Бірінші дүниежүзілік соғыс



Мазмұны

Кіріспе 3
1.тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты 4
2.тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың өту барысы 7
3.тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары 13
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Кіріспе

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең үлкені, әлемнің ірі мемлекеттерін қамтыған және дүние жүзілік соғыстарға негіз салып берген қанқұйлы соғыстардың бірі бірінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыс атаулының ең үлкені болды. Басты мақсаты әлемдік тәртіпті қайта қарау, алпауыт мемлекеттердің ықпал ету аймағын кеңейту, т.б. басқыншылық сипатты қамтыды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер жетерлік. Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай жазылды. СССР ыдырағаннан кейін бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихына жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, әлемдік тәртіпті қайта құру, т.б. мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан, соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге тырыстық.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. История дипломатии. 2-том. – М., 1993.
2. История первой мировой войны. 1914-1918, 1-2-томдар, М., 1975.
3. Первая мировая война. 1914-1918, (сборник статей), М„ 1968
4. Ленин В. И., Соч., 4 изд. (см. Справочный том, ч. І, с 158—66). – М., 1983.
5. Ленин В. И. Алыстан жазылған хаттар, Шығ., 23т.; - А., 1975.
6. Ленин В. И. Европа мен Америка жұмысшыларына хат, Шығ. 23 т. – А., 1975.
7. Тарле Е. В., Европа в эпоху империализма 1871—1919, 2 изд., М.—Л., 1928.
8. Ротштейн Ф. А., Международные отно¬шения в конце XIX века, М.—Л., 1960.
9. Полети к а Н. П., Возникновение пер¬вой мировой войны (июльский кризис 1914 г.), М., 1964.
10. Фей С, Происхожде¬ние мировой войны, т. 1, пер. с англ., М., 1934.
11. Совет Одағы Коммунистік партиясының тарихы, толықт. 2 бас, А.,

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты 4
2-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың өту барысы 7
3-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары 13
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19

Кіріспе

Адамзат тарихындағы соғыстардың ең үлкені, әлемнің ірі мемлекеттерін
қамтыған және дүние жүзілік соғыстарға негіз салып берген қанқұйлы
соғыстардың бірі бірінші дүниежүзілік соғыс. Бұл соғыс атаулының ең үлкені
болды. Басты мақсаты әлемдік тәртіпті қайта қарау, алпауыт мемлекеттердің
ықпал ету аймағын кеңейту, т.б. басқыншылық сипатты қамтыды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихы туралы ғылыми зерттеулер
жетерлік. Алайда оның көпшілігі өз кезеңіндегі идеологиялық талаптарға сай
жазылды. СССР ыдырағаннан кейін бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихына
жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі пайда болды. Бірінші дүниежүзілік
соғыстың алғышарттары, соғыстың басталуы, әлемдік тәртіпті қайта құру, т.б.
мәселелер де жан-жақты, бүгінгі заман талабы тұрғысынан қарауды талап
етеді. Бұл ретте соңғы жылдардағы ашылған мұрағаттық құжаттар мен жаңадан,
соны көзқараспен жазылған әдебиеттерді қарастыру, оларға шолу жасап, талдап-
таразылау айрықша өзекті. Әрине, шағын курстық жұмыста бұлардың барлығын
қамту мүмкін емес. Сондықтан біз жоғарыда аталғандарға бастама боларлық
мәселелерді қарастырумен шектелеміз.
Жұмыста бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты зерттеулер жүргізген
тарихшылар мен саясаткерлердің, ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша
қарастыра отырып, бірінші дүниежүзілік соғыс туралы кеңінен ақпарат беруге
тырыстық.

1-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен сипаты

Бірінші дүние жүзілік соғыс (1914—18)— Австрия, Германия блогы және
Англия, Франция, Россия коалициясы арасында Еуропада басталған
империалистік, әділетсіз соғыс. Кейін соғысқа дүние жүзінің көптеген
мемлекеттері қатысты. Бірінші дүниежүзілік соғыс капиталистік жүйедегі
дүние жүзілік шаруашылықтың жалпы дағдарысы салдарынан туды.
Капиталистік мемлекеттердің отарларды жедел басып алуы нәтижесінде 19
ғасырдың аяғына таман дүние жүзін бөліске салу аяқталды. Отарлардың денін
Англия мен Франция иемденіп, Германия, АҚШ және Жапонияға үлес аз тиді.
Осыдан келіп отарларды қайта бөлісу және өз ықпалын арттыру жолындағы
бәсеке күшейді. 1879 ж. Германия отарларды қайта бөлісу үшін соғыс блогын
топтастыра бастады да, Австрия Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882
ж. Италия қосылып, Франция мен Россияға қарсы Германия бастаған Үштік одақ
құрылды. Оған қарсы 1907 ж. Англия, Франция және Россияның соғыс коалициясы
— Антанта құрылды.
Капиталистік елдердегі экономикалық дамудың секірмелігі, монополия,
қаржы капиталының үстемдігінің күшеюі, капитал шығару, рынок үшін күрес,
ірі капиталистік елдердің территорияларды түпкілікті бөліп алуы сияқты
істер олардың арасындағы келіспеушіліктерді тудырып түбінде осы үлкен
соғысқа себеп болды. Нағыз толық мағынасындағы дербес мемлекеттер қатарына
- Англия, Германия және АҚШ жатты, Франция, Ресей, Япония - "бірінші
класты, бірақ әлі де шын мәнінде емес" - екінші топқа жатты, 3-топқа Австро-
Венгрия жатты. Ал бұл соғысты тудыратын қайшылық ағылшын-герман қайшылығы,
ол — қайшылық отар иемдену туралы қайшылық. Англияда отар өте көп,
Германияда жоқ. Себебі: Германия отар алғысы келеді, Англия оны өз есебінен
бергісі келмейді. Міне, осы қайшылық жоғарыда да атап көрсеткеніміздей, екі
үлкен соғыс одақтары - Үштік одақ пен Антанта одақтарын дүниеге келтірді.
Ал енді бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы ірі мемлекеттердің
әрқайсысының мүдделері қандай болды?
Герман империалистері жаулап алу бағдарламасында Ресейден көп жер
басып алуды армандады. Ресейдің құнарлы жер мен қазба байлықтарына толы
жеріне немістердің колонистерін қоныстандыруды жоспарлады. Өндірісті
Бельгияны аннекциялау, Конго, француздың темір рудасына бай Лонгви және
Брис бассейіндерін аннекциялау, француз колонияларын басып алу, Англияның
теңіздегі үстемдігін тартып алу, Англияны дүниежүзілік рынокта әлсірету
тағы басқаны армандады, жоспарлады. Яғни "Ұлы Германияға" он жылдар бойына
сырттан ешкімнің кедергісін болдырмауды жүзеге асырмақ болды.
Австро-Венгрия болса Сербияны аннекциялауды, Балканда австро-венгер
үстемдігін орнатуды, Ресейден Поляк, Подолия, Волынды алуды көздеді. Австро-
Венгрияның бұл бағдарламасын Германия қолдады. Себебі Германия Австриямен
капитал жөнінен байланыстары болып отырған жағдайда Германия Балкан
елдеріне капиталын еркін шығаруға мүмкіндік алатын еді.
Патшалық Ресейдің империалистері, помещиктері, ірі буржуазиясы
біріншіден соғыстың мақсаты етіп, Германияның ұлылығын жоюды, Ресейге
Галицияны қосып алуды, Константинополь мен бұғаздарды алуды ойлады.
Ағылшын буржуазиясы өте күшті қарқынмен дамып келе жатқан Германияның
экономикалық каржыландыру күшін әлсіретуді, Германияның әскери, сауда
флотын жоюды, Месопотамия мен Аравия жарты аралын оның мұнай көздерімен
қоса алуды, сондай-ақ колонияларын тартып алуды арман етті.
Францияның империалистері де жоғарғылар сияқты Германияның әскери-
экономикалық күшін талқандауды мақсат етті. Олар 1871 жылы тартып алынған
Эльзас, Лотарингияны қайтарып алуды ойластырып ғана қойған жоқ, сондай-ақ,
одан Рейннің сол жағалауын алып, Саар облысын қосып алуды, Сирияны алуды,
Палестинаны, тағы басқа араб территориясын, Германия колонияларын тартып
алуды көздеді.
Енді соғыстың басталуына ұйытқы болған Германияға жеке тоқталып
өтелік.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германияда жұмысшы қозғалысы
жаңадан өрлей түсті (1910—13 ж. жыл сайын орта есеппен 300—400 мың жұмысшы
ереуіл жасады). 1910 ж. 6 мартта Берлинде жалпыға бірдей сайлау правосын
беруді талап еткен жұмысшы демонстрациясы болып, оны полиция қуып таратты.
1910 ж. қыркүйек-қазанда Берлиннің пролетарлар ауданы — Моабитте
ереуілшілердің полицияға қарсы баррикада ұрыстары болды; 1912 ж. мартта Рур
кеншілерінің ереуілі басталды; 1913 ж. жазда Гамбургте, Кильде, Штеттинде,
Бременде ірі ереуілдер болды. Алайда реформашыл с.д. партия жұмысшы табын
империализмге, соғыс қаупіне қарсы пәрменді күреске жұмылдыра алмады.
Соғысқа дайындала отырып, герман үкіметі француз-орыс одағын бұзып,
Францияны жалғыз қалдыруға, сондай-ақ 1904 жылғы ағылшын-француз көлісімін
бұзуға тырысты; бірақ Германияның бұл әрекеттерінен ештеңе шықпады. 1907 ж.
Франция, Россия және ¥лыбритания бірігіп, Антанта одағын құрды.

2-тарау. Бірінші дүниежүзілік соғыстың өту барысы

1914 ж. 15 (28) июньде Сараевода серб ұлтшылдары Австрия Венгрия
тағының мұрагері Франц Фердинандты өлтірді. Осы оқиға соғыстың басталуына
сылтау болды. Германияның итермелеуімен Австрия Венгрия Сербияға қасақана
талап қойды да, қанағаттанарлық жауап ала алмағаннан кейін, 15 (28) июльде
Сербияға соғыс жариялады. Германия 19 июльде (1 авг.) Россияға, 21 июльде
(3 авг.) Францияға соғыс жариялады. Англия 22 июльде (4 авг.) Германияға
соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доминиондары — Австралия,
Канада, Жаңа Зеландия және Оңт. Африка Одағы соғыс ашты. Аз уақыттың ішінде
соғысқа барлық құрлықтың 33 мемлекеті тартылды.
1914 ж. 23 тамызда Жапония Германияға соғыс жариялады. Октябрьде жапон
флоты Германиядан Маршал, Мариан, Каролин аралдарын тартып алды; ноябрьде
жапон әскерлері Германияның Қытайдан жалға алған Шаньдун провинциясын
түгелдей дерлік оккупациялады. Сонымен бірге, Жапония өзінің Қытайдағы
соғыс позицияларын мықтап нығайтты.
Бірінші дүние жүзілік соғыс (1914—18) соғысушы екі жақ тарапынан да
империалистік сипатта болды. Герман империализмі Еуропада өз үстемдігін
орнатуды, Орталық Африкада үлкен отарлық империя құруды, герман
буржуазиясының дүние жүзілік рыноктарда үстемдік етуін көздеді. Соғыс
Германия еңбекшілерінің жағдайын бұрынғыдан бетер нашарлата түсті, ал
капититалистік монополиялардың табыстары қисапсыз өсті. Соғыс басталысымен
с.д. партияның басшылары социалшовинистік бағыт ұстады (соғыс кредиттерін
жақтап дауыс берді, отанды қорғауға, таптық ынтымаққа шақырды). Солшыл
социалдемократтар тобы — К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг, К. Цеткин,
В. Пик т. б. пролет, интернационализм принципіне адал болып қала берді.
Герман үкіметі соғысты тез бітіреміз деп дәмеленді. Бірақ герман
әскерлерінің Франциядағы Марна өзенінің жағасында жеңілуі (1914 ж. сент.)
жағдайды өзгертіп жіберді. Г. одақтасы Австрия-Венгрияның Галицияда
жеңіліске ұшырауы (1914 ж. сент.) және оның екінші бір одақтасы Италияның
1915 ж. майда Антанта жағына шығуы Германияның жағдайын одан сайын қиындата
түсті. Неміс қолбасшылығының Верден операциясыныц барысында (1916 ж.
февральда басталып, 10 айға созылған) французағылшын армиясының негізгі
күштерін талқандамақ болған әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 1916 ж. июньде
орыс әскерлері Австрия-герман майданын бұзып өтіп, дұшпанның онсыз да ауыр
жағдайын асқындырып жіберді.
2 Интернационалдың партияларының реакцияшыл басшылары жұмысшы табына
сатқындық жасап, өздерінің буржуазиялық отанын жақтаған шовинистік бағыт
ұстады. Тек Россиядағы большевиктер партиясы ғана империалистік соғысқа
қарсы үн көтеріп, барлық соғысушы елдердің ецбекші бұқарасын осы соғыста өз
үкіметінің кеңілуі үшін күресуге, империалистік соғысты азамат соғысына
айналдыруға шақырды.
Бірінші дүниежүзілік соғыста Германия Еуропада үстемдік aлy мақсатымен
басты бәсекелесі Англияны талқандап, оны отарларынан айыруға, Францияны,
Бельгияны және Голландияны жеңіп, отарларын өзі басып алуға ұмтылды, ал
Россиядан Польшаны, Украинаны және Балтық жағалауын тартып алып, оны
әлсіретуді көздеді. Австрия-Венгрия болса Сербия мен Черногорияны басып
алуға, Түркия орыс Закавказьесін бағындыруға ниеттенді. Англия өзінің
отарлық үстемдігін сақтап қалу үшін дүние жүзілік рыноктағы қауіпті
бәсекелесі Германияны күйрете жеңіп, Түркиядан Месопотамия мен Палестинаны
тартып алуды, Египетте өз жағдайын нығайтуды мақсат етті; Франция 1871 ж.
Германия тартып алған көмір мен темірге бай Эльзас — Лотарингияны қайтарып,
Саар алабын басып алуды көздеді; Россия Галицияны, Туркияның бір бөлігін,
Константинополь мен Қара теңіз бұғаздарын иемденуге тырысты. Бірінші
дүниежүзілік соғысты соғысқа қатысушы әрбір мемлекет қайткенде өз пайдасына
шешуге жанталасып, өз елдеріндегі жұмысшы табының революциялық қозғалысын
және отар елдердегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалысын тұншықтыруды
көздеді.
1916 жылдың аяғыңдағы кезеңдерде соғысқа барлық дамыған капиталистік
елдер түгелге дерлік қатысты. Бұл уақытқа дейін барлық майданда 50 млн.
солдат соғысты. Ал қалған еңбекке жарамды адамдардың бәрі соғыс мұқтажын
өтеу үшін шахталар мен өндірістерде жұмыс жасап жатты. Адамзат баласы
жасаған байлықтың бәрі түгел дерлік соғыс мүддесіне жұмсалды. Соғыс адамға
да өндіріске де, мемлекеттерге де адам айтқысыз көп зиян шектірді.
Майданда да, тылда да соғысқа қарсы пиғылдар күшейді. Соғыстағы
сәтсіздіктер, Германияның экономикалық қорларының сарқылуы, жұмысшы
қозғалысының өрістеуі герман үкіметін 1916 ж. күзде Россиямен сепараттық
бітім жасаудың жолын іздеуге мәжбүр етті, бірақ оның бұл әрекетінен ештеңе
өнбеді. Россиядағы 1917 ж. Февр. революциясы Германияда жұмысшы
қозғалысының жаңадан өрлеуіне себепші болды. 1917 ж. апрельде Берлинде
болған ереуіл кезінде жұмысшы депутаттарының Советтері құрылды. Сонымен
бірге жоғарыдағылар да дағдарысқа ұшырады; келісім бойынша бітім
жасауды жақтаған топ күшейді. 1917 ж. июльде либерал болдың деп айып
тағылған канцлер Т. Бетман Гольбег орнынан түсті. Елдегі өкімет билігі іс
жүзінде П. Гинденбург пен Э. Людендорф бастаған армияның жоғарғы
қолбасшылығының қолына көшті.
1917 ж. апрельде Антанта соғыс блогына АҚШ қосылды. АҚШ-тан кейін
Жапония, Италия, Румыния, Қытай,— не бары 20 мемлекетті қамтыды.
Капитализмнің бірінші дағдарысы салдарынан туған бірінші империалистік
соғыс ол дағдарысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихын зерттеу
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
Ұлыбританиядағы Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ахуал
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
Екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындылары
Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері мен мақсаты
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қортындысы
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзі Версаль-Вашингтон жүйесі
Пәндер