Ұйымдар және оларды тиімді басқару



Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ.Негізгі бөлім.
1. Ұйымдар және оларды тиімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.Өндірісті.оперативті басқаруда пайдаланылатын
ұйымдық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

IV.Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе.
Ұйымның мақсаты жан-жақты болуы мумкін. Мысалы, кәсіпорынның басты міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік корғау т.б. Яғни, ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс-әрекеттер орындалады және осы мақсаттың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып келеді.
Ұйымдардың, негізгі түрлері.
Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құрылады және олар ресми, бейресми, күрделі болыя жіктеледі.
Ресми ұйымдар дегеніміз — мақсатты орындауда басқару процесін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы тағайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.
Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік катынастарға, ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие болады. Сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау шаралар жүйесі болады.
Күрделі үйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді уйлестіруді талап етеді.
Үйымдардың жалпы сипаты.
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар сипаттамага ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан тәуелділігі, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі енгізіледі.
1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі - нәтижеге, мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Үйымдардағы ресурстар; адамдык, қаржылык, материалдық технологиялық және акпараттық болып жіктелінеді.
Адамдық ресурстардың нәтижелілігі — басқару ісініқ сан қилы міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техникалық қызметкерлердіқ кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызметт орындайды.
Технологиялық және ақпараттық ресурстар алдыңғы қатарлы ғылымның жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті акпарат тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.
2. Сыртқы ортадан тауелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалык, саяси, нарықтык, технологиялық, халықаралык, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұғынуға, өзгерістерді бағалауға, бәсекелестер қызметін бақылауға және тиімді факторларды бөліп көрсетуте мүмкіндік туындайды.
3. Көлденең және тік еңбек болінісі.
Басқару ісінің тиімділігі сондағы әрекеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.
Көлденең еңбек болінісі дегеніміз—баскару процесіндегі әртүрлі қызметтерді икемді орындау мақсатында компонент терге жіктелінуі, яғни, ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы. Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау, қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т. б. бөлімдер құрылады.
Тік еңбек бөлінісі - баскару ісінің күрделі жүйелік сипатта
Әдебиеттер.
1.Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау мен да-
мытудың 1994—1996 жылдарға арналған бағдарламасы.-Егемн
Қазақстан , 25 маусым.
2.1996 — 1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан, Республикасы үкіметінің іс-қимыл жоспары.- Егемен Қазакстан 1995,28 желтоқсан.
3.Н.Ә.Назарбаев — Қазакртанның егеменді мемлекет ретінде
қалыпатасуы мен дамуының стратегиясы.- Алматы, Дәуір, 1992 ж.
4.Н. Ә. Назарбаев — "Ғасырлар тоғысында".-Алматы, Өнер,1996ж,
5.Н, Ә. Назарбаев — "Қазақстан -2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Ел Президентінің Қазақстан халқына жо-дауы, Алматы, 1997.
6.Қ.В.Бердалиев, С. Ы Өмірзақов — Менеджмент негіздері-Алматы, ҚазМБА, 1994,
7. К. В. Бердалиев және т. б. — "Басқару негіздері, Алматы, 1995
8. Мескон М. X., Альберт М., Хедоури Ф. — Менеджмент негіздері, М.,1995.
9. Герчикова И. Н, — "Менеджмент"-М. Банки-Биржи, 1994

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Ұйымдар және оларды тиімді
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.Басқаруда қолданылатын негізгі
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3.Өндірісті-оперативті басқаруда пайдаланылатын
ұйымдық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .22
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30
IV.Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..32

Кіріспе.
Ұйымның мақсаты жан-жақты болуы мумкін. Мысалы, кәсіпорынның басты
міндетті белгілі бір мөлшерде өнім өндіру немесе қызмет көрсету болса, ал
осы бастапқы міндеттің өзі оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше
мақсатқа бөлінеді. Бұлар: өндірісті жетілдіру және оның тиімділігін
арттыру, қаржы көздерімен мүмкіндіктерді іздестіру, сыртқы ортаға
бейімделу, ғылыми жетістіктерді пайдалану, ұйым қызметкерлерін әлеуметтік
корғау т.б. Яғни, ұйым мақсатына қол жеткізуде сан қилы іс-әрекеттер
орындалады және осы мақсаттың өзі әртүрлі ұйымдарға байланысты болып
келеді.
Ұйымдардың, негізгі түрлері.
Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құрылады және
олар ресми, бейресми, күрделі болыя жіктеледі.
Ресми ұйымдар дегеніміз — мақсатты орындауда басқару процесін
жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған
адамдар тобы. Ресми ұйымдарда нақтылы міндет қызметкерлер арақатынасы
тағайындалған және ресмиленген басшылық органы орын алады.
Бейресми ұйымдар қызмет барысындағы әлеуметтік катынастарға, ішкі
себептерге байланысты ойламаған жерден құрылады. Оларда ресми ұйымдар
сияқты ұйымдастырылған иерархия (саты), жетекшілер мен мәселелерге ие
болады. Сонымен қатар, ұйымдардағы топтық нормалар, қолдау және жазалау
шаралар жүйесі болады.
Күрделі үйымдар құрылым мен мақсаттардың жан-жақты кешенді
сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар
басымдылығына қарай тиімді уйлестіруді талап етеді.
Үйымдардың жалпы сипаты.
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бірқатар
сипаттамага ие болады. Оларға ресурстардың орын алуы, сыртқы ортадан
тәуелділігі, көлденең және тік еңбек бөлінісі және басқарудың қажеттілігі
енгізіледі.
1. Ресурстар. Жалпы алғанда кез-келген қызметі - нәтижеге, мақсатқа
қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану. Үйымдардағы ресурстар; адамдык,
қаржылык, материалдық технологиялық және акпараттық болып жіктелінеді.
Адамдық ресурстардың нәтижелілігі — басқару ісініқ сан қилы
міндеттерін орындайтын басқарушылар, мамандар, техникалық қызметкерлердіқ
кәсіптілігіне байланысты. Қаржылық және материалдық ресурстар бастапқы
өндірістік жүйені қолдаушы және мүмкіндіктерін іздестіруші қызметт
орындайды.
Технологиялық және ақпараттық ресурстар алдыңғы қатарлы ғылымның
жетістіктерін тәжірибеде қолдануды және басқаруға қажетті акпарат
тасқынымен тиімді қамтамасыз етуді береді.
2. Сыртқы ортадан тауелділігі. Ұйымның қызметі мен нәтижесі көп
жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалык, саяси, нарықтык,
технологиялық, халықаралык, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты
болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы ұйымға төнетін ықтимал
қауіп-қатерді орнықты бағалап, мүмкін болар зардаптарын саналы түрде алдын
алуы және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесс болып
саналады, сол арқылы ұйым стратегиясын ұғынуға, өзгерістерді бағалауға,
бәсекелестер қызметін бақылауға және тиімді факторларды бөліп көрсетуте
мүмкіндік туындайды.
3. Көлденең және тік еңбек болінісі.
Басқару ісінің тиімділігі сондағы әрекеттердің нақтылы жағдайға
қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.
Көлденең еңбек болінісі дегеніміз—баскару процесіндегі әртүрлі
қызметтерді икемді орындау мақсатында компонент терге жіктелінуі, яғни,
ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы.
Көлденең еңбек бөлінісі арқылы ұйымда бастапқы өндірістік цехтар мен
бөлімдермен қатар, барлық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін: жоспарлау,
қаржы, жаңалықтар енгізу, қызметкерлерді басқару, маркетинг, жабдықтау т.
б. бөлімдер құрылады.
Тік еңбек бөлінісі - баскару ісінің күрделі жүйелік сипатта
болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді
уйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердіқ анықталуы,
өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзеге
асырылады.
Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта, төменгі болып
бөлінеді.
Жоғарғы буын (деңгей) ұйымның жалпы стратегаясын, бағыт-
бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша калыптастырып жасауда және жалпы
ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент,
вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.
Орта буын (деңгей) — жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын
жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және
функционалдық бөлім басшылары
Төменгі деңгей - тікелей орындаушылар және де төмегі ішінара
қызметтерді орындайтын басшы буындар.
4. Басқарудың кажеттілігі.
Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп,
бәсекелестік, меншік формаларының сан алуанднғы , шаруашылық дербестік орын
алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта
түседі. Басқарудың мақсаты — кәсіпорын мумкіндіктерін тиімді пайдалана
отырьп, алға қойылған нәтижеге қол жеткізу. Көрнекті американ экономисі
В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойьшша, басқару - бұл өнім, технология,
өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында
жаңарту, инновациялау мақсатында жүзеге асырылатын қағидалар, тәсілдер мен
әдістердің жиынтығы.
1. ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ БАСҚАРУ
Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағыттары
және олардың даму тенденциялары тура лы төмендегідей тусініктеме беруте
болады;
1 Басқарудың кәсіптілігін дамыту, яғни теориялық білім мен
іскерлікті және тәжірибені ұштастыра білу;
Басқаруды демократияландыру - қызметтің орындалу барысымен маңызды
маселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және баскарушы
қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;
Еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандмру, сол арқылы басқару
еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының
жіктелінуі;
4. Басқаруды шоғырландыру мақсатты орындауға қолданылатын басқару
әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру мен уйлестіру;
Баскаруды орталықтандыру — қазіргі кездегі өндірістік жуйеніқ
күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік, басшылықтың бір
органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық карым-қатынастың орнықтырылуы;
Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы - проблемаларда шешудің ең қолайлы
жолын тандау аркылы қосымша, күттірмеген шығындарға басшылықтың жол
бермеуі;
Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға
моральдык, этикалык, құқықтық нормаларды кеңінен қолдану.
Ұйымдардағы тиімді баскарудың сипатты белгілеріне экономикалық,
әлеуметтік-психологиялық; праволық (қуқықтық) және ұйымдастырушылық-
техникалық тұрғылар (аспектілер) жатады.
Экономикалық тұрғы өз құрамында өндірістік процесті басқаруды,
көздеген мақсатқа тиімді қол жеткізуді материалдық, қаржылық және еңбек
ресурстарын үйлестіруді қамтиды.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғы ұйым алдына қойылған мақсатқа жетуде
сол ұйымннң барлық қызметкерлерін ұйымдастыру мен басқаруда орын алатын
ерекше топтың қызметін белгілейді Бұған басшы мен бағынышты арасында
байланысты реттейтін билік жүйесі, қоғам мәдениеті мен дәстүрін,
бағалылықтарын бейнелейтін әлеуметтік функция енеді№
Праволық (құқықтық) тұрғы басқарудағы мемлекеттік, саяси,
экономикалық институттар құрылымын, олардың жургізетін багытын, анықтаған,
заңдылықтарын көрсетеді Ұйымдардық құрылуы, келісімжасау, меншік және
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу (монополияға қарсы күрес, салықсаясаты,
каржы саясаты) шаралары баскаруда маңызды орын алады.
Ұйымдастырушылық-тезхникалық тұоғы өз құрамына орын алған жағдайды
дұрыс бағалау, міндеттерді тұрақты белгілеу, оған жетудегі стратегияны
қабылдау және қажетті ресурстарды реттеу, тиімді жобалау мен ұйымдастыру,
бақылау мен ынталандыруды енгізеді.
Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен
қоғамдыққажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды орын алады және
төмендегідей сипатқа ие болады:
1 Мақсат — нақтылы және өлшемді болуы тиіс, яғни оның орындалу
барысын бағалаудың мүмкіндігі;
Мақсат — белгілі мерзіммен шектелуі тиіс, осыған орай мақсаттың: ұзак, орта
және кысқа мерзімде болуы;
Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүмкіндіктерге карай айқын
және оған қол жеткізуге болатындай
етіп қабылдануы;
Қазақстан Республикасында ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасау
тәртібі арнаулы заң құжаттарымен бекітілген. Атап айтқанда, 1995 жылғы
қантар айында қабылданған Азаматтық кодексте ұйымдардық турлері мен
негізгі белгілері занды тулға ұғымында берілген.
Ұйымның заңды тұлға болып есептелуіне меншік, шаруашылық жүргізу
немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкініқ болуы және сол мулікпен өз
міндеттемелері бойынша жауап беруі қажетті шарт болып табылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты пайда келтіру болып табылатын ұйым
коммерциялық ұйым деп аталынып, мұндай заңды тұлғалар мемлекеттік
кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарыңда
құрылады.
Ал мұндай мақсатты көздемейтін және алынған пайдасын қатысушыларына
улестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп танылып, мұндай заңды тұлға:
мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативті қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында құрылуы мумкін.
Борышқордың (ұйымның) өз несие берушілерінің талаптарын
қанағаттандыруға және борышқордың (уйммның) мулкінен міндеттемелерінің асып
кетуі салдарынан салықты және басқа да міндетті төлемдерді тікелей алмайтын
тұрақты қабілетсіздігі сот шешімімен банкроттық деп танылып, мұндай занды
тулға (ұйым) таратылып, қызметі тоқтатылады. Тек 1995 жылдың өзінде
Қазақстанда өнеркәсіп саласында 500-ге тарта кәсіпорын банкрот болып
есептелінуде. Осыдан барып өтпелі кезендегі қиын-қыстау тығырықтан шығуды
басқаруға жоғарғы талаптар қойылады. Осы тұста кәсіпорынның, үйымның
дағдарыстан шығу салсаты жедел, ағымдағы шаралар мен стратегаялық бағытты
көздейді.
Жедел шаралареа енетіндер: шығын мөлшерін азайту; қорларды
іздестіру; кәсіби мамандарды қатыстыру; кадрлық өзгерістер; төлемдерді
тоқтата тұру мен несие алу; тәртіпті орнықтыру т. б.
Стратегиялық бағыт әлеует пен мүмкіндіктерді, өндірістік
бағдарламаларды, кірісті, жаңалықтар енғізу жүйесін талдау мен бағалауды
және қаржы, маркетинг, техника, басқару, күрделі қаржы салу саласындағы
сауықтыру тұжырымдамасын әзірлеуді қамтиды.
Міне, осының бәрі басқару әрекетіне, тікелей басқарушыға үлкен
талаптар мен жауапкершілік артады. Және жоғары білікті кәсіпкерлікті қажет
етеді. Осыдан барып қазіргі басқарушы менеджерлер кімдер және олар кандай
болуы тиіс? деген сауалдар қойылады.
Баскарудың кегізгі мақсаты қолда бар: адамдык, қаржылық,
материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге, табысқа қол
жеткізу. Яғни басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс-әрекетін
экономикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады. Менеджер ұғымы
ағылшын тілінен аударғанда "бір нәрсені реттеу, теңестіру, басшылық ету"
дегенді білдіреді. Менеджердің міндетіне ұйымдағы бірауыздылықты, күш-
жігерді жұмылдыруды және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету жатқызылады.
Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей бірқатар талалтар
койылады;
өзіне деген сенімділік және өзін өзі меңгере білу;
жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;
бастамаларды іздестіру мен өнертапқыштык;
қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілік;
баскару әдіс-тәсілдерін білу мен басшылық қабілеті;
мақсаттылық пен тұрақты жоспарлау және бақылау;
тығырықтан шығу мен тиімді шешім қабылдауға дағдылану
т.б.
Сонымен менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді
орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман. Басқару әрекетін жүргізу
басшылықтық білім деңгейі, басқару дағдысы мен тәжірибесіне байланысты.
Осыған орай баскару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушыдар
үлгісін карастырайык.
Басқарушы үлгілері.
Басқарушылар үлгісі дегеніміз — қажетті іс-қимылды жүргізуде
басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-қүлық, белгілері; мақсатқа жету
ережелері, адамдармен карым-қатынас жасау әдісі, билік пен баскару
шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Басқару теориясы мен тәжірбиесінде
осындай төрт үлгі орын алады.
1. Басқарушы-жетекші (лидер) шешімді қабылдауда және оны жүзеге
асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен тығыз қарым-катынас жасауы
жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластылығы мен әркімнің мүмкіндігін
толық үғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады.
2. Басқарушы-әкім үйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау және жарлық
ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктіқ тығыз
арақатынасын орнатып, басшылық пен өкілеттілікті бір органға
шоғырландырады.
3. Басқаушы-жоспарлаушы нақтылы жағдайды зерттей отырып ұйымдағы
ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы
қабылдаған шешімдер көлемді деректерге, осыған дейінгі орын алған
стратегияға және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
4. Басқарушы-кәсіпкер ұйым болашағын жақа бағытта, тәуекелге бел
буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару
нақтылы максатты орындауда басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл
жасауды; кызметті ұйымдастыруда ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелдік
әрекет пен жаңашылдық қызметті үсынады, Кәсіпкерлік басқару дегеніміз -
субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, каржыландыру көздері
мен ресурстарды табуда ұйымдастыру мен басқару, өнімді өткізуде олардың
жиыңтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Басқарушы-кәсіпкер өнім өндірушілерді қолдау мен қызықыруда,
бәсекелестік пен қызметкерлерді тиімді жетілдіруде, ресурстардың жедел
қозғалысы мен стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
2.БАСҚАРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДІСТЕР

Басқару дегеніміз — алға қойылған мақсаттарға жету үшін адамдар
бағыттап, жүзеге асыратын күрделі де серпінді процесс.
Өндірісті басқаруды жүзеге асыру ісінде басқару әдістері жүйесініқ
маңызы зор.
Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері
басқару әдістері деп тусініледі.
Басқару әдістері дегеніміз — басқару продесінің маңызды элементі.
Басқарудық прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана
білу өндірісті басқару тиымділігінің алғышарты болып табылады.
Баскару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың
ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мүның өзі басқару әдістерін
өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да
техникалық және технологиялық әдістерден ерекше етеді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы
заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен
ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын
қамтамасыз етеді.
Сонымен, әдістер — басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны
болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Жалпы түрде алғанда, басқару әдістерін мынадай екі үлкен топқа
бөлуге болады;
а) бүкіл басқару жүйесіне жататындар (жалпы әдістер);
ә) басқару жүйесінің жекеленген бөліктеріне жататындар (шағын
ауқымдағы әдістер);
Басқарудың жалпы әдістері:
— кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі
басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдеріне;
—министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістеріне;
түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын
әдістеріне;
белгілі бір басқару функцияларың іске асыру әдістеріне
бөлінеді.
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі
шағын сипатта болады, өйткені олар кайсыбір жекелеген басқару органына,
қызметкерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең
алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға
болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзіне басқару әдістерінін;
өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын
білдіреді);
мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың
құралы екендігімен);
қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің
қайсысын білдіреді);
қолдану формаларымен (дара, коллегиялық, үжымдық)
ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.
Осы жуйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық
жұйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылғаи міндеттерді, соның
ішінде:
экономикалык;
ұйымдық-әкімшілік;
әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін
ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.;
Басқару әдістері оқшау емес, бірге пайдаланылады, барлық баскару
әдістері бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен бірге әдістердің әрбір
тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу
шеңбері болады.
Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің
мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген
жағдайда басқару мащгаттарына жетуге мүмкіндік береді. Сонымен басқару
әдісі дегенміз - объективті заңдардың талаптарын іске асырудың әдісі.
Басқару әдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.
Сонымен бірге мақсатқа жету үшін әдістің жай ғана объективті
заңдардың талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптардн өндіріс
қызметкерлеріне ықпал ету әдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет,
өйткені экономккалық процестер өзінен өзі, өндіріс процесіне қатысушылардың
қызметінен тыс өмір сүрмейді Сондықтан басқару әдісі оған түрткі болатын
әсердің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.
Басқару әдісі орындау жүйесі арқылы іске асырылады және белгілі бір
ұйымдық форма алмай қоймайды.
Басқару әдісінің елеулі әдісі оны құқықтық жағынан рәсімдеу болып
табылады. Басқаруды праволық жағынан регламентеу өндіріске басшылық етудің
көбінесе мемлекеттік сипатта болуынан туындайды.
Басқару әдістері өндіріс пен қызметкерге түрліше ықпал етеді.
Нарық қатынастарына көшу кезеқінде өндірістегі мотивация
қызметкердің нақты қажеттері мен мүдделеріне, оның мәдениеті мен
саналылығына негізделеді.
Ықпал ету сипаты жөнінен барлық басқару әдістерін 3 топқа;
а) материалдық себеп әдістеріне;
ә) әлеуметтік себеп әдістеріне;
б) билік ету себептері әдістеріне бөлуге болады.
Осы топтардың әрқайсысы:
оңды себепті (ынталандыру);
теріс себепті (жазалау, мәжбүр ету) камтиды.
Бұл әдістер жекеленген қызметкерге де ұжымға да ықпал ету әдістері
болып табылады. Тәжірибеде таза себеппен жасалатын ықпал болмайды. Мәселен,
материалдық қажеттерді қанағаттандыру әлеуметтік себептер үшін база
жасайды. Бірақ бұл ықпалдарды бөліп алып, жеке-жеке қарауға болады.
Материалдық себептер мынадай үш түрде:
қоғамдык;
ұжымдык;
жеке түрде көрінеді.
Материалдық себептерге
материалдық жағынан ынталандыру;
— күштеу шаралары: айып салу, өсім алу және басқа да материалдық
жазалар қолдану жатады.
Әлеуметтік себеп құралдарының арсеналы өте зор — кең көлемді
насихат және үгіт жұмысынан жеке көтермелеудің әр алуан формаларына дейін
жетеді. Әлеуметтік себептер оңды (материалдық көтермелеу) және теріс
(жазалау) болуы мүмкін.
Билік ету себебі қызметкерді кез-келген жағдайда қимыл жасауға
мәжбур ету мүмкіндігіне негізделеді. Мұндай мүмкіндік мемлекеттің, қоғамның
беделімен қамтамасыз етіледі және тиісті күшгеу түтқалары арқылы қамтамасыз
етіледі.
Ықпал ету үлгісі бойынша басқару әдістері мыналарға:
а) тура немесе тікелей ықпал етуге;
ә) міндеттер қоюға;
б) ынталандыратын жағдай жасауға бөлінеді
Тура ықпал етуге басшылық ешқандай түсініктеме бермей, егжей-тегжей
нұсқау түрінде өкім беруі тән.
Міндет қою - сан қырлы әдіс, өйткені міндеттердің тәптіштелу
дәрежесі әртурлі болуы мүмкін. Бұл қазіргі басқарудық негізгі типі.
Ынталандыратын жағдай жасау басшылықтың мақсаттарына сай келетін
жолды орындаушылардың өздері таңдап алатын жағдайда жеткізуге тиіс.
Адамдағы жұмыста бұл әдістіқ мүмкіндіктері шектеулі, ол ұзақ мерзімді
перспективаға арналған жалпы ықпал ету әдісі болып табылады.
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың
экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр.
Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал
шығындарын мейлінше аз жұмсай отвырып, мейлінше жақсы өндірістік
нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріке
нысаналы ықпал етуде болып табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлеріге белгілі бір
экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық
көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп
тусініледі.
Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері
арқылы жанама ықпал етуды пайдаланылуын көздейді.
Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның
коллективтті мен жекелеген қызметкерлері барынша белсенділік көрсетуге
ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету.
Экономиканы басқаруды түбірінен қайта құруды жүзеге асыру
жағдайында қарастырылып отырған әдістер өндіріс процестерін реттеу
мақсатында экономикалық тұтқалардың жиынтығын кеңінен пайдалануды,
үнемділікті (пайда, кіріс) материалдық нәтижелер және интегралдық
көрсеткіштер деп, өндірістік қызметке баға берудің басты өлшемдерінің рөлін
тануды, жоспар жасауда, оны мейлінше тиімді іске асырудың құралдары мен
әдістерін тандап алуда шаруашылық бөлімшелеріне жеткілікті дәрежеде
дербестік беруді көздейді Олар сонымен қатар барлық экономикалық
көрсеткіштерді жақсарту ісінде толық алғырлық көрсетілуін қажет етеді
Экономикалық әдістерінің бірнеше тобын бөліп көрсетуте болады. Олар:
шаруашылық механизмі және оның қүрылымы;
әлеуметтік-экокомикалық дамуды аймақтық басқару;
—экономиканы дамытудағы индикативтік жоспарлауды пайдалану;
— мемлекеттік реттеудің әдістері.
Осы көрсетілген әдістер тобына қысқаша сипаттама беру қажет.
Шаруашылық механизмі - шаруашылықты жүргізудің қағидаларына
негғізделген әдісі. Бұл шаруашылық механизмі үғымы кез ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару мақсаттарын қою
Коммерциялық емес ұйымдардағы қаржылық менеджмент ерекшелігі
ҰЙЫМНЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Менеджер және ұйым. Ұйымдағы басқарудың негізгі аспектілері
Ежелгі тәжірибе – жаңа ғылым
Экономикалық әлеуметтану туралы қысқаша мағлұмат
Персоналдың мансабын басқару
ҰЙЫМДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Коммерциялық емес ұйымдар заңды тұлғалар ретінде
Мекемелердің құқықтық жағдайы
Пәндер