Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтық тіркеу туралы



ЖОСПАР

1 БӨЛІМ. МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
1.1. Мәміле ұғымы
1.2. Мәмілелердің жіктелуі
2 БӨЛІМ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
2.1. Жылжымайтын мүлік түсінігі
2.2. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні
3 БӨЛІМ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКПЕН ЖАСАЛАТЫН МӘМІЛЕЛЕРДІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1. Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт
3.2. Мүлікті жалдау шарты бойынша азаматтық құқықтық мәмілелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Муниципалды білім беру аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін біртұтас кадастрлік есепке алуды бір орган жүзеге асырғаны дұрыс. Бұл орган жер учаскесін, құрлысты, мекемені жіне басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін (орман, су объектілері, құнарлы учаскелер жіне басқалары) есепке алуды жүзеге асыруы тиіс.
Біртұтас мемлекеттік құқықтық реестерінің жазуына сену, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеудің сенімділік кепілін қамтамасыз ету.
Жылжымайтын мүлікті пайдалану және дамыту құқығының барлығын анықтау.
Жылжымайтын мүлік меншік иелерінің меншікті пайдалану және құрлысты өзгерту құқығын көпшілікке танымал және ерікті өзгеруін қорғап, оны бекіту керек. Аппараттық сол кезде шешілген емес, заңдылық актілерімен алдын-ала анықталған жер учаскесімен иемдену ережелері алдын-ала белгілі болғаны керегі жоқ. Олар учаскелерді қолдану және пайдалану кезінде толық бақылау ережелерін қанша болса да жиі өзгертуіне толық бақылауды орнатқысы келеді.
Жылжымайтын мүлік туралы азаматтық заңды жетілдіру керек.
Жылжитын мүліктен жылжымайтын мүлік туралы біртұтас азаматтық заң құру қажет.
Азаматтық заң нормаларының жылжымайтын мүлік туралы сұрақтарына қайшы келетін жайларды шығарып, жер заңнамасына өзгеріс енгізілуі тиіс.
Жылжымайтын мүлік элементінің негізгісі ретінде жер учаскесіне қатысты қолданып жүрген заңнамаға өзгерістер енгізіп, жаңа заң жобасын дайындау, ал оның құрылыстық өзгерістері – жер учаскелерін жақсару сияқты болуы дұрыс.
Шектеулі заттың құқық категориясын қоса алғанда (соның ішінде, басқа тұлғаның учаскеде құрлыс салу меншік құқығы, сервитуттар), жаңа құқықтық түсініктерді енгізу және оларды анықтау қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Г.Ф. Шершеневич. Учебник русского гражданского права. М., «Бек», 1994, стр.21
2. В.А.Ойгензихт. Воля и волеизъявление. Душанбе, «Дониш», 1983г.,стр.88
3. Е.А.Суханов. Гражденское право в 2-х томах. Том 1., М., «Бек», 1994, стр.63
4. О.А.Красавчиков. Советское гражданское право. М., «Спарк», 1995, стр. 73
5. В.П. Грибанов. Сроки в гражданском праве. М., 1967, стр.27
6. Чубаков Г.В. Земельная недвижимость в системе российского права//Государство и право . 1995г. №9.
7. Постановление Правительства от 4 декабря 2001 года №1560 «О концепции совершенствования и развития системы государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним в Республике Казахстан» Казахстанская правда №18 стр.2.
8. Жылжымайтын мүлікті тіркеуде кедергі жоқ.// Заң газеті, 2004ж., 30сәуір, №34, 1 бет.
9. Иванова Н.Р. Споры о регистрации перехода права собственности на нежилые помещения// Адвокат. 1999г. №9
10. Л.Д. Хамзин. // Казахстанская правда №34 2002год Как считается моральны вред// Казахстанская правда № 34. 2002 ж.
11. Васенин А.П. Залог- как способ обеспечения объязательств // Алматы, Адилет / В сб «Комментарии гражданского законадательство», том 3 с.149,

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1 БӨЛІМ. МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
1.1. Мәміле ұғымы
1.2. Мәмілелердің жіктелуі
2 БӨЛІМ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
2.1. Жылжымайтын мүлік түсінігі
2.2. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні
3 БӨЛІМ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКПЕН ЖАСАЛАТЫН МӘМІЛЕЛЕРДІҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1. Жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт
3.2. Мүлікті жалдау шарты бойынша азаматтық құқықтық мәмілелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Муниципалды білім беру аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін біртұтас кадастрлік есепке алуды бір орган жүзеге асырғаны дұрыс. Бұл орган жер учаскесін, құрлысты, мекемені жіне басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін (орман, су объектілері, құнарлы учаскелер жіне басқалары) есепке алуды жүзеге асыруы тиіс.
Біртұтас мемлекеттік құқықтық реестерінің жазуына сену, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеудің сенімділік кепілін қамтамасыз ету.
Жылжымайтын мүлікті пайдалану және дамыту құқығының барлығын анықтау.
Жылжымайтын мүлік меншік иелерінің меншікті пайдалану және құрлысты өзгерту құқығын көпшілікке танымал және ерікті өзгеруін қорғап, оны бекіту керек. Аппараттық сол кезде шешілген емес, заңдылық актілерімен алдын-ала анықталған жер учаскесімен иемдену ережелері алдын-ала белгілі болғаны керегі жоқ. Олар учаскелерді қолдану және пайдалану кезінде толық бақылау ережелерін қанша болса да жиі өзгертуіне толық бақылауды орнатқысы келеді.
Жылжымайтын мүлік туралы азаматтық заңды жетілдіру керек.
Жылжитын мүліктен жылжымайтын мүлік туралы біртұтас азаматтық заң құру қажет.
Азаматтық заң нормаларының жылжымайтын мүлік туралы сұрақтарына қайшы келетін жайларды шығарып, жер заңнамасына өзгеріс енгізілуі тиіс.
Жылжымайтын мүлік элементінің негізгісі ретінде жер учаскесіне қатысты қолданып жүрген заңнамаға өзгерістер енгізіп, жаңа заң жобасын дайындау, ал оның құрылыстық өзгерістері - жер учаскелерін жақсару сияқты болуы дұрыс.
Шектеулі заттың құқық категориясын қоса алғанда (соның ішінде, басқа тұлғаның учаскеде құрлыс салу меншік құқығы, сервитуттар), жаңа құқықтық түсініктерді енгізу және оларды анықтау қажет.
1 БӨЛІМ. МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ, ОНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
1.1. Мәміле ұғымы

Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда болу көзіне заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет жағдайын көрсетеді. Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды фактілер болып табылады. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 147-ші бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры мен міндеттерін белгілеуге , өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді анықтайды. Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін бірнеше керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді. Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі. Яғни әрекет пен оқиғаға бөлу субъектілер еркіне байланысты болады. Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет: өзімен бірге заңды нәтижелер әкелетін адамның сыртқы еркін жеткізу 1; 21 Әрекет- бұл жеке немесе заңды тұлғалардың еркі көрініс табатын заңды фактілер (мысалы, шарт жасау). Осы жағдайларға сәйкес оқиғалар адамдардың еркіне тәуелсіз заңды фактілердің болуына әкеліп соғады (туу, өлунемесе адамның дертке ұшырауы, соғыстар, көтерілістер және тағы сол сияқты жағдайлар). Осылардың қатарына стихиялық апат мінезіндегі барлық оқиғалар жатады, яғни өрттер, су тасқындары, дауылдар және тағы басқалары. Бұл түсінікте мәләленің оқиғадан айырмашылығын айтуға болады, өйткені ҚР АК-нің 147-ші бабына сәйкес мәмілелер деп азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер танылады.
Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне бағытталуы заңды әрекеттерге қайшы келеді, яғни субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің болуына қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді. Мәмілелер үшін субъектілердің еріктерімен әрекет қабілеттері болуы керек , бұл туралы төменде толығырақ айтыла кетеді. Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз болып. Заңды - яғни орындалатын мәмілелердін барлығы заңдардағы талаптар мен құқық қағидасына сәйкес келуі керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі әрекеттер жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат жасау, шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы басқалары.
Мәміле, заңсыз әрекеттерге қарағанда , яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттерін бұзатын, ол заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы талаптарға сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп соғады (ҚР АК-нің 157-162баптарына сәйкес) және заңды нәтижелер болмайды.
Мәмілелерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілерінен айыруымызға тиістіміз. Мемелекеттік органдармен жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық құқықтары мен міндеттерінің пайда боуының негізі болып саналады (ҚР АК-нің 7-ші бабы). Бірақ Азаматтық кодекстегі мәмілелер туралы ереже оларға жатпайды. өйткені, берілген органдардың актілері императивтік мінезді, ал құқықтық қатынас субъектілері тең құқылы болмайды, мұндай жағдай ҚР АК-нің 1-ші бабында бекітілген азаматтық заңның негізіне қайшы келеді.
Жоғарыда айтылып кеткеннен басқа ҚР АК-нің 147-ші бабында көрсетілген мәмілелер- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеугі, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер. Басқа да азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға, құқық саласы мен құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған ерікті актілерден мәмілені ҚР АК-нің 147-ші бабында белгіленген мәселелер анықтайды. Мысалы, жұмысқа тұру туралы өтініш тұлғаның ерікті актісі болып саналады, яғни ол Еңбек туралы Заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың пайда болуына бағытталған. Мәміленің заңды фактілерден айырмашылығының негізгі белгілеріне осылар жатады. Жағарыда атап көрсетілгендерден шығатын болсақ, мәмілелердің ұғымы және олардың негізгі белгілеріне толығырақ тоқтала кетейік. Мәміле заңды фактілердің бірі, дәлірек айтсақ ол- заңды, ерікті, саналы және анықталған құқықтық мақсатқа жетуге бағытталған заңды әрекет. Мысалы, сатып алу-сату мәмілесінде сатып алушы затты өз меншігіне түсіруге тырысады. Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін , ол мәміле заңдағы барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда болады: жалпы және арнайы. Арнайы талап- азаматтық-құқықтық мәмілелердің анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тектік немесе түрлік жағына қарамастан мәмілеге таратылады.
Осындай төрт талаптарды айыра білуіміз керек:
1) мәміленің субъектілік құрамын;
2) ортақ еркін және еркін білдіруді талап ету;
3) мәміленің мазмұндылығын талап ету;
4) мәміле формасын талап ету. Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды.
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны тек құқық және әрекет қабілеттілігі бар тұлғалар жасай алады.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі ҚР АК-нің 13-ші бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілеттілігінің бірдей бағамында барлық азаматтар бола бермейді. Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда, өзінің әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін қабілеттілігене байланысты болады.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, жас шамасы мен медициналық негізде азаматтардың әрекет қабілеттілігін бес топқа бөлу көз қарастары бар, олар:
1) толық әрекет қабілеттілігі бар адамдар;
2) 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі;
3) ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдар (6жастан 14жасқа дейін);
4) шектеулі әрекет қабілеттілігі бар азаматтар;
5) әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтардың өз еріктерімен азаматтық құқықтарға ие балуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық міндеттер жасап , оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелеттке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемде пайда болады (ҚР АК-нің 17-ші бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-ші бабына сәйкес он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сәйкес келуге тиіс. Осы аралықтағы кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы. Басқа да мәмілілерді олар ата-анасынын, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының жазбаша түрдегі келісімімен жасай алады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушалары немесе қорғаншылары жасайды. Жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты , жасай салып орындалытын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (ҚР АК-нің 23-ші бабы).
Ал жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншы белгіленеді. Әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы жасайды (ҚР АК-нің 26-шы бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 35-ші бабына сәйкес заңды тұлғалардың азамттық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін.
Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады (ҚР АК-нің 35-ші бабының 2 тармағы). Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі өз әрекеттерін және өзіне құқықтар мен міндеттерді құру мен байланысты.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың заң актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе шектелуі мүмкін (ҚР АК-нің 35-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Сөйтіп, олар әртүрлі мәмілелерді жасауға құқылы, тек ол мәмілелер заңмен тиым салынбаған болуы және өздерінің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға қарсы келмейтін болуы керек. Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады (ҚР АК-нің 35-бабының 1-тармағының 3-бөлігі).
Мәміле жасаған кезде заңды тұлғаның еркін оның органы немесе өкілі білдіреді. Егер орган немесе өкіл өздеріне берілген өкілет бойынша ғана әрекет жасаса, онда заңды зардаптар заңды тұлғаның өзінде пайда болады 2; 88. Осылайынша, нақты мәміле жасау үшін мәміленің әр тараптары заңмен талап етілетін құқық субъектісіне сәйкес келуі керек, яғни олардың әрқайсысында сәйкес көлемде әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі болуы керек.

1.2. Мәмілелердің жіктелуі
Барлық мәмілелерге тән олардың ортақ белгілері- ерік пен ерік білдірудің қатар жүруі, әрекеттің заңдылығы және тағы басқалары .Бұл белгілері оларды бірнеше түрлерге бөлуіне әкеледі:
1) Мәмілеге қатысушылар санына байланысты біржақты, екіжақты, көпжақты болуы мүмкін;
2) Мәміледегі бір тараптың анықталған әрекетті іске асыруы екінші жақтың материалды немесе басқа да игіліктеріне сәйкес келуімен байланысты, мәмілелер ақысыз және ақылы болып бөлінеді;
3) Мәмілелердің пайда болуынан бастап, олар реалды және консенсуалды болып бөлінеді;
4) Мәміленің ақиқаттық дәрежесіне, мақсатына байланысты олар себепті және абстракты болады;
5) Мәміленің орындалуы қандай да бір заңды нәтижелердің туындауына байланысты, бұл нәтижелердің болуы немесе болмауы мүмкін, осыған байланысты шартты мәмілелерді бөліп қарастырады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 148-бабында мәміленің негізгі шек қоюлары бекітілген. Олардың біржақты, екіжақты және көпжақты болып бөлінуіне әкеліп соғады. Біржақты деп мәміле тараптарының біреуі ғана ерік білдіруі жеткілікті мәмілелерді айтамыз.
Типтік үлгі- сенімхат (ҚР АК - нің 167-бабы), бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазба уәкілдігі. Біржақты мәміледе бірнеше тұлғалар өз еріктерін білдіре алады және бұл еріктер бір кезде білдірілуі мүмкін. Мысалы, үйді сату үшін сенімхат, бірнеше тұлғалармен берілуі мүмкін, яғни үй бірнеше тұлғаның атында болса, ол үйді сатқан кезде барлық тұлға сенімхат жазады. Осындай жағдайда меншік тұлғалары мәміледе бір тарап болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі біржақты мәміленің мәніне байланысты әдейі реттеуге құқылы. Мұндай мәмілелер түрі азаматтық айналымда көрінеді және кәсіпкерлік қызмет барысындағы қатынастарда айқан көзге түседі. ҚР АК - нің 149-бабына сәйкес біржақты мәміленің құқықтық мәні біржақты мәміле жасаған адамдарға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдарман келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады. 12; 56
Біржақты мәмілелермен салыстырғанда екі жақты мәмілені жүзеге асыру үшін екі тарптың да келісілген еріктері білдірілуі керек, ал көп жақты мәмілелер үшін үш немесе одан да көп тараптың ерік білдірулері қажет. Бірақта екіжақты мәмлелерде бірнеше тұлғалар бір тарап ретінде қатыса алады. Мысалы, сатып алу-сату мәмілесін жасаған кезде сатып алушы болып, бірнеші тұлғалар бір тарап ретінде шыға алады, ал сатушы болып тағыда сол сияқты бірнеше тұлғалар бір тарап ретінде қатысуларына құқылары бар. Мұндай жағдайда екі тараптың да еріктері келсілген болуы керек. Еріктердің өзара келісуі, біріншіден, субъектілердің еріктері өзара қызығушылықты қанағаттандыруы үшін жүргізіледі (мысалы, тұрғылықты жерді жалға алу), және екіншіден еріктердің өзара келісілгендері көрініс табады (сатып алу- сату шартын жасасқанды бағамен жеткізу жағдайының келісушілігі) 2; 72.
Егер екі жақты мәміледе көп тұлғалар бір тарап атынан еріктерін білдірсе, ал көп жақты мәміледе тұлғалардың көпшілігі, өзінің жеке еріктерін білдіріп және әр тұлға өз алдында бір тарап болып келеді. Мысалы үшін құрылтай келісім шартын алуға болады. Егер бұл құрылтай келісім-шарты ауылшаруашылық білімді (концервтерді, ассоциацияларды, ауылшаруашылық серіктестіктерді және тағы басқаларын) орнықтыруға арналған болса. Екі жақты және көп жақты мәмілелер келісім-шарттар дап аталады.
Азаматтық құқықтық мәмілелердің аз тараған түрі келісім- шарттар болып табылады. Бұл келісім- шарттар кәсіпкерлердің арасындағы, кәсіпкерлермен оның тауарларының арасындағы тұтынушылардың арасында экономикалық байланысты тудырады. Сондай-ақ, келісім- шарттар азаматтық қатынастағы негізгі орынды алып жатыр.
Міндеттеме мүліктік азаматтық құқықтық қатынасты білдіреді. Осы жағдайда міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру жұмысын орындау, ақша төлеу және тағы басқалары сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға , не белгілі бір әрекет жасамауға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерінің орындалуын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарылғанды қабылдауға міндетті (ҚР АК - нің 268-бабы).

2 БӨЛІМ. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ПЕН БАЙЛАНЫСТЫ МӘМІЛЕЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ
2.1. Жылжымайтын мүлік түсінігі

Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу және олармен мәміле жасау.
Мүлікті жылжитын және жылжымайтын деп бөлу ең алғаш рет Рим құқығында көрініс алған және қазіргі құқықтық жүйелердің барлығында қолданылады.
Қазіргі құқықта жылжымайтын мүлік артынан арнайы құқықтық жүйе сақталған. Бұл арнайы құқықтық жүйе жылжымайтын мүлікке арнайы құқықтарды тіркеу. Кейбір құқықтарға шектеулер және олардың жүзеге асуы әкімшілік бақылаулардан тұрады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 117-бабында жылжымайтын мүлік ұғымы заңды түрде түсіндірілген. Осы бапқа сәйкес жылжымайтын мүлікке (жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни оларды орнынан мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, өзен - теңіз жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі. Заң құжаттары бойынша қозғалмайтын заттарға өзге мүлктер де жатқызылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 117-бабында жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілер әмбебап және бөліп айтарлықтай болмайды. ҚР АК-нің 117-бабында келтірілген түсінік азаматтық құқықтың объектісі ретінде қозғалмайтын затты дұрыс көрсетпеген. Заң мүлік ұғымының мәнін ашпайды, ол мүлік жылжымайтындарға тікелей қатысты. Аналогиялық позицияны ревалюцияға дейінгі орыс заңтанушылары да ұстанды: заңды көзқараспен мүлік мағынасы бір жағынан, меншік құқығы негізінде тұлғаға тиесілі заттар жиынтығы және басқа да заттық құқықтар күшінің жиынтығы ..., ал басқа жағынан- басқа тұлғаларға тиесілі заттар жиынтығы 6; 8.
Келтіріліп кеткен үзінді мүлік ұғымын кең мағынада түсіндіреді. Бұл үзіндіден мүліктік құқық және талап ету құқығы мүлікке тән екенін анық көруге болады. Мұндай ұғым теориялық көзқарас жағынан дұрыс.
Объективті материалды реттелген қозғалмайтын затпен оған қатысты мүліктік құқықты араластыру азаматтық-құқықтық институттың конструкциясының қиындайтынына әкеліп соғады. Осылайша ипотекаға қатысты осы әдісті қолдана отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің кепілі туралы емес, меншік құқығы немесе берілген объективтерде шаруашылық жүргізу құқығы кепілі ретінде қарастыруға болады. Бұл айқындыққа сәйкес келмейді және мағынасы әр түрлі құқық кепілі және жылжымайтын мүлік объектісінің кепілі деген ұғымдардың араласуына әкеп соғады. Сөйтіп, біз мүлік деген сөзді қолданған кезде оған қосымша түсіндірулер талап етіледі, бұл талап етулердің ерекше бір жағдайы ол ипотекалық құқықтық қатынастарды қарастырғанда қолданылуы керек.
Жылжымайтын мүлік ұғымы заңнамада тікелей жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты анықталған.
ҚР АК-нің 117-бабының 1-тармағынан мынаны түсінуге болады, жылжымайтын мүлікке жермен тығыз байланысты мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Сондай-ақ азаматтық құқық теориясында жылжымайтын мүлікке тән ерекшеліктерге заттың мықтылығы мен тұтынылмайтындығы жатады. Осы ерекшеліктердің бірнешеуі, қазіргі заңнамамен жылжымайтын мүлік деп танылған объектілерде қолданылады.
Азаматтық кодекстің 117-бабында берілген жылжымайтын мүлік қатарына жатқызылған заттардың барлығы жылжымайтын мүлік болып есептелмей қалуы мүмкін. Мысалы үшін ҚР АК-нің 119-бабында көрсетілгендей жылжымайтын мүлік қатарына кәсіпорын жатады, ал мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрымына жылжымайтын өнімдер де кіреді, шикізат, инвентарь. Бірақ бұларға қатысты заңмен белгіленген жылжымайтын мүлік жүйесі ұстанылады және ол толық түрде дәлелденген.
Жылжымайтын мүліктер қатарына, сондай-ақ көпжылдық екпелер жатқызылған. Бұл жағдайда берілген объект айналымына байланысты бірнеше сұрақтар туындайды: көпжылдық екпелермен мәміле тіркеуін кім жүзеге асырады, берілген жағдайда құқық бекітуші құжат болып не саналыды? Азаматтық айналымда ерекше орын алатын және міндетті мемелекеттік тіркеуге жататын объектілер әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, өзен-теңіз жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі.
Жаңа техника жетістігіне қатысты, қазіргі жермен тығыз байланысып салынған үйлер, ғимараттар, орындарынан қозғалуы мүмкін. Осылайша қозғалатын кезде олар өз қалпын жоймайды және жылжымайтын мүлік қатарына жатады.16;55
Жылжымайтын мүліктердің басқа объектілеріне қарағанда ең бір классикалық объектісі болып жер саналады.
Жер өзіне-өзі бағынышты жалпылама түрде жылжымайтын мүлік.
Кейбір мамандар ҚР АК-нің 117-бабына сүйене жерді мүлік қатарына жатқызуларына күмәнданады. Біз атап отырған заттың үш түрлі мағынасы ҚР АК-нің117бабында айтылған: жылжымайтын мүлік, жылжымайтын дүние, жылжымайтын зат. Бұл баптың анализі берілген мағыналардың (түсініктердің)сәйкестіктеріне әкеп соғады. Әрбір жылжымайтын мүлік- мүлік болып табыла ма және жерге қатысты қарама - қайшы жауап дұрыс емес? Жер- мүлік белгілеріне және экономикалық құндылыққа ие, сондай-ақ азаматтық айналымда міндетті түрде қатысуы керек 17; 2.
Сөйтіп, жылжымайтын мүліктерге материалды белгіленген, көлемі бойынша және объектінің құны бойынша анықталған, көпшілігі жермен байланысты және олар арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдарға ауысады. Берілген анықама ғылыми деп санала қоймайды, бірақ та олар тәжірибеде қолданылып жүр.
Сөйтіп, мәміле құқықтары, шектеулері тіркеу объектілері болып табылады. Жылжымайтын мүлікпен мәміле жасауды жүзеге асыру мақсаты мемлекеттік тіркеуге жататын және құқықтарды туындататын, өзгертетін немесе тоқтататын мәмілелер , егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе , олар тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі. 21; 19
Жылжымайтын мүлікке құқықты мемелкеттік тіркеу және олармен мәміле жасау туралы Жарлықтың 1бабының 1 тармағында мемлекеттік тіркеу туралы былай айтылады.
Мемлекеттік тіркеу- тіркеу органдарының меншік құқығы мен басқа да құқықтарды есепке алу процедурасы және де осы Жарлықпен жылжымайтын мүлікке теңестірілген заттарды есепке алу процедурасы.
Мемлекеттік тіркеу- қозғалмайтын мүлікке құқықтарды мойындау және бекіту актісі. Осыдан, мемлекеттік тіркеу жариялылықты ұстанатынын көруге болады. Мемлекет, заң мекемесі ретінде қозғалмайтын мүліктерді тіркеу құқығы және олармен мәміле жасау бойынша қозғалмайтын мүліктер ретінде тіркеу құқығын, оның заңдылығын тексергеннен кейін ғана береді.
Мемлекеттік тіркеу ашық болып саналады, өйткені оның қатысушылары заңмен талап етілген нормалардың барлығын ұстанады және құқықтарды мемлекеттік тізімде сақталған ақпараттармен таныса алады.
Азаматтық айнылым қатысушылары үшін бұл норма қозғалмайтын мүлік объектілерімен мәміле жасау үшін қауіптерді төмендетеді. ҚР АК-нің 118 бабындағы қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеудің ашық және жариялы актісі императивті түрде бекітілгеніне көңіл аудару керек. Бұл қозғалмайтын мүлікке мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тіркеуді жүзеге асырғаны және қозғалмайтын мүлік объектісіне құқығы бар тұлғаны тіркегендігі туралы міндетті түрде ақпарат беретіндігін көрсетеді. Құқықты мемлекеттік тіркеу- жылжымайтын мүлікке құқықтардың бар екендігінің бір-ақ дәлелі болып табылады.
Тіркелген құқықтарды даулау тек сот тәртібімен ғана болады. Мемлекеттік тіркеу келесі кезекте жүзеге асырылады: құқықты мемлекеттік тіркеуге керекті және мемлекеттік тіркеу Заңының талаптарына жауап беретін құжаттарды қабылдау; мұндай құжаттарды тіркегенде тіркеудің төлегендігі туралы құжаттардың үлгісі міндетті түрде болуы керек; құқықты мемлекеттік тіркеу үшін берілген қозғалмайтын мүлік объектілеріне басқалардың құқығы жоқ екенін дәлелдеу немесе тіркеуді тоқтататын және тіркеуді кейін қалдырмайтын жағдайлардың болмауы; құқықты мемлекеттік тіркеуді тоқтататын және тіркеуді кейін қалдыратын жағдайлардың болмағандығында жазулардың құқықтық кадастрға енгізілуі (қозғалмайтын мүліктерге құқықтардың мемлекеттік тізімі).
Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың талаптары, мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықтың 15 бабында көрсетілген. Бұл Жарлықта қозғалмайтын мүлікке құқықтардың пайда болуы , тоқтатылуы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәмілені құқықтық реттеу
Құқықтық мәміле
Жазбаша мәмілелер
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары
Мәміле ұғымы
Мəмілелерді мемлекеттік тіркеу
Мәміле ерік актісі
Мәмілелер ұғымы мен оны жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығындағы мәмілеге байланысты мәселелер
Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
Пәндер