Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің негізгі заңы



Жоспар
Қазақстан Республикасының азаматтығы ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтығының принциптері
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері
ҚР.ның азаматтығын тоқтату негіздері.
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі істерді шешу тәртібі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Конституциялық құқық саласы жүйесінде азаматтық институты да маңызды орын алады.Бұл институт Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімінде конституциялық түрде бекітілді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматтығына анықтама бермейді.Азаматтық ұғымы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның преамбуласында келтірілген.Азаматтыққа тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жиынтығын білдіретін,мемлекетпен арадағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс деп анықтама беріледі.Мұндай байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады.Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті.Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты ,тіпті республикадан тыс жерлерде жүрсе де одан міндеттерді орындауды талап ете алады.Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына,мемлекеттік билікке бағынуға,құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес,тұлға мен мемлекет арасында болатын,азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше,тұрақты саяси-құқықтық байланыстардың әсерінен пайда болады.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиет:

1. Сапарғалиев Ғ. ҚР-ның конституциялық құқығы.
2. Амандықова С. ҚР-ның конституциялық құқығы.

Қосымша әдебиеттер:
1.ҚР-ның конституциясы.
2.Конституцияға түсініктеме.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар
Қазақстан Республикасының азаматтығы ұғымы
Қазақстан Республикасы азаматтығының принциптері
Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері
ҚР-ның азаматтығын тоқтату негіздері.
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі істерді шешу тәртібі.
Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасының азаматтығы ұғымы
Конституциялық құқық саласы жүйесінде азаматтық институты да маңызды орын алады.Бұл институт Қазақстан Республикасы Конституциясының II бөлімінде конституциялық түрде бекітілді.
Азаматтықпен байланысты қатынастар "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматтығына анықтама бермейді.Азаматтық ұғымы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңның преамбуласында келтірілген.Азаматтыққа тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жиынтығын білдіретін,мемлекетпен арадағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс деп анықтама беріледі.Мұндай байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады.Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті.Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты ,тіпті республикадан тыс жерлерде жүрсе де одан міндеттерді орындауды талап ете алады.Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық қатынастар оның аумағында тұруына,мемлекеттік билікке бағынуға,құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес,тұлға мен мемлекет арасында болатын,азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше,тұрақты саяси-құқықтық байланыстардың әсерінен пайда болады.
Азаматтық нақтылы емес,құқықтық жағдай Байланыстың құқықтық сипаты оның заңдық құрылымында көрініс табады.
Мемлекет өз азаматтарының міндеттерін азаматтықтың алынуы және тоқтату негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып,өзі белгілейді.Бұл халықаралық-құқықтық нормалармен,соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған.Азаматтықта тұру жағдайы тиісті құжаттармен(Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты,жеке куәлігі,тууы туралы куәлік,төлқұжатта балалары туралы жазу)заңдылықты бекітіледі.Сонымен қоса мемлекет өз азаматының тууы және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді.
Қазақстан Республикасының азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәттен немесе тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығын алған сәттен пайда болып,азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады.Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.
Қазақстан Республикасы азаматтығының принциптері
Азаматтықтың мән-маңызы Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңында,1995 жылғы 3 қазанда енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен,бекітілген негізгі принциптер және жалпы бастаулармен сипатталады.
Біздің ойымызша,Қазақстан Республикасы азаматтығы институтының қалыптасуы барысында аталмыш институттың жаңа тағайындалған концептуалдық мазмұны: ең алдымен жалпы адамзаттық құндылықтарды құрмет тұту,адам және мемлекетті тең дәрежелі субьектілер деп тану,оларға ортақ міндеттер жүктеу барынша бағалы мән-маңызға ие болып отыр.Осы негізгі бастаулар Қазақстан Республикасы азаматтығының принциптері жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтығының маңызды принципі "Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы" Заңның 1-бабында бекітілген азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігінің танылуы принципі болып табылады: "Қазақстан Республикасы өз органдары және лауазымды тұлғалары арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары алдында жауап береді,ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының алдында жауап береді".
Азаматтықтың маңызды принциптерінің бірі бірыңғайлық және теңдік болып табылады.Азаматтықтың бірыңғайлығы Қазақстан Республикасында әрбір адам азаматтық алуға хақылы екендігінен көрінеді.Сөйтіп,Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тұрғылықты жерлеріне қарамастан тең құқықтарға және тең жауапкершіліктерге ие болады.Теңдік принципі барлық азаматтардың,азаматтықты алу негіздеріне,тегіне,мүліктік жағдайына,нәсіліне және ұлтына,т.б.қарамастан,заң алдында бірдейлігінен көрінеді.
Азаматтардың теңдігі принципі мазмұны бойынша жалпыға ортақ болып табылады.
Азаматтықтық тұрақтылығы принципі маңызды бастауларды білдіреді және "Қазақстан Республикасының Азаматтығы туралы" Заңның преамбуласында бекітілген.Осы принципке сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан айыруға,сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.Қазақстан Республикасы азаматтығының тұрақтылығы мынадай жағдайларда азаматтықты сақтауға ықпал етеді:
-Республика азаматтығында тұрмайтын адаммен некеге отыру;
-Республикадан тыс жерлерде тұру.
Тұрақтылық принципі мемлекеттің Қазақстан Республикасы азаматтығын және Отанмен құқықтық байланыстарды сақтауды қамтамасыз етуге ұмтылысын нығайта түседі.
1995 жылғы Конституцияға бекітілген азаматтықтың маңызды бір принципі көп азаматтық принципі болып табылады:Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.1991 жылы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңды қабылдаған сәттен бастап пайда болған қос азаматтық принципі бірқатар мемлекеттермен арадағы қатынастың бұзылуына себеп болды.Қос азаматтығы бар азаматтардың болуы мемлекет үшін де,сондай-ақ нақты сол тұлға үшін де күрделі ахуал туғызады.Көптеген елдердің азаматтық туралы заңдылықтар тәжірибесі қос азаматтығы бар адамдарды қысқартуға бағытталған.Азаматтық мәселелері жөнінде белгілі оқымысты-мамандардың бірі Н.В.Витрук: "Адамның қос азаматтығының болуы сол тұлғаны өзінің ішкі заңдылықтарына сәйкес өз азаматы деп есептейтін мемлекеттің егенмендігіне нұқсан келтіреді деп есептейді".Ең алдымен мемлекеттің ең негізгі принципі - мемлекеттік биліктің заңдылықтарын өз азаматтарына толық қолдану принципі бұзылады.Екінші жағынан азаматтың өз құқықтарын пайдалануда қиындықтар туындайды.Осының барлығы мемлекетті қос азаматтықты тудыратын себептерді жоюға шаралар қолдануға мәжбүрлейді.Жоғарыда айтылғандай,Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабының 3-тармағына сәйкес "Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды".Осындай ережені бекіте отырып Конституция қос азаматтық институтының болуы мүмкіндігін жоққа шығарды.
Республиканың өз аумағынан тыс жерлерде жүрген азаматтарын,олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында белгіленген.Осы принципке орай,Қазақстан Республикасының азаматы,егер Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленгенбесе,шет мемлекеттерге беруге болмайды.Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасы азаматтығын алу негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы белгілі бір негіздер бойынша алынады."Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заң Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың төмендегідей негіздерін ерекшелейді:
1)тумысынан;
2)Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
3)Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен көзделген басқа да негіздер бойынша және тәртіппен;
4)"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңмен көзделген басқа да негіздермен.
Қазақстан Республикасы азаматтығын алудың басты негізі тумысынан болып табылады.Азаматтықты тумысы бойынша алу екі принциптің: "қан құқығы" және негіз құқығының" бірігуіне негізделеді.
"Қан құқығы" принципі бойынша заң шығарушы қай жерде тұрғанына қарамастан,әкесі де,шешесі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы Қазақстан Республикасының азаматы деп таниды("Азаматтық туралы" Заңның 11-бабы).Тек екі бірдей ата-анасының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұраты тұратын жағдайында ғана шет жерде туған баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Қазақстан Республика Конституциясының қағидалары
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Қазақстан Республикасы Конституциясы Мемлекеттің негізгі заңы
Пәндер