Қазақстан Республикасындағы авторлық мектептерінің оқу-тәрбие үлгісі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Педагогикалық технология түсінігі, жаңа педагогикалық технологияларды жеткізу

  1. Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі халыққа білім беру жүйесінің тарихы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы.
  2. Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері.
  3. Орта білім беру жүйесі. Мектептің жаңатүрлері, гимназия, лицей.
  4. Кәсіптік білім беру жүйесі. Кәсіптік мектеп, лицей, колледждер, институт, университет, академиялар.

Кіріспе

Педагогикалық технология түсінігі, жаңа педагогикалық технологияларды жеткізу

Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде-ақ (VII-VIII ғ. ғ. ) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.

Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т. б. қалаларында көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84-ке жеткен. Ауылдың жерлерде мектепте молдалар (татар, башқұрт, т. б. ) ұстаздың еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналған. Балалар қыс, күз айларында оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға 7 жастан бастап қабылдаған, жыл аяғында емтихан тапсыру мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік тапсыру тәртібі сақталмаған. Медреселер мұсылмандың рәсімдерін таратушы оқу орны болып қана қоймай, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарған. Бұл оқу орындарында заңтану, тарих, логика, философия, математика, астрономия, медицина, т. б. пәндер енгізілген. Медреселердің жанында салиқалы кітапханалар бол­ған.

Патша үкіметінің 150 жылға созылған отарлау саясаты халқымыздың егемендік жолындағы ғасырлар бойғы күресіне зор нұқсан келтіргенімен, Батые пен Шығыстың рухани өмірдегі қарым-қатынасына жол ашты. Мысалы, Змеиногорскіде (Шығыс Қазақстан) қорғасын-мырыш кен орнында 1761 жылы тау- кен жұмысшыларының балаларына арнап мектеп ашты, 1786 жылы Омбы қаласында "Азиялықтар мектебі" ірге көтерді. Осындай мектеп 1789 жылы Орынбор қаласында да ашылды.

Қазақ феодалдарының (сұлтан, би, бай, старшин) балаларына Неплюев кадет корпусына ((1825), Омбы кадет корпусына (1848) түсіп оқуына рұқсат етілді. Алғашқы қазақ мектебі Бөкей хан ордасында (1841), 1850 жылы Орынбордағы шекара комиссия- сының жанынан ашылған болатын.

Ресей Халық ағарту министрлігі 1870 жылы бұратана халықтарға білім беру шаралары туралы арнаулы заң қабылдады. Осы заң бойынша шет аймақтағыларды орыстандыруды көздеген миссионерлік педагогика жүйесі енгізілді. Мәскеуде құрылған арнайы миссионерлік қоғамнық негізгі принциптерінде былай делінген: мұсылман елдерін ыдырату, арасына от жағу, яғни, пантұркішілдік пен панисламдыңқа қарсы күресу; бұратана халықтарды провославие дініне көшіріп, шоқындыру, халықты ата-баба тарихынан, ұлттық мәдениетінен қол үздіру, орыс алфавитін енгізу; мұсылмандың мектептер мен медреселерді біртіндеп жою, олардың орнына орыс-түзем, орыс-қазақ мектептерін ашу, кейін бұлардың бәрін таза орыс тіліне көшіру, шет аймақтардағы отаршылдық саясатты жүзеге асыру үшін мис­сионер ғалымдар, оқытушылар кадрларын көптеп даярлау. Омскідегі "Азия мектебі", Орынборда Неплюев кадет корпусы, Омскідегі кадет корпустары құжатта көрсетілген шаралардың жүзеге асуының нақты көрінісі болатын.

Қазақ қоғамындағы білім беру ісі "қазақтың тұңгыш ұстазы" ретінде танылған Ы. Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Қазақ даласында Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен идеялары бүгінде педагогика саласының ғылыми-зерттеу жұмысына айналды. Оның ағартушылық қызметі қазақ халқының рухани-саяси отарлау саясатының қысымшылығы қысып тұр- ған кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл саясатты тоқтатуға ағартушылардың жергілікті саяси күші болмады. Тек ұлттық білім беру жүйесін заман талабына сай, миссионерлік ағарту-оқу ісінің негізгі заңдылықтарын қабылдай отырып, Қазақстанда халық ағарту ісі жаңа жолға түсті.

XIX ғасырдың аяқ кезінде "қазақ мектептері қандай болу керек" деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Осы жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарас пайда болды.

Бірі - бұратана халықты шала сауатты қалдырып, төл мәде- ниетінен қол ұздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген миссионерлер (Н. И. Ильминский, т. б. ), ал екіншісі - орыс халқынық прогрессивті озық мөдениет үлгілерін игеру арқылы "Өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеру қажет"- дейтін қазақ ағартушылары (Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнан- баев) еді. Оқытудың жәдид (төте оқу) деп аталатын ағымы отар- шылдың орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі сақтап қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Отаршылдар оның өрісін тарылтып бақты. Патша үкіметі ұлт мектептеріндегі екі ағымды (хадим-ескі діни араб оқуы, ал жәдид-жаңа араб әрпімен дүнияүй білім беру) бір-біріне қарама- қарсы айдап салу арқылы ұлттық сана-сезімнің оянуын тежеуді көздеді. Осының нәтижесінде хадим ағымының өкілдері жәдидшілерді, "құдайға күпірлік жасады" деп айыптап, олардың үстінен патша әкімшілігіне арыз жазуға дейін барды. Жәдид ағымына белсене қарсы шыққандардың бірі - Н. И. Ильминский. Жәдид ағымы мектеп, медресеге байланысты мына мәсе- лелерді көтерді: біркелкі оқу жоспары мен бағдарлама жасау арқылы мұсылман мектептерін бір ізге түсіру, оқу жоспарына арифметика, жағырапия, жаратылыстану, тарих, т. б. пәндерді енгізу арқылы қазіргі заман талабына сай шәкірттерге орта білім беруді қамтамасыз ету, сауатсыз, фанатик молдаларды тиісті білімі бар молдалармен алмастыру, дыбыстың оқыту әдісін вн­изу, мектеп пен медресе бітіргендерге емтихан тапсыртып, оқушыларға тиісті құжаттар тапсыру, әскери міндетін атқаруды жеңілдету, мұсылман мектептерін бақылауды жұрт сайлаған құрметті азаматқа тапсырып, оны өлкенің ресми қамқоршысына бағынышты ету, т. б. Осы мектептердің материалдық жағына көмектесу, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, мұғалімдерге тұрақты жалақы төлеу мәселесі де назардан тыс қалмады.

Жәдид ағымының көшбасшысы белгілі түрколог-лингвист А. Байтұрсынов болды. Жәдидшілер бастауыш мектеп мәселе- сіне айрықша мән берді, осыған орай бірнеше оқу құралдарын жарыққа шығарды.

Жәдид ағымы мектеп бітірушілердің медреселерде немесе жоғары оқу орындарында білімін әрмен қарай жалғастыру, олардың өз ықтиярымен мамандық таңдап алу мүмкіндігіне жол ашты, жұрттың бұл мектепке деген ынта-ықыласы тез өріс алуына жағдай туғызды.

Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі - жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қам- тамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты:

Біріншісі, бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту, екіншісі жолы - білімге құштар сауатты жас- тарды қысқа мерзімді курстардан өткізу, үшіншісі, арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау.

1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ның Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, т. б. оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды.

1922-23 оқу жылдары Академиялық орталық ұлт мектептері төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шараларды іске асырды, төл тілімізде 14 оқулық шығарылды. Олар- дың ішінде "Физика", "Грамматика", "Алгебра", "Мектеп гигиенасы", т. б. бар.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру мазмұны
Электронды оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Компьтерлік окыту технологиясы
Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің қызметін жетілдіру ұйымдастырушы экономикалық аспектілері
Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
Білім берудің мемлекеттік стандарты және оған қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz