Шеңбермен танысу әдістемесі


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандық қазіргі заман «Болашақ» академиясының колледжі

РЕФЕРАТ

Пәні: Математиканың теориялық негіздері

Тақырыбы: «Шеңбермен танысу әдістемесі»

Орындаған: Достанова Қ.

Тобы: БЖБ-12

Тексерген: Иманғалиева Ж.

Ақтау - 2014 ж.

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

а) Шеңбермен танысу әдістемесі

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе

Геометриялық материал бастауыш сыныптарда бөлек тақырып болып қарастырылмайды. Геометриялық материал арифметикалық және алгебралық материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. Геометриялық матриалдардан бастауыш сыныпта: «кеңістік турады түсінік», «нақты фигура туралы ұғым», «геометриялық фигуралармен байланысты қарапайым ұғымдар, оларды ажырату», «геометриялық шамаларды өлшеу», «фигураларды салудың бастама білігін қалыптастыру», «әр түрлі геометриялық шамалармен таныстыру» және т. б. қарастырылады.

Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта бұрын беріліп жүргеннен гөрі біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындайды. Өйткені олар алдағы уақытта көрнекілік ретінже жиі қолданылады, сондайақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады; ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе геометриялық фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруды көздейді.

Геометриялық фигуралар жайындағы түсініктерде біртіндеп тиянақталып, дами түседі. Осы уақытқа дейін геометриялық фигуралар «бір тұтас» деп түсіндіріліп келсе, енді олардың элементтерімен таныстыру жүзеге асырылады.

Осыған орай үшбұрыштың және шаршының қабырғалары-кесінділер, ал бұрыштың қабырғалары-сәулелер, олардың төбелері-нүктелер болып табылатынына назар аударылады. Сонымен бірге үшбұрыштың, төртбұрыштың (бес, алты бұрыштың) элементтері (бұрыштары, төбелері, қабырғалары) аталу сандарымен (3, 4, 5, 6) сәйкестендіріледі.

Геометриялық фигуралардан бастуыш сыныпта:сызықтар (түзу, қисық, тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар) ; нүкте; сәуле; бұрыштар қарастырылады.

Сондай-ақ, көпбұрыш; тіктөртбұрыш, шаршы, тік, сүйір, доғал бұрыштар, текше, шеңбер, дөңгелек, параллелепипед, параллель, перпендикуляр түзулер оқытылады.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Шеңбермен танысу әдістемесі

Тақтадан циркуль көмегімен, ал оқушылар дәптерінде қисық тұйық сызық сызады. Сызық шеңбер деп аталатынын таныстырамыз. Оқушылар шеңбермен дөңгелек ұғымдарын айыру үшін арнайы тапсырмалар беріледі. Мысалы, шеңбер сал, дөңгелекті боя, дөңгелекпен шеңбердің центрын, сонымен қатар шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді белгілету.

Шеңбер тұйық қисық. Барлық нүктелер бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасса, оны шеңбердің центры деп атайды. Бұл қашықтық шеңбердің радиусы деп аталады. Шеңберді шаблон немесе циркульдың көмегімен салады. Шаблон арқылы салынған шеңбердің центрын табу қиын. Ал циркульмен салынған болса, циркульдың бір аяғы центрда орналысады.

Шеңбер; O-центр

AO=BO=CO=DO-радиустары

Радиус-шеңбер нүктесінен оның центріне дейін қашықтық.

Диаметр-центр арқылы өтетін шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді.

Шеңбер диаметры әрдайым оның радиусынан екі есе үлкен болады.

Дөңгелекпен танысу әдістемесі

Шеңбер сызып, шеңбер бойынша дөңгелек қиып аламыз, ал оқушылар шеңбердің ішіндегі бетті штрихтайды. Шеңбердің бұл бөлігі дөңгелек екені таныстырылып, дөңгелектің центры белгіленеді. Шеңберден нүкте салынады да, ол центрмен қосылалы. Бұл кесінді-шеңбердің радиусы. Бірнеше радиустар жүргіземіз, өлшейміз, олар өзара тең деген қортынды жасаймыз.

Дөңгелек-шеңбермен шектелген жазықтықтың бөлігі.

О-шеңбермен дөңгелектің центры;

ОА-радиус.

Қорытынды

Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі:

1) Геометриялық фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру

2) сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу, т. с. с. ) оқушыларда өлшеудін және геометриялық фигураларды салудың машықтық біліктерін қалыптастыру.

3) кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау. Геометриялық фигураларды бір бірінен ажыратуға машықтандыратын тапсырмалар қайталау және пысықтау мақсатында кездесуі мүмкін және олардың бәрі жаңадан еңгізіліп отырған түсініктермен тығыз байланысты қарастырылған жөн.

Пайдаланған әдебиеттер:

1) Т. Қ. Оспанов, Ш. Х. Құрманалина. «Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі» 1-бөлім, 2-бөлім. -Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995

2) А. А. Байдасов «Математиканы оқыту метдикасы» Алматы: Мектеп 1989

3) «Математиканы оқыту әдістемесі» 1-сынып-Алматы: Атамұра. 1997

4) «Математиканы оқыту әдістемесі» 2-сынып-Алматы: Атамұра. 1997

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабағында геометрия ұғымдарын оқыту
Геометриялық фигураларды оқыту әдістемесі
Геометриялық материалды оқыту әдістемесі
Геометриялық фигураны қарастыру
Нүктемен танысу әдістемесі
Геометриялық мазмұнды есептер
Церебральді параличке шалдыққан мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін түзету-дамытушылық жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Педагог-психолог қызметінің мазмұнымен, педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі құжаттары
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz