1930 жылдардағы қоғамдық-саяси өмір


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1930 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ӨМІР

Жоспар

Кіріспе

Сталиндік казармалық социализм.

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Социализмнің тоталитарлық казармалық сипат алуы. Ұлт зиялыларының саяси қудалануы. Сталиндік лагерьлер. ҚазАКСР-інің Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы болып қайта құрылуы. Қазақ КСР-і құрылуының тарихи маңызы.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстаңца Тұрксіб теміржолы, Қарағанды шахталары, Ембінің мунай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Бапқаш және Жезқазган кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай мен Ащысайдағы полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркесібі кәсіпорындары салынды.

Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтардың 2%-ы ұжымдастырылған болса, ал 1931 жыпдың қазан айына қарай 65%-дайы ұжымдастырылды. Бір млн-нан астам қазақ респубпикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ. 1931-1933-жылдары республиканың 6, 2 млн тұрғынының 2, 1 млн-ы аштықтан қырылды.

1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа "ұлы жұт", қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

Бұл жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар меи көтерілістер болып өтті.

Бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақстан 1936 жылы одақдас республика болып қайта құрылып, бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазКСР-і) деп аталатын болды.

Сталиндік казармалық социализм.

1930 жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер, фабрикалар мен зауыттар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс кұрал-жабдықтарына коғамдық меншіктің орнығуы, бір жағынан, шаруалардың жерден шеттетілуіне әкеліп соқтырды. Жұмысшылар орталықтандырылған мемлекеттік меншікке қатысы жоқ, еңбегін сатып күн көретін пролетариат қалпында қалды. Елде 1936 жылы сталиндік КСРО Конституциясы жариялаган бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ. Оларға заң шығару құқығы берілмеді, одақтың өктемдігі астында өмір сүретін болды. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды.

Сталиннің "социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі" деген "теориясы" жазалау органдары қызметінің кеңейіп, мемлекеттік билік органы ретіндегі Кеңестер қызметінің шектелуіне әкеліп соқтырды. Балама пікір кабылданбады. Жеке адам құқығы барған сайын тарыла

берді. Одақтық ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын (жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, жеке адамдарды, халықтарды жер аудару) қолданатын ерекше кеңес құрылды.

Зиялы қауымды жаппай қудалау. Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпал өтті. Алдымен Азамат соғысының аяғына қарай кеңес өкіметі жағына көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ зиялылары зардап шекті.

Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов және "Алаш" партиясының басқа да көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады. 1930 жылғы сөуірде Қазақ АКСР БМСБ алқасы қазақ-кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жусіпбек Аймзуытовты атуға үкім шығарды.

Мәскеудегі "өнеркәсіп партиясына" жүргізілген үрдіс сияқты, Қазақстанда "қызыл астананы" салушылардың "қаскүнемдігі" "ашылды" (Қызыпорда, 1928) . РКФСР Жоғарғы сотының көшпелі сессиясы дарынды сәулетшілер, инженерлер мен ғалымдар тобын (П. Т. Будасси, С. Б. Голдгор, С. А. Багрзков, М. Тынышбаев және басқаларды) сотқа тартып, тергеу жұмыстарын жүргізді.

1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Оның басты кереғарлығы - Кеңес үкіметінің өз қарсыластарын ғана емес, коммунистік идея үшін күрескендерді де жазалауында еді. Бұл жылдарда кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жаза тартты. БК(б) П Орталық Комитетінің Қазакстанға жіберген көптеген өкілдері, партияның тәжірибелі, адал кайраткерлері де бұл алапаттан құтыла алмады.

Олардың арасында 1905 жылдан партия мүшесі, кәсіпқой революционер В. Н. Андронников, 1917 жылдан партия мүшесі Л. И. Мирзоян, 1919 жылдан партия мүшесі, азамат соғысына қатысушы К. Я. Рафальский, 1917 жылдан партия мүшесі В. Н. Манерсен және басқа көптеген адамдар болды.

Қазақ-кеңес әдебиетінің көрнекті тұлғалары - С. Сейфулпин, Б. Майлин, І. Жәнсүгіров,

М. Жұмабаев, М. Дулатұлы жазаға ұшырады. Қазақстан ғылымының көрнекті өкілдері, қазақ тілі білімінің ғылыми-маркстік негізін салушы А. Байтұрсынұлы, көрнекті тілтанушы ғалым, профессор Қ. Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С. Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі М. Төлепов және басқалар жазалау шараларының құрбаны болды.

Қазақстан картасында ерекше режімді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері (Қарлаг) пайда болды.

Э. Циолковскийдің серігі әрі досы, салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі бірегей еңбектің авторы, ғалым А. Л. Чижевский; кейін атақты селекционер, академик болған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алған В. С. Пустовойт; кейін радиацияпық генетиканың негізін салған Н. В. Тимофеев-Ресовский; академик С. П. Королевтің серігі, жылу техникасы жөніндегі ірі маман, профессор В. Л. Пржецлавский; Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі Т. М. Людвиг және басқа көптеген ғалымдар Қарлагта ұзақ жылдар бойы қамауда болып, азап шекті.

Қарағанды облысынын аумағында, негізінен алғанда Осакаров ауданында, 1931 жылы, шамамен 25 қоныс-обсервация пайда болды. 1932 жылдың күзінде жазалауға ұшыраған кубаньдықтардың бірнеше эшелоны әкелінді. Көшіріп әкелінгендердің еңбек және тұрмыс жағдайлары өте нашар болды.

101 мың қазақстандықтар "ГУЛАГ" (Лагерлер Бас Басқармасы) азабынан өтті, 27 мыңнан астамы атылды. Социалистік құрылысты бұрмалаған жеке адамға табыну идеологиясы елді осындай қасіретке ұшыратты. "Тарих қоғамның шынайы имандылық келбеті, ал жалпы азаматтық құндылықтардың басымдығы ғана адамзатты мұндай қылмыстардың қайталануынан құтқара алады" деп үйретеді. Кейін республикада 40 мындай адам ақталды. 1930-1940 жылдары және 1950 жылдарда контрреволюциялық қылмыстар туралы істердің жартысынан астамын сот органдары емес, БМСБ (Біріккен Мемлекеттік саяси басқарма) алқасы, "үштіктер" (үш адамнан құралған комиссия), ерекше кеңестер қарағаны анықталды.

Далалықц лагеръде, Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандар әйелдеріне арналған лагеръде ұзақ мерзімге жазықсыз сотталғандар жапа шекті. БМСБ мен Ішкі істер халық комиссариатының (ІІХК) жендеттері аналар мен балаларды да аяусыз азаптады. С. Сейфуллиннің әйелі, Т. Рысқұловтың әйелі мен қызы, Т. Жүргеновтің әйелі, С. Қожановтың әйелі, т. б. көптеген орыс және өзге ұлт қайраткерлерінің, шетелдік саясатшылардың әйелдері, жазықсыз балалар азап шекті.

Қазақ халқы өзіне тән бауырмалдықпен сталиндік куғын-сүргіннің кұрбаны болған ұлт өкілдеріне көмек көрсетті. Олармен колда барын бөлісті, отбасынан орын берді, олардың жана ортаға бейімделіп кетуіне жәрдемдесті. Қазақ халқы ерекше конақжайлық және интернационалдық таныта білді. Жер ауып келгендердің көпшілігі қазақ жерінде тұрақты өмір сүруге қалып қойды.

Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.

Кеңес Одағының даму үрдісі қайшылықты болды. Ұлы нәубеттермен қоса келелі жетістіктерге де қол жеткізіліп жатты. Аштан қырылып, шет елге босып, зиялы қауымынан айырылып, сор мандай болған қазақ халқы сол Кеңес өкіметінің тұсында ұлттық мемлекеттігін қалпына келтірді, автономиядан одақтас республика мәртебесіне көтерілді.

РКФСР құрамында Қазак АКСР-і дамыған иддустриялды-аграрлы республикаға айналды. Соғыс қарсаңында 3, 3 млн еңбекке жарамды халықтың 1 млн-ға жуығы қалалар мен жұмысшы поселкелерінің жұмысшылары мен кызметшілері болды. Ұжымдастыру кезеңіндегі қасіретке қарамастан, шаруалардың әлеуметтік табиғаты өзгерді. Ауылда механизаторлар өзекті тұлғаға айналды. Халық зиялыларының елеулі тобы құрылды.

Шығыс әйелдерінін еркіндік алуы тарихи жеңіс болды. Қазақстанның кеңестік мемлекеттігінің қалыптасу үрдісі жүріп жатты. Ол автономиялы республикадан КСРО кұрамындағы одақтас республика дәрежесіне жеткенше 15 жыл қажет болды.

1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі Заңын КСРО Конституциясын қабылдады. Бұл Кеңес мемлекетінің де, оның құрамындағы Қазақстанның да саяси даму үрдісіндегі елеулі оқиға болды. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын федерациялық құрылымға енген, одақтас мәртебесін алған республикалардың саны 11-ге жетті. Бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақстан енді одақтас республика болып қайта құрылып, бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚазКСР-і) деп аталатын болды.

1937 жылы наурызда Қазакстан Кеңестерінін Төтенше X съезі одақтас мемлекет - Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының Конституциясын қабылдады. Жас қазақ республикасының Негізгі заңында адамды адамның қанауы жойылғаны, тең құқықты қатынастардың одан әрі жетілдірілетіні, халықтар ынтымақтастығының жолға қойылып, экономика мен мәдениет өрлеуінің жүзеге асырылғаны көрсетілді. 1938 жылдың маусым айында Қазақ КСР Жоғарғы Кенесінің сайлауы өтіп, оған 300 депутат сайланды. Оның 152-сі қазақ еді.

Қазақ КСР-інің егеменді құқықтары, халқының келісімінсіз өзгертуге болмайтын өз жері, өз Конституциясы, өзінің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары, өз елтаңбасы, туы, әнұраны болды.

Қазақ КСР Конституциясында Қазақ КСР-інің саяси негізі-еңбекшілер депутаттарының Кеңестері, ал экономикалық негізі социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен жабдықтарына социалистік мүшелік болып табылатыны жарияланды. Конституцияда Қазақ КСР-і КСРО құрамына ерікті негізде ену және мемлекеттік, экономикалык, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болғаны туралы да айтылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі ашаршылық ерешеліктері
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
1937-1938 жылдардағы қазақ зиялыларына қарсы саяси қуғын-сүргін
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Қазақстан шаруалары тарихының деректік негізі және тарихнамасы
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz