Қабдеш Жұмаділов өмірі


Жоспар
- Қаламгердің алғашқы ұстаздары.
- Алғашқы әңгімесі басылымда жарық көруі
- «Соңғы көш» романына арқау болған өмір құбылыстары мен халық тағдыры.
- Жазушының тарихи романдары
- Тырнақалды жинағы
Кіріспе
Ауыл арасының әңгімесі емес, басқа мемлекеттің, оның ішінде, бүгін қияң-кескі оқиғалар болып жатқан Қытай елінің өмірінен алынып жазылған «Соңғы көш» романы - көкейкесті туынды.
Тағы да жазу үстеліне отырған Қабдеш «алтын шыққан жерді белден қаз» деген аталар даналығын ұстанып, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Шығыс Түркістан тарихын көрсететін «Тағдыр», XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихын бейнелейтін «Дарабоз» романдарын жазып бітірді. Сөйтіп, әділін айтқанда, Қабдеш Жұмаділов данышпан Мұхтар Әуезов реалистік негізін салып, әсемдік биік көркемдік деңгейге көтерген, кейін Ілияс Есенберлин деректілік арқауын ширатқан қазақ тарихи романистикасының бүгінгі таңдағы ең беделді өкілінің бірі болып отыр. Бұл - оның Қазақстанның бергі бет, арғы бетіндегі досы да, дұшпаны да мойындаған шындық.
Қ. Жұмаділов соңғы жылдарда елдің бүгінгі әлеуметтік жағайы, әдебиет дағдарысы, ұлыстар арасы, тіл тағдыры секілді көкейкесті сырларын толғау, саралау мақалаларымен шешіле, жеріне жеткізе айтып, пікір білдіріп жүр.
Қабдеш Жұмаділов
(1936)
Өмірбаяны мен шығармашылығы. Қабдештің туған ауылы Семейдің Мақаншысынан алыс емес - Тарбағатайдың арғы беті, халықтың ырыс - берекесін, дәстүр - салтын сақтаған, мың жылдар бойы қалың қазақ мекен еткен құтты жер. Ата - бабалары Жұмаділ, Күдері, Смайылдар - ел ішінде беделді, сыйлы адамдар, мешіт салған діндарлар.
Ұлт рухы шайқалмаған қасиетті топырақта өсіп, көшпелі өмірдің тыныс тіршілігін көрген сергек бала Шәуешек гимназиясында кешегі Алаш қозалысының белгілі өкілі Тұрсын Мұстафин, Уфадағы Медресе Ғалияның түлегі Қисам Бадин сынды терең білімді, ұлтжанды, талантты ұстаздардан дәріс алады. Алғашқы әңгімесі «Шұғыла» журналында жарық көреді.
Әуелі татымды өлең, байсалды мақала жазып көріне бастаған Қабдештің алғашқы прозалық туындылары соны тақырыбымен, оқыс оқиғаларымен, шұрайлы тілімен оқырман жүрегін бірден баурап алды. Аз уақыт ішінде қазақ әдебиетінде толымды талант, қажырлы қаламгер келгеніне копшіліктің көзі жетті. Тырнақалды «Қаздар қайтып барады» атты әңгімелер жинағында туған жерге деген махаббат, ата - бабасының мың жылғы жұрты сайрап жатқан топырақта отырса да, шекараның екі жағында қалған, екі ұлы империяға отар болған бір халықтың трагедиясы суреттеледі. Қоңыр әуез, мұңлы ой, шерлі сарын Қабдештің күллі шығармашылық жолының құлақ күйіне айналды. Қазіргі замандағы Қазақстан шындығына арналған «Сәйгүліктер», «Саржайлау», «Бір тораңғы», «Бір қаланың тұрғындары», «Қарауыл хикаяттары», «Көкейкесті», «Атамекен» романдарының өзінде жазушы малшылыр, жылқышылар, студенттер, ғалымдар өмірін, бүгінгі ауылды, Алматыны бейнелей отырып, туған жердің қадірі, ел алдындағы парыз деген идеяларды түпқазақ нысана етіп ұстайды. Қ. Жұмаділовтің тарихи романдар шоғырындағы шаруалар, байлар, кедейлер, батырлар, билер, хандар, әр ұлттың өкілдері, түрлі тартыстар, соғыстар, тарихи оқиғалар - баршасы қазақ халқы азаттық үшін күрес жолында не істеді, қандай асулар асты деген ұлы бір сауалдың жауабын табу үшін бейнеленген секілді.
Әдебиетіміз Қазақстан аумағын мекендейтін қазақтардын ғана емес, басқа мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тағдырын суреттейтін болды, халықаралық тақырыптарға да бара бастады. Осы орайда айтылатын бір туынды - «Соңғы көш» романы.
Қазақ прозасына Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» романымен келген қаламгер.
Жазушының тырнақалды прозалық кітабынан сезімге ден қою, тілді жақсы білу, өмір құбылыстарына байыпты қарау секілді сипаттар аңғарылған.
Жастар өмірін суреттеуге арналған «Көкейкесті» романында автор сары жұрт, таптаурын тақырыптан, бұрыннан белгілі сюжет жүйелерінің ізін қуып кетпей, жаңа сырлар айтуға күш салған. Орыс тіліне аударылған бұл кітапта баспасөзде әр түрлі пікір айтылды.
«Соңғы көш» романы. Көлемді дүние - «Соңғы көш» атты романды автордың ұзақ уақыт зерттеп, тексеріп, сұрыптап алған материалдарының негізінде жазғандығы байқалады.
Шығармаға арқау болатын тіршілік көріністерін тарихи деректерден, мұрағат қазыналарынан, газет - журнал беттерінен, ескі көз, кәрі құлақ естеліктерінен алу бір арна болса, өз басынан кешкен, көрген, жаксы білетін жағдайларды қағазға түсіру - екінші арна.
Шығармада қазақ әдебиетінде бұрын шет пұшпақтап қана айтылған қиын әрі тың тақырып көтеріліп отыр. Мұнда Шығыс Түркістан аталатын аймақты мекендеген қазақтардың тағдыры бейнеленеді. Автор арғы, көне замандар оқиғасын қозғамайды, шығарма өзегі - осы ғасырдың елуінші жылдарының шындығы. Жазушы: «Шығыс Түркістан ежелден ұйғыр, қазақ, қалмақ, дүнген секілді халықтардың атамекені, бұлар ешқайдан қашып, ауып келген жоқ» деген ойды айтады. Осы халықтардың тілінде қойылған қала, қыстық, тау - тас, өзен - көл, жер - су аттары, ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ата - баба бейіттері, тарихи құжаттар, көне ескерткіштер - мұның бәрі бұлтартпас дәлелдер.
Роман басталғанда Қытай мемлекетіне қарайтын Тарбағатай аймағындағы қазақтың - Найман елінің бір тармағы Төртуыл ішіндегі ру таласынан туған тартыстың үстінен түсеміз. Үлкен жаксы атқа, ұлттық тұғырға әлі жетпеген жандардың берекесіз, мәнсіз тайталасы. Екі рулы елдің әңкі - тәңкісін шығарып, өрт қойған болымсыз, бір кішкентай оқиға. Қожанасыр мінезді, зуылдаған сөзшең Ұзақ арықсуын ағызам деп жүріп, Қараменде мен Жұмықтоғас руларын жауластырып қойғанын өзі сезбей қалады. Екі атаның жігіттерінің түкке тұрмайтын, майда - шүйде нәрсе үшін бір - бірімен жауласуын автор мысқылдай суреттейді.
Бұл кезде бүкіл Қытайда дүниежүзілік әні бар тарихи оқиғалар жүріп жатқан. Гоминданшылар жеңіліп, жер - жерде үкімет басына басқалар келген. Осы өзгерістердің дүмпуі қиян шеттегі аймақтық қала Шәуешекке де жетеді.
Жазушы көп жағдайларды гимназия студенті, Тарбағатай аймағына атағы жайылған белгілі кісі Қанағат бидің ұлы Естайдың көзімен береді. Тұрмыстық детальдар, этнографиялық жайттар кеңінен қамтылған.
Шәуешек қаласына Қытай әскерінің кіруі - «Қарсаңда» деп аталатын бірінші бөлімнің орталық оқиғасы.
Ұлт - азаттық көтерілісінің нәтижесінде Шығыс Түркістанды мекендейтін ұйғыр, қазақ, дүнген, қалмақ секілді халықтардың гоминданшыларды қуып шығып, қырқыншы жылдардың аяғында билікті өз қолдарына алғаны белгілі. Бұл тарихи жеңісте Қазан идеялары ерекше қызмет атқарғаны автор айқын жазады.
Гимназияның мұғалімдері Тұрсын, Нұрбек секілді көзі ашық, оқыған адамдардың өзі қаладағы өзгерістерді бірден түсіне алмады. Жаңа басшылардың келуіне байланысты ашылған жиналыс үстінде мінездік жағынан сәтті табылған бейне - Нартай образы.
Бұл - кешегі ұлт - азаттақ төңкерісі кезінде батырлығымен қалың жұртқа танылған ел еркесі. Созі мен ісі арасындағы айырмашылық жоқ, шойыннан құйылғандай тұтас тұлға. Саяси білім, әлеуметтік тартысты ұғынуы әлі терең адам емес екені де рас. Гоминданшылар тізесі көп батқандықтан шығар, қытай атаулыға сенімсіз қарайды.
Бірін - бірі қырып - жоймақ болып, арыз айта келген Қараменде, Жұмықтоғас рулары қалаға кіріп жатқан қалың әскерді көргенде, ұсақ - түйек өкпені қойып, құшақтасып татуласуын автор сенімді бейнелеген.
Кітапта қазақтың шешендік өнерінің кейбір өрнектері қолданылады. Романда әр тұста беріліп отыратын билер сөзінен фольклор дәстүрінің жақсы сабақтарын, халықтық айшықтарды аңғарамыз. Жазушы мақал - мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, қанатты оралымдарды кең пайдаланған. Бұл авторлық баяндауда да, кейіпкерлердің диалогтерінен де көрініп тұрады. Шығарманың екінші бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда композициялық өзгешелігі бар. Кейіпкерлердің өткенді еске түсіруі ой ағымы арқылы берілетін эпизодтарда Шығыс Түркістан тарихына байланысты бірқыдыру жағдайлар, қызықты деректер, тартымды фактілер бар. Ең бастысы - әр түрлі тіршілік суреттері көз алдымыздан өтеді. Гимназия директоры Нұрбек тағдырында жаралы жылдар ізі жатыр. Азамат соғысы кезіндегі аласапыранда, ұжымдастыру дүрбелеңінде ұйыған халықтың іргесі соғылып, шетелге көп қашты. Жауласып, мылтық алып, қылыш суырып кеткендер қанша? Адасып, бекер сандалғандар да аз болмаған. Нұрбектің әкесі - осындай адасқандардың бірі. Автор Қытайға қашып барғандардың трагедиясын бірер көрініспен ғана бейнелемей, тереңдеп, жан - жақты суреттегенде дұрыс болатын еді. Ес білмейтін бала кезде елден кеткен Нұрбек кейін жігіт болғанда Ташкент университетінде оқып білім алады. Ол өзінің педагогтік практикасында, ғылыми зерттеуінде Кеңес Одағының тарихи іргерілшіл міндетін міндетін үнемі аузынан тастамай айтып отырады.
Тау жайлаған көшпелі қазақ ауылдарының тұрмысымен, әр түрлі адамдармен үшінші бөлімде етене танысамыз. Автор, негізінен, Қанағат ауылының төңірегін бейнелейді. Қарақатқа бару, алтыбақан, көш - салтанаты - бұларды жазушы көзге елестеп, есте қалатын жақсы суреттермен берген.
Саяси мәнді оқиғалар Шәуешек қаласына келген жаңа үкімет ықпалымен туа бастайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz