Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері

2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы

3. Жеке құқықтар мен бостандықтар

4. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар

5. Саяси құқықтар мен бостандықтар

6. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық міндеттері

7. Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық мәртебесі

Қорытынды

Пайлаланған әдебиеттер

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері

1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі ұғымы және принциптері

Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық мәртебесі 1995 жылғы Конституцияның II «Адам және азамат» бөлімінде белгіленген. Адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі институты төмендегідей элементтерді қамтиды:

а) адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің мән-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар және міндеттер;

ә) адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы және конституциялық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам және азаматтың мәртебесінің конституциялық принциптері.

Жаңа конституциялық заңдылықтардағы негізгі басты жаңалық адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп танылуы болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы) . Бұл жағдайда адам және мемлекет арасындағы қарымқатынастарда өзара жауапкершілікке басым бағыт беріледі.

Қоғам мен мемлекетттегі адам және азаматтың жағдайын белгілеуші негізгі принциптер Конституцияның тікелей өзінен де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдылықтарынан да келіп шығады.

Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің конституциялық принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • құқықтар мен бостандықтардың әркімге тумысынан жазылғандығы принципі;
  • құқықтар мен бостандықтардың абсолюттілігі және олардан ешкім айыра алмайтындығы принципі;
  • құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асырған кездегі құқық теңдігі принципі;
  • заң мен сот алдындағы теңдік принципі;
  • адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сот төрелігімен қамтамасыз етілу принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бірлігі принципі;
  • адам және азаматтың құқықтар мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілмейтіндігі принципі;
  • адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кезінде конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіруге жол берілмейтіндігі принципі;
  • адам және азаматтық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілу принципі;
  • саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейтіндігі принципі;
  • заңдардың және басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылу өрісін анықтаған кездегі адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы принципі.

Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды деп жариялады.

Конституциялық жаңалықтардың бірі адамның құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік актілердің мазмұны мен қолданылуын анықтайды деп белгіленуі болып табылады. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының заңдарын шығарған кезде мемлекет жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тұрғысынан шығуға тиіс дегенді білдіреді. Конституцияның аталған бабы бірінші рет қазақстан қоғамдастығы өміріне құқықтық мемлекет принциптерін, сондай-ақ тұлғаның мемлекет алдындағы басымдылығын нақтылы енгізеді.

Бұл жерде Конституция адам және азаматтың құқықтық мәртебесі жөнінде сөз ете отырып, белгілі бір шектеу жүргізетінін айта кету қажет. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру шектеу шеңберлеріне ие, олар төмендегідей болып келеді:

1) ол басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзбауға тиіс;

  1. ол конституциялық құрылысқа нуқсан келтірмеуге тиіс;
  2. ол қоғамдық имандылыққа нуқсан келтірмеуге тиіс.

2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар ұғымы

Конституция жеке тұлғаның аса маңызды, әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын бекітеді. Олар оның ерікті адами тұлғаға тән ар-ожданы мен қадір-қасиетін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар қоғамды қуру және басқару ісі мәселелерін шешуге қатысуға табиғи құқықтарды бекітеді. Сонымен қоса конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру мемлекеттің конституциялық екендігін дәлелдейтін демократиялық бастауларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар бастапқы сипатқа ие, олар аласталмайды және әркімге тумысынан тиесілі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адам мен азаматқа бекітіледі және тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзегін құрайды.

Құқық ұғымы оны іске асыру үшін мемлекет тарапынан ықпалды іс-әрекет болуына, сондай-ақ жеке тұлғаның қоғамдық, саяси не шаруашылық құрылымдары қызметіне қатысу өкілдігі болуына жағдай жасайды. Бостандық ұғымы адамға өзінің ішкі әлеміне кедергі келтіруден қорғануға және белгілі бір белсенділік танытуға мүмкіндік беретін өзіндік мінез-құлықты таңдау мүмкіндігін білдіреді.

Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар турлі салаларға бөлінеді.

Әрбір адам белгілі бір азаматтық қоғамға тиесілі болады, содан келіп оған әлеуметтік-экономикалық құқықтар жүктеледі. Келесі кезекте саяси қоғамдастықтың мүшесі ретінде тұлға саяси құқықтар мен бостандықтарға ие болады.

Мынаны мойындау керек, құқықтар мен бостандықтардың басым бөлігі табиғи құқықтардан келіп шығады, басқаша айтқанда оған тумысынан тиесілі болады. Бұлар жеке құқықтар деп аталады.

Сөйтіп, конституциялық құқықтар мен бостандықтар былайша бөлінеді:

  • жеке;
  • әлеуметтік-экономикалық;
  • саяси.

3. Жеке құқықтар мен бостандықтар

Жеке құқықтар мен бостандықтарға адам азаматтығына қарамай-ақ ие болады. Бұл тумысынан тиесілі құқықтар, олар мемлекеттің не басқа тұлғалардың еркі бойынша аластатылуы мүмкін емес. Бұлар адамның өмірімен, бостандықтарымен, ар-ожданымен және басқа табиғи құқықтарымен байланысты құқықтар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

Өмір сүру құқығы әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бастандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деген конституциялық нормалармен бекітіле түскен (13-6. ) .

Салауатты өмір сүру құқығына әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, білікті заң көмегін алуға құқығы бар деген сияқты конституциялық нормалармен кепілдік беріледі (13-6. 2, 3-тт. ) .

Адамның жеке басының бостандығы (16-6. ) және еркін жүріп-тұру құқықтары (21-6. ) конституциялық түрде бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға немесе қамауға және қамауға алуға жол беріледі. Бұл жағдайда тұтқындалған адамның сотқа шағымдануға, тұтқындалған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалануға құқығы бар.

Конституциялық құқықтарға бекітілген және бір жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін жүріп-түруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады. Әрбір адамның Республикадан тыс жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы конституциялық құқық болып табылады (17-6. ) . Адамдық қадір-қасиеттерге құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі.

Құқықтық, мемлекетте ештеңе де адамның қадір-қасиетін түсіру үшін негіз бола алмайды. Конституцияда ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетті қорлайтындай жәбір керсетуге не жазалауға болмайды деп атап көрсетілген. Адамның қадір-қасиетіне құрметпен қарау әрбір лауазымды тұлға мен мемлекеттік қызметшінің құқықтық міндеті болып табылатындығын әркез есте ұстау керек.

Жеке құқықтар мен бостандықтар саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына конституциялық құқығы барлығын жатқызуға болады (18-6. 1-т. ) . Осы конституциялық құқыққа сәйкес тұлғаның келісімінсіз оның жеке еміріне қатысты ақпараттар жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға тыйым салынады. Ар-ожданды, қадір-қасиетті және жақсы атты қорғаудың, моральдық зиянның орнын толтыруды қоса есептегенде, соттық тәртібі заңдылықты бекітілген.

Жеке құқықтар санатына сондай-ақ әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының қупиялылығы сақталуына құқығы барлығы жатады.

Бұл құқықтарды сақтаудың кепілдіктері адам және азаматтардың жеке өміріне негізсіз қол сүғуға қатысты заңдылықтармен қарастырылған жауапкершіліктің түрлі формалары болып табылады. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің және телеграф хабарларының құпиялылығын жария ету Қазақстан Ресупбликасының заңымен қудаланады. Бұл құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды конституциялық принциптерінің бірі заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдейлігі болып таңлады. Ол тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге, көз-қарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген басқа жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы жайындағы конституциялық құқықтан айқын көрінеді (14-6. ) .

Қазақстан Республикасында ар-ождан бостандығына конституциялық түрде кепілдік беріледі (22-6. ) . Бұл құқық ар-ожданның діни немесе басқа нанымдарын еркін таңдауға және қабылдауға, сондай-ақ оларды діни әдет-ғұрыптарды атқару жолымен еркін білдіруді қамтиды. Дегенмен ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамзаттық және азамттық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

Жеке құқықтарға әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылылығы (19-6. ) да жатады.

4. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар

Конституциялық құқықтардың бұл тобы жеке тұлғаның азаматтық қоғамның мүшесі ретіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың маңызды бір санаты жеке меншікті иемдену және ұстау құқығы болып табылады. Конститу­цияның 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Бірінші рет 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы жерге жеке меншік құқығын бекітті (6-6. 3-т. ) . Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Конституциялық түрде меншікке қол сұғылмаушылық бекітілген: соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Дегенмен, Конституция заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен айыру мүмкіндігін қарастырады. Мұндай айыру тек мүліктің құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпкерлік қызметке кеңінен жол ашты. Нарықтық экономика жағдайында жеке тұлғаларды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, сондай-ақ өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалану құқығы белгіленген. Бұл жағдайда Конституцияға сәйкес монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Еңбек саласындағы адамның конституциялық құқығының мазмұны едәуір өзгерістерге ұшырады. Егер бұрынғы конституцияларда еңбек ету құқығы Конституциялық түрде бекітілсе, қазіргі конституцияда тек әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы барлығы ғана бекітілген (24-6. ) . Бұл ең алдымен мемлекеттің барлық азаматтарды еңбекке орналастыруға жағдайы жоқтығын білдіреді. Ол объективтік себептермен негізделеді: мемлекет қазірде өндірістің барлық құралдарының бірден-бір иесі емес, соған сай бұрынырақтағыдай кепілдікті жұмыс алуды қамтамасыз етуші бірден-бір жұмыс беруші де емес.

Соған қарамастан әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына құқығы конституциялық түрде бекітілген. Конституция әркімнің еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы барлығына кепілдік береді. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

Еңбек саласындағы құқықтармен тынығуға деген конституциялық құқық тығыз байланысты (24-6. 4-т. ) . Ең алдымен еңбек шарты бойынша істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі.

Кез келген қоғамның түпкі негізінде отбасы жатады. Сондықтан да қашанда конституциялық түрде неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Конституция ба­лаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу жөніндегі табиғи құқықты паш етеді (27-6) . Қазақстан Республикасының заңдылықтарында ананың және баланың материалдық кепілдіктері қарастырылған.

Қазақстан Республикасының азаматтарына әлеуметтік қамсыздандырылуға конституциялық құқық беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Республика бұл құқықты жүзеге асыруды әлеуметтік сақтандыру және басқа әлеуметтік шаралар жолымен қамтамасыз етеді. Мемлекет мемлекетік зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алуға кепілдік береді, сонымен қоса ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметгік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар (29-6. ) . Оның ішінде Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы. Осымен бір мезгілде әркім мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша ақылы медициналық жәрдем алуға құқылы. Жеке меншік емдеу мекемелері мен жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардың қызметі заңмен реттеліп отырады.

Денсаулықты сақтау құқығымен адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы айналадағы ортаны қорғау құқығы тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа орынсыз араласып, негізсіз балта шабуының кесірінен бүгінде табиғатты қорғау заңдылықтарын жетілдіру проблемасы алдыңғы қатарға шығыр отыр. Конституция сондай-ақ, адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны жөнінде де баса айтады.

Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуларына кепілдік берілу құқығы жатады (30-6. ) . Бұл ретте орта білім алу міндетті. Ата-аналар орта білім алуды қамтамасыз етуге міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

Конституция жеке меншік оқу орындарына және ақылы білім алуға қолдау білдіреді. Сонымен бірге мемлекет білім берудің жалпыға міндетті қалыптарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол қалыптарға сай болуы керек.

5. Саяси құқықтар мен бостандықтар

Саяси құқықтар мен бостандықтар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі азаматтың құқықтық жағдайын белгілейді. Бұл ретте саяси құқықтар мен бостандықтардың табиғи сипаты Қазақстан Республикасында биліктің бірден-бір бастауы Қазақстан халқы болып табылады деген қағидадан келіп шығады. Азаматтарға кең ауқымды саяси құқықтар мен бостандықтар берілген.

Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады.

Белсенді сайлау құқығы мынадан көрінеді: Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және республикалық референдумға қатысу жолымен сайлауға құқығы бар (ЗЗ-б. 2-т. ) .

Бәсең сайлау құқығы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға құқығы барлығынан көрінеді. Сайлау құқығына тек сот әрекетке қабылетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар ие емес.

Саяси құқықтар қатарына азаматтардық мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы жатады (ЗЗ-б. 1-т. ) . Азаматтар бұл құқықты әрқилы жүзеге асырады. Ең алдымен олар оны тікелей, басқаша айтқанда республикалық референдумға, мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша жалпы халықтық дауыс беруге, сайлауға қатысу жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығы өкілді органдардың қызметінен де өз орнын табады: азаматтар сайлаушылар ретінде өз депутаттарына ықпал ете алады.

Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделеріне ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып табылады.

Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар (33-б. 4-т. ) . Конституцияда мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді деп атап көрсетілген. Мемлекеттік қызметтен өту Республика заңдылықтарымен реттеліп отырады. Мемлекеттік қызметшінің жасы Конституцияға сәйкес алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауы керек.

Қазақстан Республмкасының Конституциясына сәйкес сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. Конституция Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермейді (20-6. 3-т. ) .

Саяси құқықтар қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының маңызды конституциялық құқықтарының бірі бірлесу бостандығы құқығы болып табылады (23-6. ) .

Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар белгілі бір міндеттерді жүзеге асыру үшін өз күштерін біріктіру мақсатында құрады. Дегенмен әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін шектеулер бар, олар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс (23-6. 2-т. ) .

Республика конституциясы азаматтардың бейбіт жиналуға, жиналыстар, митингтер мен демонстрациялар өткізуге құқығын таниды (32-6. ) және оларды еркін еткізуді қамтамасыз етеді. Дегенмен бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігі ескертіледі.

6. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық міндеттері

Адам және азаматтың міндеттерінің конституциялық-құқықтық институты тұлғаның конституциялық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі міндеттер көлемін бекітеді.

Адам және азаматтың негізгі міндеттері жалпыға ортақ сипатқа ие, тұлғаның нақтылы мәртебесіне қатысты емес және жоғары, конституциялық деңгейде бекітіледі. Конституциялық міндеттер тиянақталған талаптар тізімін құрайды, оларды орындаудан тұлғаның қоғам алдындағы, азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігі көрініс табады.

Әркімнің конституциялық міндеттері мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
  • басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
  • Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу;
  • заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу.

Азаматтардың конституциялық міндеттеріне мыналар енгізіледі:

  • Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызет атқару;
  • тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау;
  • тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және оларға ұқыпты қарау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Адам құқығы мен азамат құқығының арасында ерекшеліктер
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Азаматтардың азаматтық (жеке) құқықтары мен бостандықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz