Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы



Жоспар
Кіріспе
Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы
Ауа компоненттері
Атмосферадағы көмірқышқыл газы
Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру
Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы
Улы шығарындылардың атмосферада таралуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:
Кіріспе
Атмосферадағы ауа жер бетіндегі тіршілікті ашық Космос әсерінен сақтап отырады, атап айтқанда күн сәулесінің Жерге түсетін мөлшерін реттейді. Ол болмаса тәулік ішінде жербетінің температурасы шамамен 200о С құбылып тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100о С үстінде) ал түнде аяз (-100о С) осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен қыс айларының арасында орын алар еді. Атап айтқанда атмосфераның арқасында жер бетіндегі орташа температура 15о С шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса Жердің әрбір км2 3-4 күнде метеорид түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып отырғанымыз метиоридттердің көбісі ауаның тығыз қабаттарында жанып кетеді.
Атмосферадағы бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста болғандықтан көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады. жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 оС төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады. Шамамен 56оС. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза деп атайды.
Жер бетінде 20-50км биіктікте орналасқан келесі қабат – стратосфера. Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады. жел екпіні төменгі қабаттармен салыстырғанда мұнда өте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6оС-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікке орналасқан аралық стратопауза қабаты, онда температура 0 оС шамасында.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Некоммерческие организации в Центральной Азии: организационно-правовые аспекты деятельности: Практическое пособие.– Алматы: «Интерлигал», 1997.
2. Экологические права общественности в Казахстане.– Алматы, 2000.
3. Сборник «Экотерра». Участие общественности в принятии экологически значимых решений. Выпуск № 1.– Москва, 1996.
4. БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 1998 жылғы «О доступе к информации, участие общественности в процессе принятия решений и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды» атты Конвенциясы (Орхус конвенциясы).

Жоспар

Кіріспе

Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы

Ауа компоненттері

Атмосферадағы көмірқышқыл газы

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы

Улы шығарындылардың атмосферада таралуы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе

Атмосферадағы ауа жер бетіндегі тіршілікті ашық Космос әсерінен сақтап
отырады, атап айтқанда күн сәулесінің Жерге түсетін мөлшерін реттейді. Ол
болмаса тәулік ішінде жербетінің температурасы шамамен 200о С құбылып
тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100о С үстінде) ал түнде аяз (-100о С)
осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен қыс айларының арасында орын алар еді.
Атап айтқанда атмосфераның арқасында жер бетіндегі орташа температура 15о С
шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса Жердің әрбір км2 3-4 күнде
метеорид түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып отырғанымыз
метиоридттердің көбісі ауаның тығыз қабаттарында жанып кетеді.

Атмосферадағы бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста
болғандықтан көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір
жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай
қозғалысынан жел пайда болады. жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын
ауаның температурасы 6,5 оС төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте
төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады. Шамамен 56оС. Атмосфераның
бұл бөлігін тропопауза деп атайды.

Жер бетінде 20-50км биіктікте орналасқан келесі қабат – стратосфера.
Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады. жел екпіні төменгі қабаттармен
салыстырғанда мұнда өте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың
жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6оС-
ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікке орналасқан аралық стратопауза
қабаты, онда температура 0 оС шамасында.

Атмосфераның құрылысы мен газдық құрамы

Атмосфера деген атау гректің екі сөзінен: atmos – ауа және sphaira –
шар, алынған. Көбіне өзіміздің тіршілігімізде қолданатын ауаны біз
атмосфера деп атай береміз. Бірақта бұл ұғым дұрыс емес, себебі ауа
атмосферасының негізгі бөлігінің бірі ғана. Атмосфера әр түрлі газ, су буы
және ауа тозаңы бөлшектерінің қоспаларынан тұратын жердің газ тәрізді
қабықшасы. Ауа осы газды қабаттың жерге жақын орналасқан бөлігінде
шұғырланады және бұл ең тығызды қабат болып саналады. Жоғары биіктікке
көтерілген сайын атмосфералық қысым төмендеп отырады:

Биіктік (км) 0 1 2 3 4 5 20 50  100

Қысым (мм) 760 671 593 524 463 405 41,0 0,40 0,007

оС биіктігі 760мм сынап бағанасына кең ауа қысым өлшем бірлігі болып
саналады. Интернационалдық жүйе бойынша 1 атом
= 101, 325кПа –ға тең. Атмосфераның жалпы массасы 5,51 *1015 тоннаға
(500триллион т) жуық оның ішінде оттекке келетіні 105 триллион тонна, жыл
сайын жұмсалатын оттектің мөлшері 0,01 процент планетадағы оттекті тірі
заттектер 5200-5800 жылда толық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі
организмдер арқылы шамамен 2000 жылға өтеді. Атомосфералық көмір қышқылының
тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.

Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай
шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфераның химиялық
құрамымен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне
байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл
қабат жер белгілерінен 7-10 км (полярлық ендіктерде) 16-18 (экватор
үстінде) биіктікке дейін созылады. Осы қабатта ауаның 80%-тей мөлшері және
су буының да 80% -ке жуығы жинақталады. Пропосферадағы ауа әртүрлі бағытта
әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгеріп отырады. Қозғалыс
нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып
тұрады. Негізгі бұлттардың түзілетін жері де осы қабат. Циклондармен
антициклондар осындай өрбіп өшіп отырады. Осыған орай жер бетіндегі ауарайы
пропосфераға байланысты.

Атмосферадағы ауа жер бетіндегі тіршілікті ашық Космос әсерінен сақтап
отырады, атап айтқанда күн сәулесінің Жерге түсетін мөлшерін реттейді. Ол
болмаса тәулік ішінде жербетінің температурасы шамамен 200о С құбылып
тұрған болар еді: күндіз қатты ысып (100о С үстінде) ал түнде аяз (-100о С)
осыдан да жоғары айырмашылық жаз бен қыс айларының арасында орын алар еді.
Атап айтқанда атмосфераның арқасында жер бетіндегі орташа температура 15о С
шамасында. Сонымен қатар, атмосфера болмаса Жердің әрбір км2 3-4 күнде
метеорид түсіп отырған болар еді, осы жағдайдан сақталып отырғанымыз
метиоридттердің көбісі ауаның тығыз қабаттарында жанып кетеді.

Атмосферадағы бөлшектер өздері таралған кеңістікте толассыз қозғалыста
болғандықтан көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондықтан ауаның белгілі бір
жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа қарай ауысып отырады. Ауаның осындай
қозғалысынан жел пайда болады. жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын
ауаның температурасы 6,5 оС төмендеп отырады да, ал 18-20 км биіктікте
төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады. Шамамен 56оС. Атмосфераның
бұл бөлігін тропопауза деп атайды.

Жер бетінде 20-50км биіктікте орналасқан келесі қабат – стратосфера.
Ауаның қалған бөлігі осы қабатта болады. жел екпіні төменгі қабаттармен
салыстырғанда мұнда өте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұл қабаттың
жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6оС-
ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікке орналасқан аралық стратопауза
қабаты, онда температура 0 оС шамасында.

Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан қабат – мезосфера. Бұл
қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 оС-ге төмендеп
отырады. Келесі мезопауза деген қабатта тұрақталған температура мөлшері 75-
90 оС шамасында.

Жоғарыда қаралған қабаттардың үстінде атмосфера қабатында газ
молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған
йоносфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың қалыңдығы бірнеше мыңдаған
километрге дейін созылады.

Атмосфера қабатының нақты шекарасы анықталмаған. Жер серіктері мен
ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке
дейін жайылған. Атмосфераның ең үстінгі қабатын экзосфера деп атайды.
Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына
байланысты, осы қабатты планета аралық кеңістік деп есептейді.

Атмосфераның химиялық 90км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультра
күлгін саулелерінің әсерінен 90км-ден жоғары жатқан атмосфера қабаттарында
бұл тұрақтылық бұзылады, осыған орай оның химиялық құрамы да
тұрақсызданады.

Жер бетіне жақын орналасқан атмосфералық ауаның құрамы күрделі. 400-
600 км биіктікке дейінгі атмосфераның құрамы 6.1 –кестеде келтірілген
көрсеткіштермен сипатталады. Космоновтар (Сагдеев, Зайцев 1975ж.) жүргізген
зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек 250-300 км биіктікке атмосфераның негізгі
компоненті атомарлық оттек, 500-600 км жоғары биіктікте атмосфераның
негізгі құрамы – гелий мен сутек, ал атмосфераның ең сыртқы жоғарғы қабаты
(1600 км жоғары) құрушы компоненті – атомарлық сутек.

Ауа компоненттері

Ауаны көп компоненттен тұратын газды ерітінді деп айтуға болады. оның
құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа бөлуге болады: тұрақты, өзгеріп
тұратын және қосалқы. Біріншіге оттек (21,0%), азот (78,1%) және инертті
газдар (шамамен 1 %) жатады. Ауа сынамасын қай жерден алсақ та осы
газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып келеді. Жалпы молекулалық
массасы – 28,98. Екінші топқа көмірқышқыл газы (0,02-0,04 %) мен су буы (4%-
ке дейін) жатады. Ал қосалқы компоненттердің табиғаты және мөлшері сынама
алынған жердің жағдайына байланысты келеді. Мысалы, оларға жер бетінен
көтерілетін космостан түсетін қатты бөлшектер, сонда й-ақ әр түрлі
өсімдіктер жәндіктермен микроорганизмдер жатады. Сонымен қатар ауада
радиоактивті сәулелердің және космос сәулелерінің әсерінен түзілген
табиғаты әртүрлі ионда (теріс немесе оң зарядталған) да болады. 1см3 ауада
олардың жүзден бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Олардың ішінде теріс
зарядталған бөлшектер адам организміне қолайлы әсер тигізеді. Атмосфераның
жоғарғы сиреген кең атырабы көбінесе иондардан тұрады.

Атмосфераның озонмен иондардан тұратын қабаттары космостың және
рентген сәулелерінің әсерін төмендетеді. Ультра күлгін и, инфра қызыл
сәулелердің және т.б. төменгі ауа қабатына өтуін шектейді. Табиғаттың
негізгі биогиохимиялық циклдеріне қатысатын атмосфераның ең маңызды газды
компоненттері болып үш газ – оттек, көмірқышқыл газы және азот саналады.

Оттек адамзатқа және жан-жануарларға былайша айтқандағ, тірішікке
қажетті заттегі. Себебі газ олардыңбәрінің дем алуына қажет. Мысалы,
тамақсыз адам 5 аптаға, сусыз 5 күнге дейін өмір сүре алады, ал ауасыз 4-5
мин қана. Адам тәулігіне 23-24 л ауаны пайдаланады.

Организмде жүретін барлық биохимиялық тотығу процестеріне ауаның
оттегі қатысады десек қателеспейміз. Біздің денеміздегі әр клеткамызда
оттек болғандықтан ауаның сыртқы салмағын аңғармаймыз, өзімізді жеңіл
ұстаймыз, егер де организмде ол жетіспесе сонда ғана оны сезе бастаймыз,
мысалы, судың астында не талдың биігінде. Ауаның ажептеуір салмағы бар
екеніне жоғарыда тоқталғанбыз. Орта есеппен адам денесіне түсетін салмақ
1471000 Н немесе 15тонна. Ауаның салмағы тығыздықпен қатар температураға да
қатар байланысты келеді. Мысалы, 760 мм тығыздықта 1м3

құрғақ ауаның салмағы -25 оС 1424 кг

0 оС 1293 кг

20 оС 1205 кг

225 оС 708 кг

сұйық ауаныкі -192 оС (қайнау температурасы) – 960 кг.%

Атмосфера арқылы біз әртүрлі дыбыстарды естиміз. Атмосфера болмаса біз
сөйлей де алмас едік, құстардың әнінде желдің дыбысында ести алмас едік.

Атмосферадан алынып жұмсалған оттектің мөлшері фотосинтез процесінің
нәтижесінде толықтырылып отырылады, табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылмауы
осыған байланысты. Жылына фотосинтез арқылы 170 млрд. тонна көмірқышқыл
газы 155 млрд.тонна оттекке айналып отарады. Ауадағы оттектің 40%-тін жер
бетіндегі өсімдіктер, ал 60%-тін гидросферадағы планктондар толықтырады.
Кейінгі кезеді ормандар көлемінің күрт қысқарылуы, шөлейт жерлердің көбеюі
және мұхиттардың, теңіздердің, көлдер мен өзендердің ластануы оттекті
түзетін өсімдіктердің кемуіне, яғни оттек қорының азаюына әкеліп соғады.

Оттек түзетін планктондардың орнына ластанған суларда бір клеткалық
алтын балдырлар пайда болуда, олар тіршілігіне оттекті қолданып көмірқышқыл
газын түзеді, яғни фотосинтездің орнына антифотосинтез процесі орын алады.
Ғалымдардың болжамы бойынша ауа ластана беретін болса, 150-180 жылдан кейін
атмосферадағы оттектің көлемі қазіргі мөлшерден 30%-ке төмендеуі мүмкін.
Атмосферадағы оттектің мөлшері азайған сайын көмірқышқыл газының мөлшері
артып отырады. Соңғы 100 жылда атмосферадағы бұл газдың көлемі 20-25%-ке
жоғарылады, яғни қазір атмосфераның құрамында 0,03-0,04% көмір қышқыл газы
болса, 2030 жылы оның мөлшері 0,05-0,07%-ке дейін көтерілуі мүмкін. Көмір
қышқылының мөлшері 0,07%-тен асатын болса, адам организмінің дем алу
қабілеті күрт төмендеп, қауіпті жағдайға ұшырайды.

Атмосферадағы көмірқышқыл газы

Атмосферадағы көмір қышқыл газының біршама көбеюі өсімдіктердің
өсімдіктердің өнуіне қолайлы әсер келтіріледі. Көшетхана ауасында оның
мөлшері жоғарылаған сайын фотосинтез процесінің жүруі жақсарып, көкөніс
өнімділігі артады. Бірқатар елдерде лаборатория жағдайында жүргізілген
зерттеулер нәтижесін көміртек диоксидінің концентрациясы жоғары болған
кезде өсімдіктер жапырағы бетінің, өсімдік биомассасының, сондай-ақ
түсімділіктің артатынын көрсетті. Мысалы, көмір қышқыл газының
концентрациясын екі есе көбейткенде мақтаға қатысты өнімділіктің арту
көрсеткіші 124%-ке дейін, ал қызанақ пен баклажандыкі - 40%, бидай, күріш
және күнбағыстың түсімі 20% көтеріледі. Бірақ-та, атмосферадағы көмір
қышқыл газының және басқа да антропогендік қоспалардың концентрациялары
артатын болса, табиғатта күрделі құбылыстардың бірі көшетхана
эффектісінің орын алуына әкеп соғады. Ластану нәтижесінде атмосферада
пайда болған көмір қышқыл газы шоғырланған қабат жерге бағытталған қысқа
толқынды күн радиациясын өткізгіш келеді, ал жер бетінің шығарған ұзын
толқынды жылу сәулесін жоғары қарай өткізбейді, осыған байланысты космос
кеңістігіне өтетін жер жылуының мөлшері азайып, ол ауаның төменгі қабатында
ұсталып жердің температурасын жоғарылатады.

Ауада көміртек диоксиді негізінен қазба отынды жағудан қорланады.
Көміртек диоксидін ең көп шығаратын елдерге АҚШ (22% шамасында), ресей
(16%), Қытай (11%-тің үстінде). Көшетхана эффектісінің әсерінен жер бетінің
температурасы қазіргімен салыстырғанда 2030 ж. 2,5 оС жоғарылауы мүмкін.
Атмосфераның төменгі қабатындағы температураның жоғарылауы Антрактида мен
Герландия мұздықтарының еруіне, Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуіне және
де құрлықтың ойпат жерлерін судың басып кетуіне, тектоникалық процестердің
күшеюіне, ауа райының өзгеруіне әкеп соғады. Бұл жағдай дүние жүзінің
көптеген елдерінде күрделі экологиялық проблемаларға себеп болып, бірқатар
апатты жағдайларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан ЮНЕСКО, ФАО, ЮНЕП бойынша
ғаламдық жылыну құбылыстарына жол бермеу тұрғысында жан-жақты зерттеулер
жүргізілуде.

Атмосферадағы оттетің белгілі бір мөлшері күннің ультра күлгін
сәулесінің әсерінен озонға айналып отыратыны белгілі. Озон стратосфераның
жоғарғы бөлігінде шоғырланып (22-24 км биіктікте), қалыңдығы 2-4 мм болатын
қабат түзіледі. Осы қабат биосфераның жоғарғы шекарасы болып есептелінеді.
Озон қабатынан жоғары орналасқан атмосфера қабатында тіршілік нышаны
кездеспейді. Жер бетіндегі барлық организмдердің тіршілігіне қауіпті күннің
ультракүлгін сәулелерін сіңіріп отыратынына байланысты озон қабатын
қорғаныш қабаты немесе озон қалқасы деп те атайды.

1980 жылдың басында Антрактидадағы ғылыми жұмыстарға негізделген
станцияларда жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының
төмендегені байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деген атауды алған. 1987
жылы көктемде Антрактиданың үстіндегі озон тесігі барысынша үлкейіп, оның
ауданы шамамен 7 млн.км2-ді құрады. 1992 жылы Оңтүстік Америка материгі
және оған жанасқан кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай төмендеуі
(50%-ке) тіркелді. 1995 жылдың көктемінде Арктиканың озонды қабаты шамамен
40%-ке дейін азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік аудандарында және
скандинавия түбегінің, Шотландия араларының үстінде мини тесіктер
қалыптасқаны тіркелген. Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы, яғни озон
тесігінің пайда болуы биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін.
Сондықтан бұл жағдай күрделі экологиялық мәселенің бір бөлігі.

Озон қабатында басталған бұзылу процестеріне себеп болып отырған
шығарындыларға мұздатқыштардан бөлінетін фреондар мен космостық аппараттар
және ұшақтардың органикалық отынының толық жанбаған өнімдері және ядролық
сынақтарда бөлінген заттектер жатады. Осы заттектер атмосфераның жоғары
қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа
галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі
қарай озонның оттекке айналу процесін катализдейді.

Стратосферадағы фотохимиялық ыдырау радикалдық механизммен жүзеге
асады:

Фреондар атмосферада ыдырамай 70-100 жыл бола береді. Озон мен оттек
атомы реакцияға түскенде хлор атомы катализатордың ролін атқарады. Хлордың
әр атомы 100 мың озон атомын ыдыратуы мүмкін. Дүние жүзі бойынша шамамен
1,3 млн.т озон ыдыратушы заттектер алынып отырған. Оның көлемінің 35%-ін
АҚШ, 40% Еуропа елдері, 10-12% Жапония, 7-10% Ресей өндіреді.

Жердің озон қабатының тозуы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Бүкіл
дүниежүзінің денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) мәліметтері бойынша
атмосферадағы озон құрылымының 1%-ке төмендеуі ультракүлгін сәуле
мөлшерінің 2%-ке дейін өсуіне, осыған байланысты адамдардың қатерлі ісік,
көз катарактысының және т.б. ауруларының көбеюіне, адамның жүйке жүйесінің
әлсіреуіне, жұқпалы ауруларға қарсы екпе тиімділігінің төмендеуіне себепші
болып отыр.

1985 жылы Вена қаласында шығарындыларынның әсерінен озон қабатын
қорғау туралы Конвенция қабылданған. Негізгі ережелері – озон қабатындағы
өзгерістерге әсер ететін зеттектер мен процестерді зерттеу саласындағы
ынтымақтастық баламалық заттектер мен технологиялар жасау; озон қабатының
жай-күйін бақылау; озон қабатында қолайсыз салдары болатын қарекетті
бақылайтындай шараларды белгілеу мен қолдану саласындағы ынтымақтастық;
ғылыми, техникалық, әлеуметтік-экономикалық, коммерциялық және заңдық
ақпараттармен алмасу; технологиялар мен ғылыми жетістіктерді талдап
белгілеу және беру саласындағы ынтымақтастық. АҚШ-та, Ресейде
стратосферадағы озон қабатының қайта түзілуіне немесе жылдамдығын
төмендетуге бағытталған бірлескен жұмыстар атқарылуда. Осының бәрі полюс
маңындағы кеңістіктерде озон тесігін жойып, озондық қалқаны сақтауға үлес
қосады деп күтілуде.

Атмосфераны сарқылмайтын азот қоры деп айтуға болады. азот айырбасқа
жатпайтын биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин қышқылдарының
құрамына кіреді. Бірақ-та тірі организмдер атмосферадағы азотты өзінің
тіршілігіне бос күйінде емес, тек әртүрлі қосылыс түрінде ғана пайдалана
алады. Экожүйе атмосфералық азотты көбінесе найзағай кезінде электр
өрісінің әсерінен түзілетіноксид түрінде қабылдайды. Сулы ортада немесе
топырақта болатын кейбір бактериалар түрі мен көкшіл-жасыл балдырлар
атмосфераның азотын өз бойына сіңіру арқылы жинақтап биогеохимиялық
циклдарға қажетті түрде айналдырып отырады. Осымен қатар өсімдіктерге
қажетті азот қосыдыстары топырақтағы органикалық қалдықтардың ыдырауынан
пайда болады. табиғаттағы азот алмасу процесі көміртек алмасу процесімен
тығыз байланысты.

Адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан көшетхана эффектісі, озон
қабатының бұзылуы, қышқыл жаңбыр, тұмша сияқты қолайсыз құбылыстар
тудыратын метан, азот оксидтері, т.б. газдардың мөлшері өсуде.
Атмосферамен жер бетінің арасында жылу, ылғал және химиялық элементтер
тұрақты алмасып отырады. Атмосфера арқылы Жердің ғарышпен заттектер
айналымы іске асады. Атмосферамен жер беті арасында жылу мен ылғалдың
алмасуы тұрақты болады. оттектен, көмірқышқыл газынан, азоттан басқа
ластаушы компоненттердің атмосферада көп мөлшерде болуыбиогеохимиялық
циклдардың бұзылуына әкеп соғады. Атмосфера ластанған жағдайда жаңбыр
суына онда еріген азот және күкірт оксидтері, тұздар қосылып ерітінді
түзеді де қышқыл жаңбыр немесе тұзды жаңбыр жауады, тұмша да орын
алады.

Өнеркәсіпте және көлікте отын жанған кезде түзілетін азот оксидтері
атмосфераны ластайтын қауіпті көздердің бірі. Күн сәулесінің әсерінен олар
күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтижесінде уытты фотооксиданттар
түзілуіне үлес қосады. Атмосферада азот оксидтерінің , фотооксиданттардың
концентрациясы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан
өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы
қашды. Құрамында азоты бар зиянды шығарындылардың мөлшерін іштен жанатын
қозғалтқыштан шығаратын газды жағу үшін катализатор қолданылып, ал
өнеркәсіптік кәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында
азотсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.

Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен
шашырауына, жуын-шашынға немесе гравитациялық күш арқылы төмен түсуіне
байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы
арасында анық байлаыс бар.

Атмосфераны ластайтын заттектерді топтастыру

Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерле пайда болған және
ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық заттектерді және
биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.

Ластағыш заттектердің қоршаған ортаға әсері физикалық, химиялық
қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне
және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне
байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі
параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты
ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

Әлемдік көлемде ластайтындар-қай жерде шығарылса да қоршаған ортада
әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлық, атмосферада көп уақыт бойы
(бірнеше жыл немесе айлар) сақталатын шығарынды (тастанды) заттектер (көмір
қышқыл газы, фреондар,жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтер);

Аймақтық (региондық) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің
территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін)
–үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан
асқасын тез төмендегіне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа
таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын
шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтері, пестицидтер, ауыр
металдар);

Жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңберінен аспайтын)
–атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялық
аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда
келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығаратын
күкірттің, азоттың, т.б.оксидтері)

Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар
үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы
шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді
ластағыштар мен аэрозольдар түтін моржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және
әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне қарай ластаушы
заттектер шығаратын көздер биік (Н50м), орта биіктігіне (Н=10-50м),
аласа (Н=2-10м), жер үстіндегі (Н2м) болады. Ластаушы
компоненттердің ауа да таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне
байланысты келеді.

Атмосфералық ауаны ластаушы көздер мен ластағыштардың құрамы

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше
мың жанартау бар, олардың 500 ден астамыактивті түрде ), тау жыныстарының
үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай
түскенде), теңіз мұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы
ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-пішу процестеріне
байланысты.

Атмосфераның табиғаи жолмен ластайтындарға аэропланктонда, яғни
әртүрлі қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары кейбір өсімдіктердің
тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос
шаң тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер
қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен
(11-ден 64кмс дейін) 200 милл жуық метиориттер ауа қабатынан өтіп отырады.
60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес
тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен
космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5млн.т космостық
шаң түсіп отырады. Табиғи шаңда Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық
бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін раиустары 10-6-105 м шамасындағы
бөлшектерден тұрады.

Табиғи шаң бөлшектердің тегі органикалық және анорганикалық, олар
келесі процестер нәтижесінде түзіледі:

• Тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;

• Жанартаудың атқылауы;

• Орман, дала және шымтезек өрттері;

• Теңіз бетінен судың булануы.

Атмосфераны төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында
шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.
атмосфераның шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей
сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды. Заттектердің
биологиялық жолымен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің эммиактың,
көмірсутектерінің, азот окситтерінің көміртектің оксидімен диоксидінің және
т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын
үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау
нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150млн.т газ және 30-300 млн.т ұсақ
дисперсті күн тасталып отырады. Тек пинатубо (филиппин) жанартауы атқылаған
кезде (1997) атмосфера ауасына 20млн.т күкірт деоксиді шығарылды.
Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бір қатар фитопатогендік активтілігі
жоғары химиялық бастағыштар – сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі
орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаң мен ластанады.
Батыс сібірде 1915ж. болған орман өрті 1,5млн. км2 ауданды қамтып, одан
шыққан түтін 6млн.км2-ге аймаққа таралды. Атмосфералық ластанудың
антропогенді (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу
энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы т.б. жатады.
Тек өндірісті кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын
мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады. шикізат материалдар, құрал-
жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға
таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар,
шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық,
ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны
ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын –энергетика ресурстарының
түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға
байланысты келеді.

Атмосферадан тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%
көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластанғыштар қатарына
кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған
қосылыстар кездеседі. Бірақ та олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни
тонналар атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе),
көміртек оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, әртүрлі ұшпа көмір
сутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер
Атмосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Ауа құрамы
Ауа – экологиялық фактор
Атмосфера құрамы
Ауаның құрамындағы көмір қышқыл газының мөлшерін анықтау
Атмосфера, биосфера, гидросфера
Адам организміне жоғарлатылған және төмендетілген атмосфералық қысымның әсері
АТМОСФЕРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ГАЗДЫҚ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ
Биосфераның пайда болуы
Пәндер