Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім
a) Инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтардың кәсіби дамуының факторы
b) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану маңыздылығы
c) Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы баланы жан . жақты дамыту жолдары
d) «Балабақшада ақпараттық технологиялар арқылы балалардың танымдық қабілетін арттыру»
e) Интерактивті технологияны қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылығын арттыру
Мектепке дейінгі білім беру ұйымында инновациялық технологиямен ұйымдастырылған оқу . іс әрекеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген.
Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

- Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.
- Р.Омарова. 12 жылдық мектепке оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.
- Е.Б.Моргунов. позновательные процессы и способности в обучении. М., 1990. 321 бет.
- Формирование творческих способностей: сущность, условия, эффективность. Сб.науч. тр. Свердловчк. СИПИ 1990.
- Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы
- Сайт бетінен Б.Жолмұханова «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты мақаласы.
- Ә.Иржанова. Жаңа стандарт негізінде бала танымын қалыптастыру. Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал «Тәрбие құралы» №5, 2010 жыл. 39-41 б.
- Р.Омарова. 12 жылдық мектепке оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. Ақтөбе. 2007 ж.
- Е.Б.Моргунов. позновательные процессы и способности в обучении. М., 1990. 321 бет.
- Формирование творческих способностей: сущность, условия, эффективность. Сб.науч. тр. Свердловчк. СИПИ 1990.
- Сайт бетінен А.З.Сисенованың «Ақпараттық технология-бүгінгі күн талабы» атты мақаласы
- Сайт бетінен Б.Жолмұханова «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» атты мақаласы.
Кіріспе
Оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Еліміздің өркендеуі мен гүлденуі-болашақ ұрпақ қолында. Бүгінгі күннің айдарындағы басты мәселе бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы үзіліссіз процесс.
Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту міндетіміз.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу-қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, ІІІ-тарауы 18-баптың 17-тармақшасында Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандары бағытталған, мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген.
Яғни, бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияның негізделуін және де ақпараттық құралдардың кеңіннен қолданылуын кажет етеді. Балалбақшада оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияны пайдалану заман талабыннан туындап отырған мәселе.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға Қазақстандық білім беру реформасын ең басты мақсаттарының бірі иновациялық технологияларға сүйене отырып, бүлдіршін бойына танымдық қасиетін қалыптастыру, шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Осындай күрделі мәселелерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше.
Заманымызға сай қазіргі қоғамда ақпараттандыруда тәрбиеші ұстаздардың біліктілігін ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану саласын көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазіргі заман талабына сай тәрбие мен таным саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді әрбір тәрбиеші меңгеріп қана қоймай оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
"Инновация" ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: "Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея". Майлс "Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз, - дейді.
Қазақстанда ең алғаш Инновация ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол "Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі" деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов "Инновация" білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке - дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:
- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.
- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;
- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;
- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
- ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат" үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;
- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде бала - субъект, бала-объект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
- Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады .
Модификациялық инновация - бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық модификация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновация - білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:
енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;
жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;
жаңалықты енгізу жолдарымен.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:
+ инновация туралы білімі;
+ инновацияны жан-жақты меңгеру;
+ инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;
+ инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;
+ инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ:
* білім сапасының төмендігі;
* білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы;
* құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы;
* білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
* білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі - жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Негізгі бөлім
a) Инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтардың кәсіби дамуының факторы
Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі - еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша - келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Аулына қарап, азаматын таны дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Президенттің жолдауында: Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа технологияны меңгеру-мұғалімнің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.
Қоғам талабы - заман талабы, өйткені Әр адам - өз заманының баласы, сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.
Қазіргі заман инновациялық қызметі- балабақша балалармен жұмыс істеуде инновациялық технологиялар ,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында МДҰ-ның балалары - өз қажеттіліктері, қабілеттері және мүмкіндіктеріне сәйкес жеке дамуына, педагогтары - өз кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндіктері бар. МДҰ басшысы - балалар мен педагогтардың іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық, ізденіс үстінде үнемі болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар беріп отыруы керек деп ойлаймын.
Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты- балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту.
Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуы-ның арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері сай өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек екенін ұстаз ешқашан ұмытпауы тиіс.
МДҰ жұмысында маңызды өзгерістерді туындататын инновациялардың түрлерін енгізу нақты мақсат-міндеттерді орындау кезінде мемлекеттік білім беру стандартының критерийлеріне және баланың құқығын қорғау Конвенциясы негізінде жүзеге асырылады.
b) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды қолдану маңыздылығы
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты - баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.
Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты - мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, мақстакерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады. Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға, жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады.
Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді және материалды ұғынуды күшейтеді.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:
* Зейінің дамытуда
* Есте сақтау қабілетін дамытуда
* Ойлау қабілетін дамытуда
* Тілің
* Жеке тұлғасың дамытуда
* Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу - ол тек ғана компьютерлік суаттылық емес, соңымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал көру органдары қосылғанда 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес, белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі міндеттерді орындайды:
* балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;
* сауық және ойын орталығы;
* мұнда көлемді білімдендіру және сауықтыру міндеттер орындалады;
* балаларға және тәрбиешілерге жұмыстануға өте жағымды жағдайлар туғызады;
* балаларды компьютерлік технологияның мүмкіндіктері мен дағдыларымен таныстырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану
Оқытуда интерактивті кешендерді пайдалану сапалы, қызықты және оңтайлы болып келеді. Электрондық мультимедиялық бағдарламаларды дәстүрлі оқыту және педагогикалық инновациялармен қатар, оқыту үрдісінде үнемі қолдану дайындығы әртүрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігін көтереді. Бірнеше технологиялардың пайдаланудың әсері, оқыту нәтижесінін сапасын күшейтеді.
Электрондық жүйеде оқытуда мультимедияны пайдалану, балаларға ақпаратты беру жылдамдығын, оны түсінуді көтеріп ғана қоймай, соңымен қатар мынандай маңызды сапаларды интуиция, образдық ойлауын дамытады.
Мектепке дейінгі мекемеде интерактивті тақтаны пайдалану тәсілдері өте көп. Бұлар презентациялар, интерактивті оқыту бағдарламалары, графикалық, бағдарламалық орталықтарда жобалар құрастыру.
Интерактивті тақтаны пайдалануда қандай дағдылар болу қажет:
* Компьютерді қолдана білудің бастапқы білімі
* Word, Power Point бағдарламаларымен жұмыстану
* Интернет жүйесінде жұмыстану практикасы (бейнелерді, әзір презентациялар мен оқыту бағдарламаларын тауып алу).
Өздігінен даму технологиясы (Монтессории мектебі) - бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуіне, мұнда оқыту бала дамуына сәйкес болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады. Итальян психологі М.Монтесори түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Бұл технологияның ерекшелігі оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Балабақшада сабақ болмайды әр күн жалпы жиыннан басталады және жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Әр баланың іс-әрекеті өз еңбегіне қарай үлкендермен бағаланады. Мұндағы басты мәселе, бала өз-өзін бағалайды.
Балалар, әртүрлі жастағы топ болып жұмыстанады, мысалы 2 жастағы баланың қасында 4 жасар бала жұмыстанады, олар бір-біріне кедергі келтірмейді, керісінше бір-біріне көмектеседі.
Монтессори - топ көп орталықтардан тұрады:
Бала сезімін дамыту орталығы
Баланың сезім тәрбиесі, баланың қабылдауын дамыту және қоршаған әлемдегі заттардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру: пішіні, көлемі, түсі, салмағы, кеңістіктегі орны, иісі, шығаратын дыбысы, т.б. болып табылады.
Іс-әрекет жасау орталығы
Бұл орталықта балалар өздерін күтуге арналған заттар орналасады. М.Монтессори балаға өзбетімен жұмыстануға үйрету, баланың инттелектуальдық қабілеттерін дамыту, өз-өзін тәрбиелеу және жоғарғы баға беру күшті түрткіш болып келеді деп тұжырымдайды. Сонымен қатар практикалық жаттығулар орындау арқылы бала өзінің қимылын жетілдіреді.
Тіл дамыту және жазу орталығы
Материалдар баланың дұрыс тілін дамытуға көмектеседі, сөздік қорын байытады, қолын жазуға дайындайды, фонематикалық есту қабілетін дамытады, оқуға және жазуға үйретеді.
Математика орталығы
Математика орталығында балалар 10-ға дейін сандармен, жиынтықтармен, арифметикалық операциялармен танысады.
Осы орталықтың Монтессори-материалы балаға қиын абстрактылық математикалық түсініктерді және операцияларды түсінуге көмектеседі.
Ғарыш орталығы
Осы орталық балаларды қоршаған ортамен таныстырады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі.Бала орталықты және Монтессори-материалын өзі тандайды. Монтессори- тәрбиеші бала әрекетіне қажет болғанда қатысады.
Өсе келе бала қажетті дағды мен іскерлікті меңгереді, сонымен қатар балада тәуелсіздік, өзіне деген сенімділік сезім қалыптасады.
М. Монтессори әдісі балада өзінің мүмкіндіктеріне сай дамуға деген қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығын оятады. Бала не істегісі келеді емес, неге дайын соны істейді. Ересектер ереже ұсынады, балалар өз бағытымен сол ережелерді орындап, дамиды. Сонымен бала өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды.
Проблемалық оқыту технологиясы- баланы өз бетімен ізденуге үйрету, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Яғни, балалардың белсенділігі арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай мәселе тудыру, бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді, бала оқытуды өмірмен және еңбегімен байланыстырады.
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші-бала, бала-тәрбиеші, бала-бала, яғни бала да тәрбиеші де субъектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.
Бұл технологияның негізгі мақсаты-баланы азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы-білім, білік, дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу, ыңғайлау.
Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақстқа жетуді көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын-алу және түзету жұмыситарының жүйесін құру.
Қорыта келіп айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz