Мұнайгаз кешені кәсіпорындарындағы инновациялық қызмет


МҰНАЙГАЗ КЕШЕНІ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Инновациялық қызметтің негізгі түсініктері және мазмұны
2. 2. Шетелдегі мұнайгаз кешеніндегі инновациялық қызмет
2. 3. Қазақстанның мұнайгаз кешеніндегі инновациялық қызметтің
жағдайы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Мұнайгаз кен орындарын барлау және өңдеу облысында, компанияның ғылыми-зерттеу бөлімшелерімен мұнай өндіру көлемін жоспарлау үшін қолданылатын кен орындарын бейнелеу және өнім қатпарларының сипаттамасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе аса маңызды күштер, ұңғымалардың құрылысына жұмсалған шығындарды қысқартуға және көмір-сутегін шығарудың екінші әдістерін жетілдіруге мүмкіндік беретін, бұрғылау технологиясын жетілдіруге бағытталған.
Мұнайгазды қайта өңцеу облысында зерттеулер, яғни мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға бақытталған, әсіресе мотор отыны мен майы және индустриалдық майлар және арнайы битумдар сапасын жақсартуға бағытталған, яғни мұндай жағдай компанияларға, оның бәсекелестері алдында белгілі бір артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жерде маңызды артықшылық, яғни халықтың денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен байланысты зерттеулерде болуы мүмкін.
Химиялық және мұнай химиялық өнімдерді шығару облысында, маңызды күш, технологиялық процестерді жетілдіруге, өнім сапасын жоғарлататын жаңа процестер әзірлеуге бағытталған.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Инновациялық қызметтің негізгі түсініктері және мазмұны
Инновация - потенциалдық ғылыми-техникалық прогресті нақты жаңа өнімдер мен технологияларға айналдыру.
Инновацияның міндетті қасиеті болып, ғылыми-техникалық жаңалық және өндірістік бейімделушілік табылады. Ғылыми-техникалық инновациялар жаңалықтарга ие болуы керек, нарық сұраныстарын қанағаттандыруы керек және өндіріске пайда алып келуі керек.
Инновациялық процесс (қызмет) - инновацияны құрумен, игерумен және таратумен байланысты.
Инновациялық процесстің үш формасы бар.
Жәй ішкі ұйымдастырылған инновациялық процесс - сол бір ұйымның ішінде жаңалықтарды құру және пайдалану болжамдайды.
Жәй ұйымдар аралық инновациялық процесс кезінде жаңалықтар сату - сатып алу құралы ретінде көрінеді. Инновациялық процесстің мұндай формасы, жаңалықты құру және өндіру функциясының оны тұтыну функциясынан бөлінуін білдіреді.
Кеңейтілген инновациялық процесс жаңа өндірушілер жаңалықтарын құрған кезде қалыптасады.
Инновациялық процесс (ИП) келесідей қызмет түрлерінде болады:
ФИ-ПИ-Р-Пр-С-Ос-ПП-М-Сб,
мұндағы, ФИ - терең (теоретикалық) зерттеу;
ПИ - қолданбалы зерттеу;
Р - дайындау;
Пр - жобалау;
С - құрылыс;
Ос - игеру;
ПП - өндірістік өнеркәсіп;
М - маркетинг;
Сб - өткізу.
Инновацияның технологиялық параметрлеріне байланысты өнімдік және процестік болып бөлінеді. Өнімдік инновациясы жаңа материалдарды қолданудан, жаңа жартылай фабрикаттарды және толымдаушыларды қолданудан тұрады.
Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді (жаңа технологиялар) . Процестік инновациялар кәсіпорын құрамындағы жаңа ұйымдастырылған кұрылымдарды құрумен байланысты болуы мүмкін.
Инновация нарығында жаңалықтар типі бойынша әлемдегі салалар үшін жаңалықтар, мемлекеттегі салалар үшін жаңалықтар және берілген кәсіпорын үшін жаңалықтар болып бөлінеді.
Қызмет ету сферасына байланысты мынадый болып бөлінеді, яғни: технологиялық, өндірістік, экономикалық, саудалық, әлеуметтік және басқару облысында.
Инновациялық менеджменттің ұйымдастырылған құрылымы болып, ғылыми ұйымдар, венчуралық фирмалар, эксплерент- фирмалар табылады.
Ғылыми ұйымдар - бұл, ғылыми зерттеулер мен өңдеулер қызметтің негізін құрайтын ұйымдар (мекемелер, кәсіпорын, фирмалар) . Олар ұйымдар құрамындағы бөлімшелер үшін негізгі қызмет болып табылуы мүмкін.
Венчуралық фирмалар - жаңа өнімді өндіруге, зерттеуге, өңдеуге мамандандырылған шағын фирмалар. Бұл тәуекелдік кәсіпкерліктің фомасы. Аталған фирма ережеге сәйкес, пайда табумен айналыспайды, яғни өнім өндіруді ұйымдастырумен айналыспайды, ол өзінің өңделімдерін, зерттеулерін басқа фирмаларға, яғни жаңалықтарды нарыққа шығаратын эксплеренттерге береді.
Инновациялық менеджердің басты мақсаты - фирманың өмірлік қызметіндегі тәуекелді төмендету және оның қызметкерлері үшін жайлы жұмыс жағдайын жасау болып табылады.
2. 2. Шетелдегі мұнайгаз кешеніндегі инновациялық қызмет
Экономикасы дамыған мемлекеттерде (АҚШ, Канада, Жапония, ЕО мемлекеттерінде) отын-энергетикалық кешен, ұлттық экономиканың секторы болып табылады. Мемлекеттік органдар дамудың стратегиялық мақсаттарын және оларға сәйкес келетін тактикалық міндеттерді, энергетикалық секторды мемлекеттік басқаруды тұжырымдайды және оларды мемлекеттік энергетикалық саясат арқылы жүзеге асырады.
Энергетикалық саясатты іске асырудың маңызды құралы болып, энергетика облысындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат табылады.
Мемлекет жағынан ережеге сәйкес, яғни жеке компаниялар үшін коммерциялық тәуекелдіктің жоғары болуымен байланысты, болашақта үлкен келешегі бар энерготехнологиялық облыстағы терең зерттеулерді қаржылық қолдауды жүзеге асырады.
Шетелдік мұнайгаз компаниялары ғылыми-техникалық дамуға маңызды көңіл аударады. Олардың ережеге сәйкес, меншікті ірі зерттеу орталықтары және лабораториялары бар.
Компаниялар, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша меншіктік бағдарламаларынан басқа, яғни мемлекеттік мекемелерден және жоғары оқу орындарынан лабораторияларды жұмылдыру арқылы басқада компаниялармен біріккен зерттеулерді қаржыландырады.
Көбіне мұнайгаз компанияларында жүргізілетін ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, мұнай және газ кен орындарын барлауға және өңдеуге, сондай-ақ мұнайгазды қайта өңдеу, мұнай химия және химиялық өнеркәсіптерде жоғары сапалы өнім шығару үшін жаңа технологияларды құруға шоғырландырылған.
Мұнайгаз кен орындарын барлау және өңдеу облысында, компанияның ғылыми-зерттеу бөлімшелерімен мұнай өндіру көлемін жоспарлау үшін қолданылатын кен орындарын бейнелеу және өнім қатпарларының сипаттамасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе аса маңызды күштер, ұңғымалардың құрылысына жұмсалған шығындарды қысқартуға және көмір-сутегін шығарудың екінші әдістерін жетілдіруге мүмкіндік беретін, бұрғылау технологиясын жетілдіруге бағытталған.
Мұнайгазды қайта өңцеу облысында зерттеулер, яғни мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға бақытталған, әсіресе мотор отыны мен майы және индустриалдық майлар және арнайы битумдар сапасын жақсартуға бағытталған, яғни мұндай жағдай компанияларға, оның бәсекелестері алдында белгілі бір артықшылықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл жерде маңызды артықшылық, яғни халықтың денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен байланысты зерттеулерде болуы мүмкін.
Химиялық және мұнай химиялық өнімдерді шығару облысында, маңызды күш, технологиялық процестерді жетілдіруге, өнім сапасын жоғарлататын жаңа процестер әзірлеуге бағытталған.
Техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарына мемлекеттік органдар жағынан талаптардың күшейуі, компанияның қызметіне әсер етеді, яғни өндірістік қоқыстарды қысқартуға бағытталған бағдарламаларды өз күшімен жүзеге асырады, сондай-ақ мұнай және автомобиль өнеркәсібімен жүргізілетін отынның таза түрлерін дайындау бойынша біріккен зерттеулерге қатысады.
Іздеу мен барлау жұмыстары үшін перспективті аймақтарды таңдау мақсатында, мұнайгазды перспективті бағалаудың жаңа аналитикалық және болжамдық әдістері әзірленуде.
Мұнай өндіруші кәсіпорындардың экономикасы ■ 251
Энергияның альтернативті қайнар көздерін іздеу бойынша зерттеулер жүргізілуде, яғни олар технологияны игеру мақсатында сұйық синтетикалық отынды өндіруді көздейді. Мұндай ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып, газды конверсиялау технологиясы табылады, яғни ол алыс жерлерде орналасқан және кәдімгі тасмалдануға келмейтін, газ қоры үшін коммерциялық нарықтарды құру жолымен, болашақтағы ғалама энергетикалық қажетіліктерді шешуге бағытталған.
Бұл келешекте диаметрі үлкен, магистралдық газ құбырларының қымбатқа түсетін құрылысынан бас тартуға мүмкіндік береді.
Үш деңгейлі сейсмикалық барлаудың интерпретациялық әдістері жетілдірілуде. Соңғы жаңалықтар төрт деңгейлі сейсмикалық технологияларды пайдаланумен байланысты. Бұл жаңалықтар, яғни үнемделу мен өндірістің жоғарлауын қамтамасыз ететін компьютерлік модельдерді құруға мүмкіндік береді.
Осылайша, әлемнің ірі мұнай компанияларында жүргізілетін өңделімдердің көп бөлігі, яғни кен орындарын барлау мен қазудың, өңдеудің тиімді әдістерін іздеуге бағытталған, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу және мұнай химияның жаңа өнімдерін шығаруға, олардың сапасын жақсартуға, отынның дәстүрлі емес түрлерін алуға және тағы басқаларына бағытталған.
Шетел компанияларының зертгемелерінің артықшылығы немесе басымдылығы, өндірістің коршаған ортаға және еңбек қауіпсіздігін жоғарлатуға бағытталған зиянды ықпалын қысқартуға мүмкіндік тұғызады.
Бұл артықшылықтар, экология және еңбек қауіпсіздігі бойынша өндіріс жағдайында мемлекеттік органдармен қатаң түрде реттеледі. Мұнай компаниялары үшін басымдылық болып, яғни потенциялдық экономикалық тиімділігі бар, мемлекет талаптарына сәйкес, қоршаған ортаны қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша зерттемелер, сондай-ақ компаниядан ғылыми-техникалық дамытуда лидер, яғни кеш басшысын жасауға қабілетті, терең ғылыммен терең зерттеулер шегінде, іздеу сипатындағы зерттеулер табылады.
2. 3. Қазақстанның мұнайгаз кешеніндегі инновациялық қызметтің
жағдайы
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытудың қазіргі кездегі этапы, индустриалдық-инновациялық жүйелерді жетілдіруді, экономиканы өндірістік-техникалық басқарудың жаңа игерілімдерін жүзеге асыруды сипаттайды. Қазақстанда индустриалық-инновациялық экономиканы құру қолға алынған. 2003 жылдың 17 мамырындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, яғни «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалдық-инновациялық стратегиясын дамыту» бойынша, инновация-жетілдірілген немесе жаңа өнім түрінде іске асырылатын, тәжірибелік қызметте пайдаланылатын, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесстер нарығында өткізілетін, инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі. Осыған байланысты, экономика секторын дамытудың негізгі бағыттары болып, өндірістің индустиалдық- инновациялық технологиялық жүйесін баскаруды жетілдіру табылады.
Экономикалық реформалар кезеңінде қазақстандық мұнайгаз өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық кешенінің құрылымы, тәуелсіз тік-интеграцияланған акционерлік компанияларды құрумен байланысты түбегейлі өзгерістерге шыдап келді.
Қазіргі кезде, мұнай компанияларының басты мәселелері болып, бәсекелестердің қосымша қайнар көздерін іздеу табылады. Бұл жерде, динамикалық артықшылықтарды қамтамасыз ететін факторлар (инновациялық процестер, өндірісті жетілдіру қажеттілігі және тағы басқалары) жүргізуші рольді атқарады. Осыған байланысты, технологиялық дамытудың ұзақ мерзімдік мақсаттарына бағдарланатын, компанияның ғылыми-техникалық потенциялын басқару ролі өседі.
2020 жылға дейінгі, яғни Қазақстан Республикасының Үкіметімен қарастырылған және мақұлданған. Қазақстанның энергетикалық стратегиясында отын энергетикалық кешенді дамытудың, оның ішінде мұнай және газ өнеркәсібінің басты элементтерін дамьпудың екі мүмкін болған варианттары (қолайлы және төмендетілген) қарастырылған. Бұл жерде қолайлы вариант, отын-энергетикалық кешен салаларын ойдағыдай қалыптастыру мен дамытуды (минералды-шикізаттық және өндірістік базаның кайта өндірісі, өндірістік және инновациалық процесстің өзін өзі қаржыландыруын қамтамасыз ету) қамтамасыз ететін шараларды іске асыруды қарастырады.
Қазақстанның барлық экономикасын дамытуды анықтайтын, ішкі нарық энерго тасығыштарын үндестіру мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні республикада жұмыс істейтін үш Мұнай Қайта өңдеу Зауты (МҚЗ) ішінен, екеуі- Павлодардық және Шымкенттік МҚЗ шетелдік меншік иелерінің қолдарында.
Тәжірибе көрсеткендей, яғни баға келісімдері, көптеген делдалдардың манипуляциясы, ауыл шаруашылық науқаны кезінде мұнай айдау зауыттарының тоқтап қалуы және МҚЗ басқарудың мемлекетпен бақыланбауына байланысты мұнай өнімдері нарығының басқада шығындарын «емдеу» өте қиынға түсуде. Бұл жағдай бойынша «Қазмұнайгаз» ҰК толық иелігіндегі, Атырау МҚЗ мұнай өңдеуді тереңдету және оның нарығын өнімдермен қанықтыру, яғни мемлекет тұрақтылығын және мүдделерін қорғауға қабілетті, байсалды табиғи-экономикалық реттеуші ретінде көрініс табады.
КМГ, яғни Атырау мұнайды қайта өңдеу зауытын реконструкциялау бойынша ірі ауқымды жобаны іске асырды. Оның негізгі мақсаты болып, қайта өңдеулердің тереңдігін көбейту, халықаралық стандарттарға дейін шығарылатын отын сапасын жоғарлату, зауыт жұмыстарының экологиялық көрсеткіштерін жақсарту және соңында Атырау МҚЗ коммерциялық қайтарымын маңызды өсіру табылады. Бұл жобаға қазіргі кездегі бес технологиялық қондырғылар құрылысы салынған немесе енгізілген: дизельдік отынды гидротазалау және депарафинизациялау, кең жанар жағар майы (бензин) фракциясын гидротазалау және фракциялау, күкірт пен сутегі өндірісін изомерлеу. Зауыттарды қайта құру немесе реконструкциялау жылына 3, 1 млн. тоннадан асатын мұнай шикізатын қайта өңдеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу терендігі 82% құрайды. Мұнай өнімдерінің 50% шығару, берілген деңгейді көтереді. Атырау МҚЗ қайта құру құны -225 млн. 710 мың долларды құрайды. Компания бұл жоба үшін Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкінен (ЯБМС) . сондай-ақ «Marubeni Europe PLC», «BNP Paribas» және «HSBC Bank Kazakhstan» банктерден несиелер жұмылдырды.
«Қазмұнайгаз» ҰК мұнай өнімдерін шығарудан басқа, яғни мұнай химия өндірісінің жобаларын да іске асыруда. КМГ еншілес компаниясы - «Қазмұнайгаз өндіруді барлау» АҚ, яғни көп уақыттар бойы дағдарыстық жағдайда болған Ақтау пластмасс зауытының 50% акциясын сатып алды. 2005 жылы берілген зауытта қуаттылығы тәулігіне 55-60 тоннаны құрайтын полистирол өндірісі бойынша алғашқы технология эксплуатацияға жіберілді. Әлемде бұл материалға деген сұраныс үнемі өсуде.
Қазақстанда мұнай химияны дамыту, яғни мемлекетте жоғары технологиялық өндірістерді құратын, стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Осы максатқа, яғни отандық салалар үшін импорттық жабдықтармен орын алмастыру бойынша жобаларда кіреді. Ұлггық мұнайгаз компаниясы, яғни мұнайгаз жабдығын өндіру бойынша инновацияны құру негізіндегі «Қазақстан Республикасында мұнайгаз машинасын жасауды дамыту» бағдарламасын іске асыруда. Компанияга берілген тапсырыстар есебінен, КМГ қатысуымен 24 қазақстандық зауытпен мұнайгаз жабдықтары және материалдары атауының шамамен 230 жаңа өндірісі игерілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz