Экологиялық талаптар



Жоспар
1. Елдi мекендердi жобалауға және салуға қойылатын экологиялық талаптар
2. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар
3. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар
4. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
5. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
6. Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар
7. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар
8. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

9. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар
10. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
11. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
13. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
14. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
15. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
16. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық талаптар
17. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
18. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптар
Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, еңбек етуi мен демалуына мейлiнше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
Қалалар және басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу кезiнде оларды санитарлық тазарту, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен қауiпсiз жұмыс iстеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулi табиғат пайдалану режимi қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және қорғау аймақтары құрылуға тиiс.
Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсiптiк объектiлер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердiң, нормалардың, қала құрылысының талаптары және өзге де талаптар ескерiле отырып орналастырылуға тиiс.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. Степанов Ю. А. Экологическое прова.- М.: 2001 г.

2. ҚР экологиялық кодексі. Астана, 2007 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Елдi мекендердi жобалауға және салуға қойылатын экологиялық талаптар
2. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар
3. Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар
4. Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
5. Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
6. Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар
7. Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар
8. Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

9. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар
10. Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
11. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
12. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
13. Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
14. Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
15. Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
16. Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық талаптар
17. Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
18. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптар

Елдi мекендердi жобалауға және салуға қойылатын
экологиялық талаптар

Қалаларды және басқа да елдi мекендердi жобалау, салу, реконструкциялау экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, халықтың өмiрiне, еңбек етуi мен демалуына мейлiнше қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге тиiс.
Қалалар және басқа да елдi мекендердi жоспарлау және салу кезiнде оларды санитарлық тазарту, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен қауiпсiз жұмыс iстеу көзделуге және жүзеге асырылуға, шектеулi табиғат пайдалану режимi қолданылатын орманды-саябақты, жасыл және қорғау аймақтары құрылуға тиiс.
Ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, автомобиль жолдары және өзге де өнеркәсiптiк объектiлер қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ететiн техникалық регламенттердiң, санитарлық-эпидемиологиялық ережелердiң, нормалардың, қала құрылысының талаптары және өзге де талаптар ескерiле отырып орналастырылуға тиiс.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлер орналастырылатын жерлердi айқындау қоршаған ортаны қорғаудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып, аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлары ескерiлiп жүргiзiледi.
Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi орналастыру кезiнде күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары белгiленедi.

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға қойылатын экологиялық талаптар

Кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бекiтiлген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға залал келтiре отырып, өзгертугежол берiлмейдi.
Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жердi қалпына келтiру, табиғи ресурстарды молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiс.
Жоба бекiтiлгенге дейiн және нақты жер учаскесi бөлiнгенге дейiн объектiлердi салуға, реконструкциялауға тыйым салынады.

Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектiлерiн пайдалану белгiленген экологиялық талаптар ескерiлiп және экологиялық тұрғыдан негiзделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажеттi тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиiс. Аталған объектiлердi пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгiзiлуге тиiс.
Жеке және заңды тұлғалар топырақты, су тоғандарын, ормандарды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн ауыл шаруашылығы қызметiнiң зиянды әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн орындауға мiндеттi.

Автомобиль және өзге де көлiк құралдарын жасау мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Қоршаған ортаға терiс әсерiн тигiзетiн автомобиль және өзге де көлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берiлетiн шығарындылар нормативтерiн сақтауға, шуыл деңгейiн және қоршаған ортаға өзге де терiс әсердi азайту жөнiндегi шараларды қабылдауға мiндеттi.

Атом, жылу және су электр станцияларын орналастыруға қойылатын экологиялық талаптар

Атом электр станцияларын орналастыру және салу жоба мен мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болғанда жүзеге асырылады. Атом электр станцияларының жобалары оларды пайдалануды қауiпсiз түрде шығаруды қамтамасыз ететiн шешiмдердi, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату жөнiндегi шараларды қамтуға тиiс.
Атом электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылданады.
Жылу электр станцияларының iргелес аумақтың ауа бассейнiнiң жай-күйiне зиянды әсерiн шектеу мақсатында оларды орналастырудың алдында жобаның құрамында әрбiр энергетика ұйымы (және оның әрбiр ластаушы көзi) үшiн жылу электр станциясының экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн бақылау көрсеткiштерi (секундына грамм есебiмен) және жылдық нормативтер (жылына тонна есебiмен) белгiлеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргiзiледi.
Бақылау көрсеткiштерiн (секундына грамм есебiмен) есептеу және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлеу жылу электр станциялары жабдықтарының жоспарланып отырған ең жоғары өнiмдiлiгiн негiзге ала отырып (жоспарлы жөндеудi, резервке шығаруды ескере отырып) жүргiзiледi.
Су электр станцияларын орналастыру, жобалау және салу кезiнде тиiстi өңiрлердiң электр энергиясына нақты қажеттiгi, аумақтың сейсмикалығы мен объектiнi орналастыруға арналған жердiң рельефi, жалпы алғанда қоршаған ортадағы елеулi түрдегi терiс өзгерiстердi болғызбауды қамтамасыз ететiн ормандар мен жерлердi сақтау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi ресурстарын тиiмдi қорғау жөнiндегi шаралар толық ескерiлуге тиiс.
Жобалану және салыну үстiндегi электр станциялары үшiн қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезiне қарай қамтамасыз етiлуге тиiс.

Әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери қызметке қойылатын экологиялық талаптар

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекше жағдайларды қоспағанда, осы Кодексте белгiленген экологиялық талаптар әскери және қорғаныс объектiлерi мен әскери қызметке қолданылады.

Табиғи ресурстарды пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Жердi, жер қойнауын, суды, орманды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.
Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуына, тiрi организмдердiң генетикалық қорының жойылуына, халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi қоршаған ортаның басқа да өзгерiстерiне әкеп соғатын шаруашылық және өзге де қызметке тыйым салынады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегiэкологиялық талаптар

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiнде экологиялық қауiпсiздiк пен ауыл шаруашылығы алқаптарының сапалы жай-күйi қамтамасыз етiлуге тиiс.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi аймақтарға бөлу критерийi физикалық тозу мен химиялық ластану болып табылатын экологиялық қолайсыздық дәрежесiнiң көрсеткiштерiне негiзделедi.
Жердiң химиялық ластану деңгейiн айқындау қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органдар бекiткен топырақтағы химиялық заттардың жол берiлетiн шектi шоғырлануы пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Жердi неғұрлым бағалыдан төмендеу бағалы жерге ауыстыру, жердi консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зiлзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттiгiн айқындау мақсатында жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiн (бұдан әрi - жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу мен пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Елдi мекендердiң жерiн аймақтарға бөлу жердi бағалаудың экологиялық критерийлерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Елдi мекендердiң жерiн басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезiнде ластаушы заттардың осы аумақтардағы ауа мен суға өту мүмкiндiгi және олардың халық денсаулығына тiкелей әсер етуi ескерiледi.
Төтенше экологиялық жағдайдағы аймақ үшiн экологиялық ахуалдың одан әрi нашарлауына әкеп соқпайтын ерекше пайдалану режимi белгiленедi.

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу кезiнде экологиялық қауiпсiздiк және жердi ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.
Халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға ықпал ететiн, аталған жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары ескерiле отырып, аймақтар белгiленедi
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде өз шегiнде аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескерiледi.
Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi басқа санаттағы жерге ауыстыру кезiнде олардың химиялық заттармен жерлердi бағалаудың экологиялық критерийлерiнде белгiленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейiне жатқызылған жер консервациялануға тиiс және босалқы жер құрамына ауыстырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн және сауықтыру мақсатындағы жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер кодексiмен және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.
Сауықтыру мақсатындағы жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезiнде санитарлық қорғаныш аймақтары белгiленедi.

Орман қорының жерiн пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Орман қорының жерiн пайдалану режимi Қазақстан Республикасының Жер және Орман кодекстерiмен реттеледi.
Жердi орман қоры санатына жатқызу кезiнде аумақтың экологиялық жай-күйiнiң индикаторы ретiнде өсiмдiктердiң жай-күйiн экологиялық критерийлер деп есептеген жөн.
Орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн пайдаланылмайтын орман қоры жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң санатына ауыстырылуы мүмкiн.
Орман қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға Қазақстан Республикасының орман заңнамасының талаптарына сәйкес орман орналастыру және жерге орналастыру материалдарының негiзiнде мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде:
1) бұрын белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану мүмкiн болмаған;
2) қоныстар шегi өзгерген;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) өзгерген;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiнiң санатына жатқызылған жағдайда жол берiледi.
5. Орман қорының жерiн басқа санаттарға ауыстыру кезiнде жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жердiң жай-күйiнiң шөптi және сүректi өсiмдiктерге әсер етуiн көрсететiн экологиялық көрсеткiштердi ескерген жөн.

Су қорының жерiн аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Су қорының жерiн аймақтарға бөлу кезiнде су объектiлерiн қорғау және суды ұтымды пайдалану қамтамасыз етiледi.
Су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерiн жергiлiктi атқарушы органдар су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының келiсiмi бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн, жердiң ластануы мен тозуына және тиiсiнше экологиялық ахуалдың нашарлауына әкеп соқтырмайтын басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер пайдалануға беруi мүмкiн.
Су қорының жерiн басқа жер санатына ауыстыруға, мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес болған кезде:
1) объектiсiнiң жұмыс iстеуi тоқтатылған немесе оның экологиялық және гигиеналық көрсеткiштерi едәуiр өзгерген;
2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiне жатқызылған;
3) елдi мекендердiң шекаралары (шектерi) экологиялық ахуалдың өзгеруiне әкеп соқтыратындай өзгерген жағдайда жол берiледi.
4. Су қорғау белдеулерiне бөлiп берiлген жер елдi мекендер мен өнеркәсiп жерiнiң санатына ауыстырылмайды, онда судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшiн шаруашылық қызметтiң арнайы режимi белгiленедi.

Босалқы жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар
Босалқы жердi аймақтарға бөлу кезiнде келеңсiз өзгерiстер байқалған алаңдарды және зерттелетiн аумақтағы тозу дәрежесi әртүрлi учаскелердi бөлудiң кеңiстiктi әркелкiлiгi ескерiледi.
Экологиялық жүйелердiң тозу жылдамдығы елу жылдық байқау қатары бойынша есептеледi. Экожүйелердiң тозуын бағалау жердi бағалаудың экологиялық критерийлерiне сәйкес жүргiзiледi.
Босалқы жер басқа жер санатына одан әрi пайдалану мақсаттарына қарай сол орында санатына ауыстырылатын жердiң шекаралары белгiленгеннен кейiн ғана ауыстырылуы мүмкiн. Босалқы жердi басқа жер санатына ауыстыру кезiнде жер учаскесiн осындай жер санатына қойылатын экологиялық талаптарға сәйкес таңдау алдын ала жүзеге асырылады.
Бұзылған жердi босалқы жер санатынан ауыстыру қалпына келтiру және жердiң сапасы мен экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырғаннан кейiн мүмкiн болады.
Ядролық қаруды сынау жүргiзiлген жер учаскелерi босалқы жер құрамынан ядролық қаруды сынау зардаптарын жою және кешендi экологиялық тексеру жөнiндегi барлық iс-шаралар аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындысы болған кезде ғана меншiкке немесе жер пайдалануға берiлуi мүмкiн.) Заңымен.

Оңтайлы жер пайдалану жөнiндегi экологиялық талаптар

Оңтайлы жер пайдаланудың негiзгi экологиялық талаптары:
1) ұсынылып отырған жердiң қайта түлетiлуi және жердi қайта бөлу салдарларын ғылыми негiздеу және болжау;
2) барлық санаттағы жердiң ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты негiздеу және iске асыру;
3) жердiң нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi құнарлы жердi сақтау;
4) экологиялық негiзделген жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерiн қалыптастыру және орналастыру;
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафттарды күтiп ұстау және жердi қорғау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
6) жердi ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
7) жерге түгендеу жүргiзу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жердi анықтау;
8) жердiң өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында және адам денсаулығын сақтау мүддесiне орай ормандардың орта құрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерiн сақтау және күшейту;
9)биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.
Кәсiпорындар, құрылыстар және өзге де объектiлердi орналастыру және пайдалану үшiн жер учаскелерiн беру аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық салдарларын ескерiп, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молайтудың және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелерi сақтала отырып жүргiзiледi.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiмен байланысты емес объектiлердi салу мен тұрғызу үшiн ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жарамсыз, топырағының бонитет балы ең төмен жер бөлiнуге тиiс.

Жердi пайдалану кезiндегi экологиялық талаптар

Табиғат пайдаланушылар жердi пайдалану кезiнде:
1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетiн өндiрiс технологияларын қолдануы, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуi, қолжетiмдi озық технологияларды енгiзуi;
2) топырақтың ластануына, қоқыстануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуiне, сондай-ақ құнарлы қабаттың мүлдем жоғалуын болғызбау үшiн оны алу қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында топырақтың құнарлы қабатын алуға жол бермеуi;
3) қалдықтарды жинақтау мен жоюды олардың құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен, сондай-ақ арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен айқындалатын жерде жүргiзу талаптарын сақтауы тиiс.
Табиғат пайдаланушылар пайдалы қазбаларды қазу, геологиялық-барлау, құрылыс және басқа да жұмыстарды жүргiзу кезiнде:
1) иеленiп отырған жер учаскелерiн оларды одан әрi мақсатына сай пайдалануға жарамды күйде ұстауға;
2) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға, сақтауға және пайдалануға;
3) бүлiнген жердi қалпына келтiрудi жүргiзуге мiндеттi.
Бүлiнген жердi қалпына келтiру бағытын таңдау кезiнде:
1) жер учаскесiнiң үстiңгi жағының бүлiну сипаты;
2) объект орналасқан ауданның табиғи және физикалық-географиялық жағдайлары;
3) ауданның даму перспективалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, объектiнi орналастырудың әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерi;
4) қара топырақты жердiң таралу және үдемелi ауыл шаруашылығы аймағында бүлiнген жердiң негiзгi көлемiн жыртылатын жер алқаптары ретiнде қалпына келтiру қажеттiгi;
5) кенi алынған бос жерде су тоғандарын және аршылған жыныстар мен байытылған қалдықтар үйiндiлерiнде сәндiк бақ-парк кешендерiн құруды қоса алғанда, елдi мекендерге тым жақын орналасқан бүлiнген жердi бақ, қосалқы шаруашылықтар және демалыс аймақтары етiп қалпына келтiру қажеттiлiгi;
6) өндiрiстiк объектiнiң аумағында жоспарлау жұмыстарын орындау, қажетсiз шұңқырлар мен үйiндiлердi жою, құрылыс қоқыстарын жинау және жер учаскесiн абаттандыру;
7) пайдаланылатын жер учаскесiндегi жыралар мен су шайған жерлердi топырақпен жабу немесе тегiстеу;
8) мiндеттi түрде аумақты көгалдандыру ескерiлуге тиiс.
Жер учаскелерi өнеркәсiптiк қалдықтарды орналастыру, көму, жинақтау үшiн пайдаланылған жағдайда олар мынадай талаптарға сай келуге:
1) кәдеге жаратылмаған өнеркәсiптiк қалдықтарды көмуге арналған полигондарды жобалаудың, салудың және пайдаланудың санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келуге;
2) су тоғаны, ауыл шаруашылығы алқаптары, ормандар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар жағына 1,5 процент еңiсi бар жерлерде сыйымдылықтың түбiнен алғанда екi метрден аспайтын ыза суы тұрғанда әлсiз сүзгiш топырағы болуға;
3) елдi мекенге қатысты желден ық жақта және жерасты суы ағысының бағыты бойынша төмен орналасуға;
4) тасқын су мен нөсер су басып қалмайтындай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі
Атом энергетикасы: бүгіні мен болашағы
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы ақпарат
Қоршаған ортаны қорғау туралы
Жер қойнауы және жер қойнауының пайдалану түсінігі
ИСО 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық жайлы
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Исо 14001:2004 "экологиялық менеджмент жүйелері. талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық"
ИСО 14001 2004 Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша нұсқаулық туралы ақпарат
Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық реттелуі
Пәндер