Экожүйе және экожүйелер


Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Экожүйе және экожүйелер
  3. Қазақстандағы экожүйелер
  4. Қорытынды
  5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли ұсынды. А. Д. Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т. б. ) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.

Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді.

Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т. б. болып табылады.

Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:

- микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі) ;

- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ)

Экожүйе және экожүйелер

Экожүйе экожүйедегі жағдайының ішіндегі қайтымсыз құрауыштардың құрылымдық өзара үдерістерсіз бірқатар тозуының функционалдық байланыстың қауымдастық- жеке белгілері сипаттамалары қайтымсыз тар құрылымы- болуы мүмкін бұзылуы ның бұзылуы.

Трофикалық жүйе - Фитофагтар- Фитофагтар Тұрақты (ауыт- үлес массаның дың үлес үлес қулар норма өзгеруі массасының массасының шегінде) 50%-ға ар- 20%-ға артуы, туы, зоофазоофагтар мен тар мен сап- сапрофагтар- рофагтар дың үлес үлес масса-массасының сының 50%-20%-ға азаюы ға азаюы 10) аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде өсімдіктердің жай-күйін бағалау үшін көрсеткіштер.

Кез келген табиғи экожүйенің биотикалық құрауышы ретінде өсімдіктер экожүйенің құрылымдық-функционалдық ұйымдастыруында және оның шекарасын анықтауда шешуші рөл атқарады. Өсімдіктер тек қана қоршаған ортаның бұзылуына өте сезімтал емес, сондай-ақ антропогендік әсер ету нәтижесінде аумақтың экологиялық ахуалының өзгеруін неғұрлым көрнекі көрсетеді. Өсімдіктердің жай-күйін бағалау критерийлері географиялық жағдайларға және экожүйелердің типтеріне байланысты айрықшаланады. Бұл ретте өсімдік жамылғысының құрылымындағы да (тамырлы қауымдастықтар ауданының кемуі, ормандылықтың өзгеруі), өсімдік қоғамдастығы мен жеке түрлердің (популяциялар) деңгейіндегі де қолайсыз өзгерістер ескеріледі: түрлік құрамның өзгеруі, қауымдасу мен доминанттар ценопопуляцияларының жастық спектрінің нашарлауы.

Түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы - негізгі антропогендік факторларға жоғары сезімталдық білдіретін экожүйе жай-күйінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Антропогендік әсердің нәтижесінде қолайсыз түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы төмендейді, ал оң түрлер-индикаторларда - артады. Антропогендік жүктеменің шекті мәні түр-индикатор популяциясы тығыздығының 20%-ға, ал сыни мәнінің - 50%-ға төмендеуін (немесе артуын) есептеген жөн.

Ценопопуляцияның (ЦП) елеулі параметрлерінің бірі жастық аспекті - ЦП-ға әртүрлі жас жағдайындағы дарақтардың қатысу үлесі. Жас жағдайы морфологиялық белгілер кешенінің негізінде не оны анықтау көп қиындық тудырмайтын жағдайда абсолюттік жас негізінде белгіленеді.

Параметр антропогендік әсерлердің әртүрлі нысандарына - тура да (жаю, бұтау, техногендік әсер етулер), жанама түрде де - экотопты өзгерту арқылы ден қояды.

Өсімдіктердің жай-күйін тіршіліктің табиғи ортасына антропогендік жүктеме деңгейінің индикаторы ретінде қарастыруға болады (техногендік шығарындылармен ағаштардың немесе қылқан жапырақтардың зақымдануы, жайылым өсімдіктерінің жобалық жамылғысының және өнімділігінің кемуі) .

Жобалық жамылғының өзгеруі өсімдіктерге антропогендік әсердің әртүрлі типтерінің нәтижесінде болады, олардың ең бастылары фитоценоздың механикалық бұзылуы (жаю, рекреация және т. б. ) және популяция түрлерінің тіршілік ету жай-күйінің метаболизм және су теңгерімі үдерістерінің өзгеруі арқылы өзгеруіне әкеліп соғатын химиялық әсер ету болып табылады.

Негізгі орман құраушы түрлер сүрегінің ағаштарының кемуі қанағатсыз орман шаруашылығы қызметінің нәтижесінде орман экожүйелерінің тозу процесі туралы куәландырады.

Орман өрттері орман экожүйелерінің ауқымды аудандарының тозуына әкеліп соғатын қауіпті фактор болып табылады. Орманның қайта қалпына келуі кемінде 10 жыл ішінде жүретін ауқымды өртеңдер экожүйедегі қайтымсыз өзгерістердің белгісі болып табылады. Орман дақылдарының жай-күйін бағалаған кезде аумақтың өңірлік ерекшеліктерін, ең алдымен, орманның табиғи қалпына келу мүмкіндігін ескеру қажет.

Агроценоз жай-күйінің кейбір критерийлері аумақтың тұтастай алғанда қолайсыз экологиялық жағдайы туралы куәландырады: егістерде зиянкестердің дамуы, егістердің жойылуы және басқалары. Бұл критерийлерді пайдаланған кезде міндетті түрде егістердің жойылу себептерін көрсету және картада қолайсыз өзгерістердің ареалдарын көрсету қажет.

Қорықтар өсімдіктерінің зақымдануы тіршілік ету ортасындағы қосалқы өңірлік және өңірлік сипаттамаға ие өзгерістер туралы куәландырады. Өсімдік жамылғысының сапалы және сандық сипаттамаларының өзгеруі тек қана өсімдік қоғамдастығының табиғи жай-күйімен салыстырғанда объективті түсіндіріле алады. Бұл ретте аялық деп зерттелетін аумаққа өзінің табиғи-ландшафттық сипаттамалары бойынша ұқсас салыстырмалы бұзылмаған учаскелер түсініледі.

аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде фаунаның жай-күйін және жануарлардың гендік қорының өзгеруін бағалау үшін көрсеткіштер

Жануарлар дүниесі жай-күйінің критерийлері және көрсеткіштері зооценоз және жануарлардың жеке түрлерінің (популяциялардың) деңгейінде қарастырылады.

Тұтастай алғанда зооценоздың жай-күйін бағалау критерийі ретінде, алуантүрліліктің өзгеруін осы критерий молшылықты бағалаумен байланысты, ал көптеген жануарлардың саны циклдық өзгерістерге ұшырайтындығын ескере отырып есептеу қажет.

Экологиялық төтенше қанағаттанарлық зілзала экологиялық жағдайы. Биологиялық алуан түрліліктің азаюы, 50-ден астам 50 - 5 5-тен кем бастапқыдан %. Антропогендік жүктеменің түрі-индика-50-ден астам 50 - 20 20-тен кем торы популяциясының тығыздығы, жылдық кезеңді салыстырып бағалау үшін уақытша қадамды анықтау қажет. Әртүрлілікті бағалау мына формула бойынша есептелетін Симпсон (D) критерийі бойынша жүргізіледі: мұнда P1 . Pn - бірлік үшін алынған жиынтық молшылықтағы әрбір түрдің үлесі. Осы бағалауды жүргізу үшін барлық фауна бойынша деректерді пайдалану міндетті емес, олар бойынша сенімді ақпараты бар түрлердің өзіндік топтарын талдаумен шектелуге болады.

Жануарлар түрлерінің шаруашылық-маңызды түрлерінің өзгеруі орташа есеппен 10 жылдық бөлік үшін абсолюттік сан бойынша деректерді пайдаланып бағаланады және статистикалық өңдеуді талап етеді. Антропогендік жүктеменің түрлері-индикаторлары популяциясы тығыздығының өзгеруін бағалаған кезде олардың әсерге әртүрлі ден қоюын ескеру қажет: орнықты түрлердің популяциясы өзінің санын арттыратын, ал антропогендік жүктемеге сезімтал түрлер популяциясы оны кемітетін болады.

аумақты бағалау үшін биохимиялық көрсеткіштер

Биохимиялық тұрғыдан экологиялық қолайсыз аумақтарды қоршаған табиғи ортаның құрамдас бөлігінің химиялық элементтік құрамының күрт өзгеруімен биохимиялық провинциялар ретінде қарастыруға болады. Бұл провинциялардың шығу тегі тек қана табиғи емес, техногендік де болуы мүмкін.

Аумақтың экологиялық жай-күйін бағалау үшін ортаның әртүрлі құрамдас бөліктерінде C:N, Ca:P, Ca:Sr құрамы қатынасының өзгеру көрсеткіштерін, сондай-ақ сынама алаңдарынан өсімдік шабындарындағы және өсімдіктердегі уытты және биологиялық белсенді микроэлементтер құрамының деңгейін пайдалану ұсынылады.

Орман дала. Қоңыржай белдеудегі орманды дала экологиялық жүйе Батыс Еуропаның көпшілік жерін, Шығыс Еуропа жазығын, Орал, Батыс Сібір, Орта Сібір таулы үстірттерін, Қиыр Шығыс алқабын алып жатыр.

Қазақстан жерінде орманды дала экологиялық жүйесіне Солтүстік Қазақстан облысы, Көкшетау облыстарының Солтүстік аудандары кіреді. Басқаша айтқанда жалпы сырт қыратының солтүстігі осы жүйеге жатады. Ол Республика территориясының 7 пайызын алып жатыр.

Ормандарда бұлан, елік, сусар, ақ тиін, құстар, ашық далада атжалман, саршұнақ, сиыр, қоян, безгілдек, түлкі, қасқыр т. б.

Орманды дала қойнауы, темір рудасына, мұнайға, фосфорға құрылыс материалдарын шығаратын шикізат қорларына өте бай.

Дала - ормансыз негізінен жазық, жайылым өңірі. Бұл экологиялық жүйеге Қазақстан териториясында Каспий маңы ойпатынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км - ге созылған үлкен алқар кіреді. Республика жүйесіне 20 % далалық экологиялық жүйеге жатады. Ақмола, Павлодар, Көкшетау облыстары, Ақтөбе облыстарының шығысының, Қостанай облысының оңтүстігі, Семей облысының солтүстігі рудалары осы жүйеге кіреді. Климаты қуаң және құрғақ, жауын - шашын орта мөлшері 220 - 310 мм. шамасында, жылы күндер саны 135 - 170, қуаңшылық жылдар солтүстікте 2-3 жылда, оңтүстікте 1-2 жылда қайталанып отырады.

Топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қаратопырақтан, қара қызыл қоңыр, қызыл қоңыр топырақ түрлене ауысып отырады.

Оңтүстік бөлігінде төбешіктер, аласа таулар, кездеседі. Қазақ даласында ерекше шөп, бетеге ойпаттау келген ылғалды жерлерде жоңышқа, бидайық, сор жерде ақ жусан, қара жусан, ақбас сортаң шөптер өседі. Өзендер жағалауында тепек ақ қайың, тал түрлері өседі.

Қазақстан даласы - пайдала қазба кендер қоймасы болып есептеледі.

Шөл. Бұл экологиялық жүйеге жататын алқаптар шөлейт жүйенің қоңыржай, субтропиктік және пропиктік белдеулерінде кездесе береді.

Жер шараның 2 % ғана шөлді өлкеге жатса, Қазақстан Республикасы территориясының 400% осы алқапқа кіреді. Солтүстік еңдіктің 48 градусынан төмен жатқан Қазақстан жерінің кең бөлігі шөлді өлке болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйенің тұжырымдамасы
Экожүйе құрылымы
Экожүйелер экологиясы
Экожүйелер тұжырымдамасы
Экожүйенің жіктелуі
Экожүйе түсінігі
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы
Биоценоза, биогеоценоза және экожүйе түсініктері
Экожүйелік қызметтердің мысалдары
Экожүйелердің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz