ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.


Жоспар
І. Кіріспе.
1. 1. ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
ІІ. Негізгі бөлім.
2. 1. Базар Оңдасынұлының өмірі мен шығармашылығы.
ІІІ. Қорытынды.
БАЗАР ОҢДАСҰЛЫ
Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданының 6-ауылында туып-өскен. Базардың өлеңін жинаушылардың бірі Әлқуат Қайнарбаевтің деректеріне қарағанда ақын 1839 жылы туып, 1911 жылы өлген (Бейіті Қызылқұмның Жалпақтау деген жерінде) . Шыққан тегі шөмен. Тек 16 жасынан бастап өнер жолына түскен. Базардың ұрпағы Өзбекстанның Бұхара облысы, Тамды ауылы, Қосбармақ деген жерінде тұрады. Базар өз бетімен оқып, сауатын ашқан. Ер жеткен шағында діни кітаптарды, қолына түскен шығыс әдебиет үлгілерін бас алмай оқып жүрген. Өзі - белгілі суырып салма ақын. Базар өлеңдері 20-жылдардан бастап жинала бастады. Ә. Диваев, С. Сейфуллин, Ә. Марғулан аыан өнеріне алғаш назар аударып, жазып алушылар болды. 1925 жылы Ташкент қаласында басылған „Терме" атты жинақта жыраудың бір топ өлеңдері тұңғыш рет басылып шықты. Кейін 1931 жылы С. Сейфуллин оның заман туралы толғауларын (көлемі 200 жолға жуық) “Қазақ әдебиетінің ескі нұсқалары” жинағына енгізді.
Базар өлеңдерінің бір қатары «ХҮІІІ-XIX ғасырлар ақындары шығармалары" (1962) мен “Үш ғасыр жырлайды» (1965), „Бес ғасыр жырлайды" (1989) жинақтарына да енді. Ақын шығармаларының едәуір бөлігі әлі қолжазба қорында жатыр. Олар-"Мақпал - Сегіз", „Айна тарақ", „Әмина қыз", „Ахметжүсіп" атты лирикалық толғау дастандары. Аталмыш дастандар - нәзік жанды ғашықтар әрекеттерін, олардың жүрек сезім жырларын шертетін кейбір шығыстық сюжеттерді еске салар назиралық сипаты да бар, дәстүрлі лирикалық туындылар. Ақынның туңғыш шығармалар жинағы 1986 жылы жарық көрді.
Базардың аты қазақтың көп жеріне таныс. Арқа мен Сыр бойында оның сөздерін білетіндер көптеп кездеседі. Мысалы: Жұмақымет, Сүйкімбай сияқты жыраулар Базар жырларын жақсы жырлайды.
Дабылы көп жерге жайылып кеткен талант иесі екенін жыраудың мына бір жолдардан да аңғаруға болады.
Дабылымды есітіп, Мұндағы әлім мен шөменнің
Құмар дейді көрмекке. Мен едім даңқты шайыры.
Сонау төмендегі, Екі енені тел емген -
Аштарханнын, бойында, Күшпек санды күреңі . . .
Он екі ата бай ұлы
Базардың өлеңдері алуан салалы. Ақын өзінің жеке басына байланысты мәселелерден бастап, ел жайын, батырларын, өткен кеткенін, жақсы-жаманын, жастар жайын кең толғайды. Солардың ішінде „Халық үшін туған к, айратты ер", „Жігіттік", „Жиырма бес", „Назекеңе", „Ғашық жарым", „Дүние", т. б. өлеңдерінің мәні ерекше.
Ерлік дәстүрді жоғары ұстап халық қамы үшін жауға қарсы тайсалмай шабатын батырды ол ерекше ардақтайды.
Жігіт жаута шаппай ма, Халық үшін туған қайратты ер
Толғаулы найза, бір атпен. Айырмайды жақынын,
Күдері баулы көк шыбық, Бірдей көріп жырақпен.
Сыпырма қылыш қынаппен.Адамның ақылы мен қайраты тең түсіп, оның бәрі елі, халқы үшін қызмет қылуға арналса, онда ел де, ер де өз мұраттарына жетер еді. Амал не олар тең түспейді, сондықтан ақылға негізделмеген қуат дөкір қимылдар жасайды. Күшке, қайратқа ұштаспаған ақыл да панасыз, дәрменсіз. Ол өз бетімен дегеніне жетпек емес. Ақын өмір тәжірибелерінен түйгендерін осылайша қорытады.
Андасаң ақыл тең, болмас, Жаратқан өзі жар болса,
Алысқан жерден жығатын, Тәңірі берген жігіттің
Денеңе біткен қуатпен. Өтеді күні мұратпен.
Базар адамның қуатты шақтарын қартайған күндеріне қарама-қарсы қойып, жастарға ақыл айтады. Ақыл мен қуатты ұштастырып, өркенді іс қыла білуге үндейді. Ақын атаулы соқпай кеткен атақты „Жиырма бес" туралы Базар да өзінше толғанады:
Екі ауылдың арасын Қыран шалған қояндай,
Қиқулаткан жиырма бес. Бұлтылдатқан жиырма бес.
Бұғалықсыз асауды Ақысы кеткен кісідей . . .
Құр-құрлатқан жиырма бес . . . Күн-түн қатқан жиырма бес.
Жалтарғанды жаздырмай,Ақын ақ жарқын жігіттік шақты бос өткізуге, мәнсіз өмір сүруге қарсы. Дүниенің өткінші екенін ол әрдайым ескертіп, қуатты жастық шақты қапы өткізбеуге, халыққа пайдалы іс көрсетіп, жан аямай, азаматтарша парасатты өмір сүруге шақырады.
«Жігіттік» деген өлеңінде ақын жастық екпінді табиғаттың долы күшіне - қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлады.
Елінің арын арқалап, зарын жадыратар абзал азамат болуды әрбір жігітпін деген жастан күтеді. Асылы, жастық қуат пен жігер сол бір мақсат үшін сарп болса, жігітте де, елде де арман болмас еді. „Өзімдей-ақ ұл туар" деген өлеңінде ақын осы пікірлерін былай түйеді:
Халқына басы қадірлі - Қолы сақи пендеге -
Кейбір жерде жігіттің Өлгенде тиер қайыры . . .
Көрінсе көзге зайыры,
Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап, жыр толғайды:
Қаһары келсе хандарды - Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Алтын тақтан тайдырған, Малайсары, Жантайлақ,
Жетіде тағам бір татқан, Сәмет батыр, Тоғанас . . .
Қысқа күнде қырық шапқан,
Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл күйін танытады. „Сүйген жарыма", „Назарға" атты толғаулары - осындай өлеңдер.
Ел дәулеті асып, халық ырысы молая түсуін тілеген ақын, ең алдымен тьшыш өмір, жайлы қоныс, оны қорғар ержүрек батырды аңсайды.
Аздыра ма халқыңды, Адыр, адыр адыр тау,
Ішінен шыққан ер болса? Адыра қалар елден соң.
Намысыңды жібермейді, Елдің сәні болмайды,
Екіталай жер болса. Қолайлы қоныс жерден соң . . .
Жыраудың өлеңдері суретті. Ер азаматтың жолдасы болған аты бейнеленген мына бір өлеңі оған айқын мысал бола алады:
Жал, құйрығы өрілген, Зерігіп іші толғанда,
Өлшеммен от-су берілген. Шын айналып қазығын
Бастырық жабу, жемменен, Осқырып жерді тебінген . . .
Байлауда тұрып семірген. Тері кепсе тыңайып,
Шын жарауы түскенде, Сыр бермеген мұңайып.
Жабуын алсақ жануар Айдалғанмен алысқа
Сілкініп дүр-дүр керілген. Ортекедей ойнақтап,
Ұлы дүбір болғанда, Талай келген өлімнен . . .
Ақын тілі әрдайым бейнелі, өрнекті. Орынды қолданылған айқын теңеулерге толы:
Жауырыны жазық тақтайдай, Қаптаған қара дауылдай.
Жыландай белі бүгілген. Күркіреп жауған көктемгі
Қырымынан қара көрінсе, Қара нөсер жауындай.
Құлағын жұптап үңілген . . . Тұтынса берік тозбайтын,
Жігіттіктің екпіні - Күдері қылыш бауындай.
Халық тұрмысындағы жоқ-жітік, қоғам өміріндегі к. айшылык. - бәрі бодан заманның ауыр еншісі екенін ақын біркелкі таниды. Барды ағайыншылықпен бөлісуге, ұйымшылдыққа үндейді. Үлкенді сыйлап, көпті көріп білген дана адамдардың айтқанын істеп, тату-тәтті өмір сүруге шақырады.
Сағымның жанарланған елесіндей,
Зәулімнің асқар биік белесіндей.
Алдыңда ағаң бар да арманың жоқ,
Бұлт баспас таудың биік төбесіндей.
Ақылға кейбіреулер кен болады,
Қасиетті қариялардың кеңесіндей.
Біреулер малға ғана бай болып жүр,
Дарияның иірім тартқан кеңесіндей.
Кейбіреу таппай қорек тарығып жүр,
Құдіреттің қылған қысап кемісіндей.
Баск, а жыраулар сияқты Базар да адамның кәрілік шағын, әрбір жастағы қуат мөлшерін тап басып, өзінше жырлаған. Қай ақын болмасын адамның өмірін жырлағанда тән тозса да жан, көңіл тозбайды деп қорытады. Қандай қария болса да, оның көңілі жас адамдай, әр нәрседен дәмелі болып, жер-көкті кезіп, дамыл таппайды.
Көңілдің аты арымас, тозбас тоны,
Бұл көңілқоныс іздейді, күнде соны.
Бір түнде қырық мың шаһар аралайды,
Мысалы, бай-көпестей жеткен қолы.
Әр түрлі аң атудан қиялы бар,
Оқшантай, оқ дәрісі болса толы.
Ақынның үйреншікті айқын теңеулер арқылы бейнелеуге шеберлігі оның халықтық тіл байлығын жақсы меңгергеніне айғақ бола алады.
Баяны бар ма дүниенің Ай балтаның бауырына
Төгілген қолдан сынаптай. Болаттан қиған қияттай.
Қиядан орға тас салдым, Туысының кемі жоқ,
Қайнаған қайрат шыдатпай. Тай-жолбарыс сияқты-ай.
Ұстасқан қолды қидырған,Адам баласының өмір бойы күресіп, жеңе алмай келе жатқан, ешкімді ешуақытта құтқармаған Жебірайылдың қара құрығы - өлім. Сол өлімге Базар да қатты наразы. Ол өлімнің хақ екенін мойындаса да оған күні бұрын бас игісі жок, . Өмірді нәтижелі өкінішсіз өткізуді тілейді.
Әуеде жүрген ақсұңқар. Майысқаи сынды болатым,
Тау бөктеріп ұшатын. Қайырылп сынды қанатым.
Тас бөктерлеп қонатын, Алма мойын құба үйрек,
Жасаған ие бар қылса, Шалқұйрықтан туатын . . .
Өрден аққан дария Өлімнің қиын әсері
Сағасынан тынатын. Өзегің өрт боп жанатын.
Базар өлеңдеріндегі негізгі пікір - жоғары адамгершілікті уағыздау. Ол адам деген атқа тән әділ, адамгершілік іс қыла білуге үндейді. Адамның артықшылығы сол адамгершілігімен, кең пейілді қарасқыштығымен өлшенуге тиіс. „Әр нәрсенің нарқы бар" өлеңінде ақын бұл пікірлерін ашық баяндайды.
Мырза менен саранды Ғалым менен наданды -
Өлшестіріп қарасан, . Салыстырсаң білерсің,
Ылди мен зәулім асқардай, Дария шіреп тасқандай.
Ақын бала оқытып тек қана дүмше алымпаз молда атанып жүргендерге шүйліге түседі. Олардың қолы адал емес, арын сатып мал тапқан арамзалар екенін батыл әшкерелейді. Оларды жомарт адал жандар тобына қосуға мүлде болмайтыньш ашық айтады. Молдалардың өлімді аңдыған күшігеннен кем түспейтінін бетіне басып, өлім үстінде баю олардың негізгі кәсібі екенін айтады.
Өлім барды шашады, Дүние үшін жолдан аумасаң,
Жоқтың артын ашады. Мен сендерден садаға.
Қосыла сендер тонама! Құран оқып күңіреніп,
Жылап-сықтап жатқанда, Сары уайым саласың,
Олжада ойың барларың. Берсе қағып аласың,
Қараң құрсын жолама. Соларың дұрыс болар ма?!-
Тірінің көңілін ауласаң,деп молдаларды ақылға шақырмақ та болады.
Заманындағы қрғамдық топтарды іріктеп, оларды өзінің сын елегінен өткізеді. Тек қана молда емес, соларға үстем қоғам иелерін тізіп, оларға да сын айтады. Құлқьшына құл боп тойынған би болыстар мен ел қорғауды мулде ойлаудан қалған батыр сымақтарды бар деуден гөрі жоқ дегенді жөн көреді.
Тұлғасын көріп көз тойған, Билігін бұрмай тура айтқан,
Туымына әркім ден қойған, Төбедей билер төрде жоқ.
Елдегі қаріп-қасерге пана боп, ел бастаған басшы болар хан да, жоқ жітікке қарасар қайырымды бай да жоқ боп кетті. Қазіргі бай мен ханды оларға салыстырып болмайды. Себебі, - олар өз басының ғана қамын қарастырушылар, - деп ақын оларға да өз өкпесін білдіреді.
Қасынан қоңсы кетпеген, Жұртына жағып халық сүйген.
Өзіңнен байлық өтпеген. Ғаріп пепен қасерге
Қайырлы байды еш жерден - Қамқоры сырттан көп тиген.
Іздегенмен таппайсың. Әділетті жан түтіл
Ол - аяқ жетер жерде жоқ, Орнында оның орда жоқ.
Таққа мініп таж киген.
Міні ақын өз тусындағы басшылықтың берекесі кетіп, азып-тозып жатқанын осылай аңғартады. Заманын түзеп, елін жолға салар адал азаматты аңсайды. Заманның бұзылуына сол заман адамдарының пейілі кетіп адамгершіліктен қол үзулері себеп болып тұр- деп, тусінеді ақын.
Түзелер еді бұл заман Пейілі бұзық пендені Кетсе астынан жер жүтып, - дейді.
Тегінде Базар кезіндегі әділетсіз қоғамына батыл сын айтып, оларға наразылар жағын қолдап отырса керек. Ал үстемдер бұндай қызба, өжет жыраулардың көмейне құм құйып, елден аластамақшы болғанға ұқсайды. Ақынның „Тоқаның Назарына" айтқан арнауы сол шындықты танытады.
Алты ай жатып түрмеде, Назекеңді көрген соң
Арып-ашып келемін. Базардың кірді ажары.
Осы жолдарға қарағанда ақынның тұсындағы жуандарға жақпағаны, олардан қуғын көріп қасірет шеккені анық,
Базар қаншама қарсылық көрмесін өзінің сара жолынан таймаған. Елі, халқы үшін еңбек етіп, адал жүріп анық басқан. Дұшпанын сынаудан бір тынбай, тілін тартпай өткен, заманының шыншыл жырауы болған. Өзінің „Халықтың ауызын тұщыттым", - деуінің сыры да осы, халықшылдығын айтқаны болса керек.
Тереңдігім теңіздей, Халықтың аузын тұшыттым -
Қайратым қодыр өгіздей. Сере шыққан семіздей.
Дұшпанды талай матадым, Дабылым кетті алысқа,
Тізесінен тебіздей. Жиреншенің өзіндей.
Ақын өзін халыққа аңыз болған Жиренше шешенге салыстырады. Бұл жайдан-жай айтылған салыстыру деп айтута болмайды. Шынында да Базар - өз тұсында аты аңызға айналған шешен. Оны халық Жиреншеден кем көрмеген.
Базар ақындық өнердің негізгі мақсаты халық үшін қызмет ету екенін тусінген. Ол өзін халқынан бөліп к, арамайды. Өнері де сол халқының құмарын қандырса деп армандайды.
Көптен бері көрмеген, Алқалап келген ағайын,
Мен халықтың шынары. Біздің сөзден болар ма,
Сөйлеші жорғам десеңдер, Көңіліне ұнары,
Белгілі сөзбен сына әрі. Ұнаса тілім зырғышы,
Тарқасын бұл халықгың құмары, -
Ақын өлеңінде метафоралар да көп кездеседі. Ауыстыруларда ақын, әсіресе, өзі туралы айтқан өлеңдерінде көбірек қолданады. Мысалы мұны „Өлеңнің аққан көзі едім" өлеңінен айқын аңғаруға болады.
... жалғасыҚайыңның қатты безі едім, Есіткендерді емірентіп,
Өлеңнің аққан көзі едім. Өртедім оттай өзегін.
Сөйлер сөзге келгенде Талай жерді тындатып,
Шебердің құрған тезі едім. Қызыл тілді безедім,
Бұл жолдардан Сүйінбай мен Шернияз өлеңдеріне ұқсастықтар да байқалатын сияқты. Солардай тебірене термелеп, халықтық ой түйеді, ақыл айтып, алуан нақылдар тұспалдайды. Халықтық шешендікті меңгерген жырау әрдайым төгілте жыр толғап, өлеңнен бейне бір екпінді сел ағызғандай болады.
Қу қанжыға жүйріктен Жаман болса алғаның
Қаба жалды берік артық. Мақтасы қалың көрпе артық.
Жылуы жоқ тымақтан Қараға жауап бергеннен
Баса киген бөрік артық. Аққа берген серт артық.
Базар өлеңдерін ауызша шығарса да жазбаша әдебиетке тән қасиеттерден құр емес. Онда бір дыбыстан басталатын өлең жолдарының жиі кездесуі бұған дәлел.
Көшкен елді қуалап, Қыңырықтад құр кетпей.
Күн-түн қатқан жиырма бес. Бір тіл қатқан жиырма бес.
Қыз-келіншек кез келсе,
Сөйтсе де Базар - негізінен жыраулар дәстүрін берік ұстаған төкпе ак, ын. Оның поэзиясына жыраулық сарын - тән құбылыс.
Ақын өлеңіне бейнелілік пен суреттілік тән. Ол неше бір поэтикалық тілдерді (әсірелеу, теңеу, эпитет, метафораларды) қолданады. Адам тұлғасын, сырт пішін кескін-келбетін суреттеуде болсын, ақындық шабыт, әсем тіл айшықтары белес береді. Мысалы, қыс қысымынан құтылып, жадырап жаз шыққан шақты былай суреттейді:
Жоғарыдан төненге Жапырақтары жайқалып,
Жүйесін тауып су ағар. Желмен ырғалып шайқалып,
Жазғұтұрым болғанда. Түрленіп гүлдер қызарар.
Жердің бетін су алар. Бұлбұлдар сайрап бағында,
Жадырап күн, көк шығып, Байғыздар тасқа ұялар.
Жан-жануар қуанар.Енді бір өлеңінде ақын ару қыз образын жасайды Сұлудың сырт пішінін - портретін танытқандай сөз тізбелейді.
Азу тісі ақсиған, Көзі ақықтай сүзілген,
Ор қояндай қасқиған. Келісті келтен кермиық . . .
Ақындар бойындағы ерекше шабыт пен таланттың көріністерін Базар өзіндік сөздермен танытады. Ақын шабытын жүйріктер қимылдарына ұқсатады.
Шабарына келгенде, Озарына келгенде,
Қашаған қуған жүйріктей, Қарадан шығып жоғалған.
Оңды теріс оралған.
Базар өзіне дейінгі өз кезінде жасаған қазақ ақындарын жақсы білген. Оның ішінде Шернияз, Шыман, Өтеген сияқты Ақтөбе ақындарын, Қарадос, Өске сияқты Қостанай ақындарын, Сералы, Садыр, Орынбаилардай Арқаның атақты ақындарын ол өзінің өлеңдеріне қосып отырады.
Мысалы:
Шайыр өлмес дер едім, Сералы, Садыр, Орынбай.
Сайраған қызыл тіл берген. Ақтекенің ішінде,
Алжаспай сөзді ағызып, Шернияз, Шыман, Өтеген.
Есебін тауып үлгірген. Солардан да өткен сұм дүние, -
Қарадос, Өске, Бұдабай,деуі бұған дәлел бола алады.
Жыраудың өлеңдерінде Дулат, Шортанбай ақындар сарыны, тіпті кейде Махамбет сарыны да байқалып қалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz