Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. 1. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруОқушыларды саналы тәртіпке және мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу. Дербес бола білу және инфантилизм. Ерік пен мінезді тәрбиелеу.

Адам мүмкіндігін білемізбе?

  1. Жеке адамның ішкі мүмкіндіктерін түсіну-басты мақсат.
  1. . Жеке адамды жан-жақты дамыту-адамгершілік тәрбиенің мақсаты
  1. 1. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру

Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру - әрбір мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Адамгершілік тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың қоғамдық, адамдық, отбасылық борышқа деген саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік нормаларын ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Саналы еңбек тәртібі, тапсырылған іс үшін, орындалу мерзімдері үшін, құралдар мен материалдардың сақталуы мен үнемделуі үшін жауапкершілікке тәрбиелеу балабақшадан бастау алып, баланың мектепке барған алғашқы күндерінен - ақ жүргізіле бастауы керек.

Адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады, ол оның ата - анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір - қасиет сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.

Адамның адамгершілік жағынан қалыптасыу оның туған кезінен - ақ басталады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар қалыптасады. Мектепте бұл жұмыс он жыл бойына мұғалімдердің, мектепшілік ұйымдардың басшылығы жүйелі түрде, көзделген мақсатқа сай жүргізіледі. Баланың мектеп жасына дейінгі кезде қалыптасқан мінез- құлықтарының және ересек адамдармен, құрбы- құрдастарымен қатынастарының түрлері, адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде бастауыш сыныптарда адамгершілік көзқарастардың, мінез - құлықтың, сезім - сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.

Психологтар мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрін шындығына сенгіш келеді, бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде ымырасыздығымен, мінез- құлықтар еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер бастауыш сыныптағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиеленетіндігінің кепілі болып табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрді адамгершілік тәрбиелеу үшін нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады.

Балалар мейлі мектеп ауласында ойнап жүрсін, мейлі қалалық бақта еңбек етіп жатсын, солардың бәрінде де олардың іс - әрекетінен адамгершілікке тән немесе оған қайшы қасиеттер көрінеді. Осыдан келіп, адамгершілікке тәрбиелеудің тәрбие жұмысының кез келген басқа тарауының бір жағы деп те қарау керек деген қорытынды туады. Мұғалім балалардың оқуын, еңбегін, ойынын ұымдастырғанда олардың адамгершілік тұрғыдан жетілуіне ықпал етуге мүмкіндік алады.

Адамгершілік қасиеті қалыптасуы үшін баланың дербес қимыл- әрекеттерінің ерекше маңызы бар. Оқушы тек мұғалім мен ересектердің нұсқауымен және олардың қадағалауымен ғана қимыл - әрекет істесе, ол ең алдымен тіл алғыштыққа үйренеді. Тіпті, бастауыш сыныптардың өзінде балаларға даяр шешімдерді айтып беруден аулақ болған жөн. Сондықтан тәрбие процесі бала өз еркімен қимыл істей алатын жағдай болуы көзделетіндей етіп құрылуға тиіс. Мұндай жағдайлар өмір барысында өзінен - өзі қалыптасып жатады, оларды ойын үстінде, оқуда, еңбекте және шығармашылық сабақтарда арнайы жасауға да болады. Қысқасы, бала өзіне бақылау жоқ, өзінен есеп беру талап етілмейтін жағдайда да дұрыс іс- әрекетке үйренуге тиіс.

Өзінің адамгершілік тәжірибесін молайту үстінде бала кейде қателеседі, дұрыс жасамайды. Тәрбиеші оның өз қателігінің адамгершілікке жатпайтынын түсініп, оған төзе білуіне көмектесуі тиіс, әлбетте оның теріс қылығын түзетіп қана қоймай, сонымен қатар қате жіберуіне себеп болған жайттың бағытын ойластырып, анықтауына да көмектесуі керек.

Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбы - құрдастармен ұдайы қарым - қатынаста болған баланың адамгершілігі қалыптасады, оның өмірлік тәжірибесі молайады. Бастауыш сынып оқушыларының болсын, жоғары сынып оқушыларының болсын көңіл - күйі, олардың қуанышы мен күйініштері ең алдымен оқуға байланысты болады. Сабақта тәрбие процесінің негізгі барлық элементтері: мақсаты, мазмұын, құралдары, әдістері, ұйымдастырылуы өзара араласып жатады. Баланы тәрбиелейтін оның сәттері емес, сабақ үстіндегі бүкіл оқыту процесі.

Оқулық кітаптардан, мақалалардан, әңгімелерден, өлеңдер, ертегілер оқу және талдау балаларға адамдардың адамгершілік іс - қимылдарын түсініп бағалауын жәрдемдеседі. Балалар әділеттілік, адалдық, жолдастық, достық, қоғамдық борышқа адалдық туралы өздеріне түсінікті етіп қойылған сұрақтары бар мақалаларды оқып, талқылайды. Бұл жерде маңызды рол атқаратын: сабақтың мазмұндылығы, мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерінің адамгершілік эмоциялық қуаты, сабақ үстінде мұғалім мен балалар арасындағы қалыптасатын өзара қарым - қатынас стилі, мұғалімнің өзінің адамгершілік бағыты, оның оқылып отырған материалға көзқарасы. Т. б.

Мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне қатысты бір қатар: басқаларға бөгет болмау, бір - бірін мұқият тыңдау, ортақ іске қатысу талаптарын қойып, оқушылардың осыларды орындай алу қабілеттерін бағалайды. Бұның бәрі оқушылардың өз ісіне ортақ іс сиқты қарайтынын, ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен келісімді түрде әрекет ете білушілігін, бір - бірін қолдайтынын, бір - біріне талап қойғыштығын, өзіне сын көзбен қарай білуін қамтиды.

Оқушылардың адамдық өзіндік қасиеттерін қалыптастырудағы міндеттердің бірі оның адамгершілік ұғымдары мен түсініктерін молайту болып табылады. Балалардың бұларды меңгеру дәрежесі түрлілігіне, яғни, ол баланың жалпы жетілуіне, өмірлік тәжірибесіне байланысты. Бұл тұста оқу сабақтарының маңызы зор. Біз: «Кітап - дүниеге ашылатын есік» деп жиі айтамыз. Шынында да, бала кітап оқи отырып, айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамдардың еңбегімен, құрбы - құрдастарымен танысады, олармен қуаныштарына, кейде сәтсіздіктеріне ортақтасады. Көркем сөз баланың санасына ғана емес, сонымен бірге сезімі мен қимыл - әрекеттеріне де әсер етеді. Сөз баланы қанаттандырады, жақсы болуға, қандай да бір жақсылық істеуге құштарландырады. Адамдық өзара қарым - қатынастарды түсінуге, мінез - құлық нормаларымен танысуға көмектеседі.

Оқушылар оқу арқылы бәрінен де бұрын жақсылық, ізгілік, әділеттілік туралы түсініктері ұғынып алуы, оларды бір - бірінен айыра білуге үйренуі тиіс. Бұл қасиеттер бір - бірімен өзара байланысты. Мәселен, жақсы адам әрқашан сергек, ықылас - ілтипат білдіргіш, әділетті болады, ол әділетті адам сөзсіз сергек, елгезек келеді. Баланы өмірде адамгершілік қасиеттердің көрінісін байқап, жақсыны жаманнан, сергектікті немқұрайлықтан, әділеттілікті әділетсіздіктен, жолдасқа көрсетілген шын көмекті жалған көмектен айыра білуге үйрету маңызды.

Балларды жақсы қасиеттерге тәрбиелей отырып, сонымен бірге олардың санасына бұған қарама - қарсы қасиеттерге: дөрекілікке, қатегездікке, сараңдыққа төзбейтін көзқарас, ондайларды айыптайтын, ызаланатын эмоциялар туғызу керек.

Көп ретте толық пайдаланылмай келе жатқан, бірақ адамгершілікке тәрбиелеудің зор мүмкіндігі бар сабақтардың бірі - еңбек сабағы.

Мұғалім мұндай сабақтар кезінде еңбек жөніндегі дұрыс көзқарасқа және еңбекке деген шығармашылық көзқарасқа тәрбиелейді. Балалар тәрбиесіне олардың сабақ үстінде жасайтын бұйымдарының сипаты да әсер етеді. Бұл бұйымдардың міндетті түрде белгілі бір практикалық мәні болуы мектеп оқушылардының өздеріне немесе басқа адамдарға пайдалы болуы тиіс. Оқушы өзі жасаған затының пайдаға асатынын және жасаған бұйымын жолдастыры немесе ересек адамдар бағалайтынын білгенде, жұмысының сапасына өзі де жоғарғы талаптар қойып, өз жұмысын көрсеткенде ұятты болмауға ұмытыла бастайды.

Сиықсыз, олақ жасалған бұйымды алушы - балабақшадағы бөбек, сыныптас оқушы, анасы, әкесі екенін, олар мұндай құлықсыздықпен нашар жасалған бұйым алғанда ренжитінін бала өз тәжірибесі арқылы түсіне бастайды. Өз қолымен басқа адамдарға пайдалы заттар жасай алатынына балалардың сенуі - олардың қанағат сезімін, жұмысты жақсы істегісі келетін тілегін туғызады, осыдан келіп оның еңбекке деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Еңбек сабақтарында балалар өз еңбегі үшін жауапкершілікті сезіп, оған қоса ортақ еңбектің нәтижелі болуын ойластыру үшін оларды жұмыла жұмыс істеуге үйрету, өз тәжірибесін жолдастарына үйретуге баулып, мұны дамыту өте маңызды. Балалар сабақ үстінде ортақ құралдарымен, жартылай даяр материалдармен құрастыруды үйренеді, белгілі бір бұйымды бірлесіп жасайды. Ұжымдық жұмыс кезінде бір - біріне байланыстық қатынастары мектеп оқушыларына ортақ жоспар бойынша қарқынды жұмыс істеуді, еңбектегі ортақ міндетті көре білуді, икемсіз оқушыларға көмектесуді үйретуге мүмкіндік береді. Белгілі бір нәрсені жасау кезінде балалардың дербестігі мен шеберлігі жағынан айырмашылық болса, онда олардың бастауын әлдебір нәрсені істеп үйренгенге дейін епті баламен бірге жұмыс істеу, ал одан соң осы үйренген баланы келесі бір икемсіздеу жолдасына үйретуші етіп қою керек. Басшының рөлін атқаратын жағдайға жеткенге оқушының өз күшіне деген сенімі артады. Кейде сыныптас балалар алдында дайындауға бейім тұратын зеректеу оқушыларға сыңар етіп шеберірек жолдасына қосып қою керек, сонда олар ұжымда өзінен ілгері балалар бар екенін сезінетін болады.

Сабақтарда бейнелеу өнері арқылы да адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Төменгі сыныптардағы оқушылар бәрі дерлік сурет салуға, әсіресе, көркем бейнелеу ісіне қабілеттілік көрсетеді. Бұл қызмет баланың бойында дүниені эстетикалық тұрғыдан игеру қажеттігін туғызады, қандай болсын әлеуметтік қажеттілік сияқты ол да өзін тәрбиелеп көтермелеген жағдайда ойдағыдай қалыптасады.

Бейнелеу қызметінде баланың көптеген қабілеттерінің алғашқы белгілері: байқағыштық, көз алдына елестету, көргенін ұмытпау, қабылдау ерекшелігі ашылады. Сонымен қатар, баланың айрықша эстетикалық қабылдағыштығы өмір көркін түсініп бағалау қабілеті қалыптасады. Әсіресе, жоғарғы сынып оқушыларында солай: олар әдемі мен жақсының арасын әлі де айқын айырмайды, мұның бәрі ортақ «жақсы» деген бір ұғымға сыйғызады. Сұлулықты қабылдағыштық баланың өмірін байытады, қоғамдық құбылыстардың кез келген көрінісіне ықылас - ынтасын күшейтеді және де сұлу нәрсені бағалау мен қорғау қабілеті оның іс - қимылына бағыт береді.

Өнер балаға негізінен сезімдер арқылы әсер етеді, ал сезімдер қолайсыз сыртқы жағдайлар тұсында оп - оңай құбылып, немесе жойылып кетеді. Сондықтан сурет салу сабақтары мұғалімнен айрықша шеберлікті және барлық балалардың белгілі бір эмоциялық көңіл - күйін туғыза білуді әр баланың қуанышы мен реніштерін түсінуді талап етеді. Сонымен қатар тақырыптық сурет салудың ( яғни мұғалім белгілі бір шағын шығарманы оқып береді, ал оқушылар сол бойынша кейіпкер, табиғат, т. б. туралы суреттер салады) да маңызы зор. Адамдардың мінез - құлқындағы белгілі бір қасиеттерді көрсететін нәрсе баланың салған суреті емес, қайта баланың сурет салу процесіндегі адамдармен бірге көңіл - күйге түсіп, сол адамдардың реніш - күйінішіне қосыла, мүсіркеу сезіміне үйренісетіні екенін ескеру керек. Балалар мектепке келгеннен кейін олардың негізгі қызметі - оқу болады, дегенмен олардың өмірінде ойын да елеулі рөл атқарады. А. С. Макаренко: « Ойынның адам өміріндегі маңызы зор, ол еңбекке даярлық болып табылады және бірте бірте еңбекке ұласуы тиіс», - деп атап көрсеткен. Мұғалімдер балаларға ұдайы « есею керектігін» айтумен болады, ол ата - аналар бұл пікірге қосыла отырып, үйде де ойынға бөлінетін уақытты шектеуге тырысады. Бірақ балалар бұған қарамастан кез келген бос уақытында: үзіліс кезінде, аула ішінде, үйде, жалғыз да, басқа балалармен бірге де ойнайды. Ойындары да алуан түрлі: шығармашылық, стол үстілік, қимылды болып келеді. Осы ойындарының көпшілігіне баланың өз тәжірибесі, оны қоршаған өмір, кітаптардың, кинофильмдердің мазмұны, сюжет етіп алынады. Ойын балалардың жақын араласуына, олардың арасында байланыс орнауына, іштарту және жек көру сезімдерінің тууына мүмкіндік береді. Балалардың бәрі де бірдей белсенді болмайтыны сөзсіз, сондықтан мұны ескермесе болмайды. Енжар, тұйық, жүрексінгіш балалар бар. Мұндай балаларды ұжымдық қызметке тартып, олардың балалар арасында өз жағдайын баянды етуіне көмектесуді оқу мен еңбек арқылы жүзеге асырудан гөрі ойын арқылы іске асыру оңайырақ. Әрине, мұндайда мұғалім, ересек адамдар тарапынан үлкен биязылық, ептілік талап етіледі. Олар өз дегенін күштеп орындатпаулары тиіс, балалардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескеруге міндетті. Тұйық, енжар, жүрексінгіш балалар ойынды ұйымдастырушының, басшысы мен жетекшісінің рөлін бірден меңгеріп кете алмайды. Егер оларға осындай рөлді мұғалімнің талап етуімен орындаға тура келсе, олар мұны сөз жоқ, игере алмайды. Ұжымдық ойындар балаларды топтастырады, олардың арасында жолдастық қарым - қатынастың мәнді нормалары, ненің жақсы, ненің жаман екені, қандай жолдастың жақсы, қандай жолдастың жаман екені туралы түсінік қалыптасады. Ойын кезінде кей жағдайда дау - жанжалдар туып, аяғы төбелесумен, жылаумен аяқталып жатады. Бұндай жағдай көбіне бір - біріне, « жұғына» алмайтын балалардың бір топта болуынан болады. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті - ойнап жүрген балаларды мұқият байқап, олардың қарым - қатынастарына қандай адамгершілік деңгейде екенін анықтау, сөйтіп гуманистік қарым қатынастарды қалыптастыруға белсенді ықпал жасау. Бұл үшін ең алдымен ойын топтарын құруға мұқият ойланып кірісу, ұялшақ, жүрексінгіш балалардың өздеріне жолдастар табуына көмектесу, олардың ойындағы алғашқы жетістіктерін, олардың көрсеткен жолдастық қарым - қатынастары мен тілектестік сезімдерін ыждағатты түрде бағалау керек.

Балаларға қоршаған ортаға, мектеп маңына, өндіріс орындарына экскурсия жасау арқылы да көптеген адамгершілік сезімдерін дарытуға болады. Экскурсияладрың негізгі мақсаты - балаларды айналадағы өмірмен, табиғатпен және еңбек адамдарымен таныстыру. Бұл арадағы тәрбиелік басты міндет - балалардың өмір шындығына белсенді көзқарасын, табиғатты қорғауға деген тілегі мен шеберлігін, адамдар еңбегінің нәтижесін құрметтеу және сақтау сезімдерін қалыптастыру болып табылады. Экскурсияға қатысушыларға жеке - жеке тапсырмалар беруге болады, бірақ әрбір топ ортақ тапсырма да алуға тиіс, оны орындай отырып, мектеп оқушылары бірлескен еңбек тәжірибесін жинақтайды. Табиғатқа жасалған экскурсиялар баланың байқағыштығын, көз алдында елестету қабілетін, сезімдерін дамытуға әсері мол. Бала табиғатты алғашқыда өте сезімталдықпен қабылдайды, оның көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Экскурсиялардың, әсіресе, төменгі сынып оқушыларына ықпалы зор. Олар әр түрлі экскурсия кезінде әр нәрсеге қаныға түседі. Мысалы: мектеп бойынша экскурсия жүргізгенде, тек мектеп ішімен танысып қоймай, олар мінез - құлықтың мәдениетті қарапайым ережелерін: ересек адамдармен қалай сөйлесу, кездескенде олармен қалай амандасу, сол сияқты қалай қоштасу керектігін меңгереді. Сонымен қатар, кабинет пен дәлізде тәртіп пен тыныштық, асханада немесе буфетте тамақтанғаннан кейін, бірден жуылатын жерге апарулары керектігін құлақ қояды. Сонымен, адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез - құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру, оларға өздерінің бір - біріне, отбасына, басқа да адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын нормалар мен ережелер дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы көздеген мақсаттары.

  1. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу.

Қазіргі кезде мектеп бұрын - соңды болып көрмеген оқу мен тәрбие бірлігіне қол жеткізуге ұмтылуға тиіс, өйткені бір мезгілде тәрбие де бермейтін білім жоқ деген ой баса айтылады. Сонымен бірге қазіргі заманғы мектептің мұғалімі біздің оқушыларымыздың хабардарлық дәрежесінің жоғарғы болуы тәрбие жұмысының стиліне қойылар талапты айтарлықтай күшейтетінін ескермей қала алмайды. Тәрбие проблемасының әдістемелік жағына да талап күшеюде. Бүгінгі таңда мұғалімнің педагогтық шеберлігі жасөспірімдермен күнделікті қарым - қатынаста қатаң тексеруден өтуде. Саналы тәртіп пен мінез - құлық мәдениетін тәрбиелеу ісінде сендіру рөлі арта түсуде. Таңдаулы тәрбиешілердің тәжірибесінде баланың жеке басына құрметпен қараушылық педагогикалық талаппен шебер ұштастырыла жүргізілуде.

Саналы тәртіпке тәрбиелеу процесі - бұл мінез - құлықты сырттай ұйымдастырудан іштей ұйымдастыруға бет алу, ішкі саналы мақсаттарға, жеке адами асыл қасиеттерге өту, осындай мінез - құлықтардың қажетіне көз жеткізу процессі. Оқушылардың басында саналы тәртіп қалай тәрбиеленеді?

Өз кезінде А. С. Макаренко : «Тәптіп - оқыту процесінің де, саяси білім процесінің де, конфликт сияқтыға кездесіп, оларды ұжымда шешу процесінің де, достық және сенім процесінің де, қысқасы, бәрін қоса алғандағы бүкіл тәрбиелеу процесінің жемісі болып табылатын тәрбие ықпалының бүкіл жиынтығының нәтижесі», - деп барынша дұрыс айтқан еді ( Макаренко А. С. пед. Шығ., А. 1948, 67 - бет) .

Тәртіпті бүкіл тәрбие жұмысының жалпы нәтижесі ретінде түсіну ұлттық мектептің тәртібін түсінуге осы тұрғыдан келу оны тәрбиелеуге адамгершілік ықпалдың сенім, үлгі, жаттығу, талап, қою, көтермелеу және басқа да әдістерін түгелдей кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мектеп тәртібін тәрбиелеудің арнаулы әдістері мен тәсілдері де бар.

Мектептегі саналы тәрбие - мемлекеттік мекеме ретіндегі мектеп жұмысының және жалпыға бірдей орта білім берудің үлкен де күрделі міндеттерін ойдағыдай жүзеге асырудың маңызды шарты. Оның тәрбиеленушілері қай жерде еңбек етсе де оларды алдымен моральдық және іскерлік сапаларына қарап бағалайды, солардың ішіне аса маңыздыларының бірі - тәртіптілік, яғни ортақ іске ұжымдық күшпен үйлестіру нормаларын саналы түрде жүзеге асыру болып табылады. Тәртіптің ең алдымен ұжымнан талап етілу керек. Алайда, ұжым арқылы берілетін тәртіп егер жеке адамға қойылмаса, әрине, ұжымның құрылуы, ұжымға тәртіптің орнауы мүмкін емес.

Саналы тәртіп туралы А. С. Макаренконың, В. Е. Гмурманның, Т. Д. Лейченковтың, Э. И. Моносзонның, Л. И. Новикованың және басқалардың еңбектерінде кейінірек айтылған.

Саналы тәртіп тәрбиесінің адамгершілік проблемаларын талдап жасауда, В. А. Сухомлинский көрнекті орын алады. Ол саналы тәртіпке тәрбиелеудің аса маңызды жолы оқушылардың ұжымдық қызметіне, олар мен айналадағы болмыстың арасындағы қарым - қатынасқа өмір сүріп тұрған қоғамның бай моральдық нормаларын үнемі енгізу керек деп есептеді. « Жарасымды тәрбие, - деп жазды ол, бұл сонымен қатар тәртіпті, ұжым, қоғам және өзінің алдындағы - өз арының алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу». (Сухомлинский В. А., « Рождение гражданина». 2е изд. М. 1971) .

Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жақсарту - білім беру органдарының, мектептер басшыларының барлық педагогтық бірінші кезектегі міндеті. Бұл жұмыс мектепте ғана емес, сонымен бірге балалардың тұрған жері бойынша тұрақты жүргізілуі керек. Оның табысты болуы көп жағдайда отбасымен, жұртшылық тығыз байланыс жасауға, балардың өз ісіне берілгендікпен, білгірлікпен сүйене де сүйсіне білуіне байланысты болады.

Мұғалімдердің оқушыларға арналған Ережелерді ендіру жөніндегі жұмысындағы басты бағыт оларды іс жүзінде орындауға үйрету болып табылады. Ол үшін, әрине, қаншама әсерлі, қызықты түрде жүргізілсе де тек қана түсіндіру жұмысының жеткіліксіз екеніне күмән жоқ. Ережелерді балалар жақсы игеріп орындай білгенде, олар оқушылардың мінез - құлқындағы дағдыға айналғанда ғана, саналы тәртіпке тәрбиелеуге көмектеседі. Оқушылар мінез- құлқында Ережелерді іс жүзінде жүзеге асыру олардың пәрменділігінің маңызды шартына айналады. Түсінік жұмысы бардық сыныпта жүйелі жүргізілуі керек. Төменгі сынып оқушыларына арналған. Ережелерді түсіндірудің негізгі түрі, сөз жоқ, мұғалімнің әңгімелері және көркем әдебиеттен алынған тиісті мәтіндерді оқып беру болып табылады. Орта және жоғары сыныптарда мектеп оқушысына мінез - құлық нормаларының маңызын насихаттаудың барынша белсенді түрлерін пайдалану тиімді. Мәселен, оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға міндеттейтін ереженің мектептегі « Болашақ» ұйымымен « Еңбек түбі - береке, береке түбі - мереке» деген тақырыпта конференцияға өткізу кезінде жан - жақты түсіндірілуі мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімін оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруге дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге ұлттық салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Оқушыларға отансүйгіштік интернационалдық тәрбие беру мәселелері
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Тұлғаны қалыптастырудағы адамгершілік тәрбиесінің маңызы
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz