Шарттың ұғымы мен оның маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ . . . 3

1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы4

2. Шарттың түрлері5

ІІ. Негізгі бөлім10

2. 1 Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар10

2. 2 Шарттың мазмұны10

2. 3 Шартты өзгерту және бұзу12

Қорытынды13

Пайдаланылған әдебиеттер 14

КІРІСПЕ

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешінді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтық мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т. б. қабылданды.

Қазіргі таңда Азаматтық құқықтарға бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Азаматтық кодекстің 1999 жылы қабылданған Ерекше бөлімінда сатып алу-сату қатынастарына арналған жеке тарау да бар. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай шарт түрлерінің өзгеруімен байланыстырамыз.

Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Азаматтық құқықтардың арасындағы елеулі роль атқаратын шарттардың түрлерін, олардың түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Қазіргі қоғамымыздың күрт дамуы кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастар ұлғая түсуде, бұл біздің бұрынғы әкімшіл-әміршіл жүйеден нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты туындап отыр. Осы саладағы құқықтық реттеудің біршама кешеуілдеуі нарыққа қатысушылардың біразын «көлеңкелі бизнес» аясына көшуіне ықпалын тигізді. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексін қабылдауымыз (1994 жылы Жалпы бөлім, 1999 жылы Ерекше бөлім) тең құқықты әріптестер ретінде нарыққа қатысушылардың арақатынасын біршама ретке келтірді. Мұндағы біршама кемшіліктерге қарамастан Азаматтық кодексімізде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, бұзылған құқықтарды орнына келтіру және оларды сот арқылы қорғау қажеттілігі орын алған және олар даму үстінде.

1. Шарттың ұғымы мен оның маңызы

Шарт көне құқықтық құрылымның бірі болып табылады. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.

Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның Азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі - шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады. Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы) .

Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы) .

Франция Азаматтық кодексінің 1101-бабына сәйкес "шарт деп мәмілені таниды, ол арқылы бір немесе бірнеше тұлға бір-бірінің алдында немесе бірнеше басқа тұлғалар алдында бір нәрсені істеуге немесе істемеуге міндеттенеді". АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексі шартты тұтастай алғанда сол Заңға немесе басқа қолданылатын құқық нормаларына сәйкес жақтардың келісіммен туындайтын құқықтық міндеттеме деп есептейді. 1201-бапта "келісімге" анықтама берілген: " . . . жақтардың іс жүзінде жасалған мәмілесі өтініштер мен басқа да міндеттемелерден туындайды" . . . Нидерланды Азаматтық кодексі кітабында 213-бап: "шарт бір немесе бірнеше жақ өзіне бір немесе бірнеше жаққа қатысты міндеттемелерін өзіне қабылдайтын мәміле болып табылады" деп анықтама берілген.

2. Шарттың түрлері

Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі (өзіне тән шарт белгілері) .

Біржақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т. б. ) . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті және затты өзіне беруді талап ете алады.

Шарттарды біржақты және көпжақты деп бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Азаматтық кодекстің 284-бабында тараптардың өзара міндеттерді орындауы және қарсы талаптары қарастырылған; өз міндетін орындатудан бас тартуға немесе тоқтатуға қарсы талап берген жақтың құқығы бар, оны толықтай не бөлектей жүзеге асыра алады, ал тиісінше орындамаған жағдайда келген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.

Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы (мысалы, тапсырылған затқа, атқарылған жұмысқа, істелген қызметке ақша алады, тапсырған мүлкінің құнын алады) . Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай, немесе ешнәрсе бермей ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады (АК-тің 384-бабының 2-тармағы) . Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Жоғарыда айтқан ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті ақысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.

Консенсуалды (келісім) және нақты шарт.

Консенсуалды шарт дегеніміз әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әр жақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (мысалы, сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т. б. ) .

Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтіңде ғана құқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (мысалы, займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты) .

Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша құқықтар мен міндеттерді алатындар - сол міндеттемеге қатысушылар. Алайда Азаматтық айналымда басқа да түрлі міндеттемелер кездеседі, кейбір міндеттемелер мен талап құқығын міндеттемеге не тікелей өзі, не өзінің уәкілі арқылы қатыспайтын үшінші жақ алады.

Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт - бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жақ үшін жасалған шарт (АК-тің 391-бабы) . Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шартты үшінші жаққа орындау жөніндегі шарттан бөлектеу қажет, өйткені, ол орындауды талап ету құқығын ешқашан еншілемейді. Аталған тұлға тек орындауды ғана қабылдауға уәкілетті, несие берушінің өзі де оны орындау ретінде қарайды. Үшінші тұлғаның айырмашылығы - шартты орындауды талап ететін дербес құқығы болмайды. Ондай құқық үшінші жаққа шарт бойынша беріледі.

1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніңдегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт - жария шарт деп танылады (АК-тің 387-бабының 1-тармағы) . Одан ұйымдарға бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету және т. б. жатады. Аталған ұйымдардың тұтынушыларға тауар беруде, қызмет көрсетуде, жұмысты орындауда бас тартуына жол берілмейді. Шарт жасауға міндетті тарап оны жасасудан жалтарса, екінші тарап шарт жасасуға мәжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы (АК-тің 399-бабының 4-тармағы) .

Коммерциялық ұйым жария шартты жасауға қатысты бір тұлғаға басқа тұлғалар алдында, егер заңда немесе нормативтік актілерде өзгеше көзделмесе, ешқандай артықшылық беруге құқығы жоқ. Шартта көрсетілген талаптар, мәселен, тауарлардың, қызмет көрсету мен жұмыстардың құны тұтынушылардың бәріне бірдей болады. Тұтынушылардың кейбір категорияларына жеңілдік беруге заңдармен жол беретін жағдайлар есептелінеді (АК-тің 387-бабының 2-тармағы) . Ондай тұтынушыларға, мысалы, мүгедектер, соғыс ардагерлері және т. б. жатады.

Азаматтық кодекстің 387-бабының 5-тармағының күшіне орай жария шарттың жоғарыда аталған талаптарына сәйкес келмейтін ережелері жарамсыз болып табылады.

Қосылу шарты - ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тің 389-бабының 1-тармағы) . Бұл шарттың ерекшелігі сонда: мазмұнын бір жақ жасап, қалыптастырады, әдетте ондай жақ жұмыстарды орындайды, қызмет көрсетеді, аталған саланың монополиялық және үстемдік ететін ережелері олардың стандартты нысандарында жазылады. Екінші жақ жұмысты, қызметті тұтынушы болашақ шартты жасауға және де оны талқылауға, келісуге қатыспайды. Шарттың жағдайларымен келісімін олар тек оған ешқандай дау айтпастан қосылу жөніндегі қол қоюымен білдіреді. Тұтынушы шарттың мазмұнымен келіспеген жағдайда оған қол қоймайды. Оның ұсынылған шарт талаптарын талқылауға құқығы жоқ, шарттың мазмұнына жаңадан немесе басқалай ұсыныс жасай алмайды.

Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі (АК-тің 390-бабының 1-тармағы) . Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін Заңдарда белгіленген нысанда, ал, егер негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады, ал тиісті ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс.

Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы) . Егер ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-бабының 7-тармағы) .

Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-бабы) . Мысалы, аралас шарт деп мүлікті сақтауға бергенде оны ақысыз пайдалану құқығын қамтитын шарттарды және т. б. айтуға болады.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1 Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Шарттан туындаған міндеттемелерге, осы тараудың ережелерінде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбір түрлері туралы ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады (Азаматтық Кодекстің 268-377-баптары) .

Шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелері қолданылады.

2. 2 Шарттың мазмұны

Шарттың мазмұны - жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы) .

Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше (диспозитивтік норма) белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.

Егер Шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалын белгілемеген болса, тиісті жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын іскерлік қызметтің өрісіндегі әдеттегі құқықтармен белгіленеді (АК-тің 382-бабының 2 және 3-тармақтары) .

Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында Шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.

Елеулі шарттар болып табылатындар:

1) шарттың мәні туралы ережелер;

2) заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;

3) осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;

4) бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер (АК-тің 393-бабы) .

Кәдімгі (дағдылы) жағдайлар деп заңның диспозитивтік нормаларында қарастырылған, яғни шартқа енгізу міндетті болып саналмайтын шарттарды айтады, өйткені, бұлардың шартқа енуі өз-өзінен белгілі. Егер нақ сол шартқа дағдылы жағдайлар жөнінде айрықша ескертіліп айтылмаса, онда жалпы белгіленген тәртіп қолданылады. Мысалы, Азаматтық кодекстің 223-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың арасындағы шартта басқаша көзделмесе, олардың ортақ меншігі болып табылады.

Елеулі деп есептелмейтін, нормативтік актілерде қаралмаған мәселелер бойынша әр жақтың келісімі кездейсоқ жағдайлар делінеді және осы жағдайлар диспозитивтік құқық нормаларымен реттеледі. Олар әр жақтың өзімен қалыптастырылады және өздері арқылы заңдағы ережеге қосымша немесе өзгерістер арқылы енгізіледі. Мысалы, әр жақ өзара келісімдер арқылы мүлікті иеленушінің құқықтарын шартқа енгізеді, бірақ мүлікті тапсырмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шарт ұғымы
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Шарттың түрлері
Шарттың ұғымы мен оның маңызы туралы
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
Азаматтық құқықтағы өтелмелі қызмет көрсету
Жарамсыз мәмілелердің ұғымы
Өтелмелі қызмет көрсету
Шарт ұғымы және оның ережелері
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz