Дулат Бабатайұлы шығармалары


Жоспар
Кіріспе
Өмірбаяны
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын
Шығармашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары
Өмірбаяны
Дулат Бабатайұлы Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Семей облысының Аягөз ауданында туады.
Мұсылманша сауат ашып, оқу оқыған, өз уақытының аса білімді адамының бірі. Жалпақ қазақ жұртының жыр өлкесінде дара шапқан тұлпардың бірі - Дулат ақын 1871 жылы қайтыс болады.
Дулат казақ поэзиясының атты шулы үздігі. Өз уақытының жан ауыртқан жайларын өлеңге түсіруші жыршы ғана емес, сол жайлардан үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл.
Дулаттың жыр кестесі қазақ поэзиясының жаңа мүмкіндік көкжиектерін көтеріп кеткен ғажайып көркемдік әлем болды.
Күні бүгінге шейінгі қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеу-зерделеулерде Дулат акынның аты қағаберіс қалып көрген жері жоқ. Дулат Абайдың алдындағы жаңа сапаға ойысқан қазақ өлеңінің зергері. XIX ғасырда жасаған, орыс отаршылдығы бар ойранын салып жатқан уақытты көзбен көрген Дулат - сол дәуір туғызған зар заман әдебиетінің аса көрнекті өкілі.
Қазақ әдебиетіндегі белгілі бір дәуірде жасаған үлкен әдеби мектептің басы. Дулат өз заманындағы сауатты, білімді аса мәлім мәшһүр ақынның бірі.
Дулаттың бүгінге жеткен жыр мұрасы шамамен 1500 жолдай делінеді. 1839-1919 жылдар арасында ғұмыр кешкен Байділдә деген Дулаттың көз көрген, замандас адамы Дулат өлеңдерін жазып алып, қолжазба күйде сақтап ұстап, кейінгіге табыстайды. Оны беріге жеткізген Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлы.
Дулат Бабатайұлының өлеңдері Қазан төңкерісіне шейін "Өсиетнама" деген атпен Қазанда (1880) басылып шыққан. Баспаға Мүлкен Сейілұлы даярлаған. Бұл жинаққа өсиет, ғибарат өлең, толғаулар енді. Жалпы көлемі 800 жолдай.
Дулат ақыннын өмірбаян деректері, өлеңдері кейіннен жиналды. Әдебиет тарихына қатысты еңбектерде алғаш көрінуі С. Мұқанов пен Қ. Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясында. Мұнда ақын өмірбаяны мазмұндалады.
Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады.
Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:
Менің атым - Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ.
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терен ойым бар,
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар.
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар . . .
Қайратымнан атым зор
Белгілі атым өлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем - ақыл сарайы,
Кірем десең, кел, міне, - дейді.
Бұл - ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт - ақынның өзі.
Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "Көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", - деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам,
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?
Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерден де "Байғыз қарт" - Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.
Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.
Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т. б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.
Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам, -
деген сөздің түсуі де содан.
Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халкы үшін ең киын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің "Ақындық туралы" тамаша толғауында "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай . . . сорғалаған нөсердей" жырын:
Қайырсыз, сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп, кайғы алған,
Қайғылыны уаттым . . . -
деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындык мұратын - ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.
Жырау шынайы ақындықты өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан өлеңнің, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. "Сүлейменге" деген арнау өлеңінде:
Сөз-жібек жіп, жыр-кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп, баттаса, -
деп, ал "Ақындар туралы" толғауында:
Шашудай болып шашылар
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген, -
деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.
Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармашылырын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан көркемдігі әлсіз, орта қол туынды табу қиын. Абайдың өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі деп, Дулатты ауызға алуы тегін емес.
Дулат туындылары Қазан төңкерісіне дейін халық арасына кең тараған.
Кеңес кезінде де ара-тұра әр түрлі жинақтарда жарияланып жүрді. Алайда шығармалары түгелге жуық қамтылған көлемді басылымы - белгілі ғалым, марқұм Қ. Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар) " деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы.
Дулат шығармашылығы еліміз егемендік алғаннан бергі жерде оқу бағдарламаларына енгізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындарында кеңінен оқып-үйретіле бастады. 2002 жылы республикалық деңгейде атап өтілген туғанына 200 жыл толу мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын жаңаша зерттеп, тану, кітаптарын шығару жөнінен бірталай жұмыстар істелді.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті де сол тұстағы қоғамның әлеуметтік жағдайын, халық тағдырын жан-жақты, сан қырлы сипатта бейнелеуімен ерекшеленеді. Ақындық қуатын азаттық, теңдік идеясына жұмылдыра отырып, отаршылдық езгідегі халқының қасіреті жөнінде тіліп айтатын турашыл ақын Дулат, жыр семсері Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Майлықожа, Сүйінбай сынды тағы басқа да ақиық ақындар туындыларының қыр-сыры кеңінен баяндалады.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетті Дулат Бабатайұлының асыл мұрасы идеялық құндылығымен әрі көркемдік сапасымен де байыта түсті. Ресей патшалығының отаршылдық зардаптарын жете танып-түйсінген ақын: «Заман азды, заң тозды», «Ел бұзылды», «Бүйте берсе-қазақтың бағы жанбайды» деген терең тұжырымға келді.
Азған елдің адамы . . .
Момынға жапса жаланы,
Қулық-сұмдық табады, -
деп, Дулат отаршылдық саясаттың өктемдігі қазақ халқының мінез-құлқы түгіл, ділі мен дінін де бұзатынын дөп басып айта алды. Сөйтіп, XIX ғасырдың бірінші жартысындағы поэзияда қазақтың қара өлеңі, толғау, терме, өлең - жыр, арнау, айтыс өлеңдері кеңінен дамыды. Дулат сияқты суреткерлер шығармаларында табиғат лирикасы ерекшелене түсті. Әдебиет жанр, мазмұн, түр жағынан толыға түсті.
Дулат Бабатайұлы (1802-1871)
Дулат Бабатайұлы - қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті мәселелері зор ақындық қуатпен, шынайы да өткір сыншылдықпен бейнеленеді. Ақын отаршылдық тауқыметіне душар болған халқының ауыр халін күйзеле суреттеді. Ел мен жердің тағдырын естерінен шығарып, өз бастарының қамын ойлап кеткен атқа мінерлердің опасыздығына күйініп, оларды аяусыз шенеді.
Дулат өлеңдеріне суреттілік, бейнелеу тәсілдерінің сонылығы, сөз өрнектерінің айқындығы мен әсемдігі тән. Бұл тұрғыдан ол импровизаторлық поэзияны реалистік жазба поэзияға жалғастырушы көпір іспетті.
Дулат 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданының аумағындағы өзі «атамның туған қонысы» деп, перзенттік ыстық сүйіспеншілікпен тамылжыта жырлаған Ақжайлау, Сандықтас деп аталатын өңірде туып, 1871 жылы дүние салған.
Болашақ ақын алғыр, зерек, пысық болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.
Шығармаларына, соның ішінде «Ешенге» деген арнау өлең мен «Алладан сұрап иманды» деген ұзақ толғауына қарағанда, мұсылманшылық білімі айтарлықтай терең болғаны байқалады.
Дулаттың тікелей өзінің өмірбаянына немесе өмірінің белгілі бір кезеңіне қатысты оқиғаларды сипаттайтын туындылары жоққа тән. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой өрісі мен ақындық болмысы жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырым жасауға болады.
Жолаушы келе жатып түскен үйдегі аңшы жігітпен әзілдесіп отырған кербез келіншектің дөрекілеу сөзі қытығына тиген жырау «Айтқызбасымды айтқыздың» деп басталатын тымсал (мысал) өлең шығарады. Өзіне «таста отырған бармақтай байғызды» мысал етіп:
-Менің атым-Байғыз қарт,
Көзге түсер сиқым жоқ,
Орынсыз күлер күлкім жоқ,
Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ,
Көзге қораш бойым бар,
Теңізден терең ойым бар
Шынардан биік санам бар,
Атан өгіз ағызған
Ақылдан алпыс салам бар,
Қорған құрыш сөзім бар,
Бұлттан өтіп, мұнарды
Болжайтұғын көзім бар . . .
Қайратымнан атым зор,
Белгілі атым әлемге.
Қорашсынсаң денемді,
Кеудем-ақыл сарайы,
Кірем десең, кел міне, -
дейді.
Мұны - ақынның автопортреті деуге болады. Мұндағы «көзге түсер сиқы жоқ», ел тағдырын ойлап, сирек күліп, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт- ақын Дулаттың өзі.
Шынында да, ол өз заманының «байғыз қарты» аталған дана, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан- теңізкісі болған. Ақындық атағы да дүрілдеп шыққан. Бұған жыраудың басқа өлең, толғауларынан да дәлел боларлық мысалдар табылады.
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам.
Ебі кеткен ел болды,
Енді қайда мен барам?
Ел құлағы саңырау,
Кімге айтамын сөзімді?
Дулат сынды сорлыда
Ұйқы, тыныштық бола ма?
Әр тақырыптағы өлеңдерінен алынған бұл үзінділерінде «Байғыз қарт» - Дулаттың ерекше сипаттары көрініп тұрған жоқ па?!
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтайын батыл ақын болған.
Әйгілі Барақ төреге көптің алдында:
Жегенге тоқ, ішсең мас,
Өз елін жаудай талаған . . .
немесе:
Арамдық болды баққаның,
Орыс болды жаққаның.
Қашан сенің ашылар,
Момындарға құрылған
Қанды қара қақпаның?. . -
деуі - соның айқын дәлелі.
Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т. б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.
Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тек сөз ұйқастырып, өлең жұптап, жиын-тойдың сәнін кіргізетін өнер деп емес, тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, арман-аңсарын, мұң шерін тереңнен толғайтын даналық өнер деп түсінген. Соған лайық еңбектеніп, шаршы топта сол жүйемен сайраған. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам, -
деген ғажайып сөздің түсуі де содан.
Дулаттың өмір сүрген уақытты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, «зар заман» жырын тудырды. Оның жөнін Дулат өзінің «Тегімді менің сұрасаң» деген тамаша толғауында «Сары алтынның буындай, тұманның тұнық суындай . . . сорғалаған нөсердей» жырын «тасқын судай ағызып, шәрбәт болдай тамызып»:
Қайырсыз-сараң байыңды,
Еріншек, есек жарыңды,
Халыққа емес сыйымды,
Парақор баспақ биіңді,
Ел бүлдіргіш бегіңді
Улы тілмен улаттым.
Сана беріп ойына,
Қуат беріп бойына,
Аққан жасы сел болған,
Етегі толып көл болған,
Беріш боп шері байланған,
Ұйқы беріп қайғы алған,
Қайғылыны уаттым . . . -
деп түсіндіреді. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындық мұратын ел бүлдірушіні «улы тілмен улату», қайғылы қалың елін «ойына - сана, бойына қуат беріп уату» деп әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы бір-біріне кереғар осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.
Дулат бай-мырзаға жағынып, «бәйбішенің мойнына жырдан алқа таққан» ақынның әркімге «малайындай жұмсайтын жағымпаз сөзін» «жертезекке» теңейді.
Жырау шынайы ақындықты - өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. «Сүлейменге» деген арнау өлеңінде:
Сөз - жібек жіп, жыр-кесте,
Айшығы айқын көрінбесе,
Өрнексіз тігіп баттаса, -
деп, ал ақындық туралы толғауында:
Шашудай болып шашылар,
Меруерттей асыл сөз деген.
Жыршылардың шайыры,
Асыл сөзді езбеген.
Нысананы дәл басып,
Қалаған жерден көздеген, -
деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын соны метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.
Ақын өзінің ұзақ ғұмырында шығармашылығын аталған талаптарға қатаң бағындырып отырған. Оның бізге жеткен қомақты мұрасынан арқауы бос, тоқуы селкеу, өрнегі әрсіз туынды табу қиын. «Өлең - сөздің патшасы» деп білген Абай өзіне дейінгі қазақ ақындарының ең таланттыларының бірі ретінде Дулатты ауызға алуы тегін емес.
Мұхтар Әуезовтың «Абай» роман - эпопеясының «Ақын аға» деген атпен жарық көрген алғашқы 1-кітабындағы: «Екі ана-Зере әже мен Ұлжан шешеннің жасөспірім Абайдың өтінішімен ауылдарында бір ай шамасы аялдатып, жырлататын атақты ақын»да-өз атымен алынған Дулат болатын. Қазақстанның Ресейге «өз еркімен» қосылғандығын отаршылдық санады деп ақынды айыптаған тоталитарлық жүйе кейін Дулаттың атын романнан алдыртып, басқа жерде де айтуға тыйым салды.
Шығармашылығы
Дулаттың өлең-толғауларының мазмұны мен тақырыптық ауқымы өте кең және алуан түрлі. Бір өлең немесе толғауда айтылатын ойлар мен идеялар көп жағдайда өзінің тақырыбы арнасынан асып төгіліп, басқа өлең толғаулардағы ой-сезімдермен үндесіп жатады. Жалғыз Дулат емес, мұндай жағдайлар басқа ірі ақындарда жиі кездеседі.
Сондықтан ақын туындыларын жеке тақырыптар аясында қарастыруда жүйеліліктен гөрі, шарттылық басым. Мұны ұлы жырау шығармашылығын оқып-үйрену барысында ескеріп отырған жөн.
«Зар заман» көріністері
Дулат - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың ел ішін дендеп кеулегенін, халықтың бұрынғы еркін өмірінің өткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой - санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын - Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Қарашасы тағдырының тізгінін ханына ұстатқан, ханы қарашасының қамын ойлаған заманның орнына барлық билікті жат жұрттың патшасы қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, «барып кел - шауып кел» шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, жайлауынан, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, жаутан көз бағынышьының кейпіне түскені - ақынның айықпас қайғы - шері болды. Сахараның еркіндік сүйгіш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндігіне қоса ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жамандығынан, жағымпаздығынан, өз бастарын ойлап, халықты ұмытқандығынан деп, соларға қатты шүйлікті. «Тегімді менің сұрасаң» өлеңінде:
Аға сұлтан қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқамінері
Жемтікке қонған күшіген . . .
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Өзі елді қорқытып,
Онан өзі қорқады,
Алдына түсіп томпаңдай, -
дейді күйіне.
Ұлығының бұйрығын алысымен құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман көз алдына айқын елестейді. «Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын» бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.
Мұның тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін - 80-жылдары ұлы Абай сықаққа айналдырған болыстың бейнесімен айна-қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады.
«Дұшпанына оқ салып, елге қарай атылатын» қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, сырттай, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай атқамінерлердің мінін бетпе-бет, шаршы топтың алдында айтады. Оның «Бараққа», «Кеңсебайға», «Ешенге», «Ақтанға» деген арнау өлеңдері сондай шығармалары болып табылады.
Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан ел билеушілер арасында бірен-саран болса да жөні түзу, жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. «Сүлейменге» деген өлеңінде Сүлеймен төрені адалдығы, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін мадақтайды:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, -
«төрелердей емессін» дейді. Әйтсе де турашыл Дулат Сүлейменге «ниетің түзу, жөнің дұрыс болғанмен, сен де елдің еріне лайық айтарлықтай ештеңе тындырған жоқсың» дегенді астарлап жеткізеді.
«Орыс заңын қуаттап», ұсақтап кеткен атқамінерлерден үміт үзген Дулат бірде елді «артқа бұрылып қарауға» шақырса, тағы бірде отаршылдыққа қарсы халық наразылығын туғызудың шарасын ойластырады.
Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның көзтүркі өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Қалқабай деген осындай бір «жалаң аяқ, жалаң бас . . . қысы-жазы қарны аш» балаға Жамбылдың да жаны ашып, жыр арнағаны, «неткен заман қатыбас» деп налитыны бар. Ал Дулатты баланың қазіргі күйінен гөрі, болашағы көбірек толғандырады. Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халыққа өз еркі өзіндегі өткен деуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.
Түптен келгендегі Дулаттың есіл - дерті, аңсаған арман-тілегі - халықтаң ұлттық рухын, өзіндік салт-сана, дәстүрін, елдік, ерлік, адамшылық туралы ұғым - түсініктерін сақтап қалу.
Адамдардың пейіл, құлқындағы өзгерістер
Дулат ел өміріне барлай көз жібергенде, өз кезінің тұрмыс-тіршілігк, мінез-құлық, адамдар арасындағы қарым-қатынас көріністерін хандық замандағы, халық мойнына отаршылдық қамыты киілмеген, бағзыдан келе жатқан өмір қалпы бұзылмаған кездегісімен салыстыра пайымдайды. Туған халқын отты жүрегімен емірене сүйіп, оның тағдыр талайы толғандырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығында, сол ұлттың менталитеті мен рухына жат, дүбара өзгерістер сыншылдық тұрғысынан көрініс тапты. Ақын:
Лашын өрлеп ұша алмай,
Ер майданға түсе алмай,
Үлкеннің тілін кіші алмай,
Елдегі жақсы бұзылды, -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz