе жәрдемақыларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдарына сәйкес толық көлемінде өтеуге тиіс.
Азаматтардың денсаулығына табиғаттың алапат дүлей күші келтірген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының арнайы заңына сәйкес немесе Министрлер Кабинеті қаулысының негізінде жүргізіледі.
Табиғи ресурстарға келтірілген зиян Министрлер кабинеті бекіткен қаулысы бойынша белгіленген таксалар мөлшерінде ендіріледі. Мысалы, орман заңдарын бұзғаны және Қазақ КСР-ының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинағаны немесе зақымданғаны үшін материалдық жауапкершілік туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 1993 жылғы 23 ақпанда қабылданды.
Орман шаруашылығына және өсімдікиер дүниесіне келтірілген зиянның мөлшерін есептеуге арналған құқықтық қорғалатын орман объектілерінің, сирек ұшырасатын және жойылып бара жатқан бағалы генетикалық қорды, сондай-ақ дәрілік өсімдіктерді сақтау, оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 7 түрлі таксасы және Қазақ КСР-ның Қызыл кітабына енгізілген, өсімдіктерді зақымдағаны және жойғаны үшін құнын өндіріп алудың көтеріңкі мөлшері белгіленген Тізбесі бар.
Экологиялық заңдарды бұзып, табиғат ресурстарына, адамдардың өмірі мен мүлкіне келтірген материалдық зиянды өтеу кінәлі адамдардың қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылуы немесе тартылмауына байланысты болмайды.
Экология заңдарын немесе жер, жер қойнауы, су, орман және басқа табиғи объектілерін қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтар осы заңдарды басшылыққа алып қолдануға арналмаған. Сондықтан экология заңдарында көрсетілген заң бұзушылықтар тәртіптік, әкімшілік, мүліктік жауапкершіліктерді белгілейтін заңдар үшін негіз болып қала береді.
Қорытынды
Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы және басқа салалық экологиялық заңдардың тиісті талаптарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық туралы баптарында қаралмаған экологиялық жауаптылықтар да бар. Ондай жауаптылықтардың түрлеріне жер, су, жер қойнауы және басқа табиғи ресурстар туралы заңдарды бұзғаны үшін экологиялық жауаптылықтар жатады. .
- Жер заңын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық
Жер заңдарын бұзғаны үшін экологиялық жауаптылық (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, материалдық, тәртіптік жауаптылықтардан басқа) - жер заңдарының талаптарын, ережелерін қасақана немесе абайсыздықтан жасалатын кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Жер кодексінің 24-бабында жер заңын бұзушылықтың мынадай түрлері қаралған:
- жер учаскесін ұтымды пайдаланбау салдарынан ауыл шаруашылық
алаптарының өсімдік деңгейі баға бойынша қатарынан үш жыл бойы төмендеп кетуі;
- жер учаскесін топырақ құнарлылығының кемуіне, оның химиялық және
радиоактивтік жағынан ластануына, экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеліп соқтыратын әдістерімен пайдалануы;
- егістік зиянды және карантинді арамшөптермен ластанса;
- суармалы жерді батпақтануға, қайталап сортаңдануға және ирригация
эрозиясы ошағының пайда болуына әкеліп соқтыратын әдістермен пайдалану;
- төлем мерзімі біткен күннен бастап үш ай бойы жер салығы немесе жалға
алу ақы төлемеу;
- ауыл шаруашылық өндірісіне (шаруа шаруашылығын қоспағанда) берілген
жер учаскесін бір жыл бойы және ауыл шаруашылығына жатпайтын өндіріске берілген жерді екі жыл бойы пайдаланбау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz