Өндірістің даму қарқыны және қоршаған ортаға түсетін салмақ


Мазмұны

  1. Биосфера туралы түсінік.
  2. Биосфера эволюциясы.

Кіріспе

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында В. И. Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен эко жүйе екнін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа өсімдіктермен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс-әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.

В. И. Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап айтты:

1. тірі заттек

2. тіршілік (биогенді ) заттегі

3. өлі (енжар) затек

4. биологиялық енжар заттек және т. б.

Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтыгын тірі заттек деп атай отырып оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды. В. И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.

1 Биосфера туралы түсінік.

Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы 19 және 20 ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелденген орыс ғалымы В. В. Докучаев.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында В. И. Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен эко жүйе екнін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа өсімдіктермен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс-әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.

В. И. Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап айтты:

1. тірі заттек

2. тіршілік (биогенді ) заттегі

3. өлі (енжар) затек

4. биологиялық енжар заттек және т. б.

Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтыгын тірі заттек деп атай отырып оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды. В. И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.

Биогенді заттектер организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен кұрылгған және өңделген заттектер. Олар өте күшті потенциалды энергия көзіне жатады, тірі организмдердің тіршілік әректі өнімдерінен тұрады немесе олардың шіріген қалдықтары (әктас, ақбалшықты жыныс, жаңғыш тақтатастар, қазба көмірлер, мұнай және т. б. ) болып табылатын органогенді жыныстар.

Биологиялық енжар заттектер ерекше топтың бірі. Олардың түзілуіне бір мезгілде тірі организмдер мен өлі заттектерде жүретін процестер қатысады.

Енжар заттектерде жүретін процестерге организмдердің қосатын үлесі өте зор. Ғаламшардың енжар заттектеріне топырақ, желге мүжелетін топырақ жамылғысы, барлық табиғи сулар жатады, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттектердің әрекетіне байланысты келеді.

Биосфера, сонымен, заттектер айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен эко жүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат. Оның шекарасы Жер бетіндегі 20-25км деңгейден (атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11км мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылып таралған.

Биомасса, өнімділік және биосфераның негізгі функциясы.

Биосферанның жалпы биомассасы(құргақ заттек есептелінген) шамамен 2 трлн. т, ал биомассаның әр жылдық өнімі осыдан 10 се аз келеді. Биосфераның тірі заттегінің 99, 5 пайызы жер бетіндегі өсімдіктердің биомассасына кұрылады.

Биосфераны сипаттайтын энергияның жалпы ағыны күн сәулесінен және жақын орналасқан денелерден таралатын ұзын толқынды жылу сәулесінен құрылады. Сәулелердің екі түрі қосылып ортаның климаттық жағдайын анықтайды, бірақ тірі құрауыштарды энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтезге тек күн сәулесі энергиясының шағын бөлігі ғана пайдаланылады. Осы энергияның есебінен әр экожүйенің негізгі немесе бастапқы өнімі түзіледі.

Фотосинтез дегеніміз заттектер мен энергияны Жерде жинақтайтын негізгі процесс, оның нәтежесінде СО 2 мен Н 2 О -дан органикалық заттектер және өттек түзіледі.

Газдық функция- фотосинтез процесі және дем алу арқылы тірі организмдерқоршаған ортамен оттек пен көмір қышқыл газымен алмасып отырады. Қазіргі кезеңдегі атмосфераның тұрақты газдық құрамының қалыптасуына және ғаламшардың геохимиялық эволюциясында тотықсызданған ортаның тотыққанға ауысуында негізгі рөлді атқарған өсімдіктер. Өсімдіктердің арқасында барлық биоталарға қажетті өттек пен көмір қышқыл газдарының мөлшері оптималды денгейде ұсталып тұрады.

Концентрациялық функция. Тірі организмдер ауаның көп көлемі мен табиғи ертінділерді өз денелері арқылы өткізіп, химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының биогендік миграциясы мен шоғырлануы жүзеге асырылып отырады.

Тірі заттектердің тотығу-тотықсыздану функциясы элементтердің биогендік миграциясымен және заттектің шоғырлануымен тығыз байланысты.

Фотосинтез процесінің нәтижесінде түзілген органикалық заттектер өсімдіктің өзінің немесе өсімдікпен коректенетін басқа организмдерге энергия көзі болып саналады, себебі олар өздерінің тіршілігіне қажетті коректі заттектерді өсімдіктен алып, өздерінің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

2 Биосфера эволюциясы.

Қазіргі биосфераның қалыптасуы ғасырлар бойы орын алган эволюцияның нәтижесі. Биосфера эволюциясы дегеніміз түрлердің және олардың арақктынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаган екінші бір түрлердің пайда болуы құбылыстары.

Биосфера эволюциясы биотадан бұрын болған, химиялық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен және дұрысын айтканда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатылары төменде келтірілген.

Биоталық эволюциядан бұрынғы кезеңнің біртіндеп алмасып отырған сатылар:

1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі(шамамен 4, 5 млрд. Жыл бұрын) . Алгашқыда пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін болған, сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, амияктан баска да жәй қосылыстардың болуы мүмкін.

2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттектердің абиоталық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидрофера құралды, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділердебірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.

3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әртүрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртектің, азоттың, сутектің, оттектің жәй қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсулері арқылы органикалық қосылыстар түзілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықсыз және аз қалдықты технологиялар
Табиғатты тиімді пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық маңызы
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Биосферадағы заттар айналысы
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасы
ЖШС Атырау жолдары негізгі қызметі
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы
Көліктік кәсіпорындардың суды ластау түрлері
Табиғатты пайдалану экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz