Әкімшілік-құқықтық нормалар: түсінігі, құрылымы және жүзеге асыру мен қолданудың талаптары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Әкімшілік-құқықтық норманың түсінігі мен мәні
  2. Әкімшілік-құқықтық нормаларын жүзеге асыру
  3. Әкімшілік-құқық нормаларын дұрыс қолданудың негізгі талаптары

Әкімшілік-құқық кезкелген құқық саласы сияқты заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтың негізін әкімшілік нормалар құрайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалар-бұл мемлекеттік қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділсоттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекет пен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.

Әкімшілік - құқықтық нормалардың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;

2) Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;

3) Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;

Әкімшілік-құқықтық нормаларының мән-маңызы мыналарға бағытталған:

1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;

2) құқық пен реттелген басқару қатынастарын қорғау.

3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;

4) қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқар сферасынан шығаруға бағытталған.

Әкімшілік-құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқару субъектілерімен арақатынастарының тәртібін белгілейді.

Әкімшілік-құқықтық нормалары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы дегеніміз-нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.

Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:

1) гипотеза;

2) диспозиция;

3) санкция .

Гипотеза - бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасы мен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік - құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады. Мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төлқұжаты немесе 18 жасқатолуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады) . Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төлқұжатын жоғалтып алу (әрекет) .

Гипотезаның мынадай түрлері болады:

-абсолютті анықталған - бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді. Мысалы, уақытында салықты төлу.

-салыстырмалы анықталған -бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.

Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, мұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтар, рұқсат берушіліктер.

Санкция - бұл мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін норма мен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.

Әкімшілік-құқықтық норманы жүзеге асыру - бұл әкімшілік құқық нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін субъектілердің заңды әрекеті, ол - құқықтарды қолдану және құқықтық міндеттерді сақтау және орындау. Құқық теориясында құқықтық норманы жүзеге асырудың бірнеше нысандары (әдістері) блгіленген.

Әкімшілік-құқықтық нормаларын жүзеге асырудың төрт нысыны бар, олар:

  • Сақтау;
  • Орындау;
  • Пайдалану;
  • Қолдану.

Әкімшілік-құқықтық норманы сақтау нысанын жүзеге асыру құқықтық субъектісінің әкімшілік-құқықтық нормалардың талаптарына өз еркімен бағынуымен сипатталады. Бұл нысанның мағынасы - нормамен тыйым салынған әрекеттерді субъектінің жасамауы. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 34-бабына сәйкес <<Әркім Қазақстан Зеспубликасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті>>. Сондықтан норманы сақтау субъектінің әкімшілік қатынасқа түспеуі арқылы болуы мүмкін.

Әкімшілік-құқықтық норманы орындау нысаны түрінде жүзеге асыру - құқық субъектісін нормада көрсетілген заңды ұйғарымдарды белсенді түрде орындау әрекеті. Мысалы, <<Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы >> Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № Заңының 8-бабына сәйкес, <<1. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және заңды тұлғаның өтініші күнтүзбелік он бес күн ішінде қаралады. 2. Қарау үшін өзге субъетілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтүзбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады>>.

Орындаудан сақтаудың айырмашылығы субъектінің белсенді мінез-құлқымен сипатталады. Кейбір жағдайларда бәсең, салақтық мінез-құлық, заңсыз мінез-құлық ретінде қаралады.

Пайдалану - әкімшілік-құқықтық норманы жүзеге асыру нысаны ретінде басқару аумағында субъективті құқықтарын жүзеге асырумен байланысты құқық субъектілерінің өз еріктерімен заңды әрекеттер жасауы.

Қолдану әкімшілік-құқықтық норманы жүзеге асыру нысаны ретінде әрқашан белсенді, шығармашылық, мемлекеттік биліктік, ұйымдастырушылық сипатта, өкілеттенген органның заңда белгіленген процессуалдық тәртібінде жүзеге асырылады.

Әкімшілік-құқықтық норманы қолдану - өзінің әлеуметтік мазмұны жағынан өз алдына атқарушы, басқарушылық қызметінің құқықтық нысаны. Сонымен, әкімшілік-құқықтық норманы қолдану мемлекеттік сипатта болады, оны қолдану субъектісі болып қолданушылық өкілетке иеленген органдар мен лауазымды тұлғалар саналады.

Әкімшілік-құқық нормаларын дұрыс қолданудың негізгі талаптары болып заңдылық, негізділігі, мақсаттылығы, құқық қолданушылық қызметті ғылыми түрде ұйымдастыру саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі: түсінігі, құрылымы және нормаларды жүзеге асыру
Құқықтық қатынастар: түсінігі, құрылымы, түрлері және құқықты жүзеге асыру
Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар: ұғымы, түрлері және құрылымы
Әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар: ұғымы, құрылымы және субъектілері
Әкімшілік-құқықтық нормалардың теориясы: түсінігі, түрлері және жүзеге асырылуы
Құқық нормаларын жүзеге асыру мен қолдану: түсінігі, нысандары, құрылымы және әдістері
Әкімшілік құқық: пәні, әдістері, жүйесі және әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі: тұжырымдамасы, құрамдас элементтері және жүзеге асыру механизмдері
Құқықты жүзеге асыру және құқық нормаларын қолдану: түсінігі, нысандары мен кезеңдері
Құқықтық қатынастар: түсінігі, түрлері, пайда болу алғышарттары, жүзеге асуы және құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz