Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері



Жоспар
Кіріспе
Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері
Сот төрелігінің принциптері заңдардың үстемдігі
Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Сот төрелігі» ұғымы «сот билігі» ұғымына жақын, бірақ олар өзара бірмағыналы емес. Сот билігі соттың көптеген әрекеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда кең мағыналы. Мысалы, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып республика соттарының сот төрелігін жүргізуде заңдылықты сақтауы мәселесін қарайды; сот практикасында заңдарды қолдану мәселесі бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулы қабылдайды. Облыстық соттар сот статистиксын жүргізеді, сот практика-сын зерделейді, оны жинақтап қорытып облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде заңдылықты сақтауын қарайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін соттың бақылау функциясын кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жайлин Ғ. А. ҚР Азаматтық құқығы, 1-2 томдар. Алматы, 2003ж
2. Ынтымақов С.А. Азаматтық құқық. Практикум. 2003 ж.
3. Ғ. Сапарғалиев Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері «Атамұра», 1998ж.
4. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері Алматы, 2003 ж.
5. Дулатбеков Н. Амандықова С. Тұрлаев А. Мемлекет және құқық негіздері, Алматы, 2001ж.
6. ҚР Конституциясы Алматы, 2004
7. ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігі, Алматы, 1996

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері
Сот төрелігінің принциптері заңдардың үстемдігі
Сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы принципі
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сот төрелігі ұғымы сот билігі ұғымына жақын, бірақ олар өзара бірмағыналы емес. Сот билігі соттың көптеген әрекеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда кең мағыналы. Мысалы, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып республика соттарының сот төрелігін жүргізуде заңдылықты сақтауы мәселесін қарайды; сот практикасында заңдарды қолдану мәселесі бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулы қабылдайды. Облыстық соттар сот статистиксын жүргізеді, сот практика-сын зерделейді, оны жинақтап қорытып облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде заңдылықты сақтауын қарайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін соттың бақылау функциясын кеңейту мәселесі қарастырылуда.

Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері

Сот төрелігі -- мемлекеттік қызметтің сот билігінің мазмұнын құрайтын айрықша функциясы болып табылатын бағыттарының бірі. Бұл соттардың азаматтық және қылмыстық істерді заңда белгіленген тәртіпте сот отырысында қарап шешу арқылы жүзеге асыратын қызметі, яғни сот төрелігі іс жүргізу тәртібінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүргізу тәртібі, сондай-ақ сот құрылымы мен судьялар мәртебесі Конституцияда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде анықталған.
Сот төрелігі ұғымы сот билігі ұғымына жақын, бірақ олар өзара бірмағыналы емес. Сот билігі соттың көптеген әрекеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда кең мағыналы. Мысалы, Жоғарғы Соттың пленарлық отырысы сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып республика соттарының сот төрелігін жүргізуде заңдылықты сақтауы мәселесін қарайды; сот практикасында заңдарды қолдану мәселесі бойынша түсініктеме беретін нормативтік қаулы қабылдайды. Облыстық соттар сот статистиксын жүргізеді, сот практика-сын зерделейді, оны жинақтап қорытып облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде заңдылықты сақтауын қарайды. Сонымен қатар, соңғы жылдары қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін соттың бақылау функциясын кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Сот билігі сот төрелегінде іске асырылады және нақты істердің сот отырысында қаралуын, соттың тиісті шешім қабылдауын көздейді. Сонымен сот төрелігі терминін осы соттың құзырына жататын істерді сот отырысында талқылауды іс жүргізушілік тәртібінде жүзеге асыру және сот үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және т.б. орындаудан туындайтын мәселелерді шешу деп түсіну керек.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметінің адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың ең елеулі құқықтары мен заңды мүдделерін іске асрыуға едәуір ықпал ететін функциясы. Сондықтан да сот төрелігін жүзеге асрыу үшін адамзат ғасырлар бойы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау мақсатында эмбебап ережелер мен баптар ойластырды, құрастырды. Бұл әділеттік, қайырымдылық, ізгілік құндылықтарына негізделген әмбебап ережелер сот төрелігінің принциптері деген атақ алды.
Принцип термині латынның principium сөзінен шыққан, мағынасы негіз, негіздеме дегенді білдіреді. Соттөрелігі принципін барлық сот ісін жүргізу тұрғызылған тұғыр деуге болады.
Сот төрелігінің принциптері дегеніміз заңда бекімін тапқан, негізге алынатын құқықтық идеялар, ол сот ісін жүргізудің мазмұнын, мәнін және сипатын анықтайды. Айта кету керек, бұл құқықтық идеялар көбіне құқықтық қатынастарға қатысушыларға арналған талаптар түрінде баяндалған, оларды реттеудің маңызды аспабы болып табылады.
Принциптер қоғамдағы соттөрелігін жүзеге асырудың оң тиімдірек және әділдеу формалары туралы ұғымдарға сәйкес келеді, олар өзара байланыста және жүйе құрайды, өзінің сол тұтастығымен сот төрелігінің формасы мен мазмұнын береді.
Сот төрелігін мына принциптер бойынша топтастырамыз:
oo шықкан көзі бойынша конституциялық -- Конституцияда көзделген (неғұрлым жалпы) және арнаулы -- іс жүргізу заңдарында (КІЖК, АІЖК) көзделген болып бөлінеді;
oo мазмұны бойынша олар сот төрелігінің мазмұн-мәнін сипаттайтын функционалдық және сот ісін жүргізу тәртібін қарастыратын -- ұйымдық болып бөлінеді.
oo ұйымдық (сот құрылымы) принципі республиканың сот жүйесінің қалыптасуын, атап айтқанда -- судьялардың тағайындалу және ауыспайтындығы негізінде соттардың құрылуын сипаттайды.
Іс жүргізу принципі сот төрелігін жүзеге асыру қызметінің мәнін анықтайды. Негізгі принциптер өзара байланысты, тәуелді және біртұтас жүйе құратындықтан бұл бөлініс шартты болып саналады. Іс жүргізу принциптерінде өктемдік сипат бар, оларда орындалуы барлық құқықтық құралдармен қамтамасыз етілетін қалай да міндеттеу болады.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда принциптердің маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекімін тапқандығымен анықталады. Мысалы, Конституцияның 77-бабынын 3-тармағына сәйкес судья заңды қолданғанда мынадай принцидтерді басшылыққа алады:
адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмыска кінәлі емес деп есептеледі;
бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе экімшілік жауапқа тартуға болмайды;
-- өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;
-- сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;
-- жауапкершілікті белгілейтін немесе күштейтін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;
-- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
-- ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп, сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;
-- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;
-- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
-- Қылмыстық заңды ұқсастығына карай қолдануға жол берілмейді.
Бұл принциптер Қазақстанның барлық соттары мен судьялары үшін конституциялық және бірыңғай болып табылады. Сот төрелігінің принциптері жоғарыда аталған он принциппен ғана шектелмейді, олардың шеңбері кең және олар бірыңғай жүйе құрайды. Барлық принциптер бірімен-бірі тығыз байланыста әрекет етеді және олардың әрқайсысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелегі
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қaзaқcтaн Рecпубликacы кoнcтитуцияcының қaғидaлaры
ҚAЗAҚТЫҢ ДӘCТҮРЛІ ҚҰҚЫҒЫ БOЙЫНШA БИЛЕР COТЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІНЕ ШAҒЫМ КЕЛТІРУ, ҚAЙТA ҚAРAУ ЕРЕЖЕCІ ЖӘНЕ КЕҢЕCТІК ЗAМAНДAҒЫ ІCТІ ҚAЙТA ҚAРAУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасында адвокатура институтын дамыту
Соттардың үкімдерді орындау кезінде мәселелерді қарауы
Сот билігі және әділ сот
Пәндер