Валюталық операциялардың жіктелуі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Валюталық операция туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Валюталық операциялардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Валюталық операциялардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
4. Валютаны реттеу және валюталық бақылау
туралы заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасынының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасы және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының валюталық операциялардың түрлері мен түсінігі, мақсаты мен мәнің анықтау.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Алматы «Маркет» 2004.
2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы,2005
3. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Алматы «Экономика» 2000.
4. Валюталық Реттеу және валюталық бақылау туралы заң. Алматы «Жеті Жарғы» 2005.
5. «О валютном регулировании»// постановление, 24.12.1996
6. Банковское дело // под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998
7. Банки и банковские операции // под ред. Жукова Е.Ф. – М., 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Валюталық операция туралы түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Валюталық операциялардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Валюталық операциялардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4. Валютаны реттеу және валюталық бақылау
туралы
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27

Кіріспе
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік
еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың
құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен
ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда
туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық
байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының
дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ
өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді
азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни
ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз
тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың
дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін
жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені
аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының
ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі
және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын
барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті.
әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар,
қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая
түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік
нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің
заңды төлем құралы айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады.
Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге
міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасынының
әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша
капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасы
және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта,
есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – бүгінгі таңдағы
Қазақстан Республикасының валюталық операциялардың түрлері мен
түсінігі, мақсаты мен мәнің анықтау.

Валюталық операция туралы түсінік
Валюталық операциялардың беруден бұрын валюта
терминінің мәніне тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы
заңына (24.12.1996 ж.)[1][2] сәйкес, Валюта - мемлекеттердің
заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша
бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен
тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған
тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ
айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға
жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым
нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ
шоттардағы, соның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп
айырысу бірліктеріндегі қаражаттары.
Осы заңда валюталық операцияларға мынандай түсінік
берілген.
1. меншік құқығының және өзге де құқықтардың
валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар,
соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел
валютасын және шетел валютасындағы өзге де
төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
2. валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен Қазақстан
Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан әкету және жөнелту.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1. шетел валютасы;
2. номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар
және төлем құралдары
3. тазартылған құйма алтын
4. ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында
олармен операциялар жасалған жағдайда құны
ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар
және төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:
• Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны, соның
ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан
тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте
жүрген тұлға
• Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес
құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың
республика ішіндегі немесе одан тысқары
жерлердегі орналасқан филиалдары мен
өкілеттігі
• Қазақстан Республикасынан тысқары жердегі
орналсқан дипломатиялық, сауда және өзге
өкілеттіктер жатады.

Ал бейрезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген
Қазақстан Республикасының барлық заңды және жеке тұлғалары
немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары
мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар
қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен
табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир,
александрит және жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялардың түрлері
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал
қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің
не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен
аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін
экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп
айырысуларды жүзеге асыруға арналған
аударымдар.
• 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру
және алу.
• Салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және
өзге операциялар бойынша дивидендтерді, сыйақыларды
және өзге де табыстарды алу және аудару.
• Гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына
жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы,
жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және
басқа сомаларды аудару.
• Осы заңмен капитал қозғалысына байланысты
операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық
операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға
жататындар:
• Инвестцияларды жүзеге асыру
• Интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше
құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер
бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған
аударымдар.
• Мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік
құқығына төлеуге аударымдар.
• Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің
не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен
асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт
мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге
асыруға арналған аударымдар.
• 180[3] күннен асатын мерзімге несиелер беру
және алу.
• Өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша
банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар
шетел банкілерінде және өзге де қаржылық
ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру
• Зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты
мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар
• Жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайт
сақтандыру шарттары бойынша халықаралық
аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен
банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банк валюталық
реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді
жасау және бекіту, ақпараттар жинау, валюталық
заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен
көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық
мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа
экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын
шаралар жиынтығы.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты
мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге,
жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы
тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары
елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік
шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің
орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар,
яғни елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық
бағалармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін
реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі
жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер
арасында жасалатын келісімшарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы
валюталық реттеу болып табылады.
Тікелей валюталық ретеу[4] – заңды актілер және атқарушы
өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал жанама
валюталық реттеу – нарықтың экономикалық агенттерінің
мінез-құлықына экономикалық, валюталық және несиелік
әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық
Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына
байланысты екіге бөлінеді:
1. құрылымдық валюталық саясат.
2. ағымдық валюталық саясат

құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюталық
жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын
ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы.
Ол валюталық саясат реформа формасында іске асырылады.
Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа
әсер етеді.
Ағымдық валюаталық саясат – валюталық бағамды, валюталық
операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының
қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге
бағытталған қысқа мерзімді шаралар.
Валюталық саясаттың мынадай жүзеге асырылу
формалары болады:
• валюталық интервенция
• валюталық резервтерді диверсификациялау
• валюталық шектеу
• валюталық алмастырылу дәрежесін реттеу
• валюталық бағам режимі
• девальвация
• ревальвация[5]

Валюталық операциялардың жіктелуі
Банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік
белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді. (1-сурет).

1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу.
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
• Заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен
бейрезиденттерге) валюталық шот ашу.
• Шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу
• Овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен
ерекше клиенттерге) несиелерін беру.
• Операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін
беру
• Кез келген уақыт аралығына шот архивін
рәсімдеу
• Клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды
орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын
сатып алу және сату)
• Экспорттық-импорттық операцияларға бақылау
жасау.

2. Сауда емес операциялар.
Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және
қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы
бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға
байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай
операцияларды жасауы мүмкін.
• Қолма-қол шетел валютасындағы төлем құжаттарын
сатып алу және сату
• Шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем
құжаттарын инкассациялау.
• Шетел банктерінің жол чектерін сатып алу
(төлеу).
• Ақшалай акккредитивтерді төлеу.

3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер
шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын
ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
1. НОСТРО
2. ЛОРО
1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте
коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот.

2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте
банк-корреспонденттің атына ашылған ағымдық
шот.[6]

Валюталық операциялардың жіктелуі (1-сурет)

4. Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол және қолма-
қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол және қолма-қолсыз
шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер
жатады:
СПОТ мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып
алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен
кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні
жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі – бір валютаға қарсы
екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле
жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі
валюталау күні жүргізілген операциялар.
СВОП мәмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып
алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Валюталық операциялар туралы
Банктегі валюталық операциялар
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Банктің қаржылық операциялары
Халықаралық валюталық операциялар
Валюталық операциялардың сипаттамасы
Қазақстан Республикасының валютасымен операциялар
Ақша қаражаттарының есеп айырысу және валюталық шоттардағы есебі
Банктің бағалы қағаздармен операциялары
Пәндер