Абыл Тілеуұлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Халық арманын өз шығармаларының өзекті идеясы еткен импровизатор ақын Абыл

«Абылдың Нұрымды сынауы» жұмбақ айтысы түрінде.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Абай, Махамбеттер сияқты Маңғыстау ақын -жыраулары Абыл, Нұрым, Ақтандар да кезінде бай- болыстарды шенеп, олардың әділетсіз іс-әрекеттерін сынға алып отырған.

Осынау тарихы мен тағдыры, өлкесі мен өнері айрықша ұлы мекен Маңғыстауда дүниеге келген терең ойлы, өткір тілді ақын-жыраулардың бірі де бірегейі - Абыл ақын. Ол Маңғыстау елі арасында өз дәуіріндегі бес жүйріктің бірегейі ретінде халықтың ерекше қадір тұтқан перзенті болып мәңгі есте қалды. Абыл, Нұрым, Қашаған сияқты ақын-жыраулардың қалыптастырған әдеби дәстүрі ақындық жекпе-жектегі айтыс стилі, жаңадан табылған айтыстары мен өлең толғаулары хақында сөз болды. Абыл - Қазақстанның батыс аймағындағы ақындық- жыраулық мектептің негізін қалаушылардың бірі, Маңғыстау ақындарының ұлағатты ұстазы (7. 11)

Халық арманын өз шығармаларының өзекті идеясы еткен импровизатор ақын Абыл

Халық арманын өз шығармаларының өзекті идеясы еткен импровизатор ақын Абыл өмірі мен шығармалары туралы соңғы кезге дейін арнайы зерттеу болған жоқ. Абыл шығармалары кезінде қағаз бетіне түсірілмегендіктен, ел есінде сақталып, ауыздан-ауызға тараған. Ақын туралы деректер мен шығармалар жеткілікті дәрежеде жиналмаған. “Абылдан сөз қалмаған, Еспайдан күй қалмаған” деп Ғұбайдолла Зұлқашев баяндағандай, ақын шығармаларының көбі ұмытылған. Кезінде “телегей теңіз” аталған ақпа- төкпе ақын бір айтқан сөзін қайталамаған, нақты жағдайдың өзіне лайық жаңа өлеңдер туғызып отырған. Өмірінің соңғы кезінде Баймағамбет, Қайыпқали сұлтандармен кездесіп, батыл сөздерін бетпе-бет ашық айтуына қарағанда, Абыл - шындықты әрқашан бетке айтудан тартынбаған, ханға қарсы тұрып, оны жерлеуге де батылы жеткен ақын. Осындай үрдіс ертеден келе жатқан, қалыптасқан дәстүр.

Абылдың әділетсіз, озбыр сұлтандарды әшкерелеуге арналған “Баймағамбетке айтқаны”, “Ақсұңқар сынды шалғын қауырсыннан”, “Заманақайым болар жер зыңыранса”, “Қызыл тіл Жиреншедей тілім тақсыр”, “Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл”, “Билер мен бектерге айтқаны” деген арнау - толғаулары бар.

Кіші жүз ханы Әбілқайырдың Бопай деген әйелінен туған Айшуақ ханның баласы Баймағамбеттің үйіне Абыл сәлем бере келгенінде, Баймағамбет: “Шын ақын болсаң табан астында, тап қазір, мен өлгенде қалай жоқтайтыныңды өлеңге қосып жырлап берші” деген екен. Сонда Абыл тайсалмастан:

Бопайдан туған әкең Айшуақ хан,

Табаның тимей тұр-ау мінген тақтан

Дәлірген тажал сынды дәрежеңді

Деп жүрсің құдай қорып, қыдыр баққан.

Толы ел - толықсыған көлін тастап,

Қаңғырған Қайыпалды тәңір қаққан

Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын

Байеке - ау, қай ісің бар елге жаққан? -

деп өжеттігін, өр мінезділігін, ерлігін дәлелдей түседі. Осыдан кейін Абылға өлердей өшіккен сұлтан Абылды Исатай, Махамбет көтерілісіне қатысты, оларды қолдап, патшаға қарсы үгіт жүргізді деген айыппен Сібірге жер аударып тынды.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушы ғұлама Ахмет Байтұрсынов өзінің атақты “Әдебиет танытқышында”: “Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатыны сөз болуы ықтимал” деп жазған еді. (8. 292)

Абыл тағдыры талқыға түсіп, қаншама азап шексе де, халықты аздырып-тоздырып қанап келген сұлтан, хандарды тілдеуін тоқтатпаған. Бұл жай оның Қайыпалдыға айтқан өлеңдерінен айқын көрінеді. Бірде Абылға “мені сыртымнан мазақтайтын көрінесің, мықты болсаң көзімше айтшы” дейді. Сонда Абыл:

… Баймағамбет өзіңнен артты десе

Ұстайды сонда сенің жының, тақсыр.

Қолдаған сол сұлтанды губернатор,

Өзгеден артық па еді дінің, тақсыр.

Хиуаның қонышына кіріп кеттің

Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр, - (9. 38)

деп Жәңгірмен бақталас болып, Хиуа хандығына паналап жүрген Қайыпалдының қытығына тиеді.

Абыл Қайыпалды мен Баймағамбет сұлтанға айтқан өлең - толғауларының қай -қайсысында да Махамбет пен Шерниязбен үндесіп отырады.

Абыл Баймағамбетке :

Бопайдан туған әкең Айшуақ хан

Табаның тимей тұр-ау мінген тақтан

Дәлірген тажал сынды дәрежеңді

Деп жүрсің құдай қорып, қыдыр баққан.

Толы ел - толықсыған көлін тастап,

Қаңғырған Қайыпалды тәңір қаққан

Ер өлді деп етек бұлап жылайтұғын

Байеке - ау, қай ісің бар елге жаққан? -

десе, Махамбет:

Ата дұшпан сен едің,

Ата жауың мен едім.

Ежелгі дұшпан ел болмас

Етектен кесіп жең болмас.

Хан баласы ақсүйек

Байеке сұлтан сен болып,

Сендей нар қоспақтың баласы

Маған оңаша жерде жолықсаң,

Қайраңнан алған шабақтай

Қия бір соғып ас етсем

Тамағыма қылқаның кетер демес ем, -

деп Баймағамбетке бойындағы ыза кегін, өшпенділігін өлеңмен өрнектейді.

Ал Шернияз болса:

Кешегі Айшуақ пен Нұралы атаң,

Дұшпанмен намыс үшін алысқан көп,

Олар да ел билеген, жұртын ұстап,

Патшаға қара қазақ барысқан жоқ…

… Қазақтың қара жұртын быт -шыт қылған,

Төре емессің, төбетсің дым білмеген… (10. 228)

Жоғарыда салыстырылған өлең жолдарынан байқайтынымыз - Махамбеттің “Баймағамбет сұлтанға айтқаны” халықтың қас жауына тура атылған жай оғы болса, Шернияз бен Абыл өлеңдері өз стильдеріне лайық кейде ашық, кейде тұспалдай келетін сынап, шенеу болып табылады. Олардың қай-қайсысы да ыза мен кекке суарылған. Бұл Абыл, Махамбет, Шернияз ақындардың әрі пікір, көзқарас бірлігінен, әрі тағдыр ұқсастығынан туған дүниелер.

Асылы, хан алдында тұрып қаймықпай сөйлеу қазақ ақындарында ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Абыл, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай, Арыстан, Шөже т. б. ақындар өз кезіндегі төре- сұлтандарды Қазтуған, Шалгез, Жиембет, Жанақ, Жанкісі сияқты алдыңғы буын жыраулар үлгісінде асқан батылдықпен сынайды. Олардың өткір тілдерінен өркөкірек хан-сұлтандар именіп, еріксіз санасып отырады.

«Абылдың Нұрымды сынауы» жұмбақ айтысы түрінде.

Абыл Нұрымның ақындық қабілетін, ой өрісін дін аңыздары мөлшерінде сынамақ болған. Дін жұмбағы түріндегі сұрау жауап айтысы қазақ әдебиеті таихында Шөже мен Кемпірбайда, Әсет пен Бақтыбайда, Нұрым мен Қашағанда да бар. Абыл мен Нұрым айтысы осылар іспеттес.

Абыл айтыстары сөз жарыстыру, әзіл оспақ, сын түрінде келеді. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіні» шебер қиюласқан шумақтарынан оның ақындық зергерлігін айқын аңғарамыз.

Бірер сөз - Абыл шығармаларының көркемдік ерекшелігі мен өлеңдік құрылысы жөнінде. “Қызыл тіл - өнер алды, білім” деп өзі айтқандай, Абыл жырлары терең тебіреністен туған көркем де қисынды, өткір де уытты келеді. Халық әдебиетінен еркін сусындаған ақын жырларының негізгі өзегі - өмірдің әр саласынан алынған мысалдар, мақал-мәтелдік, ақыл-нақылдық сөздер.

…Қабырғасы қайтқан кәрі боз,

Қаржалған күні жүгіре алмас.

…Дүниеде дертті кісі ойнап-күлмес.

Арыса арғымақтың сыны бар ма?!

…Азаматта сын болмас,

Арты болса тұяқсыз.

Ақын өмірден көріп, түйгендерін осындай шешендік толғау, терме түрінде, мақал-мәтел, ақыл-нақыл күйінде береді. Өзіндік сөз тіркестерін жасайды. “Нар жолында - жүк қалмас” дейтін халық даналығы Абылда өлең жолдарына орай: “Жүк қалмас артсаң ауыр қара нарға” күйінде кездеседі.

Ел аузында Абыл айтыпты дейтін “өлетін аурудың түсі кетеді, жігіт жарлы болса, үйінен кісі кетеді” немесе:

Жалғыздық жаман,

Жарытып ісі өнбейді.

Жарлылық құрысын,

Әйтсе де кісі өлмейді.

Кәрілік бәрінен де жаман екен,

Адамды ұрмай-соқпай кісендейді, -

дейтін мақал -мәтелдер мен шешендік сөздер бар.

“Толы ел - толықсыған көлін тастап”, “Жігіттік - өтер-кетер бір қызыл гүл ” немесе:

Көрсең көзіңнің раушаны,

Көңіліңнің күш- қуаты.

Жүрегіңнің ол дидары,

Көзіңнің ол жанары, -

дегендей ақыл -нақылдың ұлғайған түрі де Абылда жиі ұшырасады.

Ақын кейбір мүкі, бір қақпайға құрылған сілтілі жолдарын риторикалық билік, шешендік сұрауға құрып, үстеме мән бере түседі.

Хиуаның қонышына кіріп кеттің,

Бір уыс болмаса игі еді күнің, тақсыр?! (11. 30)

Абыл толғауларының Қ. Жұмалиев айтқандай “Өлеңнің әр сөзі ылғи бір сөзден басталып”(12. 76), З. Қабдолов пайымдағандай, “өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отыратын” (13. 145) әдепкі қайталаулардың (анафора) бірқатарын кездестіреміз. Мысалы:

“Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,

Сөйлесіп қатынымен дертін жазар”

немесе:

Асқар, асқар, асқар тау,

Асқар таудың басына,

Балапан ұшып шыға алмас.

Мұнда ақын тыңдаушыға айтпақ ойын бір сөзді бірнеше рет қайталап айтып, ерекше назар аудара түседі. Абыл “сөйлесіп” деген сөзді қолдану арқылы жігіттің қатыншыл, жағымсыз мінезін сынаса, “асқар тау” деген сөзді таудың көз жетпес биіктігін білдіру мақсатында қолданған.

Өлеңнің әр жолының соңындағы немесе әрбір ой ағымының аяқ жағындағы бір немесе бірнеше сөздердің сан рет қайталануы (эпифора) Абыл шығармаларында мол кездеседі.

Айдын көлде сын болмас,

Жағасы болса құрақсыз.

Ақ киікте сын болмас,

Арты болса лақсыз.

Жеті арнада сын болмас,

Аяғы болса тұрақсыз.

немесе:

Жарылар, сегіз арыс ауылың қалды.

Құдайберген, Майлан, Шотан бауырың қалды,

Шығарған төрт Назарды шаңырағың,

Тастемір қалың қара сауырың қалды.

Алдыңғы шумақтағы қайталауды кезекті, екінші шумақтағы қайталауды соңғы қайталаулар деуге де болады

Абылды өзінен кейінгі көптеген ақындар жоғары бағалаған. Атырау, Маңғыстау аймағындағы сөз зергерлері туралы айтқанда Шернияз: «Адайда-Абыл, тазда - Есенбақ, үштің бірі - өзім -ақ» дейді екен. Өлең сөздің өрен жүйрігі Қашағанның өзі «Абыл -зергер, Қашаған -ұста, Абыл- екеме сөз жоқ», - деген болса, Кедері Әбубәкір ақын Қожахметпен айтысында:

Адайда Абыл Нұрымдай,

Байбақтыда Сырымдай

Ат құлағын теңдесіп,

Қайта жауап жазбасақ

Қожекең менен сүрінді-ай, - деп, Абыл, Нұрым, Сырымдардың шешендік талантына бас иген.

Абыл халық өміріндегі мәнді оқиғаларға назар тудырып, елдік пен ерлікті толғап, әділетсіздік пен озбырлықты аяусыз шенеген өткір жырларымен халық арасына кең танылған. М. Әуезов Абылды халық арманын өз шығармаларында бейнелей білген үздік ақын десе, Е. Ысмайылов шығармашлық дәстүрлері өз заманындағы ақын, жыршыларды үнемі қызықтырып отырған асқан жүйрік ипривизатор ақындардың қатарында атайды. Қ. Жұмалиев Абылды қазақ жерінің батыс аймағындғы әдеби ортаның ірі өкілдерінің бірі деп көрсетеді. Бұл пікірлер - Абыл туралы бірден бір әділ баға.

Абыл шығармаларының тілі Бибіайша Нұрдәулетқызының “ХVІІІ - ХІХ ғасырлардағы Маңғыстау ақын- жырауларының тілдік ерекшелігі” атты еңбегінде біршама қарастырылған.

Мұнда әрбір сөздің этимологиясын анықтау, сөз қолданысы, өзге ақындармен ұқсастығы, грамматикалық, лексикалық, стильдік ерекшеліктерге жеке -жеке тоқталып, жан - жақты талдау жасалған.

Абыл − жыршы, термешілігімен қоса көлемді дастандар, толғаулар шығарған, қысқа-қысқа өлеңдер мен әдемі әзіл шумақтар айтқан айтыс ақыны. Абыл шығармашылығының бір саласы − айтыс.

Айтыс − қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан жанр. Айтыс жанры атына тығыз байланысты. Қазақ тұрмысының жағдайында, жазба әдебиет тумаған кезде ақынға «ақын» деген атақ әперетін ең басты поэзия «айтыс» болған. Ақын болу үшін ақынға өзінің «ақындық күшін» көп алдында таныту керек; ақындығын жарыстырып, көптің сынына түседі. Егер осы жарыста көптің сынына толса, оған көпшілік ақындық атақ тағады да, сынға толмаса ақын деп танымайды. Айтыста озған ақын халық алдында ақындыққа мандат алады. Бұл мандаттың жазылатын қағазы − халықтың жүрегі. Ақын халықтың жүрегінде ең сүйкімді, халыққа ең ардақты адамның қатарында тұрады.

Осындай халықтың жүрегінен өзінің терме-толғауларымен де, сөз қағыстыруымен де орын алған ақындардың бірі де бірігейі─Абыл ақын. Абылдың «Абыл мен Балдай қыз», «Сушы қызбен сөз жарыстыруы», «Шерниязға айтқаны», «Нұрымды сынауы», «Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы» тағы басқа айтыс-сөз қағыстырулары бар.

«Абыл мен Балдай» айтысы деп сөзі көркем, мағынасы сыпайы, таза ақындық серпінге құрылған «Отырған қарсы алдымда Балдайымыз», «Ақ Балдай отырмысың ісіңді істеп» деп басталатын екі кездесуін ғана есептейміз. Бұл айтыста да «Сақау мен Тоғжан», «Жанақ пен Күнекей», «Сабырбай мен Тойбала» айтыстарындағыдай Абыл мен Балдай ұзақ айтысып, бір-бірінің мінін, сөзден сүрінер жерін іздей жүреді.

«Сақау мен Тоғжан» айтысында Сақау:

Шықшытты, алқымым тоқ, орайлымын,

Болғанмен қарным жуан, мол ойлаймын.

Алып кел, алып келсең өз жарыңды,

Өзіңнен және қызыл шырайлымын, −

деп Тоғжанның күйеуінің ұсқынсыздығын сынап, Абыл секілді ол да Тоғжанның бетіне басады.

Абылмен замандас Нұрым мен Беріш қызының, Мұрат пен Жантелінің айтыстарында да Мұрат, Нұрымдар қыздарды әйел теңсіздігін, күйеулерінің мінін айту арқылы жеңіске жеткен.

«Нұрым мен Беріш қызының» айтысында Нұрым:

. . . Қызыл тіл сөйлей-сөйлей желдей ескен,

Беріштің бір өнері ағаш кескен.

Мал берсе беріш қызын бере береді,

Сізді де тоқалдыққа берем дескен,

десе, Мұрат ақын:

Болғанда сары жұлдыз қаз келеді,

Қыс өтсе, оған жалғас жаз келеді.

Айтқаны қазекемнің өсек пе еді,

Тырысқан бас терісі таз деп еді,

дейді.

Түрі жөнінен өзге айтыстарынан өзгешелеуі − «Абыл мен Орақтың қызбен сөз қағыстыруы».

. . . Абыл мен Орақ ақын озбыр хан, сұлтанға тілі тиіп қуғын көреді. Сол сапардан азып-тозып келе жатып Орта жүз жерінде бір ақ боз үйге кезігеді.

Үйде домбыра тартып отырған қыз бұлардың ұсқынын көріп, әрі сескене, әрі кекете өлең айтады.

. . . Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді

Айтысса екі дүмді қазар мінді

Жүлдені шаппай алған жүйрік едім,

Талайдың айтысам деп сағы сынды.

Сонда Орақ айтады:

Өлеңге сен де дүмді, мен де дүмді.

Қағысса екі дүмді табар мінді,

Отырған ақ боз үйде, қарындасым,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБЫЛ ТІЛЕУЛЫ (1777-1864)
18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жөніндегі сипаты
Естірту, көңіл айту жырлары
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
Рухани мұраларда аят, хадистерді қолдану тәсілдері
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ТАРАУ
Қазақ әдебиетінің прозасы
Доспамбет жыраудың толғаулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz