Банктегі бухгалтерлік есеп


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың жоспары:

1. 1. Банктегі бухгалтерлік есептің ролі

ІІ Теориялық бөлім 2. 1. Ұзақ мерзімді несие бойынша банк операциялары 2. 2. Ұзақ мерзімді несиелеуді ұйымдастыру 2. 3. Несие беру және қайтару есебі 2. 4. Несие бойынша пайыздарды есептеу және алу есебі 2. 5. Тұтыну мақсатында берілетін ұзақ мерзімді несиені ұсыну және өшіру есебі 2. 6. Лизинг түсінігі 2. 6. 1. Лизингтік операциялар есебі

ІІІ. Есептік бөлім

IV. Қосымша

1. 1. Банктегі бухгалтерлік есептің ролі

Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына, оданкейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

Бухгалтерлік есеп - бұл «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстар ы туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі.

Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.

Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пйдаланушылардың айрықша қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.

Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар:

- акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету.

- банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуын бақылау үшін мемлкеттік органдарды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

  • меншікті және тартылған құжаттардың пайдалануын, банктің қаржылық құралдарының қалыптасуын және оларды басқаруды бақылау;
  • алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік деңгейі арқылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау және талдау
  • алғашқы құжаттар түпнұсқасы бухгалтерлік жазуларды бара-бар бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазуларда көрсету;
  • қаржылық-шаруашылық операцияларды мерзіміне сай өз уақытында тіркеу

Бухгалтерлік есептің объектісі - толық шаруашылық бірлік және оның құндылықтары, қорлары, құралдары және оның құралу көздері болып табылады.

Философиялық сөздікке сүйенсек, тақырып ұғымына түрлі қатынастарға түсе алатын және қандай да бір қасиетке ие бола алатындардың бәрі жатады. Яғни бухгалтерлік есептің тақырыбы - жекелеген әрекетті сипаттайтын, құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және оларды қалыптастыру көздерін орналастыратын шаруашылық операциялары.

Бухгалтерлік еспетің әдісі - осы пәннің оқытылуы және танылуына әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономикалық-математикалық, статистикалық, үлгілеу және т. б. әдістер болуы мүмкін.

Бухгалтерлік тәртіптің (процедураның) негізгі элементтеріне құжаттау, түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция, сесптілік жатады.

Құжаттау - операцияларды құжаттардмен рәссімдеу үрдістері, ол бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы. Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрық, бұл кейінгі бухгалтерлік есепшотын анықтауға қызмет етеді. Егер рәсімделген құжат болмаса бірде-бір операция есепке алынбайды.

Түгендеу - бухгалтерлік рәсімнің бір элементі, яғни негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды және олардың есеп беру мәліметтерімен сәйкес келуін тексеру операциялары.

Операцияларды топтастыру бухгалтерлік есепшоттарының көмегі арқылы жасалады. Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтауцдың негізгі бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, мүліктің жағдайы олардың қалыптасу көздері және шаруашылық операциялар жайлы ағынды ақпарат жинақталатын жүйеленген экономикалық топтау.

Бағалау - мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай көрінісі.

Калькуляция - шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.

Бухгалтерлік рәсімлеу элементтері арасында қабылдануы қиын және түсінуде ауырпашылық туғызатын элементтер бар, ондай элементтер, шоттар және онда шаруашылық операцияларының екі жақты сипатталуы.

Екі жақты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шауашылық операциялары да тіркеу әдісі болып табылады. Және әрбір шаруашылық операциялары кем дегенде екі шотта бір соммада көрсетіледі.

Баланстық қорытынды және сесп беру. Бухгалтерлік шотта сипатталған құралдар және олардың құралу көздері туралы мәліметтерді белгілі бір мерзімде ақшалай бағасын баланстық қорытындылап отыру қажет.

Есеп беру - кәсіпорын қызметінің белгілі бір кезеңдегі қорытындысын сипаттайтын есептілікқорытынды көрсеткішінің жүйесі.

Бухгалтерлік есеп мектебінің өздерінің негізгі салушылары бар, Әрбір кезең өзінің озық адамдарын шығарды. Басында бұлар италиялықтар болды, кейіннен оларды француздар алмастырды, одан кейін немістер болды. Қазір барлық назар бухгалтерлік есептің жақсы мектебін құрған америкалықтарға бұрылған. Бұлардың жарқын өкілдері: Черч, Монтгомери, Патон, Мәй және т. б. Олардың идеялары тоғыз негізгі принцип қалыптастыруға алып келді:

  • екіжақтылық;
  • ақшалай өлшем;
  • кәсіпорындардың дербестігі;
  • үздіксіздігі;
  • өзіндік құндылығы;
  • кертартпалығы;
  • материалдылығы;
  • өткізімділігі;
  • сәйкестілігі

Екіжақтылық принципі: төмендегі ережелерге сүйенеді: шаруашылық субъектісінің қаржысы, оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.

Әрбір құбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания тауарды несиеге алды делік, яғни ол оны кіріске алады (актив), бірақ сонымен қатар келешекте қайтаруға міндетті несиелік қарызға алады (пассив) . Екі жақты жазу осы екі сәтті де қамтиды:активтер шоттың сол жағында, пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір біріне қарама қарсы, ал баланс оларды теңестіру керек.

Ақшалай өлшем принципі: ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік жазбада көрініс табады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық бірлігіне әсер етуімен байланысты. Барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрсетіледі. әрине, мұнда қаржылық емес ақпараттар да көрініс табуы мүмкін, бірақ ақшалай өлшем бірлігі салыстырмалы қаржылық мәлімет алатындай жалпы қолайлы өлшем бірілігі болады.

Кәсіпорындардың дербестік принципі : Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмысшыларының бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бухгалтерлік есепті жүргізуші банк, заңды түрде дербес, өздерінің меншік қатынасынан тәуелсіз. Банктің меншігі ол банк құрылташыларының меншігі емес, ал құрылтайшылардың меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлық жүйесіне тән принцип. Бұның негізі - мүліктік меншік шотқа салынғандар иесін және оның банкінің міндеттемесін бір бірімен қиылыспауы керек, бөлек және жауапты болуы керек.

Үздіксіз принципі : Бұл ринцип бойынша банк өз қызметін үздіксіз жалғастырады, яғни келешекте де қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезеңде активтер мен олардың нақты сатылған құны есепке алынады. Егер нақты сатылған құн есептіліктен кем болса, онда жасырын шығысты ескере отырып, оның шыығыс пен пайда есебінде көрсету керек.

Өзіндік құн принципі : кәсіпорын қайндай да бір құралдарды сатып алғанда, оларды алуға кеткен шығыстар, бухгалтерлік есепте көрсетіледі және осы құралдардың өзіндік құны болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлық шаруашылық құралдар нарықтық бағасымен есем, өзіндік құнымен көрсетіледі.

Кертартпалық принципі : кертартпалық принципіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте айтарлықтай сақтықпен көрсетіледі.

ІІ. Теориялық бөлім

2. 1. ҰЗАҚ МЕРЗІМДI НЕСИЕ БОЙЫНША БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

Инвестиция саласында орын алған құрылыдық өзгерістердің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: несие және салық әдістерімен орталықтандырылған капитал салымдарының азайтылғанына және орталықтандырылмаған капитал салымдарының шектелгеніне қарамастан ұзақ мерзімді инвестицияның және олардың қаржы-несие тұрғысынан қамтамасыз етілу проблемалары бүгінгі таңда өткір күйінде қалып отыр. Бұл мыналарға байланысты:

  1. тұтынылатын тауар өндірісінің жиынтығында шоғырланған шаруашылық жүргізудің бірқатар салаларында инвестициялық қызмет жанданды, аймақтық басқару органдарының әлеуметтік инфрақұрылымды инвестициялаудағы қызметі жандаңды, халық инвестициясының рөлі артты;
  2. «инвестициялық тастандынын» есебінен құнды қағаздағы, жалға берудегі, құрал-саймандағы, жекешелеңдірудегі инвестиция өсті;
  3. мамандандырылған қаржы-несие институттарының, инвестициялық банктердің және капитал салымдарын жеңілдікті қаржыландыруға және несиелеуге арналған қорлар құрылды;
  4. негізгі элементтеріне ақша-несие тұрғысынан реттеу тетігі жататын экономиканы басқарудың нарықтық тетіктері қолданысқа енді.

Осы заманғы жағдайда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді: банктік несиелеудің нарықтарын, сондай-ақ, ақша-несие саясатын жүргізуде негізгі тұтқа ретінде пайдаланылатын құнды қағаздар нарығын бөліп көрсетуге болады. Бұл ұзақ мерзімді несиелерді бөлумен ҚР территориясында несие салымдарының анықталған мақсатты, шекті мөлшерінен, құнцы қағаздармен операцияларды шектеудің және ынталандырудың арнайы тетігін, коммерциялық банктердің қатар деңгейі жоғары активтерін (ұзақ мерзімді несиелер мен құнды кағаздардағы банктің салымын) шектейтін белгіленген экономикалық нормативтерден көрініс тапқан.

Салыстырмалы түрде аса ірі жарғылық капиталға ие коммерциялық банктер ұзақ әрі қатерлі ссудаларды ұсынуы мүмкін.

Мұнда ссудалық саясатты әзірлеу барысында маңызды фактор ретінде болатын активтердің пайдалылығы ескеріледі.

Банктер, егер ұстай алатын болса немесе банктегі резервтің өсімі кемісе, депозит тұрақты болса, ұзақ мерзімді несиенің проценті бойынша демеуқаржы берсе, артықшылыкты бағыттары болса, қарыз алушыларының төлем қабілеті бар болса, ырықтандырылған ссуда саясатын ұстануы мүмкін.

Ұзақ мерзімді банк несиесі берілетін объектілерге капитал салымы үшін кәсіпорындар, ұйымдар және құрылыс бойынша шығындары үшін азаматтар жатуы мүмкін, сондай-ақ, ұзақ мерзімді банк несиесі өндірістік және элеуметтік-тұрмыстық тағайындаудағы объектілерді қайта құруға және оны техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, техниканы, кұрал-сайманды және көлік кұралдарын, үй-ғимарат пен құрылғыларды сатып алуға, сонымен бірге бірлескен кәсіпорынды құруға, ғылыми-техникалық өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және өзге де меншік объектілерін жасауға берілуі мүмкін.

Ұзақ мерзімді несиедегі қажеттіліктерді ірі қарыз алушылар, әдетте, қаражатты пайдаланбастан бұрын жоспарлап қояды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың несие өтінімі негізінде банк әр кезең жылдарында сұралуы мүмкін несиенің ықтимал сұранысын анықтайды, өзге ссуда бойынша мерзімдерді және талап етілген ресурстардың сомасын есептейді. Несие өтінімі ресурстардың шегінен асып түсетін болса, банк мыналардың бірін таңдауына тура келеді: несиенің бір бөлігін өз мойнына алатын корреспонденттік банктермен өзара пайдалы келісімшартқа отыру немесе банк өзіне аса қаисетті клиенттен бас тарту.

Бұл онымен (клиентпен) банктің өзара қарым-қатынасыш қауіп төндіреді.

Ұзақ мерзімді ссуданы беру барысында банктердің кәсіпорындармен, үйымдармен және азаматтармен қүратын негізіне несие қатынасынының несие келісімшарты жатады.

Әдетте, ұзақ мерзімді несие берудің несие келісімшартының ресімделуі техникалық-экономикалық нег іздемесінің ұсынылуымен бірге жүреді. ТЭН-де несиенің қандай мақсат үшін сұралганы рет-ретімен көрсетіледі, ең сыйымды баптарды (материалдыкі шығындар, еңбекақы және т. б. ), ажыратумен несие есебінен төлеуді көздейтін үйғарынды шығындардың (сметаның) есел айырысуы жүргізіледі.

Шикізатгың, несиеленетін шараны жүзеге асыруга қажетті материалдардың, жиынтықтаушы бүйымдардың, құрал-жабдықтың және басқадай материалдардың жоспарланған түсімі жеткізілімдердің мөлшерін, қүнын, мерзімін көрсететін жеткізушімеиі жасалған тиісті келісімшартпен (жекелеген жағдайда - құндылықтарды жеткізуді, жұмыс өндірісін, қызмет көрсетуді жүзеге асыратын олардың кепілдемесімен) нығайтылуы керек.

Есеп айырысулар мен келісімшартта қолданылатын баған сілтеме (прейскуранттық келісімшартты және т. б. ) жасалуы керек

ТЭН-нің жеке бөліміне несиеленетін шараны жүзеге асырудан немесе егер ссуданы өтеудің көзіне әр түрлі қызмет бағыты бойынша барлық түсімдер жататын болса, барлық қызмет түрлерінен түсетін клиенттің болжалды табысының есеп айырысуы кіреді.

Табыстың есеп айырысуын жалпы табысты да және таза табысты да (қажетті шығындарды, аударымдарды, салықты және басқадай міндетті төлемдерді ескерумен) көрсете отырып, несиені пайдаланудың барлық жоспарлы кезеңіне жасау кажет.

Клиент сатып алушьшармен жасасқан келісімшарттың деңгейінде және жеткізілімнің мөлшері мен қүнын көрсету лрқылы олардың өтінімі деңгейінде несиеленген шаралардың (өнім, жұмысы қызмет көрсету) нәтижелерін жүзеге асырудың бір бөлігінде өзінін істегендерін де ұсынуы тиіс.

Бұл мәлімет ссуданың қаншалықты тиімді болатындығын анықтаудың және оның өтелетін нақты мерзімін анықтаудың бастапқы негізі болып табылады. Банк әдетте залалды, пайдалылығы төмен, коммерциялық емес немесе нақты әлеуметтік бағыты жоқ жобаларды несиелемейді.

Несиенің өтелуі мен қайтарылуын қамтамасыз ететін, басқа қызмет түрлерінен түсетін клиенттің табысы арқылы орны толтырылатын бағдарламалар ғана несиеленуі мүмкін. Алайда бүл жобалар банк қызметінің жарғысына, міндеттемелері мен бағдарламасына қайшы келмеуі керек.

Егер жоба қандай да бір мүліктің жалгерлігімен немссе жаңа құрылыс салумен байланысты болатын болса, банкке, сонымен қатар жалдау келісімшартының көшірмесін және осы мақсат үшін тиісті жер учаскесін бөлу жөніндегі жергілікті үкімет органының шешімін ұсынуы қажет.

Несие есебінен жүзеге асырьшатын аса ірі инвестициялық бағдарламамен байланысты жобалар алдын ала сараптауға берілуі мүмкін.

Ұзақ мерзімді несиені пайдаланудың проценттік мөлшерлемесі, комиссиялық сыйақысы және басқа да төлемдер келісім-шарт негізінде белгіленеді.

Процент мөлшерлемесі түрақты әрі өзгермелі болуы мүмкін.

Тұрақты мөлшерлеме ссуданың барлық мерзімінде өзгеріссіз қалады, ал, өзгермелісі нарық жағдайына, депозит (салым ақша) бойынша проценттің өзгерісіне, ресми жарияланған инфляция индексіне және өзге де себептерге қарай қайта қарастырылып, кезең сайын (3-6 айда бір рет) өзгертіледі.

Ұзақ мерзімді несиенің базистік мөлшерлемесін анықтау барысында мына факторлар ескеріледі:

  • Қаражатты тартудың шығыны;
  • Қатер деңгейі;
  • Ссуданы етеудің мерзімі, бақьшаудың (несиені өтей алатын қабілетін талдау, кепілге салынғандарды кезең сайын тексеру, төлем индексациясы және т. б. ) және ссуданы ресімдеудің шығындары;
  • Коммерциялық банктердің мөлшерлемелері, сондай-ақ облигация нарығындағы мөлшерлемелері, банк пен қарыз алушының арасындағы қарам-қатынастың сипаты;
  • Өзге активтерді инвестициялау барысында алынуы ықтимал пайданың нормасы

Ұзақ мерзімді ұсақ ссуда бойынша проценттер әдеттегіше келісімшарттың барлық әрекет ету мерзіміне белгіленеді.

Керісінше, аса ірі ссуда туралы келісім өзгермелі мөлшерлемені қарастырады.

Несиенің пайдаланылған кезеңі үшін алынатын процентке тиесілі сома ссуданы беру барысында бір мезгілде немесе бөліктеп ұсталуы мүмкін, сондай-ақ, оны қарыз алушы несие келісімшартымен анықталған мерзімге олардың есептелуі бойынша төлеуі мүмкін.

Жекелеген құбылыс бойынша құрылыс кезеңі үшін есептелген процент өндіріліп алынбауы мүмкін, оның сомасы аталмыш құрылысқа берілген ссуда бойынша жалпы берешекке қосылатын болады, әрі ссуданы қайта қайтарудағы алғашқы төлем барысында өтеледі.

Банк жекелеген қарыз алушыларға немесе шаралар үшін жеңілдікті несие беруді жүзеге асыру барысында оған осы бағдарламаны жүзеге асыруға несиені тарту жөнінде шешім қабылдайтын органның есебінен алынбаған процентті біртіндеп төлеу туралы мәселе алдын-ала шешіледі.

Ұзақ мерзімді ссуда жеткізушілер мердігерлердің шотын төлем немесе қарыз алушылардың есеп айырысу шотына төлем қаражатын аудару жолымен ТМҚ-ны сатып алуына, құрылыс-монтаждау жұмысының орындалуына қарай кезең бойынша немесе бір мезгілде берілуі мүмкін, ал жалгерлерге, фнрмерлерге, жеке қарыз алушылардың олардың азаматтармен есеп айырысу үшін ссуда қолма қол ақшамен беріледі.

Несие берудің нақты формалары несие келісімшартында қарастырылады.

Берілген ұзақ мерзімді ссуда әрбір жекелеген жағдайда немесе несиеленген шара аяқталғаннан кейін қарыз алушының міндеттемесін өтейтін аталмыш мерзіміне ресімделеді.

Кәсіпорындарға, ұйымдарға және кооперативтерге берілетін ұзақ мерзімді несиені өтеудің нақты мерзімі мен кезеңділігі қарыз алушының қаржылық жағдайына, төлем қабілеттілігіне, шығынның өтелуіне, несие қатеріне, сондай-ақ қосымша қаржыландыру көздерініңайналымдық жылдамдылығының қажеттілігіне қарай банктің қарыз алушымен жасаақан келісімшарты бойынша анықталады.

Ішінара алғанда, жер учаскесі, дача, гараж және өзге де қосымша кепілге салынатын мүліктер арқылы банк беретін қосымша несие, кәсіпорындар мен азаматтардың қаржылық қаражаты муниципалитеттің демеуқаржы, жекешелендіру сертификаттары секілді қосымша қаржыландырудың көздері де ұзақ мерзімді несиені өтеудің мерзіміне және кезеңділігіне өз әсерін тигізуі мүмкін.

Оған жаңа құрылыс мерзімінде меншік құқығын берумен мерзімі ұзартылған қолда бар жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу аукционы немесе делдалдық фирмалар арқылы контрактіні бекіту жаңа құрылысты жылжымайтын мүліктің фьючерлік сатылуынан түсетін түсімнің есебінен қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе құрылыстағы бағаның тұрақсыздығымен байланысты коммерциялық қатерді кемітуге мүмкіндік береді.

2. 2. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ НЕСИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылган қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандыктан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар кұрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Кредиторлар бойынша:

- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес
қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

2. Қарыз алушылар бойынша:

  • қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;
  • экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т. б.
  • жеке кәсіпкерлер (заңды тұлға емес қызметті іске асыру) ;

3. Банктік несиені колдану (пайдалану) мерзіміне байланысты
мынадай түрлерін ажыратуға болады:

  • қысқа мерзімді;
  • ұзақ мерзімді.
  1. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;
  2. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:
  • қамтамасыз етілген: тұрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;
  • сақтандырылған;
  • қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді) .
  1. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.
  2. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизинггі, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.
  3. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айналым құралдарының жетіспеушілігін толыктыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, кұралдар және баска да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдык үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.

Қысқа мерзімді несие - пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды кұндыльщтарга, төлемдердің ағымдағы кажеттіліктері мен шығындарына беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Ағымдағы салық активтері
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізі
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Банктер қарызы - қарыздарды төлеу
Шағын және орта бизнестегі бухгалтерлік есеп
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz