Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

АҚАН СЕРІ ҚОРАМСАҰЛЫ (1843-1913)

Жоспар

Кіріспе

Өмірі мен өскен ортасы

Ақан - лирик ақын

Ақанның Құлагері

Алтынды қорлағанмен жез болмайды

Ақанның дінге деген көзқарасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халкының ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қоскан, сан қырлы өнер иесі - Ақан (Ақжігіт) сері Қорамсаүлы 1843 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ақынның өмірі, балалык, жастык шағы Көкшетау өңірінде өтеді. Аканның әкесі Қорамса дәулетті, елге сыйлы адам болған. Көп қыз баланың ортасында жалғыз ер бала Ақанды еркелетіп өсіреді. Жалғыз ұлының болашағынан зор үміт күткен әкесі Аканды каршадай кезінен-ақ ауыл молдасынан дәріс алуға береді. Сөйтіп, аз уақытта сауатын ашып, хат таныған зерделі бала Шығыс әдебиеті мен шариғат жолдарын жаксы меңгереді. Өлең-жырға ерте әуестеніп, замандас-қүрдастарына арнап өлең де шығаратын болады. Ойын-тойда ән салып, жұрт көзіне түсе бастайды. Он үш жасқа толғанда, елінен ұзап, Қызылжарға келеді. Онда Уәлиахун деген кісінің медресесіне түсіп, үш жыл окиды. Мұсылманша өте сауатты Ақан қалада жүріп, орыс тілін де біршама үйреніп алады.

Өмірі мен өскен ортасы

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халкының ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қоскан, сан қырлы өнер иесі - Ақан (Ақжігіт) сері Қорамсаүлы 1843 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ақынның өмірі, балалык, жастык шағы Көкшетау өңірінде өтеді. Аканның әкесі Қорамса дәулетті, елге сыйлы адам болған. Көп қыз баланың ортасында жалғыз ер бала Ақанды еркелетіп өсіреді. Жалғыз ұлының болашағынан зор үміт күткен әкесі Аканды каршадай кезінен-ақ ауыл молдасынан дәріс алуға береді. Сөйтіп, аз уақытта сауатын ашып, хат таныған зерделі бала Шығыс әдебиеті мен шариғат жолдарын жаксы меңгереді. Өлең-жырға ерте әуестеніп, замандас-қүрдастарына арнап өлең де шығаратын болады. Ойын-тойда ән салып, жұрт көзіне түсе бастайды. Он үш жасқа толғанда, елінен ұзап, Қызылжарға келеді. Онда Уәлиахун деген кісінің медресесіне түсіп, үш жыл окиды. Мұсылманша өте сауатты Ақан қалада жүріп, орыс тілін де біршама үйреніп алады.

Он алты жасында еліне оралған Ақан ит жүгіртіп, құс салып, аңшылык, әншілік, серілік өнердің соңына түседі. Әкесі Қорамса да үлының жолына бөгет болмайды. Шындығында, шаруаға онша кыры жоқ ұлының жайын жаксы түсінетін әкесі оны мал соңына салпақтатып қоюды қош көрмейді. Сөйтіп жүргенде, Ақанға сегіз ұлдың ортасында жалғыз өскен Бекбос байдың қызы Фатима сұлуға кұда түседі. Амал не, болашак келіні Фатима наукасқа душар боп, Ақанның босағасына келмей жатып қайтыс болады.

Алғашкы отбасылык өмірден жолы болмаган Ақан жанына жолдас-жораларын ертіп, қолына домбыра, сырнай алып, ел аралап, сауық-сайран кұрады. Ақанның жүрген жерінде оның сырлы да сазды көркем үні ел назарын өзіне аударады. Ақының аялай білетін дүйім жұрт оған енді "сері" деген атақ беріп, сый-күрметке бөлейді.

Ал Ақан есімімен қашанда косарлана айтылатын әйгілі Құлагерді ол Шөкетай деген кісіден бір ат, бір сиыр және жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақан талантына тағзым ететін Әлібек деген досы өзінің жанына балаған Қараторғай атты қыран кұсын қалтқысыз көңілмен сыйға тартады. Сайрат деген төреден Базаралы атты тазының бауырын жаңа көтерген күшігін алып, енді бір жақын жора-жолдасының Көкжендет деген болат топшылы қаршығасын қолына қондырады. Осылайша жолдасына жұғымды, халқына қадірлі сері Ақан - жұйрік ат, құмай тазы, қыран бүркітті жігіт сұлтанына айналады.

Жетпісінші жылдардың ортасында Ақан сері Кіші жүзді аралайды. Осы сапарында кейінде аты аңыз болған Ақтоқты аруға ғашық болады. Ал Ақтоқтының басы бос емес. Оны сол өңірдің атакты адамы Сүтемгеннің ұлы Шамұқанға атастырып қойған-ды.

Ақан тіпті өзінің соңына ерген өжет жігіттерімен бірге Ақтоқтыны алып қашпақ та болады. Бірақ бұл әрекетінің ақыры насырға шабарына көзі жетеді. Осылайша сүйгенімен қосылуға қолы жетпеген ақынды ғашықтық дерті меңдейді:

Ғашықтык бір ыстық күн желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық.

Торығып сағым қуған шіркін көңіл,

Қара су енді қасірет жатқан тұнып.

Жүрегіне жұк түсірген қайғылы оқиғадан соң, соқа басы сұр бойдақ боп жүруді ар санаған Ақан сері көп ұзамай ІПомайт қожаның Бәтима атты қызына үйленеді. Ақылына көркі сай Бәтима - Ақанға адал жар, үш бірдей ұл-қызының абзал анасы болады. "Жазмыштан озмыш жоқ" демекші, он шақты жыл отаскан соң, Бәтима да ауырып, өмірден өтеді.

Ақанның одан кейін алған жары Ұрқия да Ақанмен не бары үш-ақ ай бірге отбасын құрап, шешек ауруынан кайтыс болады. Мұнан кейін іле-шала сүйікті інісі де көз жұмады . . .

Сөйтіп, үсті-үстіне жамалған қайғы-қасірет нәзік жүректі ақын Ақанға ауыр соққы боп тиеді.

Ендігі жерде сүйген жар, сүйікті ініден айырылған қамкөңілді, қайсар мінезді Ақан серінің бар куанышы да, жұбанышы да жалғыз - Құлагері еді. Бірақ Құлагердің де ғүмыры келте екен . . .

Ереймен етегінде қазақтың үш жүзінен арнайы кісілер шақырылған Керей Сағынайға ұлан-асыр ас беріліп, бұл аска Ақан да келеді. Үш жүз жиырма үш ат шабатын ат жарыс бәйгесіне Ақан сері де өзінің Құлагерін қосып, бағын сынайды. Әйтсе де Ақанға әуелден тісін қайрап өштесіп жүрген бай балалары Батыраш, Қотыраштар тап осы бәйге-жарыста топжарған Құлагердің түбіне жетіп тынады. Қарау пиғылмен қапысын тауып мерт етеді. "Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім" деп асқақтата жырлаған Құлагердің қазасы жалғыз ғана Ақанның трагедиясы емес, ел трагедиясына айналады. Құлагер өлімінің үстінде Ақан өзіне жасалған қиянат пен жауыздыққа қатты қорланады. Күңірене күйзелген ақынның жан айқайы іспетті зарлы да шерлі "Қүлагер" атты әнін шығарады. Құлагер өлімі қасіретінің ізі суымай жатып, не бары екі үш ай ішінде Қараторғайынан қоса айырылады. Онсыз да ой-санасын қара бұлт торлаған ақынның қасіреті қоюлана түседі.

Осындай қаралы көніл күйдегі әнші-ақынның ішқұсасы "Қараторғай" деп аталатын әнінде бейнелі көрініс табады.

Соншама сор-бейнетті арқалаған Ақан енді ел-жұртынан алыстап, мылқау баласын касына ерткен бойы құла түз - Қоскөлдегі қопа-қамысты мекен етеді. Тау-тасты күңіренте еңсесін езіп, көңіліне маза бермеген ішкі ыза-кегі мен мұң-зарын, қимасына деген сағыныш-іңкәрлігін жырға қосады. Айнала төңірегін жаңғырта ән салады. Жанына етене жақын табиғатпен тілдесіп сырласады. Жалғыз серігі - мылқау баласы да ah ұрған әкесінің арманын үнсіз тыңдап, іштей тебіренеді. Тау мен даланы кезген болмысы бөлек Ақанның басқалардан бөлекше тірлігінің өзі дұшпандарының "күдігін" тудырды. Олар оның бұл тірлігін әр саққа жүгіртіп, ел арасына сан түрлі қауесет таратуға тырысты. Әйтсе де, тағдыр-талайы аянышты, айрықша талантымен тамсандырып қана қоймай, ғажайып ғұмырының өзі де ел аузында аңызға айналған Ақан сері өмірінің ақырына дейін өлмес өнерінен қол үзген жоқ. Тауқыметі көп тірлік кешкен біртуар тұлға - Ақан сері Қорамсаұлы 1913 жылы жетпіс жасында дүниеден өтті.

Ақан - лирик ақын

Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік жайында. Жастық дөурені жүріп тұрған кезінде сауық-сайран, ойын-тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Ал әдемі қыз, ару әйел де ақын жүрегін толқытып-тебірентпей қоймайды. Осылайша Ақанның көңілі кұлаған аруларға деген сүйіспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгерлік пен әншілік бір бойында тоғысуы - Ақанның атак-даңкын арттыра түсті. Ақан әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты. Ақан Ақтоқтыдай аруға арнап, "Ақ көйлек" өлеңін шығарады. Мұнда лирикалық кейіпкер сүйген сүлуын: "ақ жамбырға", "қоңыр қазға", "аққу қүсқа" теңейді:

Етегін ақ көйлектің алтындаған,

Ажарың ақ жамбыдай жалтылдаған.

Сексен қыз серуенге шықса дағы,

Ішінде сен коңыр қаз қаңқылдаған.

Қамалып қанша дұспан келсе дағы,

Қалқажан айтар сөзден тартынбаған.

Болғанда сен аққу қүс көлде жүзген

Лашын құс не болады талпынбаған?

Көз салып жаман қызға не кылайын,

Киіздей уқаланып қарпылмаган . . . "

Жамал қызға арнаған "Қалка бала" атты өлеңінде ақын сезімі терендей түседі. Өлеңдегі динамика, акынның оптимистік үні шығармаға асқақ рух беріп отырғанын байқатады:

Аспанда үшып жүрген сен ақ түйғын, -

Екеуден үшке жеткен тілегіңіз,

Сұксырдай су ішкенде мекен етіп,

Ілінбей қаршығама жұр едіңіз.

Қай жерде мекен еткен түнегіңіз?

Түн қайтып түнегіңнен ұшканыңша

Үзілмес, сірә, сізден күдеріміз,

Жұмысым көңілімдей бітер еді,

Жамал қыздың ұзатылатын тойына өр мінезді Ақан бармайды. Ғашык жүрегі ол қайғыны көтере алмайтыныН сезген аҚын Жүсіп төренің қонысы Сырымбет тауыныН бөктерінде, қыз аулының сыртында, ат үстінде жүріп Жамалға арнаған ең соңғы атақты Әні "Сырымбетті" шырқайды. Түнгі дауыс тау-тасты жаңғыртып, Жамалдың ұзатылу тойына жиналған жастардың құлағына жетеді. Ақандай ардақты ақын, әнші-серінің арман-мұңы жастардың жүрегін елжіретеді.

Ауылым қонған Сырымбет саласына,

Ғашык болдым ақ сұңқар баласына.

Бидайықка лайық, қарағым-ай,

Бөктергіге қор болып барасың ба?

Ей еркем!

Қарындас-ай!

Енді есен бол-ай!!!

Осынау "Сырымбет" әні Ақанның соңғы музыкалық шығармасы еді.

Ақынның образды беруде, сөз қолдануында, сөздерді айшықтауда өзіне ғана тән стильдік ерекшелігі бар. Ғашықтық жырларында іңкәр жүрек дүрсілі, көңіл күй ахуалымен катар біртұтас сюжетті картина жасайды. Осы орайда "Торыны талға байлап мінген қандай?" өлеңі бейне бір бедерлі сурет іспетті.

Торыны талға байлап мінген қандай?

Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай?

Тұсынан қызды ауылдың ән шыркатып,

Сыбанып ақ білекті түрген қандай?

Күніне уағда еткен қалқа жанның

Жетуге ынтызар боп жүрген қандай?

Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,

Жүгіріп сайлау жермен келген қандай?

Атынды бір тасаға байлап тастап,

Түсына ақ боз үйдің төнген қандай?

Сөз салып қалқажанға жеңгесінен,

Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай?. .

Ақын өз заманының тұрмыс-тіршілігі мен әдет-ғұрпының әсерлі көріністерін дәлме-дөл береді. Бұл өлендегі "қандай" деген бір сөздің қайталанып келуі - өлең мазмұнын тереңдете түскен. Тап бір "мына тұска назар аудар" деп түрғандай.

Махаббат лирикасындағы Ақан тағлымы ақылына көркі сай, мінезге бай сұлу жандар төңірегінде ғана тоғысады.

Ақан серінің сүйіспеншілік туралы толғаған кез келген өлеңінде кейіпкерлерінің сыртқы келбеті де көрікті, әрі оның ақыл-парасаты да тәнті етеді. Сөйте тұра Ақан сүйген сұлулардың көбі өз теңіне қосылмай, ескі салт-сананың, мал-дәулеттің құрбаны болып кете барады. Бұған табиғаты еркіндікті сүйетін Ақан сері талант куатымен қарсылық танытады, қазақ қыздарының бас бостандығы болуын қалайды. Сол себепті де оның "Бал Қадиша", "Үш тоты", "Сырымбет" сынды атақты ән-өлеңдері қазақ әйелінің өз теңіне қосылуын аңсаған ақын жүрегінің айрықша тебіреніс-толғанысын білдіреді.

Ақан-махаббат жыршысы. Адами сүйіспеншілік сезімін асқақтата жырлаған әнші-ақын, сазгер кейінгі ұрпаққа қалдырған өлмес өнерінің өзімен-ак жұртшылық жадынан ұмытылмақ емес. Ірі талант, кесек тұлға Ақан сері клас-сикалык туындылардың, атап айтқанда, I. Жансүгіровтің "Қүлагер" поэмасының, Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері- Ақтоқты" пьесасының, С. Жүнісовтің "Ақан сері" романының бас кейілкеріне айналды.

Ақанның Құлагері

Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткерлік кұрмаған. Оның қасында қашанда талантын күрмет тұтып, қолдап отыратын Атығай Қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан, ақын жора-жолдастары болған. Ол суырыпсалма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолынан аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына да жақпаған кездері көп.

Ақан сері Сарыарқаны аралап ән салады, серілік кұрады. Жанындағы сайдың тасындай іріктелген жиырма шақты жолдастары асқақ кейіпті Ақанның шоктығын биіктете түседі. Шеттерінен өңкей бір түсті тайпалған жорға, топжарған жүйрік ат мінеді. Енді бірде елден ерек қызылды-жасылды боп киініп, қүлпырып шыға келеді. Бұлардың жүрген жері әманда сауық-сайран, әуелете шырқалган ән, алтыбакан, айтыс-думан. Дуылдаған дүйім жүртпен бірге қосыла хормен ән айтады. Ат үстінде неше түрлі кызықты ойындар көрсетеді. Тек қана сол ма, жиналған жұрттың ішек-сілесін қатыра сайқымазақ өнерін де көрсетеді. Бұл - Ақан мен Ақан достарының ел арасындағы өнерлері.

Ал түзде болса, ит жүгіртіп, құс салып, мергендік кұрып, аттарын баптап, бәйге жарыска дайындайды.

Расында, дүниенің бар қызығы серілік, әншілік деп түсінген Ақанның өмірге өкпесі жоқ еді. Серінің атын асқақтаткан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы таланты болса, екіншісі аты Ақан есімімен қатар аталатын атақты пырағы - Құлагері еді. Құлагер дәненінде шабысқа түсіп, алдына жан салмайды. Ол кезде ел-елде ас-жиындар көп болатын. Сонда болған бәйге-жарыстарда үш жүз, төрт жүз аттың алдында жеке-дара озып келеді. Бірде Алтай Аққошқар Сайдалының асы болады. Құлагер 200 аттың алдында бір шақырымдай жалғыз озып келеді. Осы аста Ақмола елінің Қуандық руынан шыққан бай, Жүсіп мырза озбаған атының ашуын Ақаннан алмақ боп оған қарадай соқтығады. Жүсіп Ақанға: " . . . Сенің түбіңе жетемін, сен сиякты қу кедейді ат-матыңмен жоқ қылуға дәулетім жетеді", - деп күш көрсетеді. Ақан да қаймықпай қарсы карап: "Қолыңнан келсе, білгеніңді істе. Сенің байлығың мен бектігін маған көк тиын, " - деп төтесінен кайырады.

Құлагердің даңқы үш жүзге тарайды. Жер-жерден Ақан жүйрігінің даңкын естіп, атын, кұсын, итін сатып алуға келушілер көбейеді. Бірақ қанша мал, дүние берсе де, Ақан үш серігінен айырылмайды. Өйткені бұл оның саяткерлік тірлік-тынысымен біте қайнасып кеткен үш бірдей тірегі болатын.

Аңдысқан жау - алмай коймайды. Көзсіз қызғаныш пен көреалмаушылық қашанда қылмысқа итермелейді. 323 ат қосылған Сағынайдың асындағы бәйгеде Жүсіптің жігіттері Құлагерді қақ маңдайдан айбалтамен шауып өлтіреді. Құлагердің үстіне мінген жас бала естен танады. "Баспа-бас қызға бермес" ұүлагерінің кұлаған жерінде Ақан еңіреп жылап, тау мен даланы күңіренте жоқтау зарын айтып, бір күн бір түн жатып алады . . . Ақанмен бірге асқа жиналған калын ел де қапылыста Құлагердей пырақтан айырылып қалғандарына қамығып, Ақанның ащы зарынан көздеріне еріксіз жас алады. Ел болып Құлагердің құнын ұсынғанда, Ақан сері: "Маған байлык, мал-дүние қажет емес, Құлагермен бірге жаным да өлді", - дейді. Тек бір өтініші - қарау, қараниет Жүсіптің жазаға тартылуын өтінеді. Бірақ Жүсіп жазаға тартылмайды.

Елін емірене сүйген, бойындағы бар өнерін халқына сыйлаған, адам біткенді өзіне дос, бауыр санап келген Ақан: "Не үшін жазаландым, не жаздым, жауыздар неге сонша мені қорлады?" - деген сұрактарға жауап іздейді. Таппайды. Тығырыққа тірелген тұста адам атаулыдан онды жауап ала алмаған Ақан тау мен тасты мекен-тұрак етіп, елден жырақ кетеді. "Құлагер", "Қараторғай", "Көкжендет" сынды әндерін шамырқана шырқайды. Ақанның замандасы Мәшһүр Жүсіп: "Ақан сері жігіт көркі, сөздің бұлбұлы еді. Ақан серінің Құлагері өлген соң серілік бақыты бастан тайды, шын сорлы болып қалды ғой", - деген екен.

"Құлагер" - Ақан трагедиясының шырқау шыңы, күйзелісті көңіл күй лирикасы. Бебеулеген үн кімнің де болсын жүрегіне зар ұялатады.

Атбегі Ақан жүрегі бір жамандықты сезгендей болады.

Жел соқса, қамыс басы майда деймін,

Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,

Жығылмаса Қүлагер кайда деймін?

Атының озып келетініне күмәні болмаған Ақан алдыңғы аттың Құлагер емес екенін көргенде-ак, бір пәленің болғанын сезіп, байшұбар атка отыра салып шабады.

Құлагер мерт болды деп естігенде,

Жұлдым да сақалымды, ойбайладым, -

деген акың жан-жүрегінің, қараулыққа, жауыздыққа қарсы жанайқайын боямасыз ақтарады. Ақан қасіреті Құлагердің айрықша сымбатын, қасиетін суреттегенде де оқырманын "шіркін-ай, өттеген-ай!" дегізіп отырады.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,

Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.

Атығай-Қарауылға олжа салған,

Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім.

Ендігі жерде ақын тұлпарының шын өлгеніне көзі жетіп, іштегі шерін төгеді.

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің.

Баспа-бас қызға бермес жануарым,

Басылмас бір сөйлемей менің шерім.

Рас, ақын Құлагерді адамнан кем көрмеді. Құлагер өлімі Ақан өміріндегі ең ауыр соққы, серілік өміріне түскен жасындай еді. Елі жұбата алмаған қаяу көңілін ақын өзі жұбатады. Сезімін ақылға жеңдіріп, тоқтаушылык етеді.

Құлагер, шешең сұңқар, әкең тұлпар,

Соғып ең дененінде сегіз аркар.

Сен өлсең, орның басар көк бесті бар,

Болады кұдай қосса, о да тұлпар.

дейді. Ақан парасатын осы бір өлең жолдарынан да байқаймыз. Құлагер қазасы өлмес өлең тудырды. Дәл "Құлагердей" психологиялық жан күйзелісінің өнердегі көрінісін күні бүгінге дейін кезіктіру қиын. Ақан - өнер жолында өзін қүрбандыққа шалған ақын. Әрине, ол саналы түрде қолдан қиыстырып жасаған өнер туындысы емес, бұл қатыгез тағдырдың ақынға тартқан ащы сыйы.

Ақаннан соң Құлагердей тұлпарға жырдан ескерткіш орнаткан ақын - Ілияс Жансүгіров еді. Оның "Құлагер" поэмасы - қазақ әдебиетінің алтын қорына енген бірегей туынды.

Ал Сәкен Жүнісовтің "Ақан сері" романында Құлагер өліміне байланысты тұсы былай суреттеледі: ". . Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның құшағына жағып төседі. Ағыл-тегіл боп ақкан көз жасына малып алғандай. " Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, батыл бол!" - деп, кісінеген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп түскенде, жан біткендей дір етті. Ақан "аһ" ұрып, он жыл серік болған аяулы досының жансыз көзін жапты".

Демек, ақынға да, жазушыға да асқақ рух сыйлаған - Ақанның "Құлагері". Өлмес өнер сан рет қайталанып, әр түрлі жанрда жазылғанымен, айналып келгенде, алғашқы тарихи шындықты ашуды, оны оқырманына тереңдей сезіндіруді мақсат тұтады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақан сері Қорамсаұлы. (1843 – 1913 ж)
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан Қорамсаұлы ( 1843-1913) туралы ақпарат
Ақан Қорамсаұлы (1843-1913)
Ақан сері
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Әлем әдебиетіндегі сентиментализм
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Ақан Сері шығармалары
Қазақ халық музыкасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz