Мұнай және газ өнеркәсібіндегі компрессорлар



ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 Технологиялық бөлім
1.1 Компессорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының құрамы
1.2 Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары
2 бөлім Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі
2.1 Еңбекті қорғауға жауапкершілік
2.2 Электр қауіпсіздігі. Қауіпсіздік техникасы
2.3 Электр қондырғылары мен электр берілістерін жөндеген кездегі қауіпсіздік шаралары
2.4 Өрт қауіпсіздігі. Өндіріс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтасыздандыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшілігі - өнеркәсіптер ішіндегі ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Оның қарқынды дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ кенорындарын пайдалану, жеделдету қамтамасыз етілуде. Мұнай мен газды өндірудің үздіксіз өсуі тек ондаған жаңа мұнай мен газ кен орындарын барлауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ететіндей мыңдаған ұңғымаларды бұрғылаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Мұнай және газ ұңғыларының бұрғылау көлемінің өсуіне байланысты онда қолданылатын техника түрлері де біртіндеп дамып жетілген. Қазіргі кезде кез-келген мұнай және газ ұңғылары жан-жақты механикаландырылған және автоматтандырылған бұрғы қондырғыларымен бұрғыланады. Көтеріп-түсіру жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру саласында едеуір жұмыстар жүргізіліп жаңа техникалық құралдар шығарылуда. Бұл бағытта жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар көтеріп–түсіру операцияларын жеңілдетуге оған жұмсалатын қаржыны азайтуға бағытталған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ю. В. Вадецкий. Бурение нефтяных и газовых скважин, - М.: Издательский центр «Академия», 2003.
2.Р.А. Бограмов. Буровые машины и механизмы,- Москва.: Недра,1988.
4. Г.В. Алексеевский. Буровые установки, - М.: Недра, 1991.
3. Н.Г. Середа, В.А. Сахаров, А.Н. Тимашев Спутник нефтяника и газовика: Справочник – М.: Недра, 1986
5. Единые правила разработки нефтяных и газовых месторождений
6. Х. Суербаев Мұнай-газ ісінің негіздері, Астана, 2008.
7. Нұрсұлтанов Ғ.М. Абайұлданов Қ.Н. Мұнай және газды өндіріп, өңдеу, Алматы, 2000.
8.«Мұнай мен газ кенорындарын игерудің біріккен ережелері».Алматы,1996ж.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
1 Технологиялық бөлім
1.1 Компессорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының құрамы
1.2 Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары
2 бөлім Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт
қауіпсіздігі
2.1 Еңбекті қорғауға жауапкершілік
2.2 Электр қауіпсіздігі. Қауіпсіздік техникасы
2.3 Электр қондырғылары мен электр берілістерін жөндеген кездегі
қауіпсіздік шаралары
2.4 Өрт қауіпсіздігі. Өндіріс орындарында өрт қауіпсіздігін қамтасыздандыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Мұнай мен газ өндіру өнеркәсіпшілігі - өнеркәсіптер ішіндегі ең маңызды
салалардың бірі болып табылады. Оның қарқынды дамуына біздің елімізде үлкен
көңіл бөлінеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай мен газ
кенорындарын пайдалану, жеделдету қамтамасыз етілуде. Мұнай мен газды
өндірудің үздіксіз өсуі тек ондаған жаңа мұнай мен газ кен орындарын
барлауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ететіндей мыңдаған ұңғымаларды
бұрғылаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Мұнай және газ ұңғыларының бұрғылау көлемінің өсуіне байланысты онда
қолданылатын техника түрлері де біртіндеп дамып жетілген. Қазіргі кезде
кез-келген мұнай және газ ұңғылары жан-жақты механикаландырылған және
автоматтандырылған бұрғы қондырғыларымен бұрғыланады. Көтеріп-түсіру
жұмыстарын автоматтандыру және механикаландыру саласында едеуір жұмыстар
жүргізіліп жаңа техникалық құралдар шығарылуда. Бұл бағытта жүргізіліп
жатқан барлық жұмыстар көтеріп–түсіру операцияларын жеңілдетуге оған
жұмсалатын қаржыны азайтуға бағытталған.

1 Технологиялық бөлім
1.1 Компессорлы станциялардың қызметі және олардың құрылымдарының
құрамы
Компессорлық станциялар газ құбырының өткізгіштік қабілетін арттыру
мақсатында газ қысымын көтеруге және берілген қашықтыққа дейін газды
тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процестерді
қамтамасыз етуге мұнай бергіштікті ұлғайту үшін қабатқа газ айдау,
газлифтілі пайдалану және т.б. арналған.
Компрессорлы станцияларды әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының
көп жиналған жерінде тұрғызады.
Компрессорлық станциялар құрылымының кешенінде келесі объектілер мен
құрылымдар болуы мүмкін:
• Бір немесе бірнеше компрессорлық цехтар;
• Жинау жүйесі, механикалық және сұйық қоспаларды бөліп шығару және
залалсыздандыру;
• Электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс,
найзағайдан қорғау және электрохимиялық тоттанудан сақтау,
автоматты түрде басқару және телемеханизация жүйелері;
• Қосалқы және көмекші объектілер.
Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттан басқа компрессорлық
станциялар аумағында мыналар тұрғызылады:
• Сумен циркуляцияны тұйықталған қамтамасыз ету үшін сорап
орналасатын орын;
• Суды салқындатуға арналған құрылғы;
• Газды сұйықтан жіне механикалық қоспалардан алдынала тазартуға
арналған айырғыштар тобы;
• Майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған
конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;
• Газы өлшеу пункті;
• Мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлінген конденсатты айдап
шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;
• Механикалык шеберхана;
• Құбырлар жүйесі;
• Қосалқы ғимараттар.
Бірінші сатылы компрессордан айдалған газ май айырғыштардан өтеді, онда
компрессордың цилиндірінен газбен бірге кеткен компрессорлық майдан
босатылады да мұздатқышқа – 12 барып түседі. Мұздатқышта май 30-40С дейін
салқындатылады, нәтижесінде одан көмірсутектік конденсат бөлініп шығады.
Газдыконденсатты қоспаны бөлу үшін оны орташа қысымдағы айырғыштан – 14
өткізеді. Одан соң газ компрессорлардың – 7 екінші сатылы сығуының
қабылдауына барады, онда қысым 7,84МПа дейін жеткізіледі.
Екінші сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан
конденсатты бөлу үшін май ажыратқыш – 11 арқылы мұздатқышқа – 12
бағытталады. Газдан конденсатты бөлу үшін газ мұздатқыштан – 13 жоғарғы
қысымдағы айырғышқа -15 бағытталады. 10ГКН Газды-моторлық
компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау
коллекторындағы -5 газдың бір бөлігі қысым реттегіш – 4 арқылы
газдымоторлыкомпрессорлардың отындық желісіне келіп түседі. Бөлініп шыққан
конденсат, конденсат жинағыштарға – 16,17.18 бағытталады, ол жақтан
сораптар орналасқан алаңдағы – 19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.
Осылайша, газды көп сатылы сығу кезінде, әрбір сатыдан кейін газ
салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түріндегі біршама мөлшерде ауыр
көмірсутектері бөлініп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлінуі
газды дайындау әдістерінің – адсорбция, майлықтабсорбция және төменгі
температуралы айырғыш көмегімен жүзеге асырылады.
Газды-мұнайлы және мұнайлы кен орындарында жоғары қысымдағы мұнай және
газ ұңғылары болған кезде, сонымен қатар айырғыштардағы қысымдардың үлкен
айырмашылығы кезінде ағысты аппараттар немесе эжекторлар қолданылады.
Жоғары қысымдағы жұмысшы газ эжектор соплосы арқылы өткен кезде оның
жылдамдығы тез артады. Жұмысшы газдың шапшыма ағысының маңында төменгі
қысымды аймақ пайда болады, оған қабылдау камерасынан төменгі қысымдағы газ
сорылады. Араластыру камерасында, содан кейін диффузорда жоғарғы және
төменгі қысымдағы газдар араласады, және де аппараттан шығар жолда олардың
температуралары, ағыс жылдамдықтары мен қысымдары теңеседі.
Газдың жылдамдығы төмендейді, ал кинетикалық энергияның негізгі бөлігі
потенциялдыққа (қысым энергиясына) айналуы есебінен қысым қалпына келеді.
Осылайша, төменгі қысымдағы газ диффузорда өзінің қысымын 10-30%
көбейтеді.
Эжекторлардың іс жүзіндегі пайдалы әсер коэффиценті 30% аспайды,
өйткені жұмысшы газдың энергиясы мен қысымның шығындары болады.
Бірақта, төменгі қысымдағы мұнай газын компрессорлеу үшін жоғары
арынды табиғи газдың үлкен мөлшерінің болуы кезінде немесе төменгі
қысымдағы газды сығу үшін магистралды газ құбырындағы артық қысымдағы
газды пайдалану кезінде эжекторларды қолдану экономикалық жағынан тиімді
болуы мүмкін, өйткені олар конструкциясы бойынша қарапайым және
механикалық компрессорлардан айтарлықтай арзан, оларды орналастыру үшін
өте үлкен фундаменттер мен ғимараттар қажет емес.

1.2 Компрессорлық станцияның негізгі жабдықтары
Компрессорлық цехтың негізгі жабдығы – компрессорлар, олар поршендік,
ортадан тепкіш және бұрандалы (винттік) болуы мүмкін; беріліс жетегі газдық
қозғалтқыштан, электроқозғалтқыштан және авиациялық турбинадан тұруы
мүмкін.
Компрессорлар бір сатылы ( яғни қажетті жоғары қысымға қол жеткізу
газды сығудың бір-ақ циклінде жүзеге асса) немесе көп сатылы жоғары
қысымға қол жеткізу үшін газды бір компрессорда сығу бірнеше циклмен жүзеге
асса болады.
Компрессорлық цех – компрессорлы станцияның негізгі кешені(объектісі).
Оған бір топ компрессорлық агрегаттар, сонымен қатар цехтың функциялануын
(жетілдіруін) қамтамасыз ететін қондырғылар мен құрылымдар жүйесі кіреді.
Газ жинау коллекторынан – 1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-
3 келіп түседі, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан
әрі газ бірінші сатылы компрессорға-7 берілу үшін қабылдау коллекторына-5
келіп түседі және 1МПа қысымға дейін сығылады. Желі (линия) 2 бойынша майлы
газ мұнайды дайындау қондырғысынан алдын-ала тазалану үшін айырғышқа – 3
келіп түседі.
Поршендік компрессорлардың қызметі компрессорлық цилиндрдің жұмысшы
көлемінің өзгеруі нәтижесінде газды ығыстырып шығару принципіне
негізделген; көлем ұлғайған кезде жұмыстық қуыстар газбен толтырылады, ал
жұмыстық қуыстардың көлемі азайған кезде онда тұрған газ сығылады да, айдау
құбырларына ығыстырылып шығарылады.
Ортадан тепкіш компрессорлардағы қысымның жоғарылауына, оған үлкен
жылдамдықты беру арқылы және ағынның кинетикалық энергиясын біртіндеп
диффузордағы қысымның потенциялдық энергиясына айналдыру жолымен қол
жеткізуге болады.
Бұрандалы компрессорларда, сығылған газдың қысымы компрессор тұрқысында
(корпусында) жанасқан бұрандалар тәріздес екі ротордың айналуы нәтижесінде
компрессордың жұмыстық қуыс көлемінің азаюы салдарынан ұлғаяды. Бұрандалы
компрессорлар соңғы айыру сатысындағы мұнай-газын жинау үшін кеңінен
қолданылады.
Олар ықшамдылығымен ерекшеленеді, тығыздығы әр түрлі газ үшін
қолданыла береді, және де күрделі фундамент құрылымдарынсыз ашық
алаңқайларда бекітіледі, монтаждау мен қызмет көрсету қарапайым.
Газдымотор компрессорлары деп, компрессорлық бөлік пен газды
қозғалтқыш бір тұлғада бірге орналасқан поршенді компрессорлық агрегатты
айтады. Қозғалтқыш цилиндірлерінің саны 8-ден 12-ге дейін болады,
агрегаттар үлкен металл шығындарымен( яғни, металдың көп жұмсалуымен)
сипатталады ( күштік жетектің 1кВт 28-62кг, агрегаттың массасы 270т
жетеді). Іс жүзінде поршендік компрессорлардың қабылдауындағы қысым
жеткілікті жоғарғы болғанда және салыстырмалы газ шығыны онша көп болмаған
жағдайда газды сығу дәрежесі 2 үлкен болғанда қолдану тиімді.
Компрессорлардың негізгі параметрлері – сору және айдау кезіндегі оның
бергіштігі мен қысымы болып табылады. Айдау қысымының сору қысымына
қатынасы компрессордың сығу дәрежесі деп аталады.
r=PайPсору

1-кәсіпшіліктен келетін газжинау коллекторы; 2- МДҚ-нан келетін
газжинау коллекторы; 3- сұйықтардан және механикалық қоспалардан газды
алдын-ала бөлуге арналған айырғыштар; 4- өзінен кейін қысым реттегіш; 5 –
І-ші сатылы қабылдау коллекторы; 6 – жанар отын желісі(линиясы); 7 – 10ГК
түріндегі поршенді компрессорлар; 8 – ІІ-ші сатылы қабылдау коллекторы; 9 –
І-ші сатылы арынды коллектор; 10 – ІІ-ші сатылы арынды коллектор, 11 – май
айырғыштар; 14 – орташа қысымдағы айырғыштар; 15- жоғарғы қысымдағы
айырғыштар; 16,17,18 – конденсатқа арналған сыйымдылықтар (ыдыстар); 19 –
сораптар орналасатын орын; 20 – газөлшеу пункті.

2 бөлім Еңбекті қорғау негіздері, электр қауіпсіздігі және өрт
қауіпсіздігі
2.1 Еңбекті қорғауға жауапкершілік
Еңбекті қорғау дегеніміз – құқықтық , әлеуметтік-экономикалық , ұйымдық
техникалық, санитарлық-гигеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-
шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығының қамтамасыз ететін жүйе.
Қазақстан Республикасы Конституциясында әрбір азаматтың қауіпсіздік пен
гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеу құқығында
кепілдік берілген. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі қабылданды. Оның
нормалары бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары белгіленген. Кәсіпорындардың
2006 жылдан 2015 жылға дейін өндірістік дамудың стратегиялық жоспары
кәсіпкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғауды жетілдіруге бағдар алады және әрбір азаматтың
қауіпсіздік талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларына деген
конституциалық құқығын жүзеге асыруға бағытталған. Осыны ескере отырып,
өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың бірқатар негіздері
белгіленді:
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жағдайларын үнемі жақсарта
беру және бұл міндеттемелердің орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз
ету;
2. Өндіріске тартылған, сондай-ақ өндіріс аймақтарында орналасқан табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану;
3. Өндірістік объектілердің өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін
арттыру, қоршаған ортаға жағымсыз әсерді технологиялық жабдықтардың
сенімділігін арттыру есебінен төмендету, оның қауіпсіз және апатсыз
жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4. Өндірісте пайда болатын өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің
неғұрлым маңызды міндеттерін үнемі арттыру мен шешуді қамтамасыз
ететін еңбек пен коршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларды
дайындау мен жүзеге асырудың тиімді рәсімдерін жасау;
5. Өндірістің көлемі ұлғаюы кезінде гі шығарылған залалды қалдықтар мен
ластаушы заттардың көлемін жою;
Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарда жыл сайын жарақаттану
мен апаттылықтың , кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек жаждайларын
жақсарту , өндірістік техникалық қауіпсіздігі деңгейін көтеру жөніндегі
ұйымдастыру, техникалық іс-шаралар дайындалып, іске асырылады. Бұл
бағыттардың жүзеге асырылуы жүйелі түрде бақыланып отырады. Кәсіпорындарда
дайындалып , бекітілген Қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне , облыстық әкімдікке жіберіледі.
Жұмысшылардың өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудағы
жауапкершілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізіледі. Бұл мәселелер Компания
аясында жыл сайын өтетін семинар-кеңестерде талқыланады.
Еңбек қаіупсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтық негіздер:
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарттарды,
ережелерді, нормаларды әзірлеу мен қабылдауға;
2. Еңбек жағдайларын , қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен
жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті
қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару
жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске
асыруға;
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау проблемалары бойынша ғылыми-
зерттеулер жүргізуге;
4. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың
бірінғай тәртібін белгілеуге;
5. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен
бақылауға;
6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласында қызметкерлердің
құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге
асыруға жәрдемдесуге;
7.Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін
қорғауға;
8. Өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық
деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және
қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
9. Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың
отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
10. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды
даярлауға және олардың біліктігін арттыруға;
11. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық
ынтымақтастыққа бағытталған.
Біздің елімізде еңбеккерлердің еңбегін қорғауға барынша көңіл бөлінеді.
Мемлекет бұған қаржы аямауға тиіс. Әр өндірістегі жұмыскерлер кең көлемде
арнаулы киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз ететін жеке тұлғаны қорғау
қауіпсіздік техникасының ең сенімді құралдары енгізілуде, өндірістік
жарақат алу мен кәсіби ауруларды кәсіпорындарында санитарлық-гигиеналық
жағдайлар жақсартылуда. Өндірісшілердің қатарына күні кеше қосылған мектеп
оқушысы жұмыстағы табысы және денсаулығының сақталуы көпшілік жағдайда
әркімнің өзіне, оның мамандығы мен еңбектің қауіпсіз тәсілдерін қалай
меңгергендігіне байланысты болатынын жақсы сақтауы керек. Бұл анықтамалық
жұмысшылардың қауіпсіз түрде жұмыс істеу ережелерін меңгеруіне көмектесуге
арналған. Оның беттерінде еңбек қорғау жөніндегі заңның негізгі актілері,
сондай-ақ әр өндірісте еңбек қорғау қызметін ұйымдастыру тәртібі,
кәсіпорындардың жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақытында залалы үшін
жауаркершілігі туралы мәліметтерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Цилиндрді майлау майы
Газ кептіру қондырғылары
Газды сығу және кептіру
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Ұнғыны меңгеру тәсілдері
Сұйық-ағынды компрессорлық сепарация қондырғыны автоматтандыру
Этил спирті судан жеңіл
Мұнай газ өңдеу кәсіпорнында өндірісті жоспарлау міндеттері мен әдістер
Балық өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша ұсыныстар
Өндірісті ұйымдастыру типтері
Пәндер