Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және Ахмет Байтұрсынов туралы академиялық жоспар


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

Ілияс Жнсүгіров (1894-1938)

Бейімбет Майлин ( 1894-1938)

Ахмет байтұрсынов (1873-1937)

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ақын, жазушы, драмматург, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, педагог. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері. Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиеті мен мәдениет тарихында алатын орны ерекше.

Сәкен - әдебиеттегі лақап аты. Шын аты - Сәдуақас. Лирик, кең құлашты эпик ақын, прозаик, драматург, жазушы, қоғам қайраткері. Сәкен сейфуллин қаламынан туған тамаша туындылар көп.

Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен саутын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы “Уәзифа” медресесінен, кейін Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінен білім алған.

Ақын, әдебиет зерттеушісі, көсемсөзші, аудармашы , турколог, қазақ тіл ғылымының, әдебиеттанудың негізін қалаушы ғалым. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері.

Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)

Ақын, жазушы, драмматург, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, педагог. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері. Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиеті мен мәдениет тарихында алатын орны ерекше. Жан-жақты талант иесі әдебиетіміздің барлық жанрында еңбек етіп, көптеген ірі шығармаларымен жаңа жанрлардағы ізденістерді орнықтырды. Әсіресе проза мен драматургиядағы орны үлкен. 20-жылдардағы қазақ прозасының тууы мен жетілуі Ж. Аймауытов шығармашылығымен тығыз байланысты. Оның драматургиялық туындылары идеялық мазмұнының байлығымен, драматургиялық тартысының өткірлігімен, характержасаудағы ізденістерінің әрқилылығымен ерекшеленеді. Ол ойлы көсемсөзші, сыншы, аудармашы ретінде де танылады. Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне де араласып, оларға арнап оқу құралын жазды.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938)

Сәкен - әдебиеттегі лақап аты. Шын аты - Сәдуақас. Лирик, кең құлашты эпик ақын, прозаик, драматург, жазушы, қоғам қайраткері. Сәкен сейфуллин қаламынан туған тамаша туындылар көп. Өзінің өмірбаяны туралы бір жазғанында: “Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақжарқын жайдары адам, шешем әңгімешіл еді”депті. Оның үстіне Сәкен Сейфуллиннің өскен елінде қазақтың көптеген әнші-ақындары болған. Оның алғашқы қызыға тыңдап, мол әсер алған жайлары ата-ана, ауыл аймағындағы ақын, әнші-домбырашылардың өлең айту, күй тарту өнерлері. Мұның бәрі болашақ ақынның поэзияға, ән-күйге деген құмарлығын ерте сергітіп оятады.

Ілияс Жнсүгіров (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 14 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысының 4-ауылында (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) туған.

Ілиястың әкесі Жансүгір ескіше сауаты бар, өзі өнерлі адам болған. Ол баласының тәрбиесіне қатты көңіл бөледі. Өзінің бойындағы тамаша өнерінің бәрін баласына үйретеді. Ілияс әкесінен жазуды, оқуды, етік тігуді, домбыра тартуды, қоңыр дауыспен ән салуды үйренеді.

Зерек, ұғымды бала әкесі сықылды халқының ән-жыр, күй өнерін сүйеді, оларды жанымен беріле зерттейді. Халықтың бай ауыз әдебиетін жаттап өседі. Әдебиетті жан тәнімен сүюі Ілиясты ақындық өнерге жеткізеді. Көптеген өлеңдері жастарға арналған. “Жас бұлбұлдарға”, “Жалпы жасқа”, “Жастар” т. б. сияқты өлеңдерінде жастарды оқуға, өнер-білімге шақырады.

Бейімбет Майлин ( 1894-1938)

Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында дүниеге келген. Ауыл медресесінен саутын ашқан ол сол кезеңдегі белгілі оқу орындары болып саналатын Троицк қаласындағы “Уәзифа” медресесінен, кейін Уфа қаласындағы “Ғалия” медресесінен білім алған.

Дарынды жазушының шығармашылығы кең арналы, сан салалы, күрделі де көрікті әлем. Ол - сыншыл ақын, көркем прозашы, драматург, көсемсөз шебері. Оның шығармаларында қазақ ауылының, ондағы қарапайым шаруа адамдарының шынайы да сыршыл суреті бар.

Бейімбет Майлин әңгімелері сол тұстағы аумалы-төкпелі кезеңнің жаманы мен жақсысын, пайдасы мен залалын дәл танып көрсете білмеумен құнды.

Ахмет байтұрсынов (1873-1937)

Ақын, әдебиет зерттеушісі, көсемсөзші, аудармашы, турколог, қазақ тіл ғылымының, әдебиеттанудың негізін қалаушы ғалым. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің көрнекті қайраткері. А. Байтұрсынов ХІХ ғасырдың соңғы кезі мен ХХ ғасырдың алғашқы отыз жылы ішінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени өміріне белсене араласты. Оның әсіресе әдебиеттану ісіне қосқан үлесі аса мол. А. Байтұрсынов - қазақ алфавитінің реформаторы, тұңғыш әліппе, тіл құралын жазған ғалым. Ол таза қазақ емілесінен шыққан “Қазақ”газетінің (1913-1918) тұрақты редакторы болды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
  2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 - 2007.

Маңғыстау»энциклопедиясы, Алматы, 1997

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров: өмірбаяны мен өлеңдерінен үзінділер
Жүсіпбек Аймауытов және XX ғасыр қазақ жазушыларының шығармашылығы: Ғұмар Қарашев, Бернияз Күлеев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Біржан Майлин
Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов: өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметі
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов және Т. Тәжібаев: қазақ педагогикалық ойының қалыптасуы мен ғылыми-әдістемелік мұрасы
Ж. Аймауытов, Ғ. Қарашев, Б. Күлеев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров және Б. Майлин шығармашылығына әдеби-критикалық шолу
Ілияс Жансүгіров: өмірі, поэзиясы және аударма өнеріндегі ерекшеліктер
Бейімбет Майлин: өмірі мен шығармашылығы
Қазтуған Сүйінішұлы: ноғай дәуірінің жырауы және Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтің қазақ совет әдебиетіндегі орны
Бейімбет Майлин прозасындағы ұлттық реализм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz