Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер.
2.Қазақстан жағдайында көркемөнер шығармашылығының жұмыс жүргізу ерекшеліктері.
3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ театры.

III.Қорытынды.
Кіріспе.
Ұлы Отан соғысның алғашқы айларынан бастап Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның шығармашылық топтары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға жетті. Алғашында Шымкентке қоныс ау дарған Моссовет атындағы театр кейін Алматыға келіп орналасты. Украинаның И.Франко атындағы театры Г.Юраның басшылығымен Семейде жүмыс істеп жатты. Киевтің Леся Украинка атындағы театрының актерлері Республикалық орыс театрының құрамына келіп косылды. Мемлекеттік Беларусь театры Орал кдласында өнер көрсетіп жатты. Бұлардан басқа Қазақстанға Днепропетровскінің Луганскінің, Днепродзержинскінің, Полтаваның, Артемовскінің жөне басқа қалалардың театрлары көшіп келді.
Алматыға Мәскеу мен Санкт-Петербург киностудиялары да қоныс аударды. Қазақстанда Г.Уланова, С.Прокофьев, С.Эйзенштейн, Д.Михайлов, Ю.Завадский, В.Морецкая сияқты көптеген орыс мәде-ниетінің ірі кайраткерлері қызмет істеді.
Ұлы Отан соғыс жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе жаткдн пьесалармен қатар әскери тақырыпқа арналған М.Әуезовтің "Сын сағатта" (1941), М.Әуезов пен Ә.Әбшевтің (Намыс гвардиясы) (1943), С.Мұкановтың (Жеңіс жыры) (1942), Ф.Вольфтің "Профессор Мамлок" және Ө.Әбішевтің "Қырағылық" (1941) атты драмалық шығармалары орын алды. Бұл уақытта Қазақ драма театрының актерлік өнермен катар режиссура саласында біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел — осы театрда қойылған "Профессор Мамлок" спектаклі. Бұл кездері театрда көбіне актерлердің рөл үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруіне, орындаушылық шеберлігінің жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектаклъдер қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді.
Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын М.Өуезовтің (Сын сағаттар) спектаклін режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. сезімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты.
Әдебиеттер.


1.Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарынд.-Алмата,1964.
2.Халық әндері мен халық композитоларының әндері.-Алматы,1990.
3.Қазақ әдебиетінің тарихы.-Алматы,1998.
4.Жұбанов.А. Әнкүй сапары.-Алматы,1992.
5.Қазақтың Ұлтық энциклопедиясы.Т.7-Алматы,2003.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер.
2.Қазақстан жағдайында көркемөнер шығармашылығының жұмыс жүргізу
ерекшеліктері.
3.Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ театры.
III.Қорытынды.

Кіріспе.
Ұлы Отан соғысның алғашқы айларынан бастап Ресейдің, Украинаның,
Белоруссияның шығармашылық топтары Қазақстанға келе бастады. 1943 жылдың
басында республикаға көшіп келіп орналасқан театрлардың саны жиырмаға
жетті. Алғашында Шымкентке қоныс ау дарған Моссовет атындағы театр кейін
Алматыға келіп орналасты. Украинаның И.Франко атындағы театры Г.Юраның
басшылығымен Семейде жүмыс істеп жатты. Киевтің Леся Украинка атындағы
театрының актерлері Республикалық орыс театрының құрамына келіп косылды.
Мемлекеттік Беларусь театры Орал кдласында өнер көрсетіп жатты. Бұлардан
басқа Қазақстанға Днепропетровскінің Луганскінің, Днепродзержинскінің,
Полтаваның, Артемовскінің жөне басқа қалалардың театрлары көшіп келді.
Алматыға Мәскеу мен Санкт-Петербург киностудиялары да қоныс аударды.
Қазақстанда Г.Уланова, С.Прокофьев, С.Эйзенштейн, Д.Михайлов, Ю.Завадский,
В.Морецкая сияқты көптеген орыс мәде-ниетінің ірі кайраткерлері қызмет
істеді.
Ұлы Отан соғыс жылдары театрлар репертуарынан бұрыннан қойылып келе
жаткдн пьесалармен қатар әскери тақырыпқа арналған М.Әуезовтің "Сын
сағатта" (1941), М.Әуезов пен Ә.Әбшевтің (Намыс гвардиясы) (1943),
С.Мұкановтың (Жеңіс жыры) (1942), Ф.Вольфтің "Профессор Мамлок" және
Ө.Әбішевтің "Қырағылық" (1941) атты драмалық шығармалары орын алды. Бұл
уақытта Қазақ драма театрының актерлік өнермен катар режиссура саласында
біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел — осы театрда қойылған
"Профессор Мамлок" спектаклі. Бұл кездері театрда көбіне актерлердің рөл
үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруіне, орындаушылық шеберлігінің
жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектаклъдер
қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді.
Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын М.Өуезовтің (Сын сағаттар) спектаклін
режиссер А.Тоқданов сахнаға шығарды. Бұл — қазақ драматургиясындағы отты
жылдар кезеңіне байланысты үгіт көтерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр
күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Кеңес өкіметі
адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек
етіп алды. Ұлы шайқас кезінде кеңес адамдарының патриоттык. сезімінің
артуы, Отан алдындағы азаматтық борышъш терең сезінуі спектакль
режиссурасының негізгі ой-түжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс
майданындағы адамдардың үлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты.

1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер.
Ұлы Отан соғысның нақты тарихи оқиғасын суреттейтін "Намыс гвардиясы"
спектаклі де Қазақ драма театрының елеулі табысы болды. Мәскеу түбіндегі
әйгілі шайқаста қаһармандық көрсеткен генерал И.В.Панфилов бастаған 28
гвардияшылардың жойқын ерлігі сахнада жан-жақты көрініс тапты. "Ресей кең
байтақ бірақ шегінетін жер жок. Артымызда — Мәскеу!" деген панфиловшылардың
қанатты I сөзі спектакльдің желісі болып тартылған. Мұндағы Қ.Қуанышбаев
(Панфилов), Қ.Бадыров (Намысұлы), Ж.Өгізбаев (Жанбозов), К.Қармысов
(Тоқтаров) жасаған толыққанды сахналық кейіпкерлер өскери адамдардың
бейнелерін жасаудағы, жанқиярлық ерлікті пащ етудегі спектакльдің көркемдік
табысы іспетті. "Намыс гвардиясы" режиссерлік шепгімі, актерлік ойындары,
сахналың көркемделуі жағынан қаһармандық үнге толы спектакль болды.
Қазақ театрларының сахнасында кеңес адамдарының каһарлы
жылдардағы ерлік өмірін, патриоттық сезімдерін, қажырлы еңбектерін
көрсететін спектакльдермен қатар халқымыздың асыл ойы мен арман-
тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыпка жазылған пьесалар
да қойыльш отырды. Театырлар сахналарында "Еңлік—Кебектің" өңдел-
ген жаңа нұсқасы мен Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш — Баян сұлу",
"Ақан сері —Ақтоқты" трагедиялары, Ш.Құсайыновтың "Алдар көсе"
комедиясы қойылды. Бұл спектакльдерде халқымыздың басынан
кешкен өмірі, азаттық, адамгершілік, асыл махаббат жолындағы күресін
бейнеленді.
Театрлар репертуарынан берік орын алып, ұзақ жылдар сахнадагы түспей келе
жатқан Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері — Ақтоқты" трагедиясы — қазақ
драматургиясының шоқтығы биік туындысы. Трагедияға өзек болған негізгі
окиға халкымыздьщ асыл азаматы, серілігімен есімі елге мәшбүр болған әнші
Ақан тағдырымен тығыз байланысты. Ақан бастаған топтың күрес туы — бас
бостандығы, әділдік, қасиетті таза махаббат пен биік өнер. Бұл жағынан "
Ақан сері — Ақтоқты", "Еңлік—Кебек" және "Қарагөз" трагедияларымен үндес
әрі тағдырлас. Азаттық, бас бостандығы жолындағы күрес — бұл шығармалардың
да ән бойынан өтетін ортақ әуен. Қазақ драма театрындағы "Ақан сері —
Ақтоқты" спектаклін койған режиссер шығарманьщ идеясын ашуға көп еңбек
сіңірді. Спектакльге салтанатты сәнділік, кең масштабтық үн беруге ұмтылған
режиссер өсем сахналық көркемдеулер мен көпшілік қатысатын сахналар арқылы
драматург ойын тереңірек ашып, толықтыра түсуге күш салды. Ш.Айманов
Ақанның сахналық тұлғасын санкырлы мінез-кейпімен, Іс-әрекеттерімен жан-
жақты өтіп жасады. Оның бейнелеуінде Ақан — өз заманының күйігін жан
дүниесімен түсініп, сезінген әрі сол меңіреу караңғылыққа қаны қас, бар
қайрат-жігерімен қарсы тұрған жая. Актер Ақанды әнші, ақын, азамат әрі
ойшыл-философ ретінде бейнеледі. Ақтоқты рөлін сахнада тұңғыш ойнаған
актриса Шолпан
Жандарбекова болды. Орындаушы Актоқтының адамгершілік қасиетін, мөлдір
махаббатын, арманға толы жас жанның ыстық жүрек лүпілін көрермендерге аса
бір ілтипатты нөзіктілікпен жеткізе білді. Ш.Жандарбекова жасаған Ақтоқты
көрік-келбеті мен ақыл-ойы өзара жарасым тапқан, сүйкімді де сезімтал жан
болып шықты. С.Қожамқұловтың өмір бойы жалтақтап өскен мүсәпір жан —
Қоңқайы, Қ.Бадыровтың сырттай сыпайы, іштей катал да қатыгез, ызғарлы —
Науан хазіреті, КӨмірзаковтың сөзінде түрлау, ісінде пәтуа жоқ, төреден
шыққан — Жалмұқаны, Қ.Қуанышбаевтың жарымжан болса да табиғатынан адал,
аянышты — Мылқауы (балуаны) спектакльде сан шұғылалы бояу өрнегімен, қимыл-
әрекетімен жарқырай ашылған сәтті тұлғалар болды.
Осы жылдары М.Әуезов уақыт талабына орай қазақ халқының тарихи өмір-
тұрмысы мен еңбекке толы күрес жолдарын бейнелейтін "Қара қыпшақ Қобыланды"
атты каһармандық драма-дастанын жазды. Бұл шығарма өзінің сахналық өмірін
алғаш рет Жамбыл драма театрынан бастады (1944). Бұдан кейін Қарағанды
драма театрында (1945, режиссері Лурье), Қазақ драма театрында (1946,
режиссерлері Я.С. Штейн мен Қ.Бадыров) және Республикалық орыс драма
театрын-да да ("Махаббат пен намыс" деген атпен; 1947, режиссері Я.С.
Штейн) Қойылды. Спектакльді қоюшылар мен суретшілер өздерінің режиссерлік
шешімдерімен жөне сахналық көркемдеулерімен шығарманың отаншылдықа үндейтін
патриоттыкқой-идеясын, каһармандьщ пафосы мен көркемдік табиғатын дүрыс
түсінді. Олар қыпшақтардың әділдікті, бостандықты сүйетін ізгі тілектері
мен жауға карсы ерлік күрестерін көрсеткенде, жарқын бояуды, ал
кызылбастардың ел тыныштығын бүзған зүлымдығын, қанкүмар қылықтарын баса
көрсету керек тұстарда сахналық әсірелеу тәсілін мол қолданды. Режиссерлер
театр труп-пасының барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып, соғыс
жылдарындағы әскери тақырыпка үндес, саяси-әлеуметтік мәні үлкен спектакль
жасады.
Ұлы Отан соғысы кеңес халқының, оның қарулы күшінің самасын ғана емес,
моралдық қайрат-жігерін де сынға салған қатал да катыгез кезең болдьи
Халықтың моральдық қайрат-жігерін катайтып, рухын асқақтатуда көркемөнер
ерекше орын алда. Соғыстың бірінші күнінен бастап мәденкет пен өнердің
алдында барлық күш-жігері мен іс-тәжірибесін. Отан қорғау ісіне жұмылдыру
міндеті тұрда. Өнер, әсіресе әуесқой көркемөнер өте ауыр соғыс жылдарында
өзінің өміршеңдігімен таусылмас қорымен міндет үдесінен шыга білді.
Соғыс жағдайы көркемөнердің түрлері мен репертуарына, құрамына елеулі
өэгерістер әкеледі, Қалыптасқан жағдайға орай көркемөнердің мазмұндық
сипаты ғана өзгермей, көркемдік мәдени қызмет көрсетудің түрі мен әдістері
де өзгереді. Соғыс талабына сай көркемдік қызметтің аса ықшам түріне көшу
соғыстың алғашқы күндерінен-ақ жүзеге асырылады. Көркемөнөрдің ар түрлі
жанрларынан құралған ықшам топ қалаған уақытта, қалыптасқан жағдайға сай
көз келген жерде госпитальда, соғыс шебінде дала қосында, шақыру
тірегінде, фермада, цехтарда т.б. өнер көрсетуге бейім болатын.
Қазақстанның бүкіл Одақ бойынша дәнді дақыл және ауылшаруашлығы базасы
болуы көркеменөр кызметін тікелей жұмыс нысандары басына көшіруді талап
етеді. Уақыт ерекшелігі көркемөнердің кейбір жанрларының қарқын алуына
қараушлық жасайды. Айталык, ---өткір саяси бағыттағы қойылғын пьесалар,
интермедияларда орындауын театр топтары мен көркемдік-үгіт бригадаларының
кызыметі кең еріс алады. Әсіресе үгіт бригадаларының көркемдік кұралдарды
пайдалана отырып, тың еңбеккерлері алданда "Майданнан келген хат" пен
"Майдандағы жауынгерлерге арналган хаттарды" ерекше халықтық әуен
ырғақтарымен, жан дүңиені тербететін ауендермен көркемдеп оқуы
тыңдаушылардың сана-сезімінө, ой-өрісіне өзгөрістөр мен серпілістер
әкелетін болган. Мұндай көркемдік жанрға жаңа косылган үлгі , халыкка саяси
және эстөтикалык тәрбие берудің соғыс жағдайындағы пәрменді құралымың
біріне айналада Көркемдік-үгіт бригадаларының осындай оқуларынан соң қас
дұшпан басқыншыларға дөген өшпенділік сезі өрши түседі, жеңіс үшін ,
майдангерлөр үшін еңбек өнімділігін еселей түседі, патриаттық бастаыалар
ұйтқысы болу сияқты қозғалыстар қатары көбейе түседі.
Қазақстан жағдайыңда көркеменерпаздардың міндетті кызмет формасына
госпитальдардағы жаралы жауынгөрлер үшін дайындаған концерттік
бардарламаларын косу болады. Жаралылар үшін орындалушылықтың әсіресе ән
айту түрі ерекше маңызды орын аладаы.Әннің құдіреті оның және дүниені
әсерлендіріп, адамды саулелі өмірге өршелендіретін, тебірентіп
толгандаратын сықырында. Сондықтан да әсем ән жаралылардаң көңіл серігіне
айналада. Лирикалы толғаныс пөн сезімдерге толы жан сүйсіндірер халык
әндөрі мен кеңес копозиторларының әндері жаралыларға шуақ әкеліп, қуанышты
сәттер құшағына бөлеп, тән жарадарыкың жазылуықа үлкен сәттігін тигізген.
Оңтүстік Қазакстая облысы Сайрам ауданындагы ,,Жұлдаз,, елді мекеніне
таяу Бадам өзені сағасындағы демалыс үйіне уақытша орналасқан госпитальдағы
жаралылар атынан өнерпаздарға айтылған ризашлық хатта әсіресе өмірдің
белсенді жаршысы - әннің орны ерекше аталада.
Соғыс жылдарында ерлік пен қайсарлық махаббат пен үміт, бейбіт еңбек пен
тұрмыс тағдыры т.с.с. нәзік те сыршыл, асқақ өлендерге жазылған кең
дүниені төрбететін де, төбірентетін де, бүкілхалықтық сүйіспеншілікке
бөленген сазда әндер көркемөнөрпаздар репертуарының көркемдік құнын
жоғарылатып идеялық ұстанымын бекіте түседі, оның берік қорын
қалайда.
Соғыс жылдарында еңбекшілердің демалысын ұйыңдастыруда көркемеңердің
атқарған ролі ерекше болды. Күндіз ауыр еңбектен шаршап-шалдаққан,
майдандағы ет-бауыр жақыдарының тағдырларына алаң, тұрмыс тауқыметінен
еңсесі түскен тыл еңбеккерлеріне әсем әндер мен күмбір күйлер ғана серпін
әкеліп бой жаз-дыған. Осындай жағдайдың өзі қиын-кыстауға қарамастан
көркем өнер үйірмелерінің концерттік қойшымының үгіттік көркемдік
бригадарар мен жылжымалы театрлар қойылымдарының сан жағынан өсуіне, ал
мұның өзі үйірмелердің көбеюіне обьективті жағдай туғызды. Екікші жағынан
көркемөнердің жұшсына Қазақстан жеріне эвакуацияланған жиырма үш театр мен
өнер мекемелері қызмөткерлерінің тәжірибелік көмегі де орасан зор болды.
Нәтижесінде 1942 жылдың каңтар айында республика бойынша екі мың көркөмөнер
үйірмесі болған болса, 1943 жылы төрт мың, 1945 жылы тоғыз мыңға жетеді.
Соғыстың екі жарым жылында госпиталь, шакыру тіректері, тыл әскерлері
алдында қазақстандық өнерпаздар жиырма мыңнан астам концерттер
спектакльдік койылымдар керсетілді. Концерттік көрілімдер мен театр
қойылшдарының мазмұндық.
Қазакстан көркемөнерпаздары да лайықты өз үлестерін косада. Олар өнер
құралдары аркылы саяси-үгіттік, насихаттық, мадақтау-марапаттау іс-
шараларымен қоса кайырымдылық іс-шараларына да белсенө араласады.
Қайырымдылық іс-сапараларда жүзеге асырудаң саяси мәні өте көп болатын.
Көркөмөнерпаздар әр түрлі ақылы концерттік бағдарламалардан түскен
каржылардан қорғаныс корына, майдандағы жауынгерлердің ауыр жағдайда қалған
отбасыларына, балаларына көмек корына .аударада. Мысалы, мҚараганды көмір
тресінің өнерпаздары согыстың алғашқы айларында тоғыз концерт ұйымдастырып,
одан түскен он үш мың бес жүз сом ақшаны корғаныс корына аударада. Жолымбет
кенішінің көркемдік-үгіт бригдалары екі күндік жал-ақыларын корғаныс
корына қосып, майдангерлерге бір жүз алпыс сегіз посылка, екі мың екі жүз
тоқсан бес дана жылы киім-кешек жинастырып салып жіберді.
Патриоттық козғалыстарға бұқаралык мәдени үгіт бригадаларының жұмысына
қазақ халқының белгілі ақын өнерпаздары аянбай кызмет етеді. Әйгілі күш
атасы Кажымұқан Мұңайтпасов жасының егде тартқаныңа карамастан көркемдік-
үгіт бригадасынкң жетекшісі ретінде ел аралап өнер көрсетеді. Содан түскен
бір жүз мың сом каржыны ұшақ құрастырылып, майданга жіберіледі Қажымұқан
ұшағы атанған ұшақпен қазақ ұшкышы Қожай Шалабай бір жүз жиырма рет әуе
шабуылына катысып, Берлинге дейін жетіп, елге аман-сау оралада. Халық ақыны
Нұрпейіс Байганин өз енері мен бір айда елу бас ірі мал, он өкі мың сом
ақша, бір мың пұт астык, бір жүз елу жылы киім жинап, қорғаныс корына
аударады.
Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында да Қазақстанның музыка өнерінің
дамуында толас болған жоң. Соғыс жылдарында Алматы қаласына көшіп келген
Москва және Ленинградтың көркем фильм студияларымен бірге көрнекті өнер
қайраткерлері де келді. Олар республикамыздағы музыка мен көркемөнердің
дамуына айтарлыңтай үлес қосты. Әсіресе, Ю. Завадский сияқтьі көрнекті өнер
қайраткерлері басқаратын Моссовет театрының Алматыға келуі астаналық театр
өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақтың академиялың драма театрында
В. ІПекспирдің Асауға түсау комедиясының қойылуы (қоюшылар О. Пыжова мен
Б. Бибиков) қазақ театрының тарихындағы үлкен бір құбылыс болды. Одақтағы
аты әлемге әйгілі екі киностудияның белгілі қайраткерлері С. Эйзенштейн
және Г. Рошальмен кездесу, осы киностудиялардың артистерімен қоян-қолтық
араласып, ақыл-кеңестер алып отыру. Қазақстанның жас кинематографтары үшін
үлкен мектеп болды. Сондай-ақ, Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера
және балет театрының балет бөлімінің артистері дәуіріміздің атақты бишісі
Галина Ула-новамен байланыс жасап тұрды.
Алматыға атақты композитор С. Прокофьевтің келуі — республиканың музыка
өміріндегі елеулі оқиға болды. Ол Қазақстан Композиторлар одағының ісіне
тікелей араласып жас ұлт кадрларына ақыл-кеңестерін айтып отырды. Қазаңтың
халыңтық музыкасын негізге ала отырып Хан Бузай атты комедиялық опера
жазу үстінде болды. Бірақ бүл опера аяқталмай қалды. Соғыс жылдары Алматы
қаласына Киевтің опера театры да көшіп келген еді. Ол театрдың
репертуарында советтік авторлардың шығармаларымен қатар шет елдік
авторлардың да шығармалары болатын. Бұл театрмен бірге атақты пианистер Э.
Гилельс, Р. Тамаркина, Г. Гинз-бургтер мен атақты әнші Л.
Александровскаялар келді.
Ол кездегі дирижерлер В. Пирадов пен Л. Шаргородскийдің
басқаруындағы опера театрының симфониялың оркестрі қойған концерттерге
тыңдаушылар өте көп жиналатын еді. Ол концерттерде орыстың және Батыстың
классикалың му-зыкаларымен қатар советтік композиторлар мен қазаңстандың
композиторлардың да төл шығармалары орындалып отырды.
1942 жылы Л. Ауэрдың шәкірті И. Лесман ішекті аспаптар квартетін
ұйымдастырып, Алматының концерт залдары мен жұмысшы клубтарында, әскери
бөлімшелер алдында өз өнерлерін көрсете бастады. Сөйтіп бұл квартеттің
ұйымдас-тырылуы қазақтың камералық-аспаптық музыкасының тууына жағдай
жасады. Бұл жылдардағы музыкалық өмірімізде болған үлкен оқиғалардың бірі —
Фрунзе (1942) мен Ташкент (1944) қалаларында өткен Орта Азия мен Қазақстан
музыка өнерінің онкүндіктері болды. Бұл онкүндіктер-де А. Жұбанов
басқаратын қазақтың Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен СССР
халық артисі К.Байсейітова және Р. Абдуллин мен Ә. Үмібетбаевтар орындаған
Абай операсынан берілген үзінділер өте жоғары бағаланды. Дирижер В.
Пирадов басқарған Ташкенттің симфониялык оркестрі өз концерттерінде Е.
Брусиловскийдің Сарыарқа атты симфониялық сюитасы мен М. Төлебаевтың
Қобыланды атты симфониялың увертюрасын халыққа таныстырды М.
Төлебаевтың скрипкаға арнап жазылған поэмасы да В. Пикайзеннің орындауында
ойналды. Бұл сапарда атақты домбырашы Дина Нүрпейісова да арнайы құрметке
ие болды. Ол туралы белгілі музыка маманы А. Островский: Онкүндік кезінде
көрсетілгендердің ішінде құйрықты жұлдыздай жарқ еткен халық таланты,
Құрманғазының шәкірті, 80 жастағы Қазақстанның атақты домбырашысы Дина
Нүрпейісоваға ешкім тең келе алған жоң. Оның аяқ астынан шығарып тартқан
суырып салма күйлері тыңдаушыларды тәнті етті1,— деп жазды.
Ташкентте болған онкүндік Қазақстан композиторлары мен орындаушыларының
біраз өсіп қалғандыңтарын аңғартты. Қазақтың Құрманғазы атындағы үлт
аспаптар оркестрі мен республиканың халың артистері Шара мен Жамал Омарова
басқарған СССР халыңтарының әндері мен билерінің ансамблі ташкенттіктерді
риза етті. Бұл коллектив пен опера театрының артистері майданға барып та
өнер көрсетіп қайтты.
1939 жылы ұйымдастырылған Қазаңстан Композиторлар одағы Москва
консерваториясында оқып жүрген бірнеше жас музыканттарды 1941 жылы
мүшелікке ңабылдады.
¥лы Отан соғысы басталған кезде Рамазан Елебаев, Мәлік Жаппасбаев, Смағұл
Көшекбаев, Әли Базанов, Д. Мацуцин, Владимир Поливанов, Ғабдұлман Матов
сияқты композиторларымыз қаламдарын қаруға айырбастап, майданға аттанды.
¥лы Отан соғысы жылдары музыкатану ғылымы да өз жұмысын тоқтатқан жоқ.
Қазақстанның музыка өнері атты мақалалар жинағы мен 1942 жылдың аяғында
А. Ң. Жұбановтың XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы қазақтың халық
композиторлары атты кітабы шықты. Бұл кітап қазаң әншілері мен
музыканттарының өмірі мен творчествосы туралы тұңғыш жүйелі мәлімет берген
өте құнды еңбек болды. Сондықтан да бұл кітап әлі күнге дейін өз құндылығын
жойған жоқ.
Бұл жылдары музыка маманы А. О. Алексеевтің Алматыға келуінің қазақтың
музыкатану ғылымын дамытуға көп пайдасы тиді. Ол өзінің домыбыра музыкасы
(соғыстан кейін Советская музыка журналында жарияланды) жөнінде жазған
мақаласында қазақ аспаптарының әлі күнге дейін белгісіз болып келе жатқан
кейбір теориялың сырларына тоқталады. Белгілі музыка маманы, профессор В.
М. Беляев А. Ң. Жұбановтың кітабын шығаруға көмектессе, музыка мамандары П.
Гурьевич пен Н. Михайловтар қазаң музыкасы мен Қазаңстанның музыкалың өмірі
туралы республикалық баспасөзде маңалалар жазып, халык арасында лекция-лар
оқып тұрды. Бұл жылдар ішінде СССР Ғылым академиясының Қазақстандағы
филиалының Президиумы жанынан өнертану секторы ашылды. Ол секторда музыка,
театр және қолөнер бөлімдері ңұрылып, олар республика өнерінің дамуы
жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін маман кадрларды жинақтай
бастады. Соғыстың ауыр жылдарының қиыншылыңтарына қарамастан республиканың
өзінде жоғары білімді маман кадрлар дайындау маңсатында 1944 жылы Қазаңстан
орталығы Алматы қаласында тұңғыш жоғары көркем оқу орны консерватория
ашылды. Алғашңы кезде консерваториядағы педагогтік жұмысты Алматыға арнайы
шақырылып алынған, тәжірибелі мамандар жүргіз-ді. Мұның өзі Совет Одағын
мекендейтін халықтардың өзара достың көмегінің айқын айғағы сияқты болды.
Кейіннен сол консерваторияның өзін бітірген талантты ұлт кадрлары шыға
бастады. Олардың бірқатары таза творчестволық жұмыспен айналысса, бірқатары
педагогтік жұмысқа пайдаланылды.
Соғыс жылдары совет халықтарының майдандағы ерлігі мен тылдағы еселі
еңбегін жыр еткен әндер аз болған жоқ. Сондай әндердің бірі композитор Р.
Елебаевтың Жас қазақ әні. Ол — 1941 жылы Москва түбінде ерлікпен қаза
тапқан Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровқа арналған реквием.
Жас қазақ— қайғылылығы халыңтың эпикалық сарынмен ұштасып жатқан кең
тынысты ән. Әннің сөзсіз айтылатын қайырмасы да ән кеудесінде айтылатын
негізгі ойды толықтырып, ән мелодиясына үн: береді. Әнде сұрапыл соғыс
бейнесі жақсы көрінген. Сондықтан да болар ¥лы Отан соғысы туралы жазылған
Қазаңстан композиторларының шығармаларында бұл ән мелодиясы цитата есебінде
жиі пайда-ланылып отырады. Әннің сөзін жазған Ғ. Мүстафин.

Қар жамылған кең дала қанға бөгіп,

Күрілдейді сұр аспан өлім төгіп,

Жас қазақ мұрттай ұшты уралап,

Жанын қиып кете алмай жас өмірден,

Ақсақтаған арманға өрмелеумен

Жас қазаң, жатты көзі от жайнап,

Сол бетінде жан берді, ол тұрмайды,

Ары үшін елімнің боп құрбаны,

Жас қазақ, атылды оңтай көре сап,

Ел қорғаған майданда жас арыстан,

Төлегендей артыңа қалдыр дастан,

Жас қазақ, жатты жауын жаныштап.

¥лы Отан соғысы таңырыбы Р. Елебаевтан басқа да бір-қатар Қазақстан
композиторларының шығармаларына арқау болды. Композитор М. Төлебаевтың марш
тектес Соң, барабан әні мен лирикалың Тос мені, тос, Кестелі орамалы,
А. Жұбановтың Серт және Майданнан хат әндері, Б. Г. Ерзаковичтің
Майдан жыры мен Л. Хамидидің Совет Одағының Батыры М. Ғабдуллинге арнаған
әндері, А. Гурьевичтің В. Лебедев-Кумачтың сөзіне жазған Партизан әндері
осының кепілі.

2.Қазақстан жағдайында көркемөнер шығармашылығының жұмыс жүргізу
ерекшеліктері.
Бұл жылдары профессионал композиторлардан халың композиторлары да
қалысқан жоқ. Әнші-ақын Кенен Әзірбаевтың Біздің Отан жеңеді әні, сондай-
ақ халық композиторы Ң. Бабановтың Отан үшін әні де осы жылдардың жемісі
болатын. Әсіресе, Ң. Бабановтың бұл әнінің сыртңы формасы қызыл-ақ. Ән ері
мен әйелінің диалогы түрінде жазылған.
Отан үшін
Ері:
Сүйген жар, жан жолдасым, қош аман
бол,
Белгісі сүйгендіктің алысқан қол.
Қажыма, қайда жүрсең қасыңдамын,
Халың үшін, Отан үшін аттанған жол.

Жары:

Жан жарым, жан жолдасым сен де аман
бол,
Белгісі берген серттің алысқан қол.
Батыр бол, қайтпас қайсар, жеңіп шығар,
Жау жүрек жауынгерден тілегім сол,—

дейді. Сондай-ақ қарт домбырашы Д. Нұрпейісованың Ана бұйрығы атты күйі
де майданда жүрген совет жауынгерлерінің сүйіп тыңдайтын шығармасына
айналды.
Соғыс жылдары жарық көрген симфониялың шығармалардың бірі Е. Г.
Брусиловскийдің Сарыарқа (1943) сюитасы. Симфониялың сюитаның бірінші
бөлімінде қазақ халқының Ұлы Октябрьге дейінгі ауыр тұрмысы көрінеді. Компо-
зитор бірінші бөлімінің өзегі етіп халық күйі Ақсақ құланды алады. Аң
аулап жүргенде құлан таптап өлтірген Жошы ханның ұлын естіртуге арналған
қайғылы күй ¥лы Октябрьге дейінгі қазақ халқының ауыр тұрмысын музыка
тілімен жақсы бейнелейді. Симфонияның екінші бөлімінің өзегі етіліп халың
мерекесіне арналған Құрманғазының күйі Балбырауын алынған. Ал,
симфонияның үшінші бөлімі мұңды Ақтолғай әнінің сазына құрылған.
Шығарманың қорытындысында совет халықтарының неміс-фашист басқыншыларын
сөзсіз жеңетіндігіне сезім білдірген көңілді, шатты музыка ойналады.
Композитор осылайша симфонияның әр бөлімінде әртүрлі характердегі халыңтық-
аспаптың туындыларды шеберлікпен пайдалана отырып, дәуір тынысын танытатын
тұтас тұлғалы симфониялық сюита жасаған. Сондай-ақ осы жылдары шыққан Е. Г.
Брусиловскийдің Жалғыз қайың (1942), А. Ң. Жұбановтың Абай атты
симфонияның шығармаларында Мыңмен жалғыз алысқан ардагер ақын Абай образы
мен оның ішкі жан дүниесі суреттеледі.
Отызыншы жылдардың ортасынан бастап өз творчествосында Қазақстан өмірін
молынан қамтып келе жатқан композиторлардың бірі — В. Великанов. Ол 1942
жылы жыр алыбы Жамбыл поэзиясы негізінде Ленинградтық өрендерім атты
вокальдық-симфониялың шығарма жазып бітірді. Онда композитор екі ғасырдың
куәсі болған қазақтың қарт аңыны Жамбыл Жабаевтың толғау образын жасады.
Осы жылдары жазылған композитор М. Төлебаевтың оркестрдің қостауымен
скрипкада ойнауға арнап жазған лирикалың поэмасы да (1942) көлемі жағынан
шағын болғанымен өзінің ырғақты музыкалық саз үнділігі мен ұлттық бояуы
жөне профессионалдық шеберлігі жағынан соғыс жылдары сәтті жазылған алдыңғы
шығармалардың бірі болды.
Қазақстанның қарт композиторы С. Шабельскийдің фортепьяноға жазған екі
триосы (1944 және 1945 жылдары жазылған) мен Е. Брусиловскийдің ішекті
аспаптар квартетіне арнап қазақ тақырыбына жазған сюитасы да, А. Ң. Жұба-
новтың фортепьяноға арналған қазақ және тәжік билері де осы кезде туған
еді.
Осы жылдары Алматыға эвакуациямен келген композиторлардың ішінде де қазақ
тақырыбына қалам тартқандары болды. Композитор Ю. Бирюков фортепьяноға
арнап қазақ тақырыбында рапсодия жазса, С. Туликов Ңыз Ақжелең, Қамбар,
Жез киік сияңты қазақ күйлерін фортепьяноға лайықтап, өңдеп берді. Әрине,
бұл күйлердің өңделуінде кемшіліктер де болды. Композитор көп жағдайда
қазақтың фольклорлық материалын терең білмегендіктен де кейбір мелодияларды
профессионалдың тұрғыда әрі қарай дамытып, өрбітіп алып кете алмады.
Сонысына қарамастан композитор С. Туликовтың бұл бастамасы оның келесі
шығармасының сәтті шығуына жағдай жасады. Композитордың ондай шығармасы деп
қазақтың алғашқы әскери комиссары Аманкелді Имановқа арнап жазған Атты
әскер маршын атауға болар еді.
Онда композитор халық батыры Аманкелді бейнесін музыка тілімен шебер
жетістіріп бере білген.
Қазақстан таңырыбына жазылғаң осындай шығармалардың қатарында М.
Скорульскийдің Абай таңырыбына жазған бір бөлімді квинтетін, қазақ
мелодиясының өлшемдері мен ырғақтылығын дамытуы аса ойдағыдай болмаса да
қазақтың халықтық аспаптар оркестрінің репертуарынан түспей келе жатқан
3. Компанеецтің қазақ таңырыбындағы рапсодиясын атауға болады.
Бұл жылдар ішінде қазақ опера жанрына да тың туындылар келіп қосылды.
1942 жылдың 7 ноябрінде ¥лы Октябрьдің 25 жылдың мерекесіне арналып, ¥лы
Отан соғысы таңырыбына жазылған Е. Г. Брусиловскийдің Гвардия алға
операсы қойылды. Операда композитордың халықтық интонацияны опералық
қалыпқа келтіру үшін біраз еңбектенгені көрінеді. Операның бас кейіпкері
Қайраттың 2 бірін-ші ақтыда тост көтеру кезінде айтқан ариясы бүкіл
операның өзегі. Операның музыкалың тілінде алақұлалық та жоқ емес Сонысына
қарамастан Е. Г. Брусиловскийдің Гвардия алға операсы халықты
патриотизмге шақыруы мен майдан өмірін көрсетуі жағынан үлгі болар жақтары
мол опера болып табылады.
1945 жылы Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың Қазаңстандағы Азамат
соғысының батыры Аманкелді Имановқа арналған Аманкелді операсы қойылды.
Бұл операны да көрермендер қауымы жылы қарсы алғанмен операның ха-лықтың
музыкадан қашықтығы, операдағы драмалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы кезіндегі мәдениет пен ғылым
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Отан соғысы майдандарында
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
Мұражай, музей тарихы мен дамуы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Соғыс жылдарындағы әдебиет пен өнердегі патриотизм
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының психологиялық негізі
Пәндер