Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері



Жоспар

Кіріспе
Ахмет Байтұрсынұлы (1873.1938)
Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері
Шығармашылық мұрасы.
"Әдебиет танытқыш" кітабы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Маңғыстау»энциклопедиясы, Ал

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері

Жоспар

Кіріспе
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)
Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері
Шығармашылық мұрасы.
"Әдебиет танытқыш" кітабы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы,
теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті
ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың
төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914),
"Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің
ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ
тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы
ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.
"Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының
ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик
ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926
жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ
әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді.
Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады.
"Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем
әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде
әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер
атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек
өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат
(скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және
сөз (әдебиет) өнерін жатқызады.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен
қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен
әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына
демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты.
Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынұлы еді.
Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы
түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай,
Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз
заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды.
Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай
облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі
Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де
Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын
соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына
қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі
әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп,
көңіліне ой ұялатады.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық
ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл
мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-
қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын
мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің
үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген
болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан
Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық
қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде
ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік
өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің
мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз
бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық
аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы
Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола
жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің
аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға
шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен
Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш
халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі,
Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін
атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан
1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан
Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938
жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған
А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық
болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық
көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық
көрді.

Ахмет Байтұрсынов аудармалары, мысалдары, әдебиеттері

Ахмет өзінің бүкіл санаулы өмірін туған халқына арнаған қазақтың ұлы
көсемі. Оның әдебиет танытқыш деген зертеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш
қоры өзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып
соның негізінде қазақ әдебиеттерінің барлық жанрлық формаларын алып
топтап, жіктеп берді, әдебиет танытуышта ақындық дарын табиғаты ақын
шығармасының психологиясына ғылыми тұжырым берілді
“Тіл құралы” – қазақ тілі бөлімінің тарау салаларының құрылымын
жүйелеп ғылыми негізін салған ғылыми зерттеу. Мұнда қазақ тіліндегі
терминдер жөнінде айтылды. Сондай-ақ Байтұрсынов практикалық құрал ретінде
“Тіл жұмсар”, мұғалімдерге әдістемелік құрал ретінде “Баяншы” кітаптарын
жазды. Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаған ғалым ағартушы.

Ахмет аудармасы. Ол Пушкиннен, Лермонтовтан, Вальтерден шығармалар
аударған аудармалары Балықшы мен балық, Алтын әтеш, Шымшық пен көкек,
Өгіз бен бақа, Қасқыр мен тырна, Қасқыр мен қозы, Арыстан, киік, һәм
түлкі т.б.
Ахмет сонымен бірге мысалдар жазған. Атап айтсақ алғашқы кітабы 40
мысал 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-
зомбылығын, елдің ауыр халін жұмбақтап жан-жануарлардың бейнесі арқылы
беріліп отырды. Ақынның азаттық арман мақсаты берілген тағы бір кітабы
Маса деп аталады. Ақын бұл кітапты жазу арқылы ұйқыда жатқан қараңғы
қазақ халқының құлағына маса болып ызыңдап ұйқыдан оятуды мақсат етті.
“Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті
емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады.
Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы
өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар
қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге
жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”,
“Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде
ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама
хат”, “Жауға түскен жан сөзі” – қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық,
еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар.
“Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”,
“Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан
аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген.
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, —
деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса:
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, —
деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді.
Екі жинақ – “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен,
идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері
жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты
ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып
әкететін болады.
Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне,
отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған “Тағы да народный сот
хақында” (1911), “Қазақ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земство” (1913), “Жер жалдау
жайынан” (1913), “Көшпелі һәм отырықшы норма” (1913), “Уақ қарыз” (1913),
“Бұ заманның соғысы” (1914), “Жәрдем комитеті” (1915), “Закон жобасының
баяндамасы” (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген),
“Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение” (1914),
“Губернатор өзгертілуі” (1914), “Соғысушы патшалар” (1914), “Қазақ жерін
алу турасындағы низам” (1913), “Қазаққа ашық хат” (1916), “Бастауыш мектеп”
(1914), “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923), “Партия
һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) сияқты көптеген мақалалар
публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін,
ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму
кезеңдерімізден мол хабар береді.
Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектері бірнеше том боларлық
мол дүние, бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны” еңбегі –
оқшау, дара тұр.
Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдік-эстетикалық
сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырманының
алдына тартылды. Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған
Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен “Айқап” журналында, 1913-1918 жылдар
арасында өзі редакторлық еткен “Қазақ” газетінде, кейін кеңес баспасөзінде
жарияланған.
Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды
жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп
тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың
негізіне сүйенгенде қаламгер – оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле,
грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих,
құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика
проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға
мұрындық, ұйытқы болған пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. 1917-19 жылдар
арасында әр қиянды шиырлаған кездерін автордың өзі де мойындаған. Ал,
революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы
ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық,
рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру
ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады.
Автордың “Қазақ өкпесі” мақаласында (“Айқап”, 1911, № 2) тарихи мәселелерге
объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен
құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге
қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы
жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде
жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты”, дей келіп, ел мен елді, ұлт
пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден
қояды.
Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. “Оқу жайы”
(“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай
отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды,
әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл
әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат
таныды деген дерек келтіреді. “Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп
жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп
келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу
жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың
қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту
ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның
үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап,
“жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп
дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған
терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген
реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды
ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш
анықтама бергені, дыбыс жүйесін (грамматика) қалыптастырып шығарған ұлы
еңбегі өз кезінде де айтылған болатын. “Ахметтің октябрь төңкерісіне шейін
қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі
сықылды орындарда оның еңбегі мол... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ
балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ
мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі
бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды”, — деп жазды Сәбит
Мұқанов. Ғаббас Тоқжанов пікірі де осымен сабақтас. “Бір кезде сары маса
боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып
сүйсінеді”.
Өз қолымен жазған “Өмірбаянында” (1929, 8 наурыз) Ахмет Байтұрсынов былай
дейді: “Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық,
морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ
алфавитін (шрифтін емес), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа
жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа
тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен; ақыры, ең соңында,
төртіншіден, проза (іс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби
тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы
халықтың жады тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар
өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған “Қазақ” газеті арқылы іске
асты”.
Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде
айтылған.
“Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы
дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге
түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса,
ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу
заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен
заман...”, – деп жазды ол.
Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады. Қазақ
мектептеріндегі оқыту жайлы, олардың қиындықтарын таратып айта келіп, автор
өзінің оқыту әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтып
отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп, ой жүгіртіп көріңіз:
“Дүниедегі жұрттардың тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) түбіршек тіл, 2)
жалғамалы тіл, 3) қопармалы тіл. Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей
жұмсалады, мәселен: қытай, жапон тілдері. Жалғамалы тіл сөздің аяғына
жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен: түрік, финн тілдері. Қопармалы тіл
сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен: орыс тілі, араб тілі”
Дәл бүгін айтылғандай әсер қалдыратын бұл пікіріне таңданбасқа шара жоқ.
Әдебиетші ақын Ахмет Байтұрсыновтың өнерпаздар мұрасының маңызды саласы ол
жинап, реттеп, өңдеп бастырған – фольклор материалдары. Мұның бірі – 1923
жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шыққан “Ер Сайын” жыры. Кітап Шоқанның
досы, әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде
шығарылған.
Ахмет Байтұрсынов жинап, реттеп, сұрыптап бастырған екінші фольклорлық мұра
– 1926 жылы Москвада жарияланған – 23 жоқтау. Әдеби тілдің қалай
жасалатынын айта келіп; “Әдеби тіліне негіз етіп аузындағы тіл алынбаса, ол
әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда мұны
естен шығармау керек... Тіл тақырыпты Ленин сияқты көсемдердің айтқан
сөздерін, үгіттерін оқыған не естіген кісі жолымыздың тура екендігін
байқаса керек”, — дейді. Жинақ Шәңгерейдің “Сыршы” деген өлеңінің:
Құйрық атып құлия,
Түлкідей қашқан жымия.
Қараңды үзіп барасың,
Бізден қайран дүние...
Дәурен өтіп, жас жетіп,
Замандас құрбы адамдар
Азайып келіп о бітті.
Көрген түстей бәрі де
Көзімнен болды зым-зия, —
деген жолдарымен басталады. Қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23
жоқтау, трагедиялық жырлар берілген. Бұлардың ішінде Бапай батыр, Қаз
дауысты Қазыбек би, бірнеше тарихи тұлғалар бар, түсініктемелерде дәлді
деректер бар.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын айқындап
беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы “Әдебиет
танытқыш” (“Теория словестности”) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл
салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап
үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі,
методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел
осы кітапта қалыптастырылған.
“Әдебиет танытқыштағы” қазақ әдебиетінің өзіне тән жанрлық формаларын
топтап, жіктеп берудегі ғалым даналығына таң қаласың. Эпосты — әуезе,
лириканы – толғау, драманы – айтыс деп бір қайтарып алып, сала-салаға
жіктеп әкетеді; шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме, тарихи әңгіме,
саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білімір шешен сөз,
уағыз, көсемсөз (публицистика). Ауыз әдебиеті түрлері былай жіктеледі:
ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш – бұлар
бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс өлең, үгіт өлең, толғау, терме –
бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар
үшінші топ. Тойбастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата
– бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыр –
бұлар бесінші топ. Сан алуан фольклорлық шығармаларды топтап, саралауға
мүмкіндік беретін сауықтама, зауықтама, сарындама, салттама, ғұрыптама,
қалыптама деген терминдер қазіргі ұғымымызға өзі сұранып тұр.
Қазақ әдебиетін дәуірлерге бөлуде де толып жатқан жаңалық бар. Хисса,
хикаят, насихат, мінажат, мақтау, даттау, шығармаларды діндар дәуір
әдебиетіне жатқызса, сындар дәуір әдебиетіне ұлы әңгіме (роман), ұзақ
әңгіме (повесть), әңгіме кірмек. Лирика түрлерін саф толғау, марқайыс
толғау, налыс (мұңайыс) толғау, намыс-таныс толғау, сұқтаныс толғау,
(даттау, қаралау, наз) деп жіктеу, мазақ, мысқыл, қулық, сықақ, әзіл деп
саралау, тартыс түрлерін әлектеніс, әуреленіс, азаптаныс деп таратып
әкетуге де қайран қаласыз.
Қысқасы, “Әдебиет танытқыш” кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория
әдеби тілімізге, ғылыми оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте
эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен
тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен Ахмет Байтұрсынов қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым
екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді.
Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және
айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”.
Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын
әлі алған жоқ.
Бірден айту керек, “Әдебиет танытқыш” – Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-
философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық
танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған
ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін,
ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы
қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша
өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы
зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов
– тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану,
өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.
Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынов фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың,
жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, әдеби дамудың
болашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам табиғаты жөнінде
терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін көрсетті. Ерекше қуанарлық нәрсе,
жазылғанына 70 жыл өткен еңбектің дәл бүгін көкейкесті, актуалды болып
отырғандығында. Оның қай бетін ашып оқысаң да, көкейге қона кетеді. Ахмет
Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде зерттеу объектісі етіп, қазақ ауыз
әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. Автор
қандай ғылыми еңбектерге сүйенгені туралы мәлімет, дерек келтірмейді. Ең
алдымен ғалымның әдебиет теориясы, сыны, тарихы, текстологиясы, жанрлары
жөнінде дүниежүзілік әсемдік ойдың негізгі тұжырым, идеяларымен терең
таныстығы айқын аңғарылады. Қоғамдық, тарихи-эстетикалық, философиялық
білім мығымдығы үнемі сезіліп отырады.
Өнер тарауларын сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін
(живопись), әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әрқайсысына
дәлді анықтама беруінен, сөз жоқ, неміс ғалымы Лессингтің әйгілі “Лаокон”
трактатымен таныстықты байқауға болар еді. Сол сияқты әдебиет тектерін
таратқанда, ішкі ғалам (субъективті әлем), тиіс ғалам, түйіс ғалам
(объективті әлем) ұғымдарын пайдалану ескідегі Аристотель, кейінгі Гегель,
бергідегі Белинский, Веселовский концепцияларын еске түсіреді. Ал ауыз
әдебиетін жалпылай топтау тәсілдерінен орыстың дәстүрлі фольклоршыларының
сабағы аңғарылады. Бір ерекше жәйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитата алып,
өзгелерден бәтуа іздеп, басқаның пікіріне жығыла салатын әдеттен мүлде
аулақ. Дәлірек айтқанда, “Әдебиет танытқышта” пәленшекең айтты деген бірде-
бір пікір, тұжырымға сілтеме жоқ.
Өнер туралы жалпылай мәлімдеп, көркем сөз өнерінің тарауларын жеке-жеке
ерекшелеп көрсетіп, сөз өнері, шығарма сөздің ақылға, қиялға, көңілге
беретін әсерін анықтап алып, ұғыну, тану, ойлау, ұқсату, бейнелеу,
суреттеу, түю, талғаудың айырмасын анықтап, тақырып, жоспар, түр дегендерді
түсіндіріп, мазмұн алуандығын әуездеу, әліптеу, пайымдау деп үшке бөледі.
Бұларды түсіндіру үшін Абай, Мағжан өлеңдері, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”
трагедиясы, “Жәнібек батыр” аңыз әңгімесі мысалға алынған.
“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып,
бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты
мәселе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
Абайтанудың негізін қалаушы
Мысал жанрының қалыптасуы
Мақыш Қалтайұлы туралы
Мысал жанрының ерекшелігі
Ахмет байтұрсынұлы- білікті психолог
Ахмет байтұрсынов – оқымысты, аса дарын иесі, аудармашы
А.Байтұрсынов аудармаларының маңызы
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
МЫСАЛ ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Пәндер