Қазақстандағы сот жүйесі


Жоспар:
Кіріспе
- Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
- Сотта іс жүргізуді ұймдастыру
- Сотта құжаттарды толтыруды ұйымдастыру
- Атқару өндірісінің қозғалудың тәртібі
- Атқару құжаттары
- Атқару құжаттарын есепке алу
- Статистикалық бақылау
- Хабарлама, статистикалық мәліметтемелердің топтамасы құқықтық статистикалық мәліметтерді ұсыну әдістері
Макеттер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды
Қазақстан Республикасының соттарында сот құжаттарының жасалуына, олардың тіркелуі мен есепке алынуына, сақталуы мен қозғалысана байланысты, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді қабылдап алу, оларды тіркеу мен есепке алуға және қозғалысына байланысты жұмыстардың жиынтығы
Сот істерінен алынған жекеленген құжаттарды, осы құжаттардың куәләндырылған көшірмелері мен істер бойынша жазбаша анықтамаларды сот төр ағасының немесеосы іс оның өндірісінде болған судьяның рұқсатымен жазбаша арыздары бойынша сотталғанға, ақталушы адамға, жәбірленушіге, азаматтық іс бойынша тараптарға және олардың өкілдеріне кеңсе меңгерушісі және мұрағатшылар береді
Өндіріп алуды жүргізу кезінде басқа істер бойынша орындау құжаттары бар адамдар өндіріп алуға қосыла алады. Өндіріп алушылардың талаптарын қанаттандыру кезегі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 71-бабымен реттелген
Заңмен белгіленген соттың және өзге де органның орындалуға жататын құжаттары. Барлық атқару құжаттарының өздеріне тиесілі нысаны мен мазмұны болады
Қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі. Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер( алимент өндіріп алу туралы, мертіктірумен немесе ден саулығын өзгеде зақымдаумен келтірілген зиянды өтеу туралы және басқа істер бойынша ) жеке есептеледі
Статистикалық есеп беру статистикалық ақпараттың басты көзі бола отырып, есепті мерзім ішінде есепті бөлімшелердің жұмысы туралы жоғары тұрған мекемеге немесе статистикалық органға арнайы үлгідегі мазмұнда мәлімет ұсынатын ресми құжат болып саналады
Құқықтық статистиканың екі ғылыми негіздемесі болады: біріншісі - статистиканың жалпы теориясы, екіншісі - құқықтық статистикаға қатысы бар жағдайлар ( заң нормаларының жиынтығы ретіндегі құқықтану )
2. Сотта іс жүргізуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының соттарында сот құжаттарының жасалуына, олардың тіркелуі мен есепке алынуына, сақталуы мен қозғалысана байланысты, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді қабылдап алу, оларды тіркеу мен есепке алуға және қозғалысына байланысты жұмыстардың жиынтығы.
Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесі бойынша электрондық іс қағаздарын қағазсыз тәсілмен жүргізіледі.
Нұсқаулықта көзделмеген барлық жағдайлар Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу, Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, « Әкімшілік құқық бұзушылық туралы » Қазақстан Республикасы Кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларының талаптарымен реттеледі.
Сотта іс жүргізу принциптері сот ісін жүргізуді ұйымдастыру қалай болса солай жүзеге асырылмайтыны айдан анық, яғни бұл жұмыс белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы « принцип » термині латын тілінен енген. Латынша « principium » негізін калаушы, бастама дегенді білдіреді. Қазіргі кезеңде көптеген қазақ тіліндегі заң оқулықтарында прицип термині « қағида » немесе « қағидат » деп аударылып жүр.
Құқық теориясына арқа сүйеу арқылы сотта іс жүргізудің мына төмендегі прициптерін анықтауға болады:
- Заңдылық принципі.
- Негізділік приципі.
- Мақсатқа сай болу приципі.
- Жеделдік принципі.
- Орындалуы міндетті.
- Уақытымен орындауға келтіру принципі.
- Сот құжаттарының орындалуына қатаң бақылау жасау принципі.
- Жеке бас жауапкершілігі принципі.
- Есеп беру принципі.
Қазақстан Республикасының соттар жүйесі. Сот ісін жүргізуді жіті меңгеру үшін Қазақстан Республикасының соттар жүйесіне тоқталған жөн болар.
Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының соттар жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
Қандайда болсын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.
Жергілікті соттарға мыналар жатады:
- Обылыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың соттары, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар) ;
- Аудандық және оларға теңестірілген соттар ( қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар) .
Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, каржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі, т. б. ) соттар құрылуы мүмкін.
Аудандық және оған теңестірілген соттар. Аудандық және оларға теңестірілген соттарды уәкілетті органның Жоғарғы Сот Төреағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше әкімшілік - аумақтық бірліктерде бір аудандық сот немесе бір әкімшілік - аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.
Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Әрбір аудандық сот үшін судьялардын санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.
Аудандық соттың құрамы. Аудандық сот Конститутцияда және осы Конститутцялық заңда белгіленген тәртіппен тағаиндалатын төрағадан және судьялардан тұрады.
3. СОТТА ҚҰЖАТТАРДЫ ТОЛТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сот істерінен алынған жекеленген құжаттарды, осы құжаттардың куәләндырылған көшірмелері мен істер бойынша жазбаша анықтамаларды сот төр ағасының немесеосы іс оның өндірісінде болған судьяның рұқсатымен жазбаша арыздары бойынша сотталғанға, ақталушы адамға, жәбірленушіге, азаматтық іс бойынша тараптарға және олардың өкілдеріне кеңсе меңгерушісі және мұрағатшылар береді.
Азаматтық істегі құжаттардың түпнұсқасы, оларды ұсынғантараптардың арызы бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес оларға қайтарыфлуы мүмкін. Судьямен куәләндырылған осы құжаттың кошірмелері істе қалдырылады.
Іс материалдарынан түпнұсқа құжатты алған тұлға іс материалдарына қоса тіркелетін құжатты алғандығы туралы қолхатты жасайды.
Оларға келіп түскен шағымдар мен арыздарға байланысты тексеру жүргізетін, соттың және прокуратураның жауапты лауазымды тұлғаларына танысу үшін істер мен материалдар сот төрағасының немесе міндетін атқарушы тұлғаның рұқсатымен беріледі.
Істер бойынша сотпен берілетін сот актілерінің кошірмелері, соның ішінде облыстық және оған теңестірілген соттардың, Жоғарғы Соттың шығарған ұйғарымдары мен қаулыларының көшірмелері елтаңбалы мөрмен куәләндіріліп бекітілуі тиіс. Сот актісіне апелляциялық және қадағалау тәртібінде өзгеріс енгізген жағдайда берілетін көшірмеге ол туралы белгі қойылады.
Сот актілерінің көшірмелері тиісті көшірмені алған тұлғаның қолхатымен берілуі керек. Құжаттың көшірмесі поштамен жіберілген жағдайда, ол туралы анықтама парағына белгі қойылады.
Құқық куәләндыру сипатындағы сот актілерін бұрмалау фактілерінің алдын алу мақсатында сот актілерін берудің мынадай тәртіптері белгіленеді:
- Соттардың сот актілерінің көшірмелері істі қараған судьяның қолымен, ал ол болмаған жағдайда сот төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен куәләндырылады;
- Сот актілерінің және анықтамаларының кошірмелері міндетті түрде сот актісін берген күні көрсетіле отырып, соттың мөрімен куәләндырылуы тиіс. Соттың мөрі жақсы оқылатын және судьяның қолын жауып қалмайтындай, лауазым атауының бір бөлігін баса отырып қойылуы керек;
- Судья қолының көшірмесін мөрмен куәландыруға жол берілмейді;
- Бірнеше баспа қағазынан тұратын сот актісі тігілуі, нөмірленуі және судьяның қолымен, соттың нөмірімен куәландыруы тиіс;
- Соттың заңды күшіне енбеген сот актілерінің көшірмелерінде «заңды күшіне енбеген» деген белгі болуы тиіс. Осы жазу сот актісін шығарған судьяның қолымен берілген уақытын көрсетіп, соттың мөрімен куәландырылуы тиіс;
- Заңды күшіне енген актілердің көшірмелерінде соңғы парағының сыртына күні көрсетіле отырып, «заңды күшіне енген » деген белгі қойылуы керек.
- Сот талқылауының қатысушысы болып табылмайтын тұлғаларға сот актілерінің көшірмелері сот төрағасының жазбаша рұқсатымен (бұрыштамасымен) және тек мемлекеттік бажды төлегеннен кейін ғана беріледі (жөнелтіледі) . Мұндай талап процесс қатысушыларына сот актісін қайта беру кезіне де қатысты болады.
4. АТҚАРУ ӨНДІРІСІНІҢ ҚОЗҒАУДЫҢ ТӘРТІБІ
Өндіріп алуды жүргізу кезінде басқа істер бойынша орындау құжаттары бар адамдар өндіріп алуға қосыла алады. Өндіріп алушылардың талаптарын қанаттандыру кезегі ҚР атқарушылық іс жүргізу туралы заңның
71 - бабымен реттелген.
Атқару құжаттары бойынша тбарлық талаптарды қанағаттандыру үшін борышкерден өндіріп алынған сома жеткіліксіз болған жағдайда бұл сома өндіріп алушылар арасында осы заңда белгіленген кезек тәртібімен бөлінеді.
Әрбір келесі кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толық өтелгеннен кейін қанағаттандырылады. Өндіріп алынған сома бір кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда бұлталаптар әрбір өндіріп алушыға тиесілі сомаға барабар қанағаттандырылады.
Бірінші кезектеөндіріп алу.
Бірінші кезекте:
. алименттерді өндіріп алу туралы талаптар;
. мертігу немесе денсаулыққа өзге де зақым жасау арқылы келтірілген, сондай-ақ асырушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу жөніндегі талаптар;
. қызметкерлердің еңбектегі құқық қатынастарынан туындайтын талаптары қанағаттандырылады ( ҚР атқарушылық іс-жүргізу туралы занның 72 - бабы) .
Келесі кезектегі өндіріп алу.
Екінші кезекте:
. патенттер берілген туындыны, өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптікүлгіні пайдаланғаны үшін авторларға тиесілі сыйақы төлеу туралы талаптар;
. азаматтардың мүлкіне қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады.
Үшінші кезекте:
. несие берушілердің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомаларының шегінде қанағаттандырылады.
Төртінші кезекте:
. бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі талаптар;
. қылмыс жасау немесе әкімшілік құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады.
Бесінші кезекте қалған талаптардың бәрі қанағаттандырылады. ( ҚР атқарушылық ісжүргізу туралы заңның 73 - бабы) .
5. АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫ
Заңмен белгіленген соттың және өзге де органның орындалуға жататын құжаттары. Барлық атқару құжаттарының өздеріне тиесілі нысаны мен мазмұны болады. Мысалы, атқару парақтарын бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәуілік ішінде жазады және оларда:
- Атқару құжатын берген соттың атауы;
- Істің нөмірі және шешім шығарылған күн;
- Шешімнің қарар бөлігі ( сөзбе - сөз(;
- Шешімнің күшіне енген уақыты;
- Атқару құжаты берілген күн;
- Өндіріп алушы мен борышкердің атауы, олардың мекен-жайы мен реквизиттері көрсетілуі тиіс.
Соттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса немесе егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауакерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп, немесе осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазады( ҚР АІЖК - нің 236 бабы) .
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс - жүргізу туралы заңының 5 -бабында атқару құжаттарының тізбесі көрсетілген.
. сот актілерінің негізінде берілген атқару парақтары;
. Қазақстан Республикасының азаматтық іс - жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелік соттардың шешімдерін мәжүбірлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
. Аралық соттар шешімдерін мәжүбірлеп орындату туралы сот ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары;
. ҚР ӘҚБК - де көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;
. ҚР ӘҚБК - де көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның ( лауазымды адамның) қаулысын мәжүбірлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
. талаптарын мәжүбірлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
Атқару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен беретін оның дубликаты өндіріліп алу үшін негізболып табылады. Атқару құжаттарын сот орындаушысымен атқарушылық іс жүргізуде қабылданатын құжаттардан ажырата білу керек.
6. АТҚАРУ ҚҰЖАТТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ
Қалған атқару құжаттарының барлығы бойынша олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі. Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер( алимент өндіріп алу туралы, мертіктірумен немесе ден саулығын өзгеде зақымдаумен келтірілген зиянды өтеу туралы және басқа істер бойынша ) жеке есептеледі.
Сот шешімі заң күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, сот оны аумағы бойынша сот қаулыларын орындауға уәкілетті тиісті органға орындау үшін жіберуге тиіс. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі.
ҚР атқарушылық іс жүргізу заңының 23 - бабы орындалуға тиісті атқару құжатын түсіндіру жөнінде белгіленген.
Егер атқару құжаты түсініксіз болса, онда бұл жағдайда оны орындауға алған сот орындаушысы, сондай-ақ өндіріп алушы немесе борышкер атқару құжатын бергенде негізге алынған шешімді немесе қаулыны түсіндіру үшін сотқа немесе атқару құжатын берген органға жүгінуге құқылы.
Атқару құжаттарының сипаты белгілі - орындалуы. Атқару құжаттарының орындалуы заңда көзделген мерзімдермен белгіленеді. Атқару құжаттары мына мерзімде:
. сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары - 3 (үш) жылішінде;
. аралық соттардың немесе төреліктердің шешімдерін мәжүбірлеп орындату туралы сот ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары - 3(жыл) ішінде;
. әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулылары - егер заңмен өзге мерзімдер белгіленсе, 1 (жыл) ішінде;
. әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның ( лауазымды адамының) қаулысын мәжүбірлеп орындату туралы сот қаулылары - 1 «жыл) ішінде;
. прокурордың қаулылары - 3 (үш) ай ішінде мәжүбірлеп орындатуға берілуі мүмкін.
Осы мерзімдер өткенге дейін атқару құжаты орындалуға берілуі тиіс.
Аталған мерзімдер:
. Мүлікті өндіріп алу бөлігінде сот актілері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде - сот актісі заңды күшіне енген не сот актісін орындаудың мерзімін ұзарту немесе оған мәулет беру кезінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейінгі күннен бастап, ал сот актісі дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда - ол шығарылғаннан кейінгі күннен бастап;
. Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер ( алимент өндіріп алу туралы, мертіктіру мен денсаулығын өзге де зақымдау мен келтірілген зиянды өтеу туралы және басқа істер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.
7. СТАТИСТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Статистикалық есеп беру статистикалық ақпараттың басты көзі бола отырып, есепті мерзім ішінде есепті бөлімшелердің жұмысы туралы жоғары тұрған мекемеге немесе статистикалық органға арнайы үлгідегі мазмұнда мәлімет ұсынатын ресми құжат болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz