Популяция экологиясы және популяция


Мазмұны

І. Кіріспе . . . 3

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Популяция экологиясы және популяция құрылымы . . . 5
  2. Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер . . . 6

Қорытынды . . . 13

Қолданылған әдебиеттер . . . 14

Кіріспе

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық территориясында тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтер жиынтығы. Популяция латынның «попилус» - халық, топ» деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, арсалдың көлеміне т. б. көптеген себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан - жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М. Гиляров, А. Я. Яблоков, т. б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі тұрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С Шварц (1969) популяция дегеніміз - «Орта жағдайларының өзгерісіне ұзақ уақыт бойы өзінің тұрақты санын ұстап тұратын бір түрге жататын организмдердің элементарлы топтары» деп анықтама береді. Ал А. В. Яблоков өзінің еңбегінде « . . . белгілі бір территорияны мекендейтін бір түрге жататын организмдердің эволюциялық даму жолы ұқсас топтары» дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа көзқарасты анықтама беруге тырысады.

Популяция - белгілі бір территорияны мекендейтін шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік ішінде күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген факторлар тіршілік етеді. Олар бір - бірінен - жергілікті, экологиялық, графикалық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесінде негізделеді.

Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзініңбелгілі құрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Папуляция құрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал папуляцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяция тән қасиеттерге өсу, даму, еңбек, орта жағдайлардың өзгерісіне бейімділігі, гинетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады.

Элементарлы (жергілікті) аскуляция - табиғатта бірегей кішігірім территорияларды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементарлы популяциялардың табиғаттағы саны, даму эволюциясы мен ұзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымлығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Популяция экологиясы және популяция құрылымы

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласыпкетуі бір - бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің ұсақтап кетуіне әкеліп соғады.

Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтары болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиын көптеген ормандарда кең тараған. Сондықтан олардың «қарағайлық», «шыршалық» немесе т. б. экологиялық популуциялары көптеп кездеседі. Олар бір - бірмен нашар жекеленгендіктен генетикалық алмасулар элементарлы популяцияларға қарағанда сирек ұшырасады.

Географиялық популяция - географиялық жағдайлары бірдей территорияларды қамтитын, особьтар топтарын құрайтын экологиялық популяциялардан тұрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір - бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физологиялық мінез - құлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша ұзақ жылдар бойы жекеленуі бірте - бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20 - дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене тұрқы оның қандай территорияны популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың ұзақ территорияларға таралуы олардың көптүрділігін және генфонын байытады деп тұжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені әрбір түрөзініңдаму экологиясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыр) кезінде бір - бірімен араласып отырады. Ал өсімдіктер болса тозаңдарының жел арқылы немесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалар қалыптасып отырады. Сондықтан популяцияға экологиялық тұрғыда толық анықтама берілген жоқ. Осы бағытта С. С. Шварцтың көзқарасы қолдауға тұрарлық бағыт. Онда: «Популяция дегеніміз жеке түрдің сандық және сапалық параметрлерімен сипатталатын түр ішіндегі тіршілік формалары ұқсас особьтардың топтары» - деп анықтама беріледі.

Популяцияны сипаттайтын негізгі қасиеттер

Популяцияның табиғаттағы саны мен тығыздығы. Популяцияның саны мен тығыздығы оның қасиеттерін сипаттайтын негізіг көрсеткіш болып саналады. Популяцияның саны дегеніміз - белгілі бір көлемдегі немесе территориялардағы особьтардың жалпы саны. Организмдердің санытабиғатта тұрақты болмайды. Оның аз немесе көп болуы особьтардың өсімталдылығы мен шығынына байланысты.

Популяцияның тығыздығы - белгілі бір көлемдегі немесе кеңістіктегі особьтардың саны мен биомассасының салмағымен өлшенеді. Мәселен, 1 гектардағы шыршалардың саны 150 немесе 1 метр көлемдегі су дафниялардың биомассасы 0, 5 г.

Популяцияның тығыздығы олардың санына байланысты өзгеріп отырады. Тығыздық шексіз өсуі мүмкін емес. Ол үшін особьтардың кең таралуына қолайлы жағдай мен кеңістік болуы керек. Организмдерде кеңістікте таралуы олардың шектеуші факторы кездеспейінше жүре беруі мүмкін. Осыған орай популяцияларды кездейсоқ, біркелкі және топтанып таралу жолдары бар.

Кездейсоқ таралу - тек бірегей ортаға тән құбылыс. Мәселен, егістіктерде жанкес жәндіктердің таралуы алғашында кездейсоқ болғанымен бірте - бірте көбейе түсіп, топтану немесе шашыранды таралу сипат алады.

Организдердің топтанып таралуы жиі кездеседі, әрі кездейсоқта болуы мүмкін. Мысалы, ормандарда ағаштар алғашында топтанып кездессе, бірте - бірте өсе бастайды. Өсімдіктердің таралуы спора, тұқым, жеміс арқылы жүзеге асады. Ал, жануарлардың таралуы активті немесе пассивті болуы мүмкін. Мәселен, активті таралутүлкі, бұғы, т. б. тұяқты аңдарда жиі кездеседі. Пассивті таралу көбінесе баяу қозғалатын жануарларға тән. Активті таралатын организмдерде шекаралық шектеу болмай қалады, ал пассивті организмдерде айқын байқалатын шекарада ареалдар жиі кездеседі. Олардыбіз қос мекенділер, бауырымен жорғалаушылар, мадлюскалар тіршілігінен көреміз.

Популяциялардың ареалының кең немесе тар болуы организмдердің дене мөлшері, қозғалу активтілігі, қорек қорына, т. б. көптеген абиотикалық факторларға байланысты болады. Мәселен, кәдімгі шөптесін жерлерде насикомдардың саны мыңдаған особьқа жетуі мүмкін. Ал керісінше, ірі хайуандар мен үлкен ағаштардың популяцияларын саны мен тығыздығының тұрақты болмауы адамдардың іс - әрекетіне де тығыз байланысты. Сол сияқты қоректі факторлардың да рөлі ерекше. Оны біз ақ тиін, қырғауыл, т. б. организмдердің табиғаттағы саны қорек аз бөлігін жылдары құрт азайып кетітенен байқаймыз. Сондықтан табиғатта популяциялардың саны әрқашанда тұрақты болмайтыны заңды құбылыс. Бірақ кейбір жағдайларда популяциялардың саны бір бағытта күрт көбейіп немесе азайып кетуі мүмкін. Бұл процестер табиғатта жиі кездеседі. Оның себептері көп. Оларға - тұрын генетикалық шығу тегі, орта факторлары, өсу жылдамдылығы, бәсекелестік қоректің мол болуы т. б. жатады.

Популяциялардың табиғаттағы санын өзін - өзі реттеу мүмкіндігі бар. әрбір түрдің көбеюінің жоғарғы және төменгі шегі болады. Одан әрі түр көбейе алмайды. Сондықтан кез келген популяция өзінің сан мөлшерін оптимальды (қалыпты) жағдайда ұстап тұруға тырысады. Организмдердің табиғаттағы санының ауытқуының тәуліктік және маусымдық кезеңдерін байқауға болады. Мәселен, ұзақ сүт қоректілер, кеміргіштер, кейбір құстар мен насекомдардың өсуі, көбею потенциалы өте жоғары болады. Кеміргіштер бір маусым ішінде 300 - 500 есе, ал кейбір насекомдар 1300 - 1500 есе көбейетіні ғылымға мәлім. Мұндай құбылыстар, әсіресе, шегірткелерде, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары, вирустар мен бактериялар өмірінде жиі кездесіп, ауыл шаруашылығына немесе адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.

Популяциялардың табиғаттағы санының күрт азайып кетуі де қалыпты жағдай емес. Кей жағдайда популяциялар сиреп, бірте - бірте құрып кетуі мүмкін.

Популяцияларының табиғаттағы санының қайталанбайтын, тұрақты, сирек қайталанатын, ырғақты қайталаанатын, тұрақты қайталанатын жағдайларын кездестіруге болады. Мәселен, тұрақты қайталанбайтын ауытқулар тарихта бірнеше мысалдар арқылы көрініс берген. Американдық шабақ балықтарды аулау 1900 жылдан бастап жыл сайын 2000 т болған. Одан соң оны аулау бірнеше жыл бірден 98% кеміп кеткен. Ал, 1914 жылдан бастап тағы да жылына 2500 т шабақ аулана бастаған.

Табиғатта кездесетін мұндай құбылыстарға ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында Ресей жеріндегі жұпсыз түн көбелегінің, Австралия жеріндегі қоян мен Лавая аралындағы опунция кактусының, Еуразияға кең таралған колорада қооңызы мен амброзия арамшөбін мысалға келтірге болады. Организмдерде сирек кездесетін мұндай құбылыстар көбінесе олардың жаңа ортаға түсуімен байланысты екені көңіл аударарлық жағдайлар. Оның бірден - бір басты себебі, жаңа ортаға кездейсоқ жолдармен келген организмдердің көбінесе тұқымы, жемісі, жұмыртқасы немесе ересегінің келіп түсуі. Нәтижесінде, организмнің бұрынғы мекенінде оның ғасырлар бойы бейімделген табиғи жаулары, паразиттеті, ауруларын туғызушылар, бәсекелестері, т. б. реттеушілерінің қалып қоюында екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.

Популяциялардың өсімталдығы, өлім - жітімі (шығымы) және таралуы мен орын ауыстыруы олардың табиғаттағы сан мөлшерінің ауытқуына тәуелді болып келеді.

Организмдердің көбею мүмкіндігі өте жоғары. Оны организмнің биотикалық потенциалы дейді. Ғалымдар кейбір организмдердің теориялық өсімталдылығын зерттеген кезде көптеген қызықты фактілерге көздері жеткен. Мәселен, бактериялар әрбір 20 минут сайын көбеюге қабілетті болған. Егерде олардың көбеюіне ешбір кедергі болмаған жағдайда 36 сағат ішінде бүкіл жер шарын қаптап кететіндігі дәлелденген. Сол сияқты кәдімгі бақбақ өсімдігін бір тал тұқымының популяциясы, жер шарына 10 жыл ішіде таралып кететін көрінеді. Ал, балықтар уылдырығын он мыңдап шашқанымен оның небері 2 - 3% ғана тірі қалады, Насекомдардың көбі жүздеп, мыңдап жұмыртқа салғанымен оның аман қалу мүмкіндігі 0. 32% деп есептеледі. Аталған фактілер организмдердің шын мәніндегі тірі қалу мүмкіндігінің өте аз екендігін дәлелдейді.

Организмдердің табиғаттағы сан мөлшері олардың шығынына да көп байланысты. Популяцияның шығыны (өлім - жетімі) дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы өлген особьтарының саны. Организмдердің шығыны орта жағдайларына, қорекке, ауруларға, популяцияның жас ерекшеліктері мен т. б. көптеген факторлары тәуелді болып келеді. Кейбір организмдердің шығыны жас кезінде жоғары болса, ал біразы ересек кездерінде көбірек өледі.

Организмдердің жалпы шығынын үш типке жіктеп қарастыруға болады. Яғни, организмдердің тірі қалу мүмкіндігінің 3 типі бар. (1 - сурет) .

1 - сурет. Тірі қалу мүмкіндігі.

Тірі қалу мүмкіндігінің бірінші типі көбінесе шығындарға, тірі сүтқоректілерге, ағаштарға, адамдарға тән. Бұл жағдайда организмдердің өмір ұзақтығы біркелкі дами келе ең соңғы жылдары (кәрілік кезеңі) қысқа уақыт аралығында шығын күрт көбейіп кетеді. Әрине, бірінші тип әрбір организмнің шығу тегіне, жасының ұзақтығына, жынысының ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.

Екінші типке жататын организмдердің өлім - жетімі өмірінің ұзынына бойында тұрақты болатын түрлерге тән. Бұларға тұщы суларда тіршілік ететін ішек қуыстылар жатады әрі сирек кездесетін құбылыс.

Үшінші типте көптеген организмдердің өкілдерін қамтиды. Оларға тән белгілер - организмдердің өмірінің бастапқы кезеңінде особьтардың шығынының өте көп болуы. Мәселен, балықтар, құстар, омыртқасыз жануарлар шексіз көп ұрпақ береді. Өсімдіктер өте көп тұқым мен ұрпақ беруге ұмтылғанымен олардың өлім - жетімі керісінше 90- 95% ке жетеді. Организмдердің тірі қалу мүмкіндігін білу популяциялардың пайдалы немесе зиянды түрлерімен теориялық зерттеулер мен тәжірибелер жүргізгенде маңызы зор.

Организмдердің өсімталдылығы және шығынымен қатар олардың кеңістікте таралуы (миграция) да таиғаттағы саны немесе тығыздығына тікелей әсер етеді. Популяция өзінің бар мүмкіндігінше ареалын кеңейтуге тырысады. Ол көбінесе жаңа ұрпақтардың саны мен тығыздығына байланысты. Бірақ та, популяциялар өзінің ареалын шексіз кеңейте алмайды. Өйткені, жаңа жерлерде немесе жаңа орта олардың бұрынғы мекеніндей қолайлы болмайды, әрі шектеуші факторлар кедергі келтіреді.

Популяциялардың тұрақты, өсімтал және өте сирек кездесетін типтерін ажыратуға болады. Тұрақты популяцияларды организмдердің тууы мен шығыны тепе - теңдік сақтап кезектесіп келіп отырады. Сол сияқты популяциялардың тұрақты болуы генетикалық тарихи, биологиялық жағдайларға да байланысты.

Табиғатта популяциялардың тұрақты болуы особьтардың тууы мен иммиграциясына және шығыны мен эмиграция жағдайына да байланысты. Иммиграция кезінде организмдер особьтері популяция құрамына қосылып отырса, ал аммиграция бойынша кеміп азайып отырады. Аталған факторлар үйлесімді әрі кезектесіп отырған жағдайда популяция өзінің тұрақтылығын ұзақ уақытқа сақтауы мүмкін. Сонда ғана біз популяцияны тұрақты дей аламыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Популяциялар экологиясы - демэкология
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Жалпы экология
Демэкология популяциялар экологиясы
Экологиялық мәселелер жайлы
Популяциялар экологиясы туралы
Популяция тығыздығы
Дара организмдер экологиясы
ПОПУЛЯЦИЯ ЭКОЛОГИЯСЫ
Экология ғылымының даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz