Мінез түрлері мен типтері


Жоспар
Мінез түрлері мен типтері
Мінездік бітіс асқынуы
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Мінез және адамның жас сатылары
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мінез түрлері мен типтері
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөлінеді. Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қылықтарын толықтыра түседі. Мысалы, тылсыздық, қорқақтық және альтуристік бітістердің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, бірен жақсылық, яғни альтуристік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше, альтуристік қасиеті басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістерді қаймықпай басқа қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектілердің маңызымен анықталады:
Басқа адамдармен қатынасына қарай.
Орындалатын іс қызметіне орай.
Өз басына болған қатынасына байланысты.
Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты -салақ)
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуы үлкен маңызға ие екені сөзсіз, дегенмен тұрақты, нақты мінез орнығуы ең алдымен адаммен, қоғамға араласып, қатынас дәрежесіне тәуелді. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат, т. б. формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екіншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кейін адамдар әрекет қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама қарсы, бірақ бір бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қарынастарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыралуына себепші болады.
Мінез әр тұлғада өзінше көрініске ие, солай да болса, оның құрамында белгілі топ адамдарына ортақ бітістерді біріктіруге болады. Осыдан, мінез түрі - адамдардың кейбір тобына тән қасиеті біреудің дара мінезінде нақты көрінуі. Мұның түпкі себебі - мінез тума берілмейді, әр адамның белгілі топ, қоғам өкілі болуынан оның өмір жағдайы мен іс-әрекетіне сай қалыптасады.
Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға иемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі - мінез типтерін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
Үйлесімді мінез типі - қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама-қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген ісі бір-біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт -бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат -мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
Іштей қарама-қарсылықты, бірақ сырттай келісімді мінез адамды. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет-қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс-әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой-пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс кейбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бірақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.
Икемі кем, қарама-қарсылық мінез адамы: көңіл-күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасында үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс-әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет-қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты - тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай-ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен айналып өтуге тырысады.
Тиянақсыз мінезі адам - бағыт-бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез-құлығы қаланбаған, осыдан барша іс-әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрек қарапайымдылыққа негізделген; тіршілік үшін болған әрекет-қимылы бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып-толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кей біреу-ақ - сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды шестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені - мол, оңай олжа, бір мемлекеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта-ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларын бағындыру - мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
Мінездік бітіс асқынуы
Мінездік бітіс асқынуы психологияда - мінездің кейбір бітістерінің қалыптан тыс дамып, тұлға психикасының «әлсіз жерлер»формасында көрініс беруі. Мұндайда адам жалпы тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбір әсерлерге өте шәмшіл, шыдамсыз келеді. Асқынба мінез адамы қиын жағдайларда төзімділіктен айрылған мінез-құлығының ақаулығын жасыра алмайды. Тұрақтылық мінез асқынуына тап болған адам қоршаған орта әсерлеріне берілген «әлсіз жерлеріне» соққы болып тиетіндей жағдай болса, адам қылығы күрт өзгереді, мінездің шектен тыс дамыған бітістері адам билігіне ырық бермей, басқа ұнамды қасиетерінін бәрін жоққа шығарады. Кейбір адамдардың жәй әзіл немесе сын көтермеуі, екіншілердің - орынды, орынсыз тіке шыншыл болуы - осы мінез біткен асқынуының айқын мысалы. Мінездің мұндай ұнамсыз жәй жасөспірім шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты күйге түсуі мүмкін, ал адамды қоршаған ұнамсыз жағдайлар басымдар болса, психикалық сырқаттарға тап қылады.
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың өзіндік мінез-құлықтарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объектив фактор. Қазақ халқының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат-қасиеттері бар. Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез құлқына тән бірсыпыра қасиетерді атап көрсеткенді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілділік, ашық-жарық көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық көзқарас, қонақ-жайлылық пен пайымшылық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында өзге де мінез-құлық сипаттар бар. Бұл орайда, қазақтардың өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен балажандылығы, өмірдің қиыншылықтарымен әділетсіз істерге төзімділігі сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбек сүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір ұлт пен ұлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай -жапсары -әлеуметтік психология саласы -этникалық психологияның зерттейтін төл пәні.
Мінез және адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмір қадамдары тіршілік проблемаларын шешуден гөрі көбірек төңіректегі оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға бағытталады. Негізінен объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс мәнін түсінуге ұмтылады. Соған байланысты өз қылық -әрекеттерінің орынды не орынсыз екенін бағамдай бастайды. Бағаның сезімталдығы жас ұлғайған сайын кеми бастайды. Солай да болса, балалық шақта игерілген тәжірибе мен білім бозбалалық кезеңінің тұрақты мінез бітістеріне арқау береді.
Бозбалалық шақтың өмірге қойған талаптары өте жоғары да бірбеткей келеді, қажеттіліктер ауқымы кеңейеді, аласапыран, күйзелісі мол, ерік күшін керек ететін өмір басталады. Қоршаған дүниемен гөрі анағұрлым қиын. Көрер көзге әдемі іс, оқиға, зат нақты орындауға келгенде сүйкімсізде ауыр болуы мүмкін. Жағдайға билік ету оңай емес, ал өзіңді өзің басқарудың одан да күрделірек. Өмір бұрқасында әрекет ете білу алғы шарт, ал кей жағдайларда өз әрекетін басқалар қимылынан ұтымды болғаны керек. Бұрын жағымды түс-түс, әуенге толы дүние енді бозбаланы әлеуметтік талаптар мен қалтықсыз міндеттерге орайды. Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық шақтағы жасанды бағыт моделі құрала кетіп, «бақыт» мән-мағынасы өзгеріске келеді. Бақытқа деген ұмтылыс енді «бақыт-сыздықтың» қорқынышына ауысады, бұл жаста бұрқасын қуат мол, сондықтан қиыншылықтардың өтпелі. Болашаққа деген сенім шексіз. Сонымен бірге, дербес, бір де біреуге керегі жоқ дүние екеніңді сезіп, оқшаулана түсесің. Бірақ дүние жұмбақ, оны тануға болған ұмтылыс өте кең.
Адамның ендігі өмір желісі көп шарпусыз, байсалды да басу кейпіне келе бастайды. Өмірдің бәрі тек бақыттан тұрмайтынын түсініп, адам қанағат, шүкіршілікке бой бағындыру қажет болғандай түседі. Қиялдық өмірден кешегі бала нақты, күтілмеу бұлтарыстары көп ақиқат өмірге өте бастайды. Енді бозбала бар қуат жігерін пайдалы да қажетті, қолынан келер іске бастайды. Тәжірибе нақты іс әрекетке араласудан жас жігіт, бойжеткен бұрынғы жалған түсінік, ұығмдарынан арыла бастайды. Ол енді адамға ішкі тұңғиық, тылсым тарапынан таңылып, айқындала түседі. Тұлғаның әлеуметтік кемелденуі байқалады. Бірақ әлі де жігіт басқаларды бағалауда өз сезім өлшеміне көбірек сенім, махаббат, достық, әлеуметтік қатынастардың басқа да формаларында өзінің тұлғалық бейнесін нығайта түседі.
30-40 жаста адам өмірдің жаңа сатылық деңгейіне көтеріледі. Осы шақтан бастап өмір қуаты кеми бастайды. Бірақ бұл процес алғашында рухани құндылықтар молдығынан онша байланыс бермейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz