Экологиялық сақтандыру



Жоспар
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 Экологиялық сақтандыру туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2 Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
Кіріспе
Экологиялық сақтандыру – кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды, сондай-ақ азаматтарды олардын меншік обьектілерін және табысын экологиялық және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қорлары экология және табиғат апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардын зардаптарын жоюға пайдаланылады. Экологиялық сақтандыру және пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді
Пайдаланылған әдебиеттер
Нормативтік құқықтық акт
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93 ЗаңыҚазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 23, 90-құжат; "Егемен Қазақстан" 2005 жылғы 23 желтоқсан N 285
Арнайы әдебиет
1.Қазақ энциклопедиясы, 10 том;
2.Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007.
3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
4.www.adilet.zan.kz
5.www.referatkaz.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
1 Экологиялық сақтандыру туралы түсінік . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
2 Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .6
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .14
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15

Кіріспе
Экологиялық сақтандыру - кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды, сондай-ақ азаматтарды олардын меншік обьектілерін және табысын экологиялық және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қорлары экология және табиғат апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардын зардаптарын жоюға пайдаланылады. Экологиялық сақтандыру және пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді

1 Экологиялық сақтандыру туралы түсінік
Экологиялық сақтандыру (Экологическое страхование) --
1. Қоршаған орта мен адамдарға келтірілген залал үшін төленетін ақшалай қаржыны жарна ретінде жинақтау үшін ұйымдастырылған (қауіпсіздік) қорды жасақтау мен пайдалану шараларының жүйесі. Белгілі бір төтенше окиғалар болған жағдайда да осындай ақша төлемдері төленеді. Экологиялық сақтандырудың ерікті немесе міндетті (мемлекетгік) түрлері болады;
2. Экологиялық тұрғыдан қауіпті объекгілерде апат немесе алапат болған жағдайда оның иелері осы жердежұмыс істейтін немесе байланысты адамдарды (жеке немесе заңды тұлғаларды) қауіпсіздендіруге тиісті.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында Экологиялық сақтандыруға мынадай сипаттама берілген: 1. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны ластаудың және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ зандармен тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі қатынас болып табылады. 2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар міндетті түрде экологиялық сактандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты сактандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы мүмкін. 3. Ерікті экологиялық сактандыру занды тұлғалар мен азаматтардың өз еркін біддіруі бойынша жүзеге асырылады. Еркін экологиялық сақтандырудың түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылар мен сақтандырушылардың арасындағы келісімдермен белгіленеді". Экологиялық сақтандыру объектісі болып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген үшінші тұлғаларға мүлкіне, денсаулығына, өміріне және (немесе) қоршаған ортаға авариялықласануы салдарынан төндірілген зиянды өтеу міндеттерімен байланысты, экологиялық қауіпті шаруашылық қызмет түрлерін және басқа да қызмет жасайтын тұлғаның мүліктік мүдделері табылады.Міндетті экологиялық сақтандыру болып үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның ластануы салдарынан келтіріген зиянды өтеу болып табылады. Міндетте экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері болып:
- Келтірілген шығынды өтеу кепілдігі;
-Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша тараптармен міндеттемелердін орындауын қамтамасыз ету;
-Қоршаған ортаны авариялық ластануын алдын алуды экономикалық ынталандыру;

2. Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93 Заңы. Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) жәбiрленушi - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген тұлға;
2) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттiк, температуралық әсер, жарықтың әсерi немесе сол уақыт үшiн жол берiлетiн деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы;
3) мiндеттi экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктiң басталуы кезiнде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерiн мүлiктiк қорғау жөнiндегi қатынастар кешенi;
4) мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгiленген талаптармен жасалатын шарт;
5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;
6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
7) сақтандыру сомасы - мiндеттi экологиялық сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы мiндеттi экологиялық сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттеме қабылдағаны үшiн сақтанушының сақтандырушыға төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемi - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген және сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемiн жүргiзуге мiндеттi заңды тұлға;
11) сақтандырылушы - өзiне қатысты мiндеттi экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын, сақтандырушымен мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;
13) үшiншi тұлғалар - мiндеттi экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсiмге тартылған және мүдделерiне нұқсан келтiрiлген құқық қатынастары субъектiлерi;
14) уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
15) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгiленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрген зиянын өтеу мiндетi;
16) шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрi - әрекетi нәтижесiнде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкiн болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметi.
2-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялықсақтандыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заң "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелген құқық қатынасына қолданылмайды.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыру объектiсi
Шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгiленген қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрген зиянын өтеу мiндетiмен байланысты мүлiктiк мүддесi мiндеттi экологиялық сақтандыру объектiсi болып табылады.
4-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандырудың мақсаты жәненегiзгi принциптерi
1. Мiндеттi экологиялық сақтандырудың мақсаты қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу болып табылады.

2. Мiндеттi экологиялық сақтандырудың негiзгi принциптерi:
шығындарды өтеудiң кепiлдiгi;
тараптардың мiндеттi экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз етуi;
қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты
Экологиялық сақтандыру туралы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы мәні
Экологиялық заңдарды бұзушылық бойынша казус
Қазақстандағы экологиялық сақтандырудың теориялық аспектілері
Экологиялық менеджменті және экологиялық басқару
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау
Жалпыадамзаттық құндылықтарды бекітетін қағидаларға адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы жəне оның табиғатты қорғау міндеті
Пәндер