Қабаттың жалпыға ортақ жерлерінің күтімі (холл, фойе, дәліз т.б.) Баспалдақ түрлері және оның басты элементтері



Қабаттың жалпыға ортақ жерлерінің күтімі (холл, фойе, дәліз т.б.) Баспалдақ түрлері және оның басты элементтері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Баспалдақтардың түрлері мен басты элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қабат арасындағы көтерілу құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Баспалдақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3. Баспалдақтардың тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4. Баспалдақтарға қойылатын талаптар мен мүгедектер арбасымен жүретіндерге арналған баспалдақтарға (пандустар) қойылатын талаптар ... ..10
1.5. Лифтілердің тарихы және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ бөлім. Қонақ үйдегі қоғамдық орындардың күтімі ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1. Қоғамдық орындарға жасалатын тазалық жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Қатты жабынмен жабылған едендерді тазалаудың заманауи әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ

Қонақ үйлерде негізгі талаптардың бірі ол қонақ үйлердің баспалдақтары мен қоғамдық орынды тазалауға қойылады.
Қонақ үйлер өздерінің жұлдыздық деңгейіне байланысты негізгі талаптар бойынша баспалдақтарды орналастыру қажет. Баспалдақтардың түрлері өте көп және оларды қонақ үйдің интерьеріне немесе мақсаттарына байланысты таңдалуы тиіс.
Қонақ үйлердің қоғамдық орындарын тазалау түрлері және оны тазалау жолдары өте көп. Соның ішінде қонақ үйге тиімді және шығыны аз әдістерді таңдай білу керек. Қонақ үйдегі қоғамдық орындарды тазалау түрлері қонақ үйдің санитарлық жағынан таза болуын ғана емес қонақтардың тазалығы үшін де қонақтарға жағымды болуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйдегі баспалдақ тар мен оның түрлерінің маңызы мен қонақ үйдегі қоғамдық орындарға қойылатын талаптар мен тазалау түрлеріне толық мазмұндама беру.
Қонақ үйде қабат арасында қозғалуға арналған құрылғылар ең басты рөлді ойнайды. Себебі олардық үйлесімді орналасуы қонақтардың бөлмелеріне тез әрі шаршамай жетуіне, сонымен қатар қызмет көрсетудің тез әрі сапалы болуына да септігін тигізеді.
Қонақ үйдегі қоғамдық орындардың тазалығы қонақ үйдің айнасы болып табылады. Қоғамдық орындарды тазалау әдістерін таңдай білу қажет. Ол қызметшілердің жұмыс өнімділігі мен ыңғайлылығы жағынан да әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үйдегі баспалдақтар мен лифтілерді стандарттар бойынша жасақтаудың маңызы мен қоғамдық орындарды тазалаудың түрлерін тиімді таңдау мен белгіленген уақытта жасаудың қонақтар мен қызметкерлерге тиімділігі туралы түсіндіру. Баспалдақтар мен лифтілерге қойылатын талаптар мен тазалаудың жүйелілігіне тоқталу.
Қонақ үйде баспалдақтар мен лифтілерді стандарттар бойынша орналастыру қонақтардың ыңғайлылығына және мүгедектерге арналған құрылғыларды дұрыс жасақталуы қонақ үйге келушілердің жақсы әсермен кетуіне және ол өзіне көңіл бөлініп тұрғанын сезінуіне септігін тигізеді және қонақ үйдің жоғары санатты екенін аңғартып тұрары сөзсіз.
Қоғамдық орындарда тазалауды сапалы етіп жасаудың қонақтарға өте жағымды болары сөзсіз. Себебі қонақтар өздерін санитарлық жағынан кіршіксіз таза орында жүргенін сезінуі тиіс. Бірақ сол тазалық жұмыстарының жүргізілу уақытының қонақтар үшін қолайсыздық тудырмауын да ескере кету керек.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кірісі, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Байлик С.И. Гостиничное хозяйство ВИРА-Р Киев, 2003
2. Бартонъ Н.Э., Чернов И.Е. Архитектурные конструкции: Учебник для техникумов. — М.: Высш. шк., 1986.
3. Гранильщиков Ю.В. Проектирование объектов туристского назна-чения (гостиничные учреждения): Учеб. пособие. — М.: ЦРИБ «Турист», 1982.
4. Гранильщиков Ю.В. Проектирование объектов туристского назначения (гостиничные учреждения). Учебное пособие. М.: Турист, 2002.
5. Джон Уокер «Введение в гостеприимство»: М., ЮНИТИ 2003
6. И.Ю. Ляпина "Организация и технология гостиничного обслуживания М.: Издательский центр «Академия», 2002.
7. И. Ю. Ляпина «Материально-техническая база и оформление гостиниц и туркомплексов». Издательский центр «Академия», 2004.
8. Л. Канажевская, "Материально - техническая база гостиниц и туристских комплексов",Астана 2010
9. О. Семенюк. "Ахитектурно-планировочные решения гостиниц", Астана, 2010
10. Тимохина Т.Л. "Организация административно-хозяйственной службы гостиницы" , Инфра-М, 2008,
11. Сорокина А. В. «Организация обслуживания в гостиницах и туристских комплексах» - Москва «Инфра-М», 2009
12. Чудновский А.Д. - Международное гостиничное хозяйство. Уч.-М.:ЮНИТИ, 1998
13. https://ru.wikipedia.org/wiki/Лестинцы (15 желтоқсан 2014 ж)
14. https://ru.wikipedia.org/wiki/Лифт (21 желтоқсан 2014 ж)
15. http://lift-montage.com/osnovnoy_katalog/lifti_dlya_invalidov/ (21 желтоқсан 2014)

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қабаттың жалпыға ортақ жерлерінің күтімі (холл, фойе, дәліз т.б.) Баспалдақ түрлері және оның басты элементтері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Баспалдақтардың түрлері мен басты элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Қабат арасындағы көтерілу құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Баспалдақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3. Баспалдақтардың тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4. Баспалдақтарға қойылатын талаптар мен мүгедектер арбасымен жүретіндерге арналған баспалдақтарға (пандустар) қойылатын талаптар ... ..10
1.5. Лифтілердің тарихы және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ бөлім. Қонақ үйдегі қоғамдық орындардың күтімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .14
2.1. Қоғамдық орындарға жасалатын тазалық жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... .14
2.2. Қатты жабынмен жабылған едендерді тазалаудың заманауи әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

КІРІСПЕ

Қонақ үйлерде негізгі талаптардың бірі ол қонақ үйлердің баспалдақтары мен қоғамдық орынды тазалауға қойылады.
Қонақ үйлер өздерінің жұлдыздық деңгейіне байланысты негізгі талаптар бойынша баспалдақтарды орналастыру қажет. Баспалдақтардың түрлері өте көп және оларды қонақ үйдің интерьеріне немесе мақсаттарына байланысты таңдалуы тиіс.
Қонақ үйлердің қоғамдық орындарын тазалау түрлері және оны тазалау жолдары өте көп. Соның ішінде қонақ үйге тиімді және шығыны аз әдістерді таңдай білу керек. Қонақ үйдегі қоғамдық орындарды тазалау түрлері қонақ үйдің санитарлық жағынан таза болуын ғана емес қонақтардың тазалығы үшін де қонақтарға жағымды болуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қонақ үйдегі баспалдақ тар мен оның түрлерінің маңызы мен қонақ үйдегі қоғамдық орындарға қойылатын талаптар мен тазалау түрлеріне толық мазмұндама беру.
Қонақ үйде қабат арасында қозғалуға арналған құрылғылар ең басты рөлді ойнайды. Себебі олардық үйлесімді орналасуы қонақтардың бөлмелеріне тез әрі шаршамай жетуіне, сонымен қатар қызмет көрсетудің тез әрі сапалы болуына да септігін тигізеді.
Қонақ үйдегі қоғамдық орындардың тазалығы қонақ үйдің айнасы болып табылады. Қоғамдық орындарды тазалау әдістерін таңдай білу қажет. Ол қызметшілердің жұмыс өнімділігі мен ыңғайлылығы жағынан да әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қонақ үйдегі баспалдақтар мен лифтілерді стандарттар бойынша жасақтаудың маңызы мен қоғамдық орындарды тазалаудың түрлерін тиімді таңдау мен белгіленген уақытта жасаудың қонақтар мен қызметкерлерге тиімділігі туралы түсіндіру. Баспалдақтар мен лифтілерге қойылатын талаптар мен тазалаудың жүйелілігіне тоқталу.
Қонақ үйде баспалдақтар мен лифтілерді стандарттар бойынша орналастыру қонақтардың ыңғайлылығына және мүгедектерге арналған құрылғыларды дұрыс жасақталуы қонақ үйге келушілердің жақсы әсермен кетуіне және ол өзіне көңіл бөлініп тұрғанын сезінуіне септігін тигізеді және қонақ үйдің жоғары санатты екенін аңғартып тұрары сөзсіз.
Қоғамдық орындарда тазалауды сапалы етіп жасаудың қонақтарға өте жағымды болары сөзсіз. Себебі қонақтар өздерін санитарлық жағынан кіршіксіз таза орында жүргенін сезінуі тиіс. Бірақ сол тазалық жұмыстарының жүргізілу уақытының қонақтар үшін қолайсыздық тудырмауын да ескере кету керек.
Курстық жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кірісі, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

І. БАСПАЛДАҚТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН БАСТЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1. ҚАБАТ АРАСЫНДАҒЫ КӨТЕРІЛУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Қабат арасына көтерілу құрылғыларын қоғамдық орындарда баспалдақ, тоқтаусыз қозғалып тұратын көтерілу құрылғылары (эскалаторлар мен лифтілер) түрінде, кей жағдайларда пандустарды қондырады.
Баспалдақтарды ғимараттан тез шығу мақсатында ыңғайлы етіп орналастырады. Керек болған жағдайда адамдарды тез арада эксплуатация жасауға ыңғайлы болғаны жөн.
Баспалдақ түрлері:
1) Негізгі ( салтанаты жағынан әдемі және архитектуралық жағынан құрастырылуы қиын баспалдақтар, олар ашық, екі және үш маршты болады). Олар қабаттардағы негізгі холлдарды, мейрамхана фойелері, салтанат залдары және конференц залдар сияқты орындармен байланыс орнатуы тиіс.
2) Көмекші баспалдақтар ( қызметкерлерге арналған баспалдақтар, оларды дәліздердің қиылысында орнатады.
Марштардың ұзындығын қарама қарсы жүретін адамдардың санына байланысты орнатады). Марштардың өлшемі екі адамның қарама-қарсы өтуіне, жүруіне байланыты қойылады. Егер екі адам болса - 1,25 м, үш адамға - 1,85 м. Баспалдақтар тұрған жерден шығып кету немесе баспалдақ тұрған орынның көлемі баспалдақтың маршынан кем болмауы керек. Баспалдақтар саны ғимараттан адамдарды эвакуациялау мөлшері бойынша, орнатылған талаптармен есептеледі.
Баспалдақ торлары жанбайтын материалдардан жасалады. Баспалдақтын басқыштары өте әдемі және тозбайтын материалдан болуы керек. Салтанатты түде жасалған баспалдақтарды мәрмәрдан немесе басқа да табиғи материалдан жасайды. Баспалдақ қоршауларының, жақтаулары мен ұстағыштарының төзімділігін арнайы белгіленген нормалармен тексереді. Баспалдақтың ұстағыштарын жартылай-винилхлоридтен, ағаштан, арнайы никельді сәндік жабынмен жабдықталған металдардан жасайды.
Мәрмәр, тастар және мозайкалық жабынмен жабылған баспалдақтарды кілемді жабынмен, ал әдеттегідей бетонмен жасалған баспалдақтарды жеңіл синтетикалық жабынмен жабдықтайды. Себебі, ол баспалдақпен көтерілген кездегі аяқтың дыбысын оқшаулайды.
Пандустар - бұл қабаттардың арасында мүгедектер арбасымен жүретіндерге және жүктерге арналған қабаттар арасындағы баспалдақсыз тегіс байланысы.
Лифтілерді көпқабатты қонақ үйлерде қонақтар мен қызмет көрсетушілерге арнап орналастырады. Лифтілердің адамдарға және жүктерге арналған түрлері болады. Лифтілердің жүк көтеру шегі 500 бен 2000 кг арасында болады. Оларды лоббиде топтық түрде орналастырады, бірақ ол лоббидің аумағынан тыс жерде болуы керек (қазіргі кезде лифтілерді лоббиде орналластыру ең маңызды талаптардың біріне айналды). Сонымен қатар, заманауй қонақ үйлерде эскалаторларды да орналастырады1.

1.2. БАСПАЛДАҚТАР
Қонақ үйлерде баспалдақтар қаббаттар арасында қозғалу үшін және негізгі эвуациялық бағыттар ретінде қолданылады. Баспалдақтар қызметі бойынша негізгі баспалдақтар, олар негізгі шығу орындармен байланысқан баспалдақтар және екіншісі қосымша, төтенше жағдайлар кезінде шығу жолдарымен байланыстыратын баспалдақтар. Қонақ үйлерде келушілерге арналған лифтілер және жүктерге арналған лифтілер болып бөледі.
Қонақ үй кешендерін жобалау кезінде қабат арасындағы байланыс құрылғыларына үнемді орын жұмсау керек, бірақ олар пайдаланушыларға ыңғайлы, барлық қабаттардағы бөлімдер мен номерлерге жақын, сонымен қатар өрт жағдайларында және төтенше жағдайлар кезінде адамдарды
_________________________
1 Л. Канажевская, "Материально - техническая база гостиниц и туристских комплексов",Астана 2010 ж, 181 бет
эвакуациялауға байланысты талаптарға сай болу керек. Негізгі баспалдақтар мен лифтілер ғимараттың орталығында болғаны абзал, олар шығу орындары
мен барлық бөлімдерге байланысы болуы керек.
Қонақ үйде баспалдақтардың әртүрлі түрлері пайдаланылады. Адамдарды эвакуациялау үшін екі және үш маршты баспалдақтар пайдаланылады. Төрт маршты және айналмалы баспалдақтар қызметтік баспалдақтар ретінде қолданылады. Қабаттар 3,3 м және 3,6 м биіктікте болған жағдайда екі маршты баспалдақтар құрастырылу жағынан оңай және ыңғайлы әрі үнемді болып табылады. Ондай баспалдақтар құрастыру жөнінен өте қарапайым жоспарлы. Қабаттың 3,3 м болған жағдайда марштың ұзындығы 1,2 м және көлбеулік 1:2 қатынасында болуы керек, баспалдық торының ұзындығы 5,4 м, ал қабат биіктігі 3,6 м болғанда 6 м болуы керек.
Кейбір қонақ үйлерде вестибюльде салтанаттық түрдегі баспалдақтарды бір қабатқа бір өзін орналастырып тастайды. Кей баспалдақтар орташа ұзындықтағы қосымша маршты болуы мүмкін. (ПРИЛОЖЕНИЕ 1)
Тік баспалдақтар өте салтанатты атмосфера туғызуы мүмкін, бірақ мұндай баспалдақтардың ғимараттың интерьерімен үйлесіп кетуі қиындау, себебі олар үлкен аумақты алуы мүмкін (12-15 м және одан да көп болуы мүмкін). Архитектуралық ережелер немесе кеңестер бойынша кең маршты баспалдақтарды бірінші, ал жіңішке маршты баспалдақтарды екінші қатарға орналастырған жөн. Кең маршты баспалдақтар жіңішке маршты баспалдақтардың екі есесіндей болуы керек. Тармақталған тік бұрышты баспалдақтар екі маршты баспалдақтар сияқты бөлек бөлшектерден жинақталуы мүмкін. Дөңгелек немесе сопақша келген тармақталған баспалдақтар қонақ үй интерьерінің өте жоғары талғамды композицияда жасалғанын көрсетуі мүмкін. Ондай баспалдақтарды монолитті темір бетондардан жасайды. Егер қабаттың биіктігі 4,2 м; 4,8 м; 5,4 м болған жағдайда үш маршты баспалдақтарды орнатқан жөн (ҚОСЫМША 1). Бұндай баспалдақтармен қозғалғанның бір ыңғайлылығы, көтерілу кезінде баспалдақ үш бірдей бөлікке бөлінген. Баспалдақтар төртбұрышты және тікбұрышты формада, қабат жарларының жанымен жанасып орналасуы мүмкін. Бұл баспалдақтар баспалдақтар торының центрінен ашық аумақ қалдыруы мүмкін ("құдық" секілді). Марштар ортасындағы ашық аумақта лифт орналастыруға да болады. Үш маршты баспалдақтардың алатын аумағы, екі маршты баспалдақтардың алатын аумағынан 55-60% көп және құрастырылуы жөнінен де қиын. Үш маршты баспалдақтар да, екі маршты баспалдақтар сияқты тік сызықты және тармақталған болады (ҚОСЫМША 2).
Баспалдақтардың көлбеулігі 1:2 қатынасында болуы керек (15х30 см); жертөле және шатырға апаратын баспалдақтар 1:1,5 қатынасында; қызметтік және көмекші баспалдақтар 1:1,25 қатынасына дейін болуы керек. 200 адамнан көп болатын орындарының баспалдақтарының марштарының ұзындығы 1,35 м кем болмауы керек. Көмекші баспадақтарға - 1,2 м кем емес. Аумақта болатын адамдардың саны бестен аспаған жағдайда 0,9 м көп болмайды. Аумақтардың кеңдігі марштардың ұзындығынан аз болмауы керек2.

1.3. БАСПАЛДАҚТАРДЫҢ ТАРИХЫ
Алғашқы баспалдақтар адамдар жер жүзіне қадам басқан кезде пайда болған. Ол кездерде тауларға еркін шығу мақсатында жануарлар салған жолдармен жүрген.
Ең алғашқы баспалдаққа жеті мың жыл. 2004 жылы Австрияның Хальштадт қаласындағы ежелгі тұз шахтасынан ғалымдар жақсы қалпында сақталған ағаш баспалдақтарды байқаған. Бұл баспалдақ ең атақты баспалдақтардың ішіндегі ең ескісі болып табылады. Бар болғаны 6 м баспалдақ қазып алынған. Тұз ағаштан жасалған элементтердің барлығының жақсы сақталуына әсер еткен. Ғалымдар бұл бапалдақтың б.з.д 5 000 жыл
________________________
[2] О. Семенюк. "Ахитектурно-планировочные решения гостиниц", Астана, 2010, 93 б

бұрын салынған деп отыр.
Ең алғашқы баспалдақтарды салу технологиясының жазбаша түрі б.з.д. 4-1 мыңжылдық арасындағы мысырлық папирустарда қалдырылған. Мысыр пирамидаларында ұзындығы көкке жететін баспалдақтар бар.
Майя тайпасы салған баспалдақтарда пирамиданың ең маңызды элементтері болып табылған және иероглифтермен көмкерілген.
Ежелгі римдіктер мен гректер колизей, амфитеатрлар мен храмдарды салу кезінде баспалдақтарды кең көлемде пайдаланған. Антикалық храмдарды көтерілген баспалдақтар жүйесінен салған. Кейде баспалдақтар 2 м биіктікке дейін жеткен.
Орта ғасырларда қамалдарда негізгі қорғау мұнаралары болған және ол мұнараларға баспалдақтар арқылы көтерілген. Сонымен қатар қамалдардың астында зындандар мен түрмелер боллған, оларға да баспалдақтар арқылы түскен. Сол кезеңдарде арнайы баспалдақтардың салынуын ұрпақтан ұрпаққа үйрететін орындар пайда болған. Баспалдақтардың жүйесін орнату үшін математикалық білімдер қажет.
Францияда готикалық кезеңде ең басты назарды баспалдақтарға аударған. Оларды ең басты кіреберістерге орнатқан.
Қайта өрлеу, барокко, классицизм және модерн заманында баспалдақтар өзгерістерге ұшырап әртүрлі ескерткіштермен, ұстағыштар мыс және басқа да металдармен көркемделді. 1624 жылы ағылшындық ақын, архитектор және дипломат Сэр Генри Уоттон "Жақсы баспалдақ салу - ол күрделі архитектуралық тапсырма" деп жазды. Адамдар тайып жығалмау үшін жақсы жарықтандыру, адамдардың басы жоғары жаққа тимеу үшін дұрыстап есептелуі керек деп санады3.
________________
3wikipedia.org

1.4. БАСПАЛДАҚТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР МЕН МҮГЕДЕКТЕР АРБАСЫМЕН ЖҮРЕТІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАСПАЛДАҚТАРҒА (ПАНДУСТАР) ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Әрине, әр қонақ үй қонақтарға ыңғайлы болуы үшін және қонақ үйдің жоғары талаптарға сай ұйымдастырылғандығын және ыңғайлылығын
көрсету үшін баспалдақтарды талаптар бойынша орналастырады. Төменде ең маңызды талаптар көрсетілген.
Баспалдақтарға:
1. Баспалдақ басқыштары үштен кем болмауы керек. Басқыштар тыныш және теп-тегіс болуы керек.
2. Баспалдақтар басқыштарының жанында аяқ немесе балдақтардың тайып кетпеуі үшін 0,02 м кем емес көтеріңкі іргелер болуы керек.
3. Баспалдақ басқыштарының биіктігі: ғимарат ішіндегі баспалдақтар үшін 0,16 м көп емес; сырттағы баспалдақтар үшін 0,12 м кем емес болуы керек.
4. Баспалдақтың екі жағында да ұстағыштармен қосқанда биіктігі 0,9 м болуы керек.
5. Арбаның айналуына және демалуға арналған көлденең алаңдарының аумағы ұзындығы мен ені пандустардың өлшемімен бірдей болуы керек: тік пандустарда - 1,5 м кем болмауы керек.
Пандустарға:
1. Қоғамдық орындарға кіретін жерлерге пандустарды орнату керек. Пандустардың өлшемі - бір жақты қозғалыс болған жағдайда 1,0 метрден кем болмауы керек, ал екі жақты қозғалыс болған жағдайда 1,8 метрден кем болмауы тиіс. Айналмалы пандустардың жалпақтығы арбаның толық айналымы кезінде (180 градусқа) 3,0 метрден кес болмауы керек.
2. Пандустардың да екі жағынан биіктігі 0,7 немесе 0,9 метр болатын жақтаулар орнату керек және пандустардың шетінен биіктігі 0,05 мерт болатын кішкене жақтауша жасалуы қажет. Пандустарды ұстағыштары падустың екі жағынан 0,03 метрге шығыңқы болуы керек. Ұстағыштардың шеттері төменге қарай иілген болуы керек.
3. Пандустардың жоғарыдан төменгі конструкцияларға дейінгі биіктігі 2,4 мертеден кем болмауы керек.
4. Ғимараттың сыртында орналасқан пандустарды жергілікті аумақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты жылытқыш құрылғылармен жабдықтаған жөн.

1.5. ЛИФТІЛЕРДІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Көп қабатты қонақ үй ғимараттарындағы қабат арасындағы байланыс құрылғаларының ең көп тараған және негізгі түрі ол - лифт. Оларды жүк көтеру жөнінен және мақсаттары жөнінен жолаушыларды таситын және жүк таситын лифт болып екіге бөледі. Көп қабатты ғимараттарда жолаушылар лифті ғимараттың шығар жерімен байланысты жерде топтасып орналасады (ҚОСЫМША 3).
Жүк тасуға арналған және қосымша лифтілер көмекші баспалдақтардың жанында орналасады. Лифтілерді топтастырып орналастыру оларды пайдалануғы ыңғайлы, қызмет көрсетуге және техникалық эксплуатациялауға ыңғайлы болып келеді. Лифтілерді топтастыру кезінде оларды қатар-қатар қылып орналастырады (бестен көп емес). Лифтілердің алдына лифтінің аумағынан кем емес мөлшерде ашық алаңдар қояды. Олардың өлшемі бір қатарлы лифт болған жағдайда 2,5 м және одан да көп; 3,3 м - екі қатарлы болған жағдайда (ҚОСЫМША 4 ).
Өте көп мөлшердегі қабаттары бар ғимараттарда автоматты ашылатын есігі бар лифтілерді өртке қауіпсіз бөлек шахталарда орналастырады4.
Лифтінің шығу тарихы антикалық заманнан басталады, сол кездегі бұл саланың ең алғашқы ойлаптапқыштары архитектор Витрувидің
_________________________
4 И. Ю. Ляпина, т. Л. Игнатьева, с. В. Безрукова "Материально-техническая база и оформление гостиниц и туркомплексов"
пайымдауынша Архимед болған. Ол б.з.б. 4 ғасырда ең алғашқы лифтті ойлап тапқан.
Мыңдаған жылдар бойы лифтіге ұқсас құрылғылар көптеп жасалған. Қасиетті Екатеринаның сарайындағы көтергіштің өзін айтсақ та жетіп жатыр
(шамамен б.з. 5 ғасыры), Париждің қамалдағы Велайердің "ұшатын үстелі" немесе Винзорлық сарайдағы көтергіш осыныңбарлығы да қазіргі кездегі лифтінің арғы түп-тамыры болып табылады.
Ресейде осыған ұқсас құрылғылар Жаңа өрлеу дәуірінде ғана пайда бола бастады және олар жоғары таптағылар пайдаланатын болды. Ал 18 ғасырдың соңына қарай лифт Қысқы сарайда да пайда болды, бұл айналмалы көтеретін механизмді 1795 жылы Кулибин құрастырды.
19 ғасырдың соңында американдық ғалым Отис сым тростардан тұратын, адамдарды тасуға арналған арнайы аумағы бар, адамдардың шахтаға құлап кетуінен сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан болатын.
Отистың ойлап тапқан құрылғысын басқа да ғалымдар пайдаланған болатын. Содан кейін 1857 жылы Нью-Йоркте ең бірінші жолаушылар лифті айда болды.
Он жыл өткеннен кейін Францида гидравликалық лифтіні көрмеде көрсетті. Ал содан кейін электрикалық лифт жүйесі пайда бола батады, әрине Отистің арқасында. Бұндай құрылғылардың пайда болуы биік американдақ ғимараттардың пайда болуына әсер етті.
1900 жылдары электрикалық лифтілер әлемге әйгілі бола батап, құрылыстарға жедел қарқынмен пайдаланылды.
Соңында 20 ғасырдың 90 жылдарында КОНЕ компаниясы лифтілер жүйесінің керемет құрылысын ойлап тапты. Ол құрылғыда бұрынғы құрылғыларға қарағанда мүлдем ерекше болды. Ерекшелігі барлық жабдықтар автоматтандырылған.
Мүгедектерге арналған лифтілер ғимараттың ішінде немесе сонымен қатар сыртында да орналасуы мүмкін. Мүгедектер арбасымен қозғалатындар үшін 4 метрден биік жерлерге жету үшінлифт пайдаланылуы керек. Сонымен төменде бірнеше талаптар көрсетілген:
1. Мүгедектерге көтерілуге арналған лифтілердің алдындағы лифтіге кірер аумақтың көлемі 2,1 метрден кем болмауы керек. Ал егер лифтілер қама-қарсы орналастырылған болса, онда екі лифтіге кірер жердің 2,8 метрден кем болмауы керек.
2. Мүгедектер арбасымен қозғалатындарға арналған лифт кабиналарының өлшемдері келесі өлшемдерден кем болмауы керек: ұзындығы - 1,1 метр, тереңдігі - 1,4 метр, есіктің ашылу аумағы - 0,9 метр. Лифтінің қозғалуына және басқаруына арналған түймелер (кнопка) еденнен 1,2 метр биіктітен көп болммауы керек. (ҚОСЫМША 5)

ІІ БӨЛІМ. ҚОНАҚ ҮЙДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ КҮТІМІ
2.1. ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ЖАСАЛАТЫН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ
Қонақ үйдегі шаруашылық бөліміне қонақ үй бөлмелерінің тазалығы мен қатар қонақ үйдегі жалпыға ортақ жерлерінің тазалығы да тиесілі болып табылады.
Қонақ үйдің жалпыға ортақ жерлеріне холл, баспалдақтар, демалыс орындары, дәліздер, қызметкерлердің киім ауыстыру бөлімдері, конференц-залдар, мейрамхана және бар залдары, қоғамдық дәретханалар, бизнес-орталықтар, сұлулық салондары, СПА бөлімдері және т.б. жатады.
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімдерін тазалаудың үш түрі қалыптасқан. Олар: жылпы тазалық жүргізу (бұл тазалау күні бойы жүріп тұрады), негізгі (әр түн сайын жүргізіліп отырады, немесе таңға жақын сағат алтыға жақын), күрделі тазалық (кесте бойынша).
Тазалық жұмыстарын жүргізу әр түрлі факторлар бойынша жасалады: жыл мезгілдері, қонақ үйдің сұранысына, кең көлемдегі іс-шаралардың өтуіне (конференциялар, тойлар және т.б.) факторларға байланысты болады. Осы факторларға байланысты қонақ үйдің бөлімдерінің тазалықтарының кестелері құрылып отырады.
Қонақ үйдегі қоғамдық бөлімдерінде тазалықты ұйымдастырудың қиындығы сонда, кез-келген офистік ғимаратқа қарағанда қиынырақ болады, себебі қонақ үйдегі тіршілік түн ортасы ауғанда ғана тынышталады, қызметкерлер кетеді және қонақтардың көбі демалады. Сол уақытта ғана тазалықшылар қызметі өз жұмыс аясын белгілеп жұмыстастарымен кірісе алады. Тек түнде ғана кейбір тазалық құралдары мен тазалауға арналған өткір жуу сұйықтықтарын қолдануға мүмкіндік болады. Түн ауғаннан кейін ғана негізгі тазалау жұмыстары жүреді және сол арқылы күні бойы шаруашылық бөлімінің тазалықшылары қонақ үйдің қоғамдық орындарының жылтыраған тазалығын сақтап отырады.
1 кесте. Қоғамдық бөлімдерді тазалаушылардың жұмыс кестесі
Таңғы ауысым
Күндізгі ауысым
Түнгі ауысым
Тазалықты сақтау жұмыстары
Тазалықты сақтау жұмыстары
Негізгі тазалық
7.00-15.30
15.00-23.30
23.00-7.30
Қонақ үйде қоғамдық орындарды тазалау күнделікті және күні бойы жүргізіліп отырады. Сондықтан тазалықшылар үш кезектік ауысым бойынша арнайы кестемен жұмыс жасайды (1 кесте).
Қонақ үйдегі қоғамдық орындардың тазалығын сақтаудағы негізгі тазалау жұмыстары арнайы тазалық жұмыстарынан тұрады.
Қонақ үйдің қоғамдық бөлімдерінің тазалық жұмыстары келесідей жүргізіледі (мысалы холл):
* аумақты желдендіру;
* вакуумдық тазалау және еден жақтауларын жуу;
* қоқыстарды сыртқа шығару, қоқыс себеттерін жуу және қоқысқа арналған қапты қою;
* суға төзімді жарлардағы кетірілуі қиын дақтарды кетіру;
* шаңдарды тазалау және жиһаздардағы дақтарды тазалау;
* ағаштан жасалған жиһаздардағы дақтарды тазалау және оған қорғанысқа арналған сұйықтықтар жағу;
* шаң-тозаңдарды тазалау және кеңселік тауарлардағы кірлерді тазарту;
* орындықтардың, үстелдердің аяқтарын сүрту;
* жұмсақ жиһаздарды вакуумды тазалау (шаңсорғыштың көмегімен);
* айналардың беті мен әйнектерді дымқыл тазарту;
* терезе жақтауларындағы ластанған аймақтарды және шаң-тозаңдарды тазалау;
* шамдарды жуу және вакуумдық тазалау ( шаңсорғышпен);
* тоттанбайтын металдарды және мыс пен жезден жасалған бұйымдарды сүрту;
* еденді жылтыратуға және қорғауға арналған арнайы сұйықтықтармен вакуумдық тазалау (шаңсорғышпен).
Қонақ үйдегі қоғамдық бөлімдеріндегі күрделі тазалық келесідегідей кезекпен жүреді:
* төбедегі тозаңдарды тазалау және жарларды дымқыл сүлгілермен сүрту;
* желдеткіш радиаторлардың шаңдарын сүрту және тазалау, еден жақтауларын, желдеткіш торлар мен терезе жапқыштарының карниздерін тазалау;
* есік блоктарын және барлық әйнектерді жуу;
* есік блоктарын жуу;
* терезе жапқыштарын жуу (химялық тазалау);
* едендегі кілемдерді жуу немесе химиялық тазалау;
* терезелерді жуу, шамдалдарды (люстра), шамдарды жуу;
* суреттердегі шаңдарды тазалау;
* жиһаздарды арнайсы сұыйқтықтармен сүрту (қорғаныс тазалығы);
* дәретханаларды комплексті тазалау;
* қатты жабынды едендерді күрделі тазалау, едендерге қорғаныс жабындарын жағу;
Әрбір бөлімде күрделі тазалауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоба материалдарының сараптамасы
Құрылыс конструкциялардың сараптамасы
Екіқабатты өндірістік ғимаратты жобалау
Көп қабатты құрылыс
Тараз қаласындағы сауда орталығы кешенін жобалау
Демалыс орталықтары
Конструктивтік шешімдер
Алматы қаласындағы ғылыми зерттеу орталықтары мен оқу орындарын біріктіретін ветеринарлық клиника жобасы
Бір қабатты тұрғын үй
Қажетті бөлмелердің құрамын, санын және ауданың анықтау
Пәндер