Біржан сал



Жоспар:

1. Кіріспе бөлім.
Өмірі мен өскен ортасы.

2. Негізгі бөлім.
Біржан салдың шығармашылығы.
Біржан . айтыскер ақын.
«Біржан мен Сара» айтысы.

3. Қорытынды бөлім.
Дүниеден өтуі.
Қазақ даласын әнімен тербеген, рухы асқақ, тағдыры мұңлы, артына өшпес мұра қалдырған ХІХ ғасырдың өнер жұлдыздарының бірі – Біржан сал Қожағұлов.
ХІХ ғасырда туған халық әншілері Ақан Сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты ел еркесі атанған, әнші – композитор Біржан сал шығармалары – қазақ халқының өнер қорына қосылған асыл қазына. Біржан табиғаты көркем, сылдырап аққан бұлағы, айнадай жарқырап аққан көлдері, сыңсыған сұлу арманы бар Бурабайдай аңызға толы өлкеде, көк күмбезді Көкшетауда атасы Қожағұл ауылы Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген. Біржан үш ағайынды еді, ағалары Ержан мен Нұржан ата кәсібі мал бағумен ғана айналысқан. Ал Біржан болса, Тәңірінің берген өнерімен елден ерекше болып өседі. Бала бойындағы талантты тани білген атасы Қожағұл Біржанды өз бауырына алып тәрбиелейді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001;
2. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.
Маңғыстау»энциклопедиясы, Ал

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Кіріспе бөлім.
Өмірі мен өскен ортасы.

2. Негізгі бөлім.
Біржан салдың шығармашылығы.
Біржан – айтыскер ақын.
Біржан мен Сара айтысы.

3. Қорытынды бөлім.
Дүниеден өтуі.

Біржан сал Қожағұлұлы

Қазақ даласын әнімен тербеген, рухы асқақ, тағдыры мұңлы, артына
өшпес мұра қалдырған ХІХ ғасырдың өнер жұлдыздарының бірі – Біржан сал
Қожағұлов.
ХІХ ғасырда туған халық әншілері Ақан Сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ
сияқты ел еркесі атанған, әнші – композитор Біржан сал шығармалары – қазақ
халқының өнер қорына қосылған асыл қазына. Біржан табиғаты көркем, сылдырап
аққан бұлағы, айнадай жарқырап аққан көлдері, сыңсыған сұлу арманы бар
Бурабайдай аңызға толы өлкеде, көк күмбезді Көкшетауда атасы Қожағұл ауылы
Жөкей көлінің маңында 1834 жылы дүниеге келген. Біржан үш ағайынды еді,
ағалары Ержан мен Нұржан ата кәсібі мал бағумен ғана айналысқан. Ал Біржан
болса, Тәңірінің берген өнерімен елден ерекше болып өседі. Бала бойындағы
талантты тани білген атасы Қожағұл Біржанды өз бауырына алып тәрбиелейді.
Ел – жұртына сыйлы Қожағұл жақсы-жайсаңдармен араласып, билік айтып,
шешендік таныта жүріп, сезімтал немересі Біржанды қыранша баулиды. Бала
Біржан ауыл молдасына барып білім алады. Біржанның осыншама әсершіл,
сезімтал, зерек болып өсуіне, біріншіден, көзі қарақты, көкірегі ояу,
сөйлер сөзге шешен Қожағұл атасының ықпалы болса, екіншіден, ақын әншінің
ұстазы – туған Халқы мен Көкше өңірінің көрікті табиғаты десек
қателеспейміз. Жастайынан – ақ алмас қылыштай жарқылдап өскен Біржанның бір
бойында тоғысқан әншілік, айтыскерлік, ақындық өнері мен сал-серілік
қасиеті оның атақ-даңқын бүкіл қазақ сахарасының түкпір-түкпіріне жеткізді.
Радиосы, техникалық аспабы жоқ алыс өлкелерге Біржан әні таралды. Сал
Біржан, әнші Біржанды көруге асық болған халқы Біржан көрші ауылға
келіпті деген хабарды естісімен-ақ тайлы-таяғы қалмай, сол ауылға барып,
Біржан әнін өз аузынан естуге құмартқан.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы – айтыс өлеңдері. Айтыс деген
сөздің мағынасына назар аударсақ, екі адамның сөз таластыру, сөз жарыстыру,
сынасуын, т.б. білдіреді. Айтыс қара сөз түрінде де, өлең түрінде де
болған. Әдебиетте сөз болытыны – көбіне өлең түріндегі айтыстары.
Айтыстың бірнеше түрлері бар. Қыз бен жігіт айтысы, Бәдік айтысы,
Жұмбақ айтыс және Ақындар айтысы.
Осылардың ішінен қазірге дейінгі жеткені – Ақындар айтысы. Ақындар
айтысы – айтыс өнерінің ішіндегі ең көркемі де көлемдісі.
Біржан салдың Айтбай, Ақтентек, Алтын балдақ, Ғашығым
шығармалары өзіндік көркем шешімін тапқан тамаша туындылар. Біржан әнші,
сазгер, орындаушылығымен қатар өте талантты, суырыпсалма айтыс ақыны
болған.

Біржан мен Сара айтысы

Біржан мен Сара айтысы - өізнің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі
жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
Біржан мен Сара айтысы айтыстың екі түрінің (қыз бен жігіт айтысы,
ақындар айтысы) екеуін де толық қамтиды. Бір жағынан, бұл өнер таластырған
саңлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздың дарынды айтысы болса, екінші
жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақынның да айтысының үлгісі болып
саналады.
Біржан да, Сара да – көпке мәлім, тарихта белгілі адамдар. Біржан сал
Қожағұлұлы қазіргі Көкшетай облысы, Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып,
сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Бейіті Степняк қаласының жанында. Біржан
жас жағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі
көп ұзамай-ақ, әнші, ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады. Ел аралап,
ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның
атын қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оны әннің пірі тұтып, ұстаз
таниды.
Арқаның әнші-композиторлары Жарылғапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан
Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.
Біржан көптеген ән шығарды. Оның Көкшетау, Жанбота, Ләйім
шырақ, Айтпай, Адасқақ, Жамбас сипар сияқты әндері – қазақ музыка
мәдениетінің алтын қазынасына қосылған үздік туындылар.
Біржанның Теміртас, Қалкен деген екі ұлы, Асыл, Ақық атты қыздары
болады. Біржан бала-шағалы болып, егде тартқан шағында да әншілік өнерін
тастамайды. Бұған туыстары наразы болып, үйден шығармаудың амалын жасайды.
Еркін өскен салға бұл ауыр соғып, өмірінің соңғы жылдарында науқасқа
ұшырайды. Біржан балаларына арнаған өлеңінде басына түскен осы ауыр қайғыны
былай білдіреді:
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті.
Қайнауға салады екен адмзатты,
Үкідей желпіндірген қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.
Сөйлесем бал тамады таңдайымнан,
Тағдырдың бізге орын қандайынан,
Теміртас, Асыл, Ақық мейірбаным,
Кетсеңші бір сүйгізіп маңдайыңнан.
Ел кездім кер төбелмен шарықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім шалықтатып.
Үш жүздің ортасында Біржан едім,
Қойдың ғой енді мені арықтатып.
Ақыры, сол науқастан айыға алмаған Үш жүздің ардақты әнші-ақыны сал
Біржан қайтыс болады.
Біржанның басқалардан ерекшелігі – ол жай ғана ақын емес, сонымен
бірге әнші де. Оның даңқы - әуелде әнмен жайылған адам. Бірақ ол - әнді әрі
шығарушы, әрі тамаша орындаушылығымен қатар және әніне лайық сөз өрнегін,
бояуын таба білген ақын да. Оның ән текстерінің өзі - әрі мазмұны, әрі
көркемдік жағынан тамаша үлгі. Іші мен тысы қабысып жататын, аз сөзге көп
мағына сыйғызған, көлемі шағын, бірақ әндегі айтайын деген ойына дәл
келетін қысқа өлеңдерге шеберлерге осылардан басталады.
Біржан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал және оның ақындық айналасы
Біржан Қожағұлұлы және Сарыарқадағы сал – серілік мектебі
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
Біржан сал Қожағұлұлы
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Біржан Сал- тарихи этнографиялық тұлға
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Пәндер