Қазақтың жыр дүлдүлі Қашаған


ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақтың жыр дүлдүлі Қашаған
2. 2. Қашаған Күржіманұлы дастандарындағы халықтың көне тарихы мен шежіресі
2. 3. Қашаған Күржіманұлының «Адай тегі» дастанын талдауІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Қашағанға өз халқының басындағы жағдай, елдегі ауыртпалық жақсы таныс. Сондықтан ол бұқара халықтың ақыны болды, халыққа арқа сүйеді. Қанағатсыз бай мен биді, жебір болыс пен дүмше молданы өткір тілмен өлтіре сынап отырды. Оның ел арасына кең тараған өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны». Атақты Құрманғазы күйші мен Қашаған ақын қыстың бір күнінде жолаушылап келе жатып «Елпілдекті» деген аралдағы бір ауылға кез болады. Мал бағып жүрген қойшыдан күннің батып қалғанын, шаршап келе жатқандарын айтып, қондыратын үй болса дейді. Сонда қойшы: - Анау көрініп тұрған Есқали сұпының ауылы. Құдайдың адамы ғой, кет деп айтпас, - дейді. Есқали сұпының үйіне келіп сыртта жүрген келіншекке жөнін айтса, ол «Қаңғып жүргендерге тіккен үйіміз жоқ» деп Қашағанды қарға итеріп жіберіпті. Шамырқанған ақын «Жаз болса мен осы үйге қонбас едім» деп басталатын атақты өлеңін осы жолы айтады.
Қайсар тілді Қашаған бет-жүзің бар демей айтарын тура айтады, сондықтан да байсымақтар мен жандайшаптар одан именеді, ал қара халық ақынды құрметтеп, қадірлейді. Қашағанның айтыс жанрында да қолтаңбасы мол. Бізге белгілісі - оның Ізбаспен, Нұрыммен, Ізім шайырмен айтыстары. Қашекеңнің Нұрыммен айтысы білім сынасу ретіндегі айтыс болса, Ізбаспен айтысы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеудің үлгісі. Ақынның «Адай тегі» дастаны аңыз-хикая түрінде жырланса, «Топан» шығармасында халықтың мұңы сөз болады. «Атамекенде» жоңғар басқыншылығы кезіндегі халық өмірінің бір кезеңі жырланады. Қашаған өзі төкпе ақын болғасын ба, өзгелердің де суырып салма ақындығын дәріптеген. Оның сүйікті шәкірттерінің бірі Сәттіғұл жырау жырлар алдында сәл ойланып барып ағытылатын болса керек. Қашаған оған: - Жау сен атады деп күтіп отыра ма? Айтқыш болсаң, оғыңды сол бойда сеуіп жібер. Ақпа ақын табан астында селдете құйып жіберуі керек, - дейді екен.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Қазақтың жыр дүлдүлі Қашаған
Кіші жүз қазақтарының табын, адай, шекті сияқты бірқатар руларының сауда айырбасы, қоныс жағдайымен ХVIII ғасырдың аяқ шенінен ХIХ ғасырдың 50-жылдарына дейін Хиуа хандығымен байланыс жасағаны тарихтан мәлім. Мал шаруашылығымен айналысқан қыр елі табиғат сұрапылы - алапат жұттан кейін күнкөріс малынан айрылып, кентті, кәсіпті, егінді аймаққа үдере көшетін. Маңғыстау қазақтарының біразы осындай себептермен өткен ғасырда Хожелі, Хорезм жеріне қоныс аударған. Олардың бір бөлігі Ташауыз (Түрікмен ССР-і) қаласының маңын мекендеген. Қашаған осы Ташауыз қаласына шектес қазақ ауылында 1841 жылы қаңтардың 7-сінде дүниеге келген. Әкесі Күржіман кедейлікпен күн кешкен. («Қашаған», Алматы. «Жалын» баспасы, 1991 ж. ) .
Әкеден бес жасында жетім қалған Қашаған қабырғасы қатпай жатып кедейлік, жетімдік тауқыметін тартады. Кейін сол кезді ақын:
«Анам көрді жесірлік,
Өзім көрдім жетімдік,
Сөйтіп басым қаңғырды» деп еске алады. Әкесі Күржіман өлген соң ауыл ақсақалдары ескілікті салт-дәстүр бойынша анасы Ырыстыны қайнағасы Сәрсенбайға атастырады да, Қашаған жастай соның тәрбиесінде болады. Хиуа хандығының жергілікті әкімдерінен қысым көріп, күнелтісі қиындаған қазақ ауылдарымен бірге Сәрсенбайлар да Жем өзенінің Каспийге құяр саласындағы Қараөзекке көшеді. Бұл кезде он төрт-он бес жастағы Қашағанды батағадан (ватага - балықшылар қосы) балық аулап талғажау еткен шиеттей бала-шағалы Сәрсенбайдың халі қатты толғандырады. Көп ұзамай анасы дүние салады. Енді әкеге салмақ болудың жөні жоқ деген оймен бала Қашаған Көкжар жәрмеңкесіне барады. Сергей деген саудагерге жалданып, Текеге мал айдайды. Бұғанасы қатпаған жас бала үйсіз, күйсіз көп азап шегеді.
Сөйтіп жадап-жүдеп, көпестің піркәншіктерінен зәбір көріп жылап жүрген балаға ақындық өнер қонады. Қашағанға ақындықтың қонуы туралы оның немере інісі, жыршы Шәдіман Үсембаев былай дейді: « . . . Жаз. Шілде. Өкшесі ойылып, табаны сойылып, мал соңында азап шегіп, арып-ашқан Қашаған бала таяғын жерге шаншып, шапанын күрке етіп жата қалса, көзі ілініп кетеді. Түс көреді. Түсінде бір қара кісі келіп, баланы қолынан тартып тұрғызып: «Дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба?» - деп сұрайды. «Бергеніңді аламын» дейді Қашаған. Қара кісі қолын жайып бата береді: «Өнер бердім, елге шаш», - дейді. Қашаған бұдан былай суырып салма ақын болады». («Қашаған», Алматы. «Жалын» баспасы, 1991 ж. ) .
Баласының азамат болып, жалшылық сапардан табысты оралғанына қуанған Сәрсенбай той жасайды. Қашаған осы
тойда елден кеткен күнінен бастап оралғанына дейінгі басынан кешкенін өлеңмен айтып шығады. Содан бастап Қашағанның ақындық атағы елге танылады. Ол бағзы өнерпаздар дәстүрімен көп елді аралап, Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық, Қобда, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлайтын елдердің бәрінде болады. Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Балаораз бен Қоспақ, Қашқынбай мен Ізім шайыр, Нұрпейіс пен Мұрын, Өмір мен Ығылман сияқты айтулы өнер саңлақтарымен кездеседі. «Адайдың жеті қайқысы» атанған Әділ, Шолтаман, Тастемір, Досат, Жылкелді, Өскінбай, Тұрсын сияқты әнші, күйшілермен кездеседі. Қашаған Күржіманұлын көп зерттеген ғалым Қабиболла Сыдиықов ақынның ел аузындағы мұраларын топтастырып, кітап етіп шығаруда көп еңбек сіңірді.
Қашағанға өз халқының басындағы жағдай, елдегі ауыртпалық жақсы таныс. Сондықтан ол бұқара халықтың ақыны болды, халыққа арқа сүйеді. Қанағатсыз бай мен биді, жебір болыс пен дүмше молданы өткір тілмен өлтіре сынап отырды. Оның ел арасына кең тараған өлеңдерінің бірі «Есқали сұпыға айтқаны». Атақты Құрманғазы күйші мен Қашаған ақын қыстың бір күнінде жолаушылап келе жатып «Елпілдекті» деген аралдағы бір ауылға кез болады. Мал бағып жүрген қойшыдан күннің батып қалғанын, шаршап келе жатқандарын айтып, қондыратын үй болса дейді. Сонда қойшы: - Анау көрініп тұрған Есқали сұпының ауылы. Құдайдың адамы ғой, кет деп айтпас, - дейді. Есқали сұпының үйіне келіп сыртта жүрген келіншекке жөнін айтса, ол «Қаңғып жүргендерге тіккен үйіміз жоқ» деп Қашағанды қарға итеріп жіберіпті. Шамырқанған ақын «Жаз болса мен осы үйге қонбас едім» деп басталатын атақты өлеңін осы жолы айтады.
Осы өлеңінде: «Кетенің «кет» деп отыр келіншегі, Кетуге ұстап отыр еріншегім. Жас жігіт «қонам» десе «қон» дер едің, Ұстар еді сонда сенің көңілшегің» - деген ақынды сұпының баласы жүгіріп шығып ішке кіргізеді. Сәлден кейін сұпының өзі келіп, Қашағанның домбырасымен ойнап жүрген немересінің қолынан домбыраны жұлып алып: - Ішіңді ұрайын, кімнің ағашы ұстап отырғаның? Мынау немене, домбырасын арқалап шұбырып жүрген, қайдағы жын-жыпыр осы үйге үйір, намаз оқытпайтын болды ғой! - деп лақтырып жібереді. Сәлден кейін атақты Қашағанның осы үйде екенін естіген ауылдың жігіттері сәлем бере келеді. Сонда көптің көзінше «Боқтағаның қай ағаш?» деп қойып, Қашаған надан сұпының сыбағасын әбден береді.
Қашағанның:
. . . Расул пайғамбар қонақпын деп келгенде
Түйесімен арқалап
Құрмет еткен жоқ па еді -
Бір атасы басқа кәпірді!? - деп келетін осы Есқали сұпыға айтқан сөзі өнерге ара түсудің классикалық үлгісі деуге болады. Қашаған осы өлеңінде өзінің діннен де хабары мол екенін дәлелдей отырып, ағаштың да қадір-қасиетін жеріне жеткізе айтады:
Хазіреті Мұса пайғамбар
Теңізге жүзіп жүргенде
Пырақ болды бұл ағаш.
Қараңғыда жарығы,
Шырақ болды бұл ағаш.
Қане, сұпы, сөйлеші
Боқтағаның қай ағаш?
Қашаған Күржіманұлы өз өлеңдерінде сараңдық, екіжүзділік, сухиттық сияқты жағымсыз мінездерді өлтіре сынап, дүниеқоңыз байлардың жиынтық образын да шебер сомдайды. «Бекес байға», «Көптілеу байға айтқаны», «Оразалыға» деген өлеңдер ащы кекесін мен астарлы ойға толы. Сондай-ақ ақынның үлкенді сыйламайтын, әдепсіздікке де жаны қас. Бір тойда өзін менсінбегендей қылық көрсеткен Сақып деген жігітті:
Қаршыға аққуды алғанда,
Жапалақ тышқанды басып қалғанда
О да арланбайтын еді ғой
Дәрежесінің кеміне, - деп сойып - салады.
Қайсар тілді Қашаған бет-жүзің бар демей айтарын тура айтады, сондықтан да байсымақтар мен жандайшаптар одан именеді, ал қара халық ақынды құрметтеп, қадірлейді. Қашағанның айтыс жанрында да қолтаңбасы мол. Бізге белгілісі - оның Ізбаспен, Нұрыммен, Ізім шайырмен айтыстары. Қашекеңнің Нұрыммен айтысы білім сынасу ретіндегі айтыс болса, Ізбаспен айтысы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеудің үлгісі. Ақынның «Адай тегі» дастаны аңыз-хикая түрінде жырланса, «Топан» шығармасында халықтың мұңы сөз болады. «Атамекенде» жоңғар басқыншылығы кезіндегі халық өмірінің бір кезеңі жырланады. Қашаған өзі төкпе ақын болғасын ба, өзгелердің де суырып салма ақындығын дәріптеген. Оның сүйікті шәкірттерінің бірі Сәттіғұл жырау жырлар алдында сәл ойланып барып ағытылатын болса керек. Қашаған оған: - Жау сен атады деп күтіп отыра ма? Айтқыш болсаң, оғыңды сол бойда сеуіп жібер. Ақпа ақын табан астында селдете құйып жіберуі керек, - дейді екен.
Бірде Сүгір жырау Бегендікұлы Хиуа нөкерлерінің шапқыншылығына ұшыраған елдің қасіретіне арнап жыр шығарыпты. Соны тыңдаған Қашаған: - Қарағым-ай, жау бір шапса, сен екі дүркін шапқан екенсің! - депті.
- Неге, Қашеке?
- Сен шапқыншылыққа ұшырап тамтығы қалмаған халықты көрсетіпсің. Елдің еңсесін көтеріп, жаудан кегін алатын батыры қайда? Ошағында сөнбеген оты, көңілінде үміті бар, елдің кегін қуар ұрпағы бар емес пе? - деген екен. Бұл айтылғандардан Қашағанның ақындық, жыраулық өнерде жақсы ұстаз да бола білгенін аңғарамыз. Ақиық ақын І. Жансүгіров «Қашаған - жүйрік жырау, елдің тілі» деп айтса айтқандай, Қашекең өз заманының сезімтал ақыны, сол дәуірдің сұңғыла жыршысы. Оның «Аралбайды жұбатуы» ауыз әдебиетінің классикалық үлгісі деп айтар едік. Осы өлеңнің бойында жеке адамның қайғы-мұңы жалпының қайғысына ұласқандай әсер етіп, жалқыдан жалпыға көшу арқылы ақын философиялық ой түйіндейді.
2. 2. Қашаған Күржіманұлы дастандарындағы халықтың көне тарихы мен шежіресі
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған. Ол жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін ерте тартқан.
Қашағанның шығармалары тұңғыш рет 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында (№5) жарияланды.
Қашаған Күржіманұлының «Топан» дастаны төрт бөлімнен тұрады. Бұл шығармасында табиғат сұрапылына ұшыраған Атырау елінің қыруар малы мен жаны, мекен-жайы суға кетіп, баспана, азық-түліксіз калған қайғылы ел көп қиындық көргені баяндалады. Ақын ел басына түскен сол ауыр күндердің куәсі болып, халық мұңына ортақтасып, осы дастанын жырлаған.
Қашаған заман сырын сезіне алды, халық келешегіне сенді, әйел-ананың қоғамдағы рөлін түсінді, дүниенің мәңгі дамуда екенін, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Ол халық тарихын, дін-шариғат қағидаларын мол білген.
Ақынның құрметіне Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде табылған мұнай мен газдың алып кен орнын Қашаған кен орны деп атады. Бұл кен орны әлемдегі соңғы 40 жыл ішінде ашылған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. Өмірі мен шығармашылығы А. Жұбановтың «Қазақ композитарларының өмірі мен творчествосы» (1942), Қ. Сыдиықұлының «Ақын-жыраулар» (1974), Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиеті. XIII-XIX ғ. ғ. » (1981) деген еңбектерінде және «XIXғ. қазақ ақындары» (1988) деген зерттеулер жинағында қарастырылған. Қашаған - І. Жасүгіровтың «Көбік шашқан» поэмасының басты кейіпкерлерінің бірі. Қашаған шығармаларын өз айтуынан естіп, хатқа түсірген - ақынның немере інілері Көшен Өсербаев пен Шәдіман Үсембаев сияқты жыршылар мен Темірғали Күнтуғанов секілді жинаушылар. Әсіресе ақынның мол мұраларын жинақтауда, қағаз бетіне түсіртуде әрі ҚР ҰҒА-ның қолжазбалар қорына өткізуде ақын Сәттіғұл Жанғабылұлы көп еңбек сіңірді.
2. 3. Қашаған Күржіманұлының «Адай тегі» дастанын талдауҚашаған Күржіманұлы - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі үлкеннен естігенін ойына тоқып, түйсігіне түйген, Махамбет сарындас ақпа ақын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz