Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері



Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
1.1 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшеліктері
1.2 Мемлекет және құқық теориясының әдістері
1.3 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің атқаратын қызметтері
2. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдры арасындағы алатын орны
2.1 Мемлекет пен құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі атқаратын рөлі мен орны
2.2 Мемлекет және құқық теориясының мәні

Қортыныды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Азамат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі ретінде мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе әлеуметтану, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің, құқықтық сананың, құқықтық мәдениеттінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бұл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні, түрлері, қызметтері өзгерді.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар, өйткені мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттелінеді.
Теория мемлекет пен құқықты зерттеу барысында оларды мемлекеттегі нақты құқық ретінде белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар дееп қарастырмайды. Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге ең алдымен осы заманғы мемлекеттілік пен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуде өзіне бағыт-бағдар ретінде ұстанады. Олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіріледі.
Мемлекет пен құқық теориясы – күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы мен құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын, қызметтерін зерттейді.
Ал құқық теориясы – заң догматтары мәселелерін. Яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауапкершілікті және тағы басқа құқықтық мәселелерді зерттейтін ғылым.
Мемлекет және құқық теориясы алдымен мемлекет пен құқық туралы негізгі ұғымдардың мағынасы мен мәні, маңызы талданып, олар жөнінде мағлұматтардың түсінігі берілсе, Мемлекет және құқық теориясының пәні—бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәні болып барлық мемлекетік-құқықтық құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары, жалпы
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Казақстан Республикасының Констиутциясы. Алматы, 1998ж.
2. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Білім, 1998. – 360 б.
3 Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. – 370 б.
4 Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. – М. : Юристь, 1999. – 560 с.
5 Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1998. – 320 б.
6 Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 96 б.
7 Храпанюк В.Н. Теория государства и права. – М. : Бек, 1996. – 450 с.
8 Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. – Алматы: Жеті жарғы, 2003. – 296 б.
9. Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева. Мемлекет және құқық теориясы. – Астана. Фолиант, 2007. – 331б.
10. Е.Баянов. Қазақстан Республкасының мемлекеті мен құқығының негіздері. – Алматы. 2006. – 691б
11. Қ.И.Оспанов. Құқық негіздері. – Алматы. Жеті жарғы. 2007. 303б

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
1. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшеліктері
2. Мемлекет және құқық теориясының әдістері
3. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің атқаратын қызметтері
2. Мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдры арасындағы алатын орны
2.1 Мемлекет пен құқық теориясының заң ғылымдары жүйесіндегі атқаратын
рөлі мен орны
2.2 Мемлекет және құқық теориясының мәні

Қортыныды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Азамат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің,
татулықтың кепілі ретінде мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани
қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу,
адамның, әсіресе әлеуметтану, құқықтық әлеуметтану үрдістерінің, құқықтық
сананың, құқықтық мәдениеттінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық
қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық
қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты.
Нәтижесінде мемлекет, құқық, бұл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады.
Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің таптық мәні,
түрлері, қызметтері өзгерді.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар,
өйткені мемлекет пен құқық абстрактілі санат, категория ретінде
зерттелінеді.
Теория мемлекет пен құқықты зерттеу барысында оларды мемлекеттегі
нақты құқық ретінде белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар дееп
қарастырмайды. Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы
өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге ең алдымен
осы заманғы мемлекеттілік пен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуде
өзіне бағыт-бағдар ретінде ұстанады. Олардың мағынасы мен мәнін теориялық
көзқарастар тұрғысынан түсіндіріледі.
Мемлекет пен құқық теориясы – күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет
теориясы мен құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады. Мемлекет
теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын,
қызметтерін зерттейді.
Ал құқық теориясы – заң догматтары мәселелерін. Яғни құқық негіздерін,
құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты
түсіндіруді, заң алдындағы жауапкершілікті және тағы басқа құқықтық
мәселелерді зерттейтін ғылым.
Мемлекет және құқық теориясы алдымен мемлекет пен құқық туралы негізгі
ұғымдардың мағынасы мен мәні, маңызы талданып, олар жөнінде мағлұматтардың
түсінігі берілсе, Мемлекет және құқық теориясының пәні—бұл мемлекет пен
құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары,
олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары.
Сонымен қатар мемлекет және құқық теориясы қазіргі мемлекеттік құқықтық
болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ
әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет
пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні болып барлық мемлекетік-құқықтық
құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары, жалпы
мемлекеттік құқықтық категориялар, түсініктер, қазіргі мемлекеттік құқықтық
болмыс танылады.Мемлекет пен құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық,
әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды
реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын
ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз мемлекет пен құқықтық
құбылыстарды зерттеуде қолданатын тәсілдер мен амалдардың жиынтығын
айтамыз. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген
әдістерді қолданады.
Заң ғылымының түп негіздерін білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге
асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықтық болмысты талдау
барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар
құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты
тану үшін ерекше теориялық тұжырым (концепция) қолданылады. Құқықтық бір
мәселені зерттеп тану үшін өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер
қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде
шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың
қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік,
философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады.
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
біріншіден, бұл қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық,
бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық
теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық) осы
айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді;
екіншіден, бұл саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай
зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей
байланысты қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты
айырмашылығына байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқық
саласын тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық
заңдылықтарын, жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпы теориялық ғылым
болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан
ерекшеленеді;
төртіншіден, бұл әдістемелік сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық
қондырманың жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтың
құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың
әдістемелік мәселелерін де шешеді.
бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым.
Өйткені барлық заң ғылымы пәндеріне тән құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы
заңдылықтарының, олардың мәні мен бағдарының фактілерге негізделген дамуын
қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
Жұмыстың өзектілігі мемлекет және құқық теориясының басқа құқық
салалары арасындағы ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ажыратып айқындау.
Жұмыстың мақсаты – мемлекет пен құқық теориясының пәнін, реттейтін
әдістерді, атқаратын қызметтерін және құқық жүйесінде алатын орны мен рөлін
анықтау.
Жүмыстың міндеттері:
- мемлекет және құқық теориясының пәнін айқындау;
- мемлекет пен құқықтың әдістері мен атақартын қызметтерінің түрлерін
бір-бірінен ажырату;
- құқық жүйесіндегі орны мен рөлін анықтау.
Жұмыс үш бөлімнен кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлім бірқатар сұрақтарды қамтиды: бірінші тарау мемлекет және
құқық теориясының пәні және әдістері деп аталып, мемлекет және құқық
теориясы пәнінің ерекшеліктері, мемлекет және құқық теориясының әдістері,
мемлекет және құқық теориясы пәнінің атқаратын қызметтері туралы сұрақтарды
қарастырса, екінші тарау мемлекет және құқық теориясының заң ғылымдры
арасындағы алатын орны деп аталып, мемлекет пен құқық теориясының заң
ғылымдары жүйесіндегі атқаратын рөлі мен орны, мемлекет және құқық
теориясының мәні деген сұрақтарды қарастырады.

1. Мемлекет және құқық теориясының пәні және әдістері
1.1 Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшеліктері

Әр ғылымның немесе оқу пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні
болады. Ғылымның немесе оқу пәнінің өзегі — ол зерттейтін мәселелердің
жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының пәні—бұл мемлекет пен құқықтың пайда
болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні,
құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар
мемлекет және құқық теориясы қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да
қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді [2,6-7].
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ
әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет
пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де
сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Мемлекет пен құқықты бөліп
қарастыруға болмайды. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың
ретін, жұмыс тәрібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет
құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.
Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні болып барлық мемлекетік-құқықтық
құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары, жалпы
мемлекеттік құқықтық категориялар, түсініктер, қазіргі мемлекеттік құқықтық
болмыс танылады. Мемлекет пен құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық,
әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды
реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын
ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді
толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
1. Мемлекет және құқықтың мәні.
2. Кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың
жалпы сипаттары.
3. Мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
4. Мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
5. Мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары,
принциптері, механизмдері.
6. Мемлекет және құқықтың бір-бірімен басқа қоғамдық құбылыстармен
байланысының жалпы заңдылықтары [3, 5].
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады.
Мемлекет және құқық теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
- бұл қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар
қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық
теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалық) осы
айырмашылықтары арқылы ерекшеленеді;
- бұл саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде
мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты
қызметтік іс-әрекеттерін қарастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына
байланысты мемлекет және құқық теориясы мемлекеттік-құқық саласын тікелей
зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
- ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылықтарын,
жалпыламалық сипаттарын зерттейтін жалпы теориялық ғылым болып табылады.
Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
- бұл әдістемелік сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-құқықтық қондырманың
жалпы заңдылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтың құбылыстарды
зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік
мәселелерін де шешеді.
- заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені
барлық заң ғылымы пәндеріне тән құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Мемлекет және құқық теориясын мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы
заңдылықтарының, олардың мәні мен бағдарының фактілерге негізделген дамуын
қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
Адам қоғамының тарихын, даму процесін, мазмұнын, болашағын зерттейтін
ғылымдарды қоғамдық ғылым дейді. Оның саллары: философия, саяси экономика,
тарих, әлеуметтану, заң ғылымдары, филология, археология, этнография т.б.
бұлардың ішнде мемлекет пен құқық теориясына кеңірек көңіл бөлетін
философия мен тарих, ал басқалары қысқаша тоқтап өтеді [4, 8].
Сонымен әр ғылымның өзінің зерттейтін пәні бар. Пән дегеніміз өзі
зерттейтін объективтік ақиқатты зерттеудің бір жағы. Мемлекет және құқық
теориясының пәні дегеніміз мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының
және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, сондай-ақ заң ғылымдарының негізгі
түсініктердің, ұғымдардың жүйесін айтамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкес, мемлекет және құқық
теориясының пәні екі бөліктен тұрады:
Біріншіден, мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының, қызмет
етуінің жалпы заңдылықтары. Аталған бірінші топқа мыналар жатады:
- мемлекет және құқықтың пайда болуы;
- мемлекет және құқықтың типтері;
- мемлекет және құқықтың дамуы;
- мемлекет және құқық нысанының эволюциясы;
- мемлекеттік органдар жүйесі мен құқықтық жүйесінің қалыптасуы;
- мемлекет және құқықтың функциясын жүзеге асыру;
- мемлекет және құқықтың қоғамдық қатынастарға әсер ету шегі;
- адам құқығының дамуы;
- демократия, заңдылық, құқықтытық тәртіп қағидаттарының нығаюы;
- азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамуы;
- құқықтың нормаларды сақтау, орындау, қолдану;
- бұл заң ғылымының дамуы.
Екіншіден, барлық заң ғылымын қамтитын заңи түсініктердің, ұғымдардың
жүйесі. Мысалы, мемлекет, мемлекеттік органдар, құқық, құқық бұзушылық,
заңи жауаптылық.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі:
а) ол негізгі ұғымдар жүйесін өзі үшін ғана емес, сондай-ақ барлық заң
ғылымдарының салалары үшін қалыптастыруымен айналысады;
ә) мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет және құқықтың
дамуы, қызмет етуін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар мемлекет пен құқықты
жалпы түрде, яғни, кез келген қоғамға тән мемлекет пен құқықтың жалпы
белгілерін қарастырады. Мемлекет және құқық теориясы уақыт және кеңістікке
қарамай жалпы түрде барлық мемлекет пен құқық жүйелерін зерттейді.
Сондықтан да, онда мемлекет пен құқықтық туралы ғылыми ойлардың
жетістіктері шоғырланған;
б) мемлекет және құқық теориясы мемлекет пен құқықтың бір-бірін
толықтыратын, бір-бірімен тығыз байланысты әлеуметтік институт ретінде
қарастырады.
Мемлекет және құқық теориясында осы уақытқа дейін мемлекет пен
құқықтың арақатынасы туралы басты екі бағыт орын алған [5, 4].
Біріншісі – этатистік, бұл бағыт мемлекеттің құқыққа қарағанда
артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы
ретінде қарастырылады.
Екінші бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар негізінде пайда болды және
құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бекітті.
Алайда, аталған мәселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл бағыт
жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл
теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемлекет пен құқықтың қайсысына
тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз
өмір сүре алмайтындығына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың
бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмауға,
құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге және мемлекеттің құқықты
қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:
1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге асырудан. Тура мағынада бұл
мемлекеттің құқық нормаларын орнықтыратынын білдіреді;
2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемлекеттің
санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыптасуы мемлекеттің
мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялауымен сипатталды;
3) іс жүзінде қалыптасып қойған қатынастарды жүріс-тұрысты заңды
міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, әдет құқығы осылай қалыптасады;
4)құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуден. Құқықты пайдаланудың
мемлекетсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес;
5) мемлекет құқықты және құқықтық қатынастарды қорғауды қамтамасыз
етеді;
6) мемлекет құқықтың әлеуметтік кеңістікке таралуына жәрдемдеседі,
яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құқыққа сәйкес әрекет жасауға
міндеттейді.
Құқықтың мемлекетке әсері мыналардан көрініс табады:
1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген тұлғамен өзара қарым-
қатынастарына әсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде
әсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемлекетке құқықтың көмегімен әсер
етеді;
2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау және
мәжбүрлеу шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;
3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің шектері, азаматтардың жеке
өміріне араласудың шектері анықталады;
4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін қамтамасыз етеді, осы арқылы
мемлекеттік биліктің ұлттармен қарым-қатынасына әсерін тигізеді;
5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың қызметіне бақылау жүргізу
мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осы арқылы мемлекеттің халық алдындағы
жауапкершілікті әрекеттерінің заңды кепілдіктерін бекітеді;
6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы әлемдік қауымдастықпен байланыс
тілі рөлін атқарады.
Мемлекет және құқық теориясы студенттерде мемлекет және құқық,
құқықтық және саяси мәдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің
қалыптасуына, олардың әртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық
құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын зерттейді.
Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі
міндеттерінің бірі болып табылады. Мән – функциялық санап ретінде қандай да
бір құбылыстың бастысы, негізгісі деген мағынаны білдіреді. Ал мемлекеттің
мәні, оның мазмұнын әлеуметтік мақсатын және қызметін айқындайды [6, 10].
Мемлекеттің табиғаты мен мәнін терең және жан-жақты түсінбей, оны билікті,
білімді басқаруға болмайды. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар
мағынасында анықтауға болады.
Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан
қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде
анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-
құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік
құрылымдар негізінде қалыптасады.
Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген,
жекелеген таптар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін
білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі
мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.
Мемлекеттің мәнін қарастырғанда екі саланы ескеру қажет:
- мемлекеттің формальді жағы, яғни кез-келген мемлекет - бұл саяси
биліктің ұйымы;
- мемлекеттің мазмұнды жағы, яғни бұл ұйым кімнің мүддесін қорғайды?
Мемлекет мәніне талдау жасауда тек формальді жағына тоқталатын болса,
онда құл иеленуші және қазіргі кездегі мемлекеттер өзінің мәні бойынша
ұқсас болатын еді. Мемлекет мәніндегі ең бастысы – мазмұндық жағы. Басқаша
айтқанда, саяси биліктің ұйымы ең алдымен кімнің мүддесін жүзеге асырады,
өз саясатында қандай құндылықтарды басшылыққа алады. Осыған сәйкес мемлекет
мәнін түсіндірудің таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық, нәсілдік
бағыттары болды.
Мемлекеттің мәнін түсіндірудің таптық бағытқа сәйкес, мемлекет – бұл
экономикалық үстем таптың саяси билігінің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет тар
мағынада қолданылады, яғни үстем таптың, топтың мүдделерін
қанағаттандырудың құралы ретінде болды. Бұл жағдайда қандай да бір таптың
мүддесін ең бірінші болып, қанағаттандыру басқа да таптың қарсылығын
туындатуы мүмкін. Осы қарсылықты күштеу диктатура үстемдік көмегімен жоюға
болады.
Жалпы адамзаттық бағытқа сәйкес, мемлекет - әр түрлі таптар мен
әлеуметтік топтардың мүдделерінің келесімділігі үшін, жағдай жасайтын саяси
биліктің ұйымы. Бұл бағытта мемлекет кең мағынада қолданылады, яғни
қоғамның мүддесін әртүрлі таптар мен топтардың, ел тұрғындарының
көпшілігінің сұраныстарын қамтамасыз ететін құрал дер қарастырады мемлекет
және құқық теориясы [7, 12]. Сондай ол құқықтың де мәнін толық ашқан.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды
реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық–кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық–осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың
заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген
заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні барлық мемлекеттік-құқықтық
құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары, жалпы
мемлекеттік құқықтық санаттар, түсініктер. Қазіргі мемлекеттік-құқықтық
болмыс жатады.

1.2 Мемлекет және құқық теориясының әдістері

Ғылымның әдістері дегеніміз - пәнін танып анықтау үшін сол ғылымның
зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.
Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажырату керек. Әдіснама
екі мағынада қолданылады:
а) әдістер туралы ілім;
б) әдістер жиынтығы.
Осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді. Мемлекет және құқық
теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми
жолмен қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен
арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Методология (әдіс-тәсіл) – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін
ілім [8, 5]. Ғылым методологияның негізі диалектикалық материализм.
Мемлекет және құқық теориясының методологисы философияның объективтік
заңдарына, теориялық қағидаларына сүйене отырып, логикалық әдіс-тәсілдер
арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл
зерттеу процесінде теория мен тәжірибенің бірлестігіне сүйене отырп,
қорытынды ғылыми тұжырымдамалар жасалады. Сонымен мемлекет және құқық
теориясының әдісі диалектикалық материализм методолгиясы және заң
ғылымдарының зерттеу тәжірибесінен қалыптасқан әдіс-тәсілдер.
Жалпы ғылым дегеніміз, екі бағытты біріктіреді – теория мен әдіс.
Теория – бұл ғылым нені зерттейді?- деген сұраққа жауап береді Әдіс – бұл
ғылым қандай тәсілмен, амалмен зерттеуді жүргізеді? – деген сұраққа жауап
береді [9, 7]. Әдіс дегеніміз жаңа білімді алуға, пәнге жетуге мүмкіндік
беретін тәсілдер мен амалдардың, қағидаттар мен ережелердің жиынтығын
айтамыз. Әдіс – бұл зерттеп жатқан құбылысқа жетудің жолы, ақиқатқа жетудің
ғылыми-танымдық тәсілі. Ғылым әдісі – бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін
тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы.
Сонымен, мемлекет және құқық теориясының әдісі дегеніміз мемлекет пен
құқықтық құбылыстарды зерттеуде қолданатын тәсілдер мен амалдардың
жиынтығын айтамыз. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін
көптеген әдістерді қолданады.
Мемлекет және құқық теориясының қолданатын негізгі әдісіне
диалектикалық әдіс жатады. Мемлекет және құқық теориясы диалектиканың үш
заңына сүйеніп зерделенеді. Олар:
1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-
тәжірибеде бұл мына жайттарды білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет
ету барысында барлық жүйелерді дамытуды көздейді. Мысалы, құқық қорғау
органдары құрылымында және тағы басқаларда Қазақстан Республикасында 1995
жылға дейін тергеу ісіне байланысты әрекеттермен прокуратура тергеушілері
де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық процестердің дамуы барысында тергеу
ісі мен оны қадағалау ісін бір органның қолына берудің дұрыс еместегі
айқындалды. Осыдан соң ҚР Президентінің Прокуратура туралы Жарлығы
жарияланып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау
қызметтері қалдырылды.
2. Теріске шығаруды тepicтey заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде
теріске шығарылып жатқан қандай да бір құбылыс, ертең я болмаса оның арғы
күні (яғни өзінің уақыты келгенде) қабылдануы және болмыста іске асуы
ықтимал жайт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз бұрын қоғам өміріндегі
құбылыстарға мемлекеттің толығымен араласып, оған ықпал жасауы жалпы
көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидат деп келген болсақ, енді қазір
қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ыңпал жасау
мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде
көріп жүрміз [10,5].
3. Қарама-қайшылықшардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның
айқындауында белгілі бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде (уақытта)
бірін-бірі жоққа шығаратын құбылыстар болуы ыңтимал екен. Мысалы:
1) Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді;
2) Қазақстан билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар
мемлекеттік билік біртұтас, үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет және құқық теориясының әдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпылама әдістер дегеніміз ойлаудың әмбебапты қағидаттарын көрсететін
философиялық, дүние танымдық бағыттарын айтамыз. Жалпылама әдістер мемлекет
пен құқықты философия тұрғысынан қарастырады. Оларға мыналар жатады:
а) метофизика (мемелекет пен құқықты мәңгілік өзгермейтін институттар
ретінде қарастырады);
ә) диалектика.
Диалектика өз алдына идеалистік және материалистік деп екіге бөлінеді.

Идеалистік диалектика өз алдына екіге бөлінеді: субъективті және
объективті. Егер де объективті идеализм мемелекет пен құқықтың пайда болуын
құдай күшімен, объективті санамен байланыстырса, онда субъективті идеализм
адамның санасымен, келісіммен байланыстырады.
Материалистік диалектика – бұл қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық
өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның
таптарға бөлінуімен байланыстырады. Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген
ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны
(формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген
ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны"
(формасы) талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен
толықтырылғанын байқаймыз [11,8]. Ал енді керісінше құқық бұзушылық
ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу
барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда
құқық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;
в) Тарихи әдіс. Бұл әдіс - мемлекет пен құқықтың тарихилығына, оның
өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын құбылыс екендігіне
негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттелініп отырған мемлекет пен
құқықтың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада,
қандай дәстүрлер мен қандай аумақтың ерекшеліктер және халықтар
болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
г) Жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып
келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар
жүйесінен, ал құқық - құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып
пайымдаймыз [6, 13].
Мемлекет және құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттегенде
ғана оны толығынан танып білуге болады.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және
ғылыми дербес әдістері де бар:
а) Формальды-логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқықтың
ішкі құрылымы, қайнар көздері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері
зерттеледі. Бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын
талдағанда қолданылады;
б) Салыстырмалы мемлекеттану мен құқықтану әдісі. Бұл әртүрлі
елдердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын
әдіс;
в) Нақты-әлеуметтік әдіс - нақты әлеуметтік зерттеулерге
негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгенде қоғамдағы заңдарға,
мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне қоғам қандай
пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл әдіске тән амал-
тәсілдерге: байқау жариялау; анкета жүргізу (сұрақ-жауап); сұхбаттасу;
тәжірибе (эксперимент) жасау жатады.
Жеке ғылыми әдістер деп мемлекет және құқық теориясының нақты
техникалық, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының ғылыми жетістіктерін
меңгерудің нәтижесінде пайда болған тәсілдерді айтамыз. Оларға мыналар
жатады:
а) нақты-әлеуметтік тәсіл – бұл сауалнама, сұхбат, бақылау және басқа
да тәсілдер арқылы мемлекет пен құқық саласында субъектілердің мінез-құлық
туралы нақты мәліметтерді алуға мүмкіндік береді (мысалы, олар қоғамдық
қатынастарға мемлекеттің әсерін, заңдар арасындағы қарама-қайшылықтарды
анықтауда қолданады);
ә) статистикалық тәсіл – бұл бірнеше рет қайталанатын мемлекет пен
құқықтық құбылыстардың, олардың ішінде құқықбұзушылықтың, заңи тәжірибенің
сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді (ол үш кезеңнен тұрады:
статистикалық мәліметтерді жинау, оларды белгілі бір негіздер бойынша
топтастыру, оларды өңдеу);
б) кибернетикалық тәсіл – бұл кибернетиканың заңдар мен техникалық
құралдар арқылы мемлекет пен құқықтық құбылыстарды зерттеуді білдіреді;
в) математикалық тәсіл – бұл сандық көрсеткіштерге негізделген
тәсілдер жиынтығы.
Жалпы ғылыми әдіс дегеніміз жалпы әдістер сияқты бүкіл ғылыми танымды
толығымен қамтымайды, ғылыми танымның жекелеген кезеңдерін қамтитын әдісті
айтамыз. Оларға мыналар жатады:
а) анализ – бұл күрделі мемлекет пен құқықтық құбылыстарды шартты
түрде жеке бөліктерге бөлу арқылы зерттеуді білдіреді;
ә) синтез – бұл құбылыстардың бөліктерін шартты түрде біріктіре
отырып, зерттеуді білдіреді;
б) жүйелілік тәсіл – бұл мемлекет пен құқықтық құбылыстарды жүйеге,
салаға топтастырып зерттеуді білдіреді (мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Жеке тұлға, құқық және мемлекет
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Мемлекет және құқық пәні мен әдісі
Пәндер